Курстық жұмыс: Мемлекеттік қызмет | Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің рөлі

0

Мазмұны

Кіріспе 2
1.1 Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің рөлі 5
1.2 Мемлекетті басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ететін жүйені қалыптастырудың теориялық аспектілері 9
1.3 Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу проблемалары мен оларды шешу жолдары 14
1.4 Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеудің түп негізі және жүзеге асырылуы 17
Қорытынды 22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 24

Кіріспе
Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері Қазақстан халқы өз алдына жоғары мәртебелі мақсат қойып отыр. Ол -құқықтық мемлекет құра отырып, толық ақпараттандырылған мемлекеттік басқару жүйесін құру. Бұл мақсатқа жету өте қиын. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік етеді және біздің республикамызда ақпараттық жүйені енгізу, тасымалдау және құруға байланысты әр түрлі мағлұматтар экономикалық әдебиеттерде әлі де толық зерттелмеген тақырып болып табылады. Соңғы жылдары есептеуіш техникалардың қарқынды дамуына байланысты мемлекетті басқарудағы ақпараттық жүйені қолдану заман талабы. Сондықтан ақпараттық жүйенің дамуын қарастыру – мемлекетті басқарудың аспаптық тәсілі ретінде өзекті мәселе болып отыр.
Құқықтық мемлекет болуына ең бірінші қадамымыз Ата Заңымыздың қабылдануы және де заңдар мен нормативтік актілермен барлық саланың қамтылуы болып есептелінеді. Осылар арқылы мемлекеттік билік пен басқарылу жүзеге асырылады. Соның ішіндегі мемлекеттік басқарудың рөлі өте зор.
ТМД елдерінде қазіргі ақпараттық экономикалық түрде басқаруды құру мәселесін бұдан он үш жыл бұрын қарастырды. Минскіде 1995 жылы 26 мамырда Тәелсіз Мемлекеттер Достастығында бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру бойынша саяси келісім өткізу шешімі қабылданды.
Қазақстанда бұл саясат ҚР Президентінің 1997 жылғы 9 желтоқсандағы № 3787 «Қазақстан Республикасындағы бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру» Жарлығы жарияланғаннан кейін іске асырыла бастады. 2030 жылға дейінгі Қазақстанның Даму стратегиясын және берілген Жарлықты негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістік тұжырымдамасы өңделді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21 мамыр 2001 жылғы № 674 Қаулысында бекітілген Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын дамыту және қалыптастырудың бағдарламасы қабылданды. 2003 жылдан бастап республикада мемлекеттік жоспарлаудың (стратегиялық, индикативті, бюджеттік және т.б.) үдерістерінде басқару шешімін қабылдауда қолдау табатын бірыңғай ақпараттық – талдау жүйесі өңделе бастады.
Бүгінде барлық орталық ақпараттандыру саласында адамзаттың қызмет саласында ғылым мен техниканың қазіргі жетістіктерінсіз, телекоммуникацияның қазіргі құралдарынсыз және жаңа ақпараттық технологиясыз қоғамның дамуы мүмкін емес.
Ақпараттандырудың бірыңғай технологиялық саясаты, оны қамтамасыз етудің техникалық саясаты да өңделген жоқ. Министірлік және ведомстволықтар өз қызметтерін компьютерлендіру арқылы ішкі себептермен пайда болған сипатта әрекет етеді.
Бүгінде ең бастысы – дамудың нарықтық жағдайында маңызды болып есептелетін, ақпараттық технологиялық және техникалық құралдардың ұсынысы мен сұраным негізінде мемлекетті басқарудың ақпараттық жүйесінің қажетті көлемін болжайтын және ғылыми — әдістемелік негізде талдайтын құралдар тәжірибе түрінде пайдаланылмаған.
Осы курстық жұмыста мемлекеттік басқарудың негізгі әдісі мен ядросы болып саналатын құқықтық реттеу мәселесі мен ақпараттық жүйені енгізу қарастырылған.
Курстық жұмыстың көзделген мақсаты — Республикадағы мемлекеттік басқарудың негізгі әдісі ретіндегі құқықтық реттеудің мәні мен мазмұнын аша отырып, оның негізгі нысандарын анықтап, олардың мемлекеттік басқарудағы алатын орнын, атқаратын қызметін және рөлін анықтай отырып заман талабына сай ақпараттық жүйенің мемлекеттік басқаруда енгізуді қамтамасыз ету болып табылады. Ал оның рөлі мемлекеттік басқаруда алатын орны ерекше. Сондықтан да мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеуді зерттеу мен ақпараттық жүйені енгізуді саралау қажет.
Курстық жұмыстың негізгі бөлімінде мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу және ақпараттық жүйені енгізу түсінігі, қажеттілігі, түрлері, нысаны және тағы басқа теориялық аспектісі ашылып көрсетіледі.
Ал, негізгі бөлімнің екінші бөлімінде тікелей Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу мәселесі ашылған және де оның проблемалары мен оны шешу жолдары қарастырылады.
