Зейінді тәрбиелеудегі педагогтың рөлі | Скачать Материал

0


Зейінді тәрбиелеудегі педагогтың рөлі

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанда дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін — білім. Ендеше өсіп келе жатқан өскелең ұрпағымыздың жан — жақты, терең білімді болып шығуы үшін әр педагогқа жүктелер жүк аз еместігі айқын байқалынады. Білімді болудың басты шарты — ол баланың оқу іс — әрекетінде аса зейінді болуы десек болады.
Адамның кез — келген іс — әрекеті зейін арқылы іске асып отырады. Барлық іс — әрекеттің негізгі шарты зейін болып табылады. Зейін дегеніміз адам санасының қоршаған ортадағы белгілі заттар мен құбылыстарға белсенді бағытталуын айтамыз. Зейін — адамды қоршаған көптеген басқалардың ішінен заттар мен құбылыстарды бөліп көрсету. Зейін қабылдау, түйсіктер, ес, қиял, ойлау сияқты ерекше психикалық үрдістерде байқалады. Мәселен, біз бір нәрсені қабылдау үшін оған зейін қоямыз, еске сақтау үшін зейін саламыз, зейін салып ойлаймыз, әңгімелесеміз.
Сондықтанда зейін кез — келген іс — әрекетті орындаудың шарты болып табылады. Мәселен, қарапайым жұмыс, ағаш жару, жер қазу және компьютерде ең күрделі есептеу техникалармен жұмыс, ғылыми зерттеу жұмысы зейінсіз іске асуы мүмкін емес. Зейін оқу жұмысының негізгі шарты болып табылады. Оқу материалын берік меңгеру ең алдымен зейінге тікелей байланысты. Орыстың ұлы классик педагогі К.Д. Ушинский зейін туралы былай деп жазды: Зейін есік тәріздес, ол арқылы бәрі өтеді, сыртқы дүниеден адамның жан — дүниесіне жетіп отырады.
Баланың зейіні өте ерте байқала бастайды, өмірінің алғашқы айларында — ақ аңғарылады. Алғашқы кезде еріксіз зейін байқалады. Жас ерекшелігіне байланысты балалардың ойын әрекетінде, тәрбиенің ықпалымен еріксіз зейін дами бастайды, оның дамуы сезімдерінің, қажеттіліктердің және қызығуларының дамуымен байланысты. Еріксіз зейін адам іс — әрекетінің барлық түрлерінде ерекше орын алады. Оның ішінде, еріксіз зейіннің оқу үрдісінде мәні зор. Еріксіз зейін арқылы оқу материалын меңгеру жеңілдейді, ол балалардың болдырмау арқылы іске асады.
Ерікті зейінді қолдауға көрнекілік, оқытудың әсерлігі, оқылатын материалдың мазмұнына қызығуды ұйымдастыру, жаңа хабарлайтын материалдың шәкірттердің бар білімдерімен байланысты. Бірақ бүкіл оқу үрдісін тек қана еріксіз зейінге құруға болмайды. Оқу жұмысы және жалпы адамзат әрекетінің барлық түрлері негізінен ерікті зейін арқылы іске асады.
Зейіннің дамуы жекелеген шаралардың нәтижесінде жекелеген шаралардың нәтижесінде жекелеген тәсілдерді қолдану жолымен емес, мектептің бүкіл оқу — тәрбие жүйесінде іске асады. Зейінді тиімді тәрбиелеу төмендегі негізгі шарттарға байланысты:
1. Бала әруақытта кез — келген іс — әрекетте, кез — келген жұмысты орындауда зейінді болуға тиісті, әр — уақытта да тек қана зейін қойып жұмыс істеу қажет.
2. Балаларды кез — келген жағдайда жұмыс істеуге үйрету, зейінді жаттықтыру.
3. Баланы ұйымдастырылатын оқу-қызметте зейін қоюға үйрету.
4.Зейінді болу әдетіне тәрбиелеу, зейінділік мінез — құлықтың үйреншікті түрі болуы тиіс.
Педагог әрбір баланың зейінінің дара ерекшеліктерін білуі керек. Әрбір баланың немесе бүкіл топ кемшіліктерін жою туралы белгілі міндеттер қоюға болады. Зейіннің кемшіліктерін тудырған себептерді білу қажет және тек қана сол уақытта кемшіліктерді жойып, зейінді тәрбиелеуге болады. Педагог әр уақытта да зейінді болуы қажет және өз үлгісінде балаларды үйрету керек. Педагогтің зейінді тәрбиелеу туралы бір жүйелі жұмысы әр уақытта да жағымды нәтиже береді; балалармен кез — келген жұмысы зейін салып орындау әдетін дамытады.
Академик А.А. Ухтомский (1875-1942) ғылым тұрғысынан зейінге тереңірек түсінік берді. Бізді қоршап тұрған дүниеден сезім мүшелері арқылы миға әр түрлі тітіркендіргіш әсер етеді, осының нәтижесінде миға топ жұлдыздарға ұқсас қозу алаптары пайда болады. Бұл қозулардың арасында өзара талас басталады, соның нәтижесінде жеңіп шыққан қозу алабы жеңілгендерге үстемдік жасайды. Ол жеңілгендердің күшін өзіне тартып алады да, қуаттана … жалғасы

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!