Күріш ауыспалы егіс жүйесі | Скачать Дипломдық жұмыс

0

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар мен қыстартулар
Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .. .
I. Әдебиетке шолу … … … … … … … … … … … … … … … … … .
1.1Қызылорда облысының табиғи климат жағдайы, өсімдігі
ментопырағы … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … …
II. Күріш дақылының халық шаруашылығындағы маңызы … … … …
2.1 Күріштің биологиялық ерекшеліктері … … … … … … … … … …
2.2 Күріш дақылының аудандастырылған және келешегі бар сорттары..
ІІІ. Негізгі бөлім … … … … … … … … … … … … … … … … … …
3.1 Ауыспалы егіс типтері мен түрлері … … … … … … … … … … ..
3.2 Ауыспалы егіс классификатсиясы … … … … … … … …
3.3 Күріш ауыспалы егіс жүйесі … … … … … … … … … … … … …
3.4 Топырақты өңдеу жүйесі … … … … … … … … … … … … … …
3.5 Тыңайтқыш беру жүйесі … … … … … … … … … … … … … … .
3.6 Тұқым себу мөлшері, мерзімі және әдістері … … … … … … … …
3.7 Егістікті күтіп-баптау және суару жүйесі … … … … … … … … … .
3.8 Күріш дақылының арамшөптер, зиянкестері мен аурулардан
қорғау
шаралары … … … … … … … … … .. … … … … … … … …
… … … … ..
3.9 Күріш, арнайы күріш ауыспалы егіс
жүйелері … … … … … … … … … … .
IV. Еңбек қорғау
… … … … … … … … … … … … … … … … … … .. …
… … … … ..
V. Қоршаған ортаны қорғау … … … … … … … … … … … … … … …
VI. Экологиялық
тиімділігі … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … …
Қорытындылар мен ұсыныстар … … … … … … … … … … … … .. … …
Пайдаланылған әдебиеттер мен
мәліметтер … … … … … … … … … … … … …

АНЫҚТАМАЛАР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Перспективті сорт – келешегі бар сорттар
ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік
ГТК — гидротермиялык коэффициентке
ЖІӨ- жалпы ішік өнім
лт – тонна литр
ш.м.- шаршы метр
цга- гектар центнер
га- гектар
кгга – килограмм гектар
1 га- 1 гектарға
Ц- центнер
гл- грамм литр
мыңга- мың гектар
с.э- сулы эмульсия
с.с.к- сулы суспензиялы концентрат
э.к- эмульсиялы концентрат
ы.ұ- ылғалды ұнтақ

КІРІСПЕ
Елімізде бүгінгі өзекті мәселелердің бірі, халықты экологиялық таза
азық-түлікпен толық қамтамасыз ету, бәсекелестік қабілеті мен сапа, баға
рыногтың қатал сынынан мүдірмей ауылшаруашылық саласын өркендету шаралары
тұр. Диқаншы қауым алдында жекелеген бөлшек бөлімдерді, біріктіріп ғылыми
негізделген жүйелі егіншілік саласын қалпына саналы түрде біріктіру арқылы
ауыспалы егіс жүйесін суландыру жүйелерін, егіншілік мәдениетін көтеру
проблемалары тұр.
Мұндай шараларға бұрынғы шаруашылық ізіндегі ауыспалы егістерді
игеруінсіз жету мүмкін емес. Соның ішінде күріш ауыспалы егістерінің
маңызды мақсаты жердегі органикалық заттардың дефецитсіз балансын,
қоректендірудің тиімді шарттарын және арам шөптермен күресті, қоршаған
ортаны қамтамасыз етуді, дақылдардың дұрыс таңдалуы мен ауыспалы есебінен
аудан бірлігінен барынша мол сапалы өнім алу, өзіндік құнын төмендету
болып табылады.
Ауыл шаруашылық дақылдары, оның ішінде күріш Қызылорда өңірінде
негізгі дақыл болып, ауыл шаруашылылық саласының негізгі экономикасын құрап
отыр. Күріш өсіру технологиясын үнемі зерттеп, әлемдік деңгейдегі жоғарғы
интенсивті технологияларды қолдана отырып, өнімділігі мен сапасын ауыспалы
егіс жүйесінің айналымын қалпына келтіру облыс диқаншыларының алдындағы
өзекті мәселе деп есептеуге болады.
Ауыл шаруашылық саласының ғалымдарының атқарып жатқан жұмыстары және
шаруашылықтың озық тәжірибелерін өндіріске енгізу мәселелері тұр.
Қазіргі кезде күріш егісінің көлемі экологиялық қолайлы және
экономикалық тиімді деңгейде – 70,0 мың га болып тұрақталды. Осы көлемдегі
күріш егісі бір жағынан Қазақстанның күрішке сұранысын қамтмасыз етсе
(күріш шаруашылығы Қазақстанның ауылшаруашылық салаларының ішінде азық-
түлік қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілген салалардың бірі), екінші
жағынан – оны жерді жақсартушы дақыл ретінде пайдалануға болады, өйткені
күріш егісі көлемін одан әрі қысқарту инженерлік дайындалған жерлердің
апаттық жағдайға дейін тұздануына әкеліп соғуы мүмкін.
Аймақта қолданылып жүрген күріш шаруашылығы технологиялары техникалық
жағынан да, қаржылық жағынан да тиімсіз. Мысалы, қолданыстағы күріш өсіру
технологиясы бойынша себуге дейін 13 технологиялық операция, ал кем дегенде
7 операция қолдану ұсынылады. Соған қарамастан арам шөптермен күресу
деңгейі өте төмен, топырақ ылғалдылығының шығыны жоғары, сонымен қатар ауыл
шаруашылығы техникаларының қосалқы бөлшектері мен жұмсалатын жанар-жағар
май өте қымбат.
Арал өңіріндегі өсімдік шаруашылығының дамуын сараптау, оның болашақта
су ресурстарының шектеулілігі жөнінен қазіргіден де қиын жағдайда
дамитынын, ал ауыл шаруашылық өндірісіне және ауылдағы тауар өндірушілерге
бөлінетін инвестиция, салыстырмалы түрде, төмен деңгейде жүретінін, және ол
негізінен аз шығын жұмсалатын технологиялар мен жаңалықтарға бөлінетінін
көрсетті.
Менің дипломдық жұмысымының тақырыбы: Қызылорда облысының о
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қызылорда облысы, күрішінің үлес салмағын
анықтау, суды аз пайдаланатын дақылдарды өсіріп, экономикалық тиімділікті
арттыру көзделіп отыр.
Дипломдық жұмыстың міндеті: Күріш дақылын егудің жаңа ауыспалы
егістің үрдістерін оқып үйрену.

I. Қызылорда облысының топырақ-климат жағдайы,өсімдік қабаты
Қызылорда облысы 218,4 мың шаршы км жерді алып жатыр. Шығысы мен
оңтүстік-шығысында Қазақстанның Шымкент облысы-мен, солтүстігінде
Жезқазған, солтүстік-батысында-Ақтөбе облыстарымен, оңтүстігінде-
Өзбекстанмен шектеледі. Облыс орталығы-Қызылорда қаласы.
Облыс Сырдария өзенінің төменгі ағысының бойында, Азия шөлінің
белдеуінде орналасқан. Батысында-Арал теңізі, оның солтүстік және шығыс
бөлігі Жиегіндегі аралдармен қоса облыс құрамына енеді. Оңтүстігінде-
Қызылқұм шөлінің солтүстік бөлігі, солтүстігінде-Арал жиегіндегі Қарақұм,
Арысқұм және Орталық Қазақстанның шет аймағының шөлейт үстірті. Облыс Тұран
ойпатының жазықтау келген кең байтақ алқабын алып жатыр, оның басым бөлігі
Сырдария, Сарысу, Шу өзендерінің ертедегі Атырау жазығы болып табылады.
Жазықтың абсолюттік деңгейі оңтүстікте 200 метрден батыста, Арал теңізінің
жағасында, 53 метрге дейін ауытқып тұрады. Шығыс бөлігінде облыс шегіне
Тянь-Шань тау жүйесіндегі Қаратау тауының батыс шетінің оңтүстік-батыс
баурайы енеді. Таудың абсолюттік деңгейі 400-600 метр шамасында ауытқып
тұрады, ең биік шыңы-1418 м. Таудың көпшілік сілемінің салыстырмалы
биіктігі 300-400 метрден аспайды. Оларды тау етегіне барғанда сиыр
құйымшақтанып барып жоғалып кететін майда өзендердің толып жатқан тар
аңғарлары шиырлап жатыр.
Облыстың оңтүстігі мен батысында жал-жал, ойдым-ойдым, төбе-төбе
құмдардың мол алқабы орналасқан.
Облыс территориясының үлкен бөлігі ширектік шөкпелерден қалыптасқан,
олар Сырдария өзенінің атырау-тосабының шөкпелері болып табылады. Тосаптың
қос мүшелі құрылымы бар: қалың қыртысының жоғарғы беті тозаңды саз, саздақ,
майда қиыршықты тозаңдылау құмның лиза тәріздес аралас қабаттарынан тұрады,
ал төменгі жағы-неғұрлым ірі қиыршықты, құмды келеді. Неғұрлым майда
қиыршықты линзалар сиректеу, мұның өзі суармалы жерлерде дренаж қолдануға
қолайлы мүмкіндік туғызады. Жалпы заңдылық ретінде, арнаға жақын
учаскелердегі тосап шөкпелердің механи-калық құрамы жеңіл келеді де, одан
алыстаған сайын, арна аралығындағы ойпаттарда неғұрлым ауыр болады.
Суарылатын аудандардағы тосап шөкпелердің ыза суы ала-құла минерал-
данған, кермектігі мен тұздылығы басымдау; су 2-7м тереңдікте жатады. Шөлді
аудандарда ыза суы 10-12м тереңдікте жатады, топырақ барлық жерде күшті
минералданған. 40-200м тереңдіктегі қайраң шөкпелерде артезиан суы болады,
мұндай сулар орталық, оңтүстік және батыс аудандардың бәрінде дерлік
кездеседі. Олардың минералдануы бір метрінде 1,5 гр 2,5 грамға дейін және
олар қой, жылқы, түйе суаруға әбден жарамды. Артезиан бассейніне жеткен
бұрғылау скважиналары секундына 15-20 литрге дейін өздігінен ағып шығатын
су береді.
Құмды алқаптарда тұщы ыза сулары кең тараған, олар су буларының құмға
сіңіп суға айналуы және жауын суының Қызылқұмда 10-25м тереңдікте пайда
болады. Олардың мөлшері өте аз, сәл көбірек пайдалана бастаса, сортаңданып
кетеді. Мұндай суларды жайылымда мал суару үшін тек Арал жағалауындағы
Қарақұмда ғана пайдалануға болады, өйткені ол жерлерде сәл көбірек.
Облыс территориясының үстімен оңтүстік-шығысын солтүстік-
батысқа қарай Сырдария өзені өтеді, бұл – үлкендігі жағынан Орта Азиядағы
екінші өзен. Ол өзінің бүкіл ағысы бойына бірде-бір саладан қосымша су
алмайды, бірақ өзі бірнеше ірі-ірі салалар бөліп шығарады, бұлар жазық
жермен ондаған километр ағып барып, негізгі арнаға қайтадан қосылады.
Қазалыда Сырдариядан, оның сол жағынан, Ақсай саласы бөлініп, өз бетімен
Арал теңізіне барып құяды.
Жаңақорған және Шиелі аудандарына Қаратаудан бірсыпыра ұсақ
өзендер – Бесарық, Шалғай, Жиделі өзендері ағып келеді. Бұлардың бірін-
шісінің жоғарғы сағасы үнемі ағып жатады да, соңғы екеуі тек көктемде ғана
ағады. Бұл өзендердің суы таудан шыға тарамданып, ақыры сиыр құйым-шақтанып
барып жоғалып кетеді. Алайда малтатасты аңғарлардың астымен жыл тәулігіне
тұщы су ағып жатады, соларды іркіп, тау етегіндегі бозғылт сұр топырақты
жерлерді суаруға болады.
Ақыр соңында, солтүстік шекараға таяу жерде Жезқазған және Шымкент
облыстарынан Қызылорда облысына Сарысу, Шу өзендерінің аяғы өтеді, олардың
сағаларында бірсыпеыра сортаң және тұзды көлдер пайда болған.
Негізгі климаттық және агроклиматтық ерекшеліктері. Облыстың климаты
шұғыл континетті: жазы ыстық, құрғақ, қысы суық, қар тым алағат түседі.
Облыс бойынша ауаның орташа жылдық температурасы +7-11градус. Ауа
температурасының жылдық ауытқуы +34градустан – 41градусқа дейін.
Жылдың жылы кезеңі үшінші аймақта 20-25 наурыздан 8-15 қарашаға
дейін, екінші аймақта 14-18 наурыздан 11-16 қарашаға дейін, бірінші аймақта
3-6 наурыздан 20-23 қарашаға дейін. Ең суық ай-қаңтар, ең жылы ай- маусым.
Қыс ең қатты болған жылдары жекелеген күндерде ауаның ең төмен
температурасы 34-39 градусқа дейін жетуі мүмкін. Облыс территориясында жаз
ыстық және ұзақ болады. Ең жылы айда ауаның орташа температурасы 26-28
градус төңірегінде болады.
Облыстың ауа райы өте қуаңшылықты болып келеді. Бірінші аймақта
жылына 152-159мм, екінші аймақта-95-110мм дейін жауын жауды, қалған
территорияға жауын-шашынның мөлшері 104-118 мм аспайды. Бірінші аймақтағы
аудандарда жауынның көпшілік бөлегі суық кезеңге, қалған аймақтарда жылы
кезеңге тұстас келеді. Жылма-жылғы жауынның мөлшері жиі өзгеріп тұрады.
Мәселен, жекелеген құрғақшылық жылдарда не бары 30-60мм, ал ылғал неғұрлым
мол жылдары 200-213мм жауын жаууы мүмкін.
Желдің жылдық орташа жылдамдығы секундына 3-4 метрден аспайды.
Желдің ең жоғары жылдамдығы көктем қыс айларына сай келеді.
Егіннің вегетациялық кезеңінің ұзақтығы бірінші аймақта 225-226 күн,
екінші аймақта 208-217 күн, үшінші аймақта 198-208 күн. Көктемде ауаның
орташа тәуліктік температурасының жылылыққа қарай тұрақты ауысуы бірінші
аймақта 19-20 наурызда, екінші аймақта 26-30 наурызда, үшінші аймақта 7
сәуірде болады, ал күзде суыққа қарай ауысуы тиісінше 23-28 қазан, 25-31
қазан, 1 қараша айлары аралықтарында.
Облыс территориясында болмайтын мезгіл орта есеппен 167-178
күнге созылады. Көктемгі үсік сәуірдің екінші онкүндігінде тоқталады,бірақ
жекелеген жылдарда мамырдың бірінші онкүндігінде және екінші онкүндігінің
бас кезінде, ал Арал теңізі маңында мамырдың аяғында да байқалуы мүмкін.
Алғашқы күзгі үсік қазанның бірінші онкүндігі мен екінші онкүндігінің бас
кезінде түседі, бірақ қыркүйектің үшінші онкүндігінің бас кезінде, кейде
тіпті екінші онкүндігінде де түсуі ықтимал.
Облыстың негізгі ауыл шаруашылығы дақылы – күріш, оны сәуірдің
аяғында, мамырдың басында, топырақтың беткі қабатының температурасы 10-13
градусқа жеткен кезде егеді. Облыстың жылу ресурсы күріштің ерте пісетін
сортын да, орташа пісетін сортын да өсіруге мүмкіндік береді.
Облыс территориясындағы жылудың мол қоры суармалы жағдайда дәнді
дақылдар, овощ, бақша, жеміс дақылдарын өсіруге мүмкіндік береді.
Топырағы және өсімдігі. Облыс территориясының басым бөлігінің топы-
рағы солтүстік шөл аймаққа жатады. Топырақ қыртысы алуан түрлі, деген-мен
екі үлкен ауданға айқын бөлінеді: егіншілік аймақтық ылғалды топырағы және
оқта-текте ертедегі суарманың ізі байқалатын шөл бөлігінің кеуіп кеткен
топырағы.
Ылғалдануы мен рельеф жағдайының алуан түрлілігі, шөкпелердің бір
текті еместігі, жекелеген табиғи аудандарды шаруашылық тұрғысынан пайдалану
бағыттары мейлінше топырақтың алуан түрінің қалыптасуына әкеп соқ-тырды, ол
көбінесе өте күрделі құрамдар мен комплекстер түрінде ұшырай-ды. Алайда
осынша алуан түрлілікке қарамастан, шөлдік климат режимінің ерекшеліктері
әсерінен, жазықтағы топырақтың бәріне агрономиялық маңыз-ға ие болатын
мынадай ортақ белгілері бар:
1. Жоғары карбонаттылық. Сортаң топырақты шайған кезде карбонат-тылық оңды
фактор ретінде әсер етеді, топырақтың сортаңдық белгісін жояды. Сонымен
бірге карбонаттардың көп болуы фосфор тыңайт-қыштарға неғұрлым баяу
қозғалатын, бірақ өсімдік сіңіретін формаға көшу процесін тездетеді.
2. Тосаптық жаратылысының сипатына байланысты топырақ пропилінің
қабаттанып жатуы. Мұндай жағдайдағы топырақтың ерекшелігі- тозаң-ды
бөлшектердің басым болып, көлемі 1-0,25мм фракциялардың өте аз болуы,
ал диаметрі 1мм бөлшектердің мүлде болмауы.
3. Макроқұрылымының жоқтығы және суға төзімді микроқұрылымының болуы.
4. Өзен өңіріндегі топырақтың беткі қабаты мен шөл топырағы профилінің
орта шенінде жоғарғы сортаңдылығы. Сорлану хлоридті — сульфатты
натрийдің, магнийдің, кальцийдің күкіртқышқылды тұздары басым.
Топырақтардың дені шаюды қажет етеді. Бұдан басқа, суармалы оазистердің
топырақтың сортаңдану дәрежесі жағынан бір-бірінен кейбір айырмашылығы
бар. Оңтүстіктегі — Шиелі оазисінің топырағы мен ыза сулары азырақ
сортаңданған, ортадағы, Қызылорда оазисінің топырағы неғұрлым сортаңдау
келеді., ал солтүстіктегі-Қазалы оазисінің топырағы оданда күштірек
сортаңданған.
5. Микробиологиялық процестердің тым күштілігі, органикалық заттардың тез
шіруіне әкеп соғады. Облыстың барлық топырағы калийге бай келе-ді, ал
фосфордың мөлшері орташа, азотқа кедей. Мұнда органикалық және
минералдық тыңайтқыштарды, әсіресе азот тыңайтқышын енгізу қажет.
Гумустың мөлшері 0,5 пайыздан 3-4 пайызға дейін ауытқиды, оның 6
пайызға жетуі өте сирек кездеседі. Топырақты азотпен байыту үшін бұршақ
тұқымдас дақылдар, атап айтқанда, жоңышқа мен түйежоңышқа егу керек.
Төменде жазықтағы ең негізгі топырақтардың егіншілік үшін көбірек
маңызы бар қасиеттері келтірілген.
Тақыр тәріздес сортаңданбаған топырақтар Жаңадария алқабының басқы
бөлігінде Басарық өңірінде және Шиелі ауданының сол жағалауын-дағы
бөлігінің оңтүстігінде кездеседі. Өзен тосабынын қалыптасқан, мұнда саз,
саздақ, құмдақ, құм қабаттар кездесіп тұрады. Ыза суы 10метрден төмен
тереңдікте жатады, минералдануы жағынан сортаң және тұзды, тығыз қалдықтың
мөлшері литріне 5 грамнан 10 грамға дейін. Топырақта тұз аз, беткі
қабыршағының сілтілігі жоғары екені байқалады., гумустың мөлшері – 1,5
пайызға дейін. Барлық ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге жарамды.
Өсімдіктері – қара сексеуіл, күйреуік, жантақ.
Тақыр тәріздес сортаң топырақ негізінен Жаңадарияның арнаға таяу
жерлерін қамтиды. Қалың қара сексеуіл басқан. Топырағы қатпарлы. Қабыршағы
кедір-бұдырлы, жұқа қыртысты, сілтілігі жоғары. Ең көп тұз 10-100см
тереңдікте, одан төмен- 0,5 пайыз. Тұздың қоры екі метрлік қабатта 240
гат, сорлануы хлоридті-сульфатты. Бұл топырақтарда гумус 2-3 пайыз,
қоректік заттар аз. Ыза сулары 10-20м тереңдікте, олардың минералдануы – 10-
50лг. Суы –хлоридті-сульфатты. Жерін орман қоры ретінде пайдаланған
тиімді. Оны игерген кезде топырағының сорын шаймалау және сексеуілден
тазарту керек.
Тақыр тәріздес сор және сортаң топырақтар ауыр қатпарлы тосаптық
шөкпелерде қалыптасады. Көбінесе Сырдарияның сол жағасындағы сазды
жазықтардың беткі қабатының негізгі бөлігін алып жатыр. Беткі қабыршағы
тығыз, су өткізуі өте нашар, сілтіленген, қалыңдығы 3-5см. 25-100м тереңдік-
тегі топырақта 3 пайызға дейін тұз бар, оның қоры екі метрлік қалыңдықта
138гат, сорлануы-хлоридті-сульфатты және сульфадты-хлоридті. Топырақ-тағы
гумус-1 процент, сіңімді азот пен фосфордың мөлшері аз. Ыза суы-10-20м
тереңдікте, минералдануы-25-70лг. Суы хлоридті. Негізгі өсімдіктері —
бүрген, күйреуік. Игерген кезде күрделі мелиорациялық жұмыстар жүргізуді
қажет етеді.
Құм жапқан тақыр тектес топырақтар солтүстік Қызылқұмда төмпек-
төмпек, жал-жал құмдарға таяу айтарлықтай үлкен алаптарды алып жатады.
Топырақтың бетін құм 10-40см қалыңдықта құндақтап тастайды. Құндақтың асты
саздақ. Топырағының ерекшелігі — жақсы ылғалданады, шөбі қалың өседі, оның
ішінде басымырағы — ақ жусан. Тұздарының мөлшері- 2,5 пайыз-ға дейін, ол 60-
200см тереңдікте жатады. Тұздардың екі метрлік қабаттағы қорын гектарына
192 тоннадан. Тұзы-хлоридті-сульфатты. Топырақтағы гумус -1,5 пройентке
дейін, қоректік заттары аз. Ыза суы-10-25м тереңдікте, күшті минералданған,
хлоридті. Суару режимін қатаң сақтап, жел эрозиясына қарсы күресу жөнінде
шаралар қолданған жағдайда ғана игеруге жарамды.
Құмды топырақтар. Облыстың барлық территориясында кең таралған және
ерекшелігі- мейлінше алуан түрлі, басқа топырақтардың арасында бөлек-бөлек
орналасады, ал Арал жағалауы мен облыстың оңтүстігінде байтақ шөл даласын
құрайды. Мұндағы өсімдіктер алуан түрлі.Топырағы-ның ерекшелігі гарнизонт
профилінің әлсіз дифференциясы. Сорланған және сорланбаған түрлері
кездеседі. Арықтан суаруға жарамайды.Суарусыз траншеялы жүргізуге мүмкіндік
бар.
Облыстың табиғи – шаруашылық аймақтары мен аудандары. Топырақ- климат және
басқа да жағдайларына қарай облыс территориясын үш табиғи – шаруашылық
аймағына бөлуге болады. Бірінші аймаққа Жаңақорған, Шиелі аудандары; Екінші
аймаққа – Сырдария, Тереңөзек Жалағаш,Қармақшы аудандары,үшінші аймаққа-
Қазалы,Арал аудандары кіреді. Бірінші және екінші аймақтар суармалы
егіншіліктің күріш және мал шарушылығының жақсы дамуымен
сипатталады.Облыстағы негізгі дымқыл-күріш егісінің ең көбі екінші аймаққа
шоғырланған бұл аймақ өндірілетін ауыл шарушылығы өнімінің мөлшері жағынан
бірінші орынды алады.Үшінші аймақта мал шаруашылығы өркендеген, алайда
күріш егістігін дамыту үшін де резерветор бар. Үш аймақтың үшеуі де
топырақ жағдайы жөнінен бір-біріне ұқсас.Өзен ағысының бойымен төмен қарай
топырақтың механикалық құрамы біршама ауырлап , сортаңдау дәрежесі арта
түсетіні анықталады.

1.1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
Күріш адам өмірінде өте маңызды орын алатын көне дақылдардың біріне
жатады. Оның тарихы адамзаттың ерте заманғы даму тарихымен ұштасып жатыр.
Бұл дақыл әлемнің 110-ға жуық елінде 150 млн.га жерде өсіріледі. Сексенінші
жылдардағы күріш астығының жалпы өнімі 400 млн. тоннадан асты. Алайда
тікелей жазба деректердің болмауына байланысты күріштің дәл қай кезден
бастап мәдени дақыл ретінде егіле бастағаны белгісіз болып отыр.
Шпрехердің айтуы бойынша күріш Үнді жерінде біздің заманымызға дейінгі 2
мыңыншы жылдары белгілі болған. Ол жақтан кейін шығысқа – Қытай мен
Жапонияға және батысына – Парсы елі мен Мессопотамияға тараған.
В.Л.Комаров Бретщнейдердің деректеріне сүйене отырып, күріш жөнінде
Қытайдың көне әдебиетінде бұл дақылдың жалпы егіншілік басталғаннан бері
қолданысты болғанын айтады.
А. Декандоль Қытай қолжазбаларынан үзінді келтіре отырып, күріштің
біздің заманымыздан 2800 жыл бұрын еге бастаған дейді.
Қазіргі тарихи, археологиялық, палеоботаникалық, лингвистикалық
мәліметтерге қарағанда, күріштің жабайы түрлерін мәдени түрге айналдыру
бұдан 20 мың жыл және одан да бұрын Солтүстік Үндіқытайда жүзеге асқан.
Үндіқытайдан күріш Қытайға жеткен, одан Маньчжурия, Корея, Жапония елдеріне
тарап, егіле бастаған. Үндістанның батысында да күрішті екпе түрге
айналдыру осы тұста жүзеге аса бастаған.
Н.И.Вавилов өсімдіктердің мәдени және екпе дақыл түріне айналған
жерлердің 8 орталығын анықтаған. Оның ішінде күріш екінші Үндістан
аймағынан, бұған Бирма және Ассам қосылады.
Г.Г.Гущиннің пікірінше, күріш Гималай тауының оңтүстік-шығыс беткейі
етегіндегі жауын-шашыны мол жерлерден шыққан, ал, Р.Ю.Рожевиц күріштің
шыққан жері Үндістан, Үндіқытай немесе Қытай деп есептейді. Алайда,
П.С.Ерыгин физиологиялық қасиеті және анатомиялық құрылымы бойынша күріш –
гигрофиттік өсімдік, ал оның құрғақта өсетін кейбір түрлерінің, суда өсетін
түрлерінен шыққан эколгиялық топ екенін дәлелдеді.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, ХІХ ғасырдың екінші жартысында Сыр өңірінде
күріш егісі болған емес, ал В.И.Коваленконның дәлелдеуінше, ХІХ ғасырдың
екінші жартысы кезінен күріш егіліп- өсірілуде. Басқа мәліметтерге
қарағанда, Қызылорда облысында күріш 1928-1929 жылдары қоныс аударған
кәрістермен бірге келген. Ал И.И.Соколованың пікірінше, күріш егіншілігі
алғашында Іле өзені алқабында пайда болып, кейін Сыр өңіріне, Қызылорда
облысына тараған.

II. Күріш дақылының халық шаруашылығындағы маңызы
Күріш өте ертеден келе жатқан және кең таралған тағамдық дақыл. Біздің
елімізде ол жармалық дақыл болып саналады. Күрішті бағалы жармалық дақыл
ретінде өндірудің жылдан жылға ұлғаюының бірнеше себептері бар. Біріншіден
күріштің жармасы жоғары калориялы диетикалық азық, оның 1 килограмында
3590 калорияға тең. Жарманың абсолютті құрғақ зат құрамында 88% крахмал, 6-
8% ақуыз, 0,5% май, 0,5% қант бар. Адам ағзасына сіңімділігі (96 %) мен
қорытылымдылығы (98%) бойынша әсіресе диетикалық және балалар тағамы
ретінде азық- түліктік дақылдардың ішінде өте жоғары бағаланады.Екіншіден
күріш, жер шары халықтарының (Қытай, Үндістан, Корея, Вьетнам және басқа
елдердің халықтары) жартысынан астамының сүйіп жейтін тағамы.
Күріштің сабаны – жоғары сортты қағаз, құрылыс, жеңіл аяқ киім, еденге
төселетін шағын кілемдер, әшекей бұйымдар, балалардың ойыншықтары арқан,
қап сияқты тұрмыстық қажет материалдар өндіруде қолданылады.Күріштің 1 кг
сабанында 0,25 мал азықтық өлшем болғанымен, ол нашар қорытылады, сондықтан
оған құрама жжем қосып мал азығы ретінде пайдаланылады.
Күріш Азияның оңтүстік – шығысынан тараған, сондықтан бұл дақыл егісінің
көпшілігі -83,4 млн.гектары – Азияда орналасқан. Күріш Америкада 5,6 млн,
Африкада -9,3 млн, Еуропада -0,6 млн гектардан астам жерге өсіріледі.
Қазақстанда күріш Қызылоррда, Алматы ( Балқаш және Қаратал аудандары)
және Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсіріледі. Соңғы жылдары республикада
күріш егісінің ауданы азайып кетті, егер 1991 жылы күріш 135 мың гектарға
егілсе, 2007 жылы 75,7, ал 2009 жылы 85,3 мың гектарға себілді.
Күтіп-баптау технологиясына байланысты күріштен мол өнім алуға болатынын
өндірістік тәжірибе дәлелдеп отыр. Өндірістік жағдайда гектарынан 35,0-45,0
ц, Краснодар өлкесінде 50,0 цга, Кубань тәжірибе шаруашылығында 78,1 цга
өнім алынған. Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаев кезінде
күріштің әр гектарынан 171 центнерден өнім алған.

2.1 Күріштің биологиялық ерекшеліктері
Жарық режимі. Күріш- жарық сүйгіш дақыл, күн сәулесінің интенсивті
болғанын талап етеді. Дақылдың өсу дәуірі кезінде ауаның салыстырмалы
ылғалдылығы төмен -29-37 %, ал ең аз мөлшері -10%-ке дейін төмендейді. Жаз
айларында аспан бұлтсыз болып, ауа құрғақ әрі таза болады. Сондықтан да,
күн сәулесі энергиясы ауа арқылы өткенде атмосферада қалып қоймайды, немесе
шашырап ғарышқа кетпейді.
Өсімдіктердің күн сәулесі энергиясын қабалдап бойына сіңіру жапырақ
көлеміне байланысты. Оптимальды тығыз егіске келіп түсетін қысқа толқынды
радиацияның 60-90 процентін сіңіреді, 10-30 % ауаға кетеді, ал тек 5-10%
ғана егіс ағысынан өтіп, топыраққа сіңеді. Егістікте қабылданған күн
сәулесі радиациясының 80-90% жапырақ арқылы қабылданады, ал қалған 10-20%
сабақтар, гүлдер және өсімдіктің басқа да органдары арқылы қабылдап бойына
сіңіреді. Сонымен күн сәулесі энергиясын көп мөлшерде қабылдайтын
оптимальды жапырақ көлемі 55-75 мың м2га. Бұл деңгейге күріш дақылының
егістегі қалыңдығы бір шаршы метр жерде 250-380 өсімдік, немесе 520-650
масақты сабақ болғанда жетеді.
Егіс сирек болып, жапырақ көлемі аз болған жағдайда фотосинтетикалық
активті радиацияны қабылдау мөлшері төмендейді, өйткені күн сәулесі
радиациясы сирек өсімдіктер арасынан өтіп, суға, топыраққа сіңеді. Егістік
өте қалың болған жағдайда өсімдіктердің бір- біріне көлеңкелеу және басқа
да зиянды әсері күшейе түседі. Аталған жағдайлардың бәрінде егістің дән
өнімі төмендейді.
Температура режимі. Күріш – жылу сүйгіш дақыл. Арал өңірі жағдайында
температура қосындысы ерте және орташа мерзімде пісетін сорттар өсіруге
жеткілікті. Күріш өсімдігі өніп шыққан кезде және гүлдену кезінде
температураға сезімтал, 0,5-1°С дақыл зақымданады.
Топырақтың үстіңгі қабатында температура +13-14°С болғанда себуді
бастауға болады. Осы температура төмен болса, тұқым баяу өніп өседі,
көпшілігі шетінейді, немесе шықпай қалады, егіс сирек болады.
Тұқымның өніп шығуына ең қолайлы температура 22-26°С. Осы температура
жағдайында күріш көгі атыз скға бастырылғаннан кейін 10-12 күнде жаппай
тебендеп шығады және шығымдылығы ең жоғары деңгейде болады.
Қызылорда облысы жағдайында күріштің өсіп дамуына керекті ең төмен
(минимум), қолайлы (оптимум) және ең жоғарғы (максимум) температуралар.
1-кесте
Өсіп — даму Температура, + °С
фазалары
Ең төмен Қолайлы Ең жоғарғы
(минимум) (оптимум) (максимум)
Тұқымның өнуі 13-14 22-26 34-36
Көктеп шыққанда 15-16 24-26 34-36
Түптену 15-17 24-28 34-36
Сабақтану 16-18 19-24 34-36
Масақтану- гүлдену18-20 24-28 34-36
Дәннің сүттену 18-20 26-28 34-36
және қамырлану
кезі
Пісу кезеңі 15-17 22-26 32-34

Сабақтану кезінде болашақ масақтағы дән түзіліп анықталады әрі бұл
кезең температураға өте сезімтал. Осы кезеңде қолайлы температура 19-23
°С. Ол үшін су деңгейі 12-15 см дейін көтеру керек, сонда жоғары өнімді
әрбір шаршы метр жерде 320-380 өсімдігі бар егістікте температураның
қолайлы мөлшері 19-24 °С жетеді. Сирек және орта өнімді егісте су деңгейін
15-17 см-ге дейін уақытша көтеру керек.
Күріш масақтанып, гүлдену кезінде салқын немесе өте ыстық температура
болса, ол өзінің зиянды әсерін тигізіп, ұшық дәндер санын көбейтеді, ал ең
қолайлысы 24-28°С. Сүттеніп қамырлану кезінде дән дұрыс толысып пісуі үшін
оптимальды температура 26-28 °С.
Қазақстан – күріш өсіруші аудандардың ішіндегі ең солтүстік аймағы.
Сондықтан, Арал өңірі жағдайында дақылды өсу дәуірінің ұзақтығы күріш
өнімділігін шектеуші факторлардың бірі. Республикадағы күріш өсіруші
аймақтың топырақ- климат, күн сәулесі радиациясы мен жылу ресурстарына
бейімделіп, өсіп- жетілуіне байланысты сорттардың өнім құрау мерзімі
төмендегідей. (2-кесте)
Күріш сорттарын пісу мерзіміне байланысты топтастыру
2-кесте
Сорттар тобы Күріштің өніп Өсу дәуірі, Дақылдың өсіп
шыққан масақтану күн есебімен жетілуіне керекті
кезіне дейінгі жылу қосындысы,
күндер саны °С
Өте ерте пісетіндер60 100 2500
Ерте пісетіндер 61-70 101-110 2500-2750
Орташа мерзімде 71-80 111-120 2750-2900
пісетіндер
Кеш пісетіндер 81-85 121-125 2900-3000
Өте кеш пісетіндер 86-90 126-130 3000-3100

Суару режиміне талабы. Күріш суға бастырылған атыздарда өсетін
гигрофиттік өсімдік. Атыздағы су өсімдіктің физиологиялық талабын
орындаумен қатар егістіктегі микроклиматты өзгертіп реттейді: төменгі
қабаттағы ауа ылғалдылығы жоғары болады, ал бұл күріш өсімдігінің
транспирациясын азайтады. Сонымен бірге, тамыр жүйесінің жақсы өсіп дамуына
әсер етіп, минералды элементтермен қоректенуін жақсартады. Топырақтың
үстіңгі (0-15 см) қабатында жинақталған тұздар суға еріп, фильтрацияланған
сумен бірге төменгі қабаттарға, сосын дренаж арықтарына өтіп, күріш
ауыспалы егісі танаптарынан сырт жаққа ағызып әкетіледі, яғни топырақ
шайылып, тұздар мөлшері азаяды және де арамшөптермен күресуге қолайлы
жағдай туындайды.
Күріш егісінің суару режимі себу әдісіне, тұқымның сіңіру
тереңдігіне, топырақтың тұздануы және фильтрациялық қасиеттеріне,
егістіктің арамшөптермен ластануына байланысты белгіленеді. Қазақстанның
оңтүстік жағдайында топырағы тұзданған атыздарды суға тұрақты бастыру, ал
топырағы тұзданбаған атыздарда- қысқартылған суару режимі әдісі
қолданылады.
Күріш дақылынан мол өнім алу үшін егістіктегі әрбір атыздарда
оптимальды қалың ( бір шаршы метр жерде 320-380) күріш көгін өсіру керек.
Сырдария өзені суының құрамында минералды тұздардың көбеюіне және
инженерлік жүйелерде топырақтың тұздануының күшеюіне байланысты күріш көгі
тек су бастырылған атыздарда алынып жүр. Осыған сәйкес, тұқымның өніп,
күріш көгінің тамырланып нығаюына жағдай жасай отырып, егістікте күрмек пен
шиін арамшөптер көгінің өсуіне жол бермеу керек.
Топыраққа және қоректