Грузин жазуы — Қазақ тілі
Грузин жазуы (ქართული დამწერლობა kartuli damtserloba) — грузин тілінің фонемалық құрамын бейнелейтін ерекше жазу. Онда әрбір фонемаға белгілі бір графема сәйкес келеді. Көне грузин тілінде 37 (38), қазіргі грузин тілінде 33 (5 дауысты, 28 дауыссыз үшін) әріп болған, бас әрпі болмайды.[1]
Грузин жылнамасы бойынша Грузин жазуын б. з. д. 4—3 ғғ. Фарнавазу патша жасаған. Грузин жазуының финикий, арамей, грек т. б. жазулармен тектестігі жайында әр түрлі болжам бар. Г. В. Церетели грузин жазуын шығыс арамей жазуының бір түрімен байланыстырады. Грузин жазуының алғашқы нұсқалары 5 ғасырда сақталған.
Даму процесінде грузин жазуының бір-бірінен ерекше 3 түрі қалыптаскан. Олар бірінен бірі шыққан, туыстас:
Мргловани (дөнгелек жазу, 9—10 ғасырлар),
Нусхури (кіші әріпті жазу, 9—11 ғасырлар).
Мхедрули (азаматтық, зайырлы (светское) жазу, 10 ғ. бері).
17 ғасырлар мхедрули осы күнгі қалпына келіп, қоғамдық өмірдін барлық саласына еніп, кітап бастырумен байланысты біржолата орныққан.
Letters
ა ბ გ დ ე ვ ზ ჱ თ ი კ ლ მ ნ
ჲ ო პ ჟ რ ს ტ ჳ უ ფ ქ ღ ყ შ
ჩ ც ძ წ ჭ ხ ჴ ჯ ჰ ჵ ჶ ჷ ჺ ჸ ჹ