Венесуэлла президенті Қазақстан тумасының қорында ақша сақтады: СІМ жауап берді — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Венесуэлла президенті Николас Мадуро бизнесмен Николас Мадуроның қорында ақша сақтады деген ақпаратқа ҚР СІМ жауап берді.

Венесуэлла президенті Қазақстан тумасының қорында ақша сақтады: СІМ жауап берді

Бұған дейін Bloomberg басылымы Мадуроның қаражаты Қазақстаннан шыққан Ресей азаматы Нұрлан Байділдәнің қорында сақталды деген ақпарат жазды, деп жазады Sputnik.

«Бұл жалған ақпарат болуы мүмкін. Біз бұл жайлы тіпті білмейміз де. Оны тексеру мүмкін емес. Ол кім өзі? Қайдан шыққан? Таңғаларлық нәрсе», — деді СІм басшысы Бейбіт Атамқұлов.

Министрдің орынбасары Ержан Ашикбаев Нұрлан Байділдәнің Ресей азаматы екенін айтты.

«Біз осындай адам барын білеміз. Жұмыстар жүріп жатыр. Бірақ, бұл ақпарат жалған не дұрыс деп кесіп айта алмаймыз», — деді Ашиукбаев.

Нұрлан Байділдә екі ел азаматтығын алуы мүмкін бе деген сұраққа «Жоққа шығара алмас едім» деп жауап берді Ашикбаев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz