Көру қабілеті бұзылған балалардың зейін ерекшелігі
Көру қабілеті бұзылған балалардың зейін ерекшелігі
Психологияда зейін адамның психикалық әрекетінің шоғырлануы және бағыты ретінде анықталған. Зейіннің өзіндік жеке мазмұны жоқ және ол адамның іс-әрекетінің белсенділігімен байланысты. Көрудің бұзылуында белсенділіктің төмендеуі байқалады, себебі, көру анализаторлары арқылы қабылдау мүмкін емес. Балада көру арқылы әсерлердің болмауы сыртқы әрекет стимулдарының деңгейін төмендетеді, бұл сыртқы ортамен байланысын бәсеңдетеді. Шет елдің бір қатар тифлопсихологтары (H. Schauerte, J. Zeuten, J. Hatwell, Ann-Mary Sandeers, т.б.) соқыр балалардың ерте даму кезеңінде жалпы белсенділіктің бәсеңдегенін және қимыл-қозғалыстың азаятындығы жайлы атап өткен. Бұл іс-әрекетті бағдарлы-іздестіруде де байқалады. Сыртқы әсерлердің шектеулі болуынан олар өзіндік Меніне үлкен көңіл аударады, жақсы көретін адамдармен салыстырғанда нашар көретін адамдардың арасында интроверт адамдар басымкеледі және олар өздеріне жақсы таныс шағын топпен ғана қарым-қатынас жасайды.
Барлық зейінді атап өтсек, белсендісі ретінде (ырықты және ырықсыз), бағыттылығы (ішкі және сыртқы), оның кеңдігі (көлемі, таралуы), ауысуы (қиын, оңай), қарқынды шоғырланғандығы (жоғары, төмен), тұрақтылығы (тұрақты немесе тұрақсыз) көрудің бұзылуынан өзгеріске ұшырайды, бірақ жоғары дамуларға қабілетті, қалыпты адамдардың даму деңгейіне жете алады, кейде тіпті олардан асып түседі.
Сыртқы әсерлердің азаюы зейіннің сапасының қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Қабылдау процесі төмендейді. Көруі бұзылған сезім мүшелері сипап сезу арқылы қабылдай бастайды, ол зейіннің ауысу жылдамдығына да байланысты; бейнелерді толық көре алмау, зейіннің көлемі мен тұрақтылығын төмендетеді. Іс-әрекеттің әр түрлілігіне және оны табысты аяқтауына байланысты зейіннің әр түрлі қасиеттерін дамыту қажет. Тура осылай оқу процесінде тапсырмаға зейінін шоғырландыру арқылы ырықты зейінін дамыту маңызды.
Соқыр мен нашар көрушілерге көрудің жетіспеушілігінің ақпараттарды белсенді түрде қолдану мен ауыстыру қажет, барлық қалған сезім мүшелерін қолдану, бір рецептор түрінен толық бейнелі ақпарат алу қиын, сол себептен де еңбек және дәл бағдарлай алу әрекетінің төмендеуіне алып келеді.
Сол себептен де мұндай категориядағы адамдарда да, қалыпты көру мүмкіндігіне ие адамдарда да зейіннің дамуы ерік жігерді, интеллектуалды және эмоционалдық қасиеттер белсенді іс-әрекетте зейін дамиды.
Қалыпты және көруі өте нашар балалардың зейінінің дамуы ми қалыптасуының жалпы заңдылығына ортақ.
Бірақ көру қызметінің бұзылуы күрделі немесе тіптен соқыр болса онда заттың бейнесін және қоршаған ортаның шынайылығын қабылдауы қиын немесе тіптен мүмкін емес.
Зейін соқыр адамдардың психикалық қызметтің бір жағы сияқты және нашар көретін балалар және ересектер жайлы аз зерттеген. Барлығы тифлопсихологтар және тифлопедагогтар көру кемістігінің салдарын түзетуде зейіннің маңыздылығы жоғары екендігін атап өткен.
Соқыр балаларды бақылағанда олардың зейіні төменгі деңгейде екендігін және бұл қоршаған ортаға деген енжарлықты байқатады.
Сонымен қатар көруі бұзылғанда сыртқы қоздырғыштардың аздығынан зейіннің тұрақтылығы төмендейді. Соқыр адамдардың есту тітіркендіргіштері арқылы ұзақ уақыт тыңдау жалығуға әкеп соғады., сонымен қатар зейіннің шашырауын туғызады.
К. Бюрклен, П. Виллей, А.А. Крогиус, Ф. Цех атты тифлопсихолгтардың айтуынша соқыр адамдарда танымдық сезімтал аймақтардың қысымы зейінге кері әсер береді, сонымен бірге, ол көруі қалыпты адамдарда да болуы мүмкін деген.
Мұндай психикалық қызметтер жағдайлар ырықты зейінмен оның жоғарғы түрімен байланысты.
Баланың зейіні қалыпты көру жағдайда қандай болмасын іс-әрекет түрінде болмысын-байқау, тыңдау, ойлану- ым-ишараны білдіру, үлкендердің ым-ишарасына еліктеу арқылы арнайы ойын рөлін ойнайды.
Соқыр балаларда көру арқылы әсем қимыл-қозғалыстар, бет әлпеттің, ым-ишарасын қабылдау мүмкін емес. Сол себептенде оларда еліктеуге деген мұқтаждық жоқ. Сонымен қатар соқыр балаларда қозғалыс аймағы бір қатар спецификалық ерекшеліктері бар. Оларда қозғалыс шектеулі, жеке қозғалыстар өте жоғарғы абайлықпен, әлсіздікпен, ақырын ғана жәй жүзеге асады. Дене құрлысы біршама бүгінкі, сенімсіз тқозғалыстармен әрең жүреді. Соқыр адамдарда сонымен қатар маторлы қозғалыс жеткіліксіз.
Соқыр адамдардың бет әлпеттеріндегі бұлшықеттердің ырықты қозғалысының ерекшелігі байқалған.
Соқырлармен қалыпты көретін адамдардың өсу графикасын жасағанда бұлшық еттерінің жұмыс істей алу қабілеті тексерілгенде соқыр балалaрда бұлшық еттерінің күші мен жұмыс істеу қабілеті төмендігі анықталады. Көру арқылы бақылап отыратын қозғалыстарды соқырлар өте нашар орындайтындықтары байқалғын. Моторлы қозғалыстың жетіспеушілігі адам қай жастан бастап соқыр екендігіне де байланысты. Тума соқырларда ол өте жылдам байқалады.
Соқыр адамдарда зейінді аударуға арналған бет-әлпет қозғалыстары: қабақты түйю, маңдайды жиыру, қас-қабақ, арнайы бір позада тұру, объектіге бұрылу және т.б. оларда жоқ немесе өте әлсіз байқалады.
Тифлопедагогикада А.Г. Литвактың айтуынша соқыр адамдарда ым-ишараға зейін қойып отырған адамның қимыл-қозғалысын үйретуге көптеген күш жұмсалған, бірақ барлығы осы уақытқа дейін олардың бәрі сәтсіздікпен аяқталады.
Орыс және кеңестік оқымыстылар арасында көзі көрмейтіндер баршылық, олардың арасында 40 ғылым докторы, 200 ғылым кандидаттары отандық ғылымның абыройын асқақтатқандар.
Кең шеңберде аты әйгілі отандық математиктер; академик Л.С. Понтрелгим, физика-математика ғылымында А.С. Витушкин, В.И Зубова және басқалар.
Кәсіптік педагогика, тифлопедагогикаға өз үлестерін қосқан көзі көрмейтін оқымыстылар; п.ғ.д, профессор Б.И. Коваленко, п.ғ.д.. профессор В.С. Сверлов. Көзі көрмейтін адамдар программист, экономист, тарихшы. филолог, математик болып озат еңбек етеді. Көптеген көру мүмкіндігі нашар адамдар өнер және әдебиетте елеулі орын алған. Көру мүмкіндігі нашардар арасында керемет композиторлар мен музыканттар бар. Париждегі К. Монтель атты көру мүмкіндігі нашар балаларға арналған Ұлттық институттың оқушысы алты жасар кезінде соқырланып қалса да, пианино мен рояльдың құлағында ойнайтын. 1784 жылы Парижде, 1791 жылы Ливерпульде, 1801 жылы Лондонда, 1804 жылы Берлинде, 1881 жылы Москвада көру мүмкіндігі нашардарға арналған білім беру мекемелері ашыла бастады. Көру мүмкіндігі нашардардың психикасын алғаш зерттеу XIX ғасырдың 70 жылдарына таман жүзеге асырыла бастады. Бұл өз кезегінде тифлопсихологиялық зерттеулерге өзіне тән сипат берді яғни, көру мүмкіндігі нашардардың психикалық өмірлерін зерттеу интроспекция (өзіндік бақылау) жолымен іске асты. Ғалымдардың еңбектерінің ішіндегі ерекше және маңызды монография М. Сизераның көру мүмкіндігі нашардардың көру мүмкіндігі нашардар жайлы айтқаны еңбегі осыдағы және басқа да еңбектерде көру мүмкіндігі нашардардың ішкі өмірі мен мінез-құлқын сипаттайтын мәлімет берілген.
Көрудің кемістігіндегі зейіннің ролі.
Зейін, жеке психикалық процесс емес, ішкі қабылдау, есте сақтау, ойлау және басқа да процестердің сана-сезім бір обьектке бағытталатынына байланысты. Зейіннің таңдамалы бағыты еркеше құндылыққа ие зейіннің қандай да, бір обьектке бағытталуы оның түрленуіне әкеп соғады. Осылайша қабылдау бақылауға айналады, кездейсоқ ой ағымы-ойлануға, бейнелер мен ойды ырықсыз қайта жаңғырту-еске түсіру процесімен алмасады және т.б. Осылайша психикалық әрекетке зейіннің таңдамалылық бағытын береді. Л.С. Рубенштейн айтуынша әсерлерді, ойларды әрекетті қабылдаудың психикалық сенсибилизациясы тиімділік береді деген.
Көру қызметінің әлсіреуі немесе бұзылуында соқырларда сыртқы ортаны көруі арқылы қабылдауы қиындай түседі, нәтижесінде сезу сезім мүшелерінен көптеген белгілер ағымы адамға заттың қасиеті мен маңыздылығы жайлы ақпарат беріледі. Мұндай белсенділікте зейіннің рөлі маңызды бола түседі. Соқыр балалардың психикалық әрекеті ретінде зейін әліде кең көлемде зерттелмеген. Бірақ көру кемістігіннің маңыздылығы жайлы тифлопсихологтармен педагогтар айтып өткен.
ХIХ ғасырдың басында ХХ ғасырда тифлопсихологияда соқырлық зейіннің барлық қасиеттері автоматты түрде-жағымды өзгерістерәкеледі деген ой кеңінен тараған. К. Штумпф көру зақымдық әкеледі деп жазған. Көру арқылы қабылдау бір уақытта көп көлемдегі қабылдаулар әкеледі осыған орай сана сезімді шатастырып, бір обьекттен екіншісіне көшіп қай жерде тоқтап ойын шоғырландыру керектігін білмейді.
Зейіннің алғашқы түрі субьекттің іс-әрекетінен тәуелсіз дамитыны анық, сонымен қатар зейіннің сапасы сыртқы қоздырғыштардың қарқындылығында болады. Сол себептен де сыртқы әсерлердің азаюы көру сезімінің біртіндеп немесе толық қысқаруымен түсіндіріледі және қабылдау зейіннің дамуына емес қайта кері дамуына себеп болады. Сенсорлы бөліну жайлы тәжірибелер бойынша сыртқы әсерлердің жылдам жоғалып кетуі сенсорына ұшырайды және зейіннің тұрақтылығына , шоғырлануына және т.б. қасиеттеріне кері әсер етеді.
Соқыр балаларда зейінділіктің өте төмен деңгейі байқалады. Сонымен қатар сытқы қоздырғыштардың төмендігі соқыр балалардың есту зейінділігі шаршағыш келеді.
Зейіннің нәтижелі дамуы үшін соқырларда анық рельефті қабылдауының көп жақты қасиеттерін және нышандарының сигналдары бірінші орынға шығады.
Көру кемістігі бар балалар танымдық және еңбек әрекетіндегі қиыншылықтарын сезінеді. Осының арқасында зейін кейбір операцияларға зейінділік артады. Согл себептен де зейін әр іс-әрекетке деген бақылауы артады. Көруінде кемістігі бар балаларда зейіннің рөлінің жоғарлауы тек адам іс-әрекетті жоғары белсенділігімен орындаса ғана. Тек осындай жағдайда қабілет ырықты түрде сана сезімге бағытталуы толық және жартылай соқырлықта адекватты бейнеленуш мүмкіндік береді.
Соқырлардың зейінінің ерекшелігі
Байқап, тыңдап, ойланып және есте түсіру арқылы адам зейін жағдайын бет, дене қимыл арқылы ым-ишара, дене қозғалысы арқылы береді. Көрікті қимыл-қозғалыстар көру арқылы қабылдаумен және еліктеу іс-әрекеті арқылы бала үлкендердің қаншалықты қабылдағанына байланысты. Балада көрудің бұзылуында үлкендердің іс-қимылын көру арқылы қабылдауы қиындай түседі. Сол себептен де үлкендердің іс-әрекетіне еліктеу мүмкін емес болады. Қимыл-қозғалыс еліктеуден пайда болатынын мына жағдайлар арқылы байқауға болады. Соқыр балалардың ым-ишараға, қимыл-қозғалыстарға кедей болуынан байқалады.
Тифлопсихологияда соқыр балалардың ым-ишараға үйретулер нәтижесіз аяқталған жағдайлары көп кездеседі. Бірақ соқыр балалардың зейінінің шоғырлануы; мысалы: сөйлеп тұрған адам жаққа қарау соқыр бала үшін оңай игеретін процесс және оқыту мен тәрбиелеу процесінде қалыптаса түсуі керек.
Зейін соқыр адамдардың психикалық қызметін бар жағы сияқты,олардың,яғни нашар көретін балалардың және ересектердің жайы аз зерттелген.
Зейін бір қатар қасиеттермен (көлем, шоғырлану, тұрақтылық, ауытқушылық және т.б.) зейіннің кейбір қасиеттерінің дамуы соқыр балаларда ерекше, Мысалы, қабылдаудың қиыншылығы зейін көлеміне, зейіннің ауысуына және тұрақтылығына кері әсер етеді. Қабылдаудың бәсендеуі қабылдаудың түрлілігіне, әрекетіне және зейіннің тұрақтылығына; жылдамдығына, ауысуына соқыр адамдар … жалғасы