Курстық жұмыстың соңында қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілген.
1.1 Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің рөлі
Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің мәні мен элементтерінің мағынасын ашып білу үшін ең алдымен “құқықтық реттеу” түсінігін білу қажет. Сонымен, құқықтық реттеу әлеуметтік, нормативтік және практикалық аспектімен бейнеленеді. Ол қоғамның сұранысы белгілі бір бағытта және белгілі бір бейнедегі туындайтын адамдардың қарым-қатынасы мен бір-бірімен байланысы кезіндегі заң және өзге де нормативті актілердің мазмұны мен мақсатты талабы “ауқымдалып” айқындалады.
Әлеуметтік аспектісінің мағынасында құқықтық реттеу болжамдық сипатқа ие. Мұның өзі адамның немесе қоғамның ертеңгі өмірін жасауға (құрастыруға) аргумент ретінде қолданылады. Бұл аспект заңның (юридикалық акт) нағыз мағынасын ашып көрсетеді. Яғни, материалды және процессуалды заң шығарушылықтың құрамдас бөліктері тұлғаның құқығы мен еркіндігіне (әлемдік стандарттарға сәйкес), қоғамның еркін өмір сүруінің императивтеріне, қоғамдық қатынастың “адамгершілігіне”, әлуметтік шындыққа, халықтар арасындағы бір-бірімен байланысының тұрақтылығына теңдей сәйкес болуы үшін жауапты. Осыдан туындайтын екі: легитимділік пен заңдылық түсініктерін ажыратамыз. Егер заңдылық юридикалық нормаларының талаптарына сәйкес іс-әрекетпен өлшенсе, онда легитимділік құқықтың мәні заңмен сәйкестігін көрсете отырып, заңның қоғам тіршілігінде объективті бастамасын бейнелеп, туындатуы арқылы адамдардың сеніміне қол жеткізуді жүзеге асырады. Құқықтық реттеуде әлеуметтік аспект “принципталды”.
Құқықтық реттеудің негізі мен түбірін нормативті аспект құрайды.
Нормативті аспект — қоғамға қажетті белгілі бір іс-әрекеттерді енгізу мен адамдардың жүріс-тұрысын реттейтін нормаларын (ережелерін) шығару мен юридткалық (мемлекеттік органдар актілерінде) бекітілуі. Мұндай ережелер мақсаттары мен мазмұнына сәйкес әр түрлі қабылданады: кейде еркіндікті шектейді, бірақ көбінесе адамдардың қарым-қатынасын реттеуде кеңесші мен көмекші болады. Құқықтың қатар тармақтарының нормалары, мысалы: еңбек, отбасы, жер, тұрғын үй және тағы басқаларда іс-жүзінде ешқандай шектеулер жоқ. Керісінше, қоғамдық өмірді жасауға, жақсартуға, рационалды шешім қабылдауға жол ашады.
Мемлекеттік биліктің бекіткен және рұқсат етілген жүріс-тұрыс ережелерінде үш негізгі элементті атап көрсетуге болады:
1. Гипотеза — өмірде әрекет ететін шарттарды, пысықтауыштарды, қарым-қатынастарды көрсететін норманың бір бөлігі.
2. Диспозиция — жүріс-тұрыс ережесінің мағынасын, мазмұнын айқындайтын норма бөлігі. Ол дегеніміз әрекет субъектілерде туындайтын юридикалық құқықтары мен міндеттері.Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі.
3. Санкция — гипотеза мен диспозицияға сәйкес нормалардың сақталмауына (бұзылуына) байланысты мемлекеттік билікпен қолданылатын шаралардан тұратын норманың бөлігі.Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді.
Сондықтан құқықтық реттеудің нормативті реттеудің аспектісінің сапсы көбінесе құзырлы мемлеккетік органдардың юридикалық жүріс-тұрыс нормаларын тұжырымдағанына байланысты. Барлық уақытта кез келген юридикалық құжатта норманы енгізгенде (орналастырғанда) түсінікті, нақты мағынасы, талабының негіздемесі болу керек.
Юридикалық нормаларды шығаруда және бекітуде ең басты үш жайтты ескеру қажет:
• Жүріс-тұрыс ережелерінің көбісі (қаржы, материалды және кадр мәселесіндегіні алып тастағанда) адамның өміріндегі проблемаларын тікелей шеше алмайды.
• Ережелер адам өміріндегі проблемаларын шешудегі жүріс-тұрысы мен әрекет ету механизмін (моделін) ұсынады және осы мақсаттарда іс-жүзінде қолданғанда ғана өзінің арнауын іске асырады.
• Норма шығарушылық әрекетте жүріс-тұрыс ережелерінің актуализациялау мен нақтылау арқылы проблемаларды шешуге тырысу.
Жүріс-тұрыс ережелері міндетті түрде практикалық аспектісі болып саналатын өмірдегі шынайы әрекеттерден құралған нормаларды қамту қажет. Кез келген юридикалық норма ұйымдық-мемлекеттік құрылымына сүйене отырып мумкіндіктерімен қамтамасыз етіледі. Құқықтық реттудің практикалық аспектісі ең қиын да, қилы. Себебі, оның ауқымдылығы мен тұрақтылығы құқықтық реттеу фактісі дәлелдейді. Құқықтық реттеудің практикалық аспектісі нақты жүріс-тұрыс ережелерін мағынасына сәйкес іс-әрекеттің іске асырылғанға байланысты орнығады……

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!