Қытайдағы қазақтар: қанша қандасымыз елге оралды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Атамқұловтың айтуынша, бүгінгі таңда Қытайда ұсталған қазақтардың саны 80 процентке азайған

АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтан Қытайдағы түзету лагерьлері мен қамауда жатқан қандастардың мәселесі қалай шешіліп жатқанын сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжілістегі үкімет сағатында депутат Берік Дүйсенбинов Қытайдағы қандастар мәселесін көтерді. Мәжілісмен сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтан түзету лагерьлері мен қорлық көрген, еліне жете алмай жатқан қандастардың мәселесін шешу бойынша қандай кешенді шаралар қолға алынғанын сұрады.

Атамқұловтың мәліметінше, қазір Қытай Халық Республикасында 1,5 миллионнан аса қазақ тұрады.

«Бізге күн сайын Қытайдан бірталай мәлімет түседі. Бұл мәселе біздің ерекше назарымызда. Былтыр 2,5 мың қандасымыз Қазақстанға оралуға рұқсат алды. Ал биыл қос азаматтық үшін 33 адам қамауға алынған. Дипломатиялық жұмыстардың нәтижесінде соның 20-сын елге қайтардық», — деді министр депутатқа берген жауабында.

Сонымен қатар, оның айтуынша, министрлікке қамауда отырған қазақтар туралы 1387 арыз түскен. Әр түскен арызды жеке-жеке қарастырып жатырмыз, деп сендірді Атамқұлов.

«Бұл мәселе бүкіл әлемдегі мұсылмандардың құлағын шулатып жатыр. Қытайдың өз саясаты бар, бірқатар дипломат сол лагерьлерге барып, өз көздерімен көріп қайтты. Бүгінгі таңда, бізге түскен мәлімет бойынша, сол жерде ұсталған қазақтардың саны 80 проценке азайған, бәрін шетінен босатып жатыр. Биыл да қандастарымыз жеңілдік алды», — деді ол.

Атамқұлов сыртқы істер министрлігімен ғана емес, ішкі істер және басқа да құзырлы органдармен үлкен жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.



sputniknews.kz