«Өте неприятты сезім». Қазақ тілі таза формализм үшін керек – журналист
Бэлла Орынбетова экранның астындағы қазақ тіліндегі субититрдің қате-қате болғанына қынжылады.
Журналист, el.kz порталының бас редакторы Бэлла Орынбетова Facebook-те осындай пікірін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Енді мені киноға шақырмай-ақ қойыңдар. Кеше киносеансқа барған едім. Мен үшін өте неприятты сезім. Экранның астында қазақ тілінде қате-қате субтитр. Үлде мен бүлдеге оранған орыстың жанына қайыршы қазақты отырғызып қойғандай әсер.
Еш ұлтты кемістіп отырған жоқпын. Бірақ қазақ тілі тек кедергі жасайтын, таза формализм үшін жасалған дүние екенін меңзейтін әрекет деп таныдым мұны.
Жолдастар, енді тек қазақша дыбысталған фильмдерге барам.
#қазақшакино Осындай «ғажайып» заң жобасын әзірлеген қазақ тілінің барлық жанашырларына рақмет», дейді журналистің постында.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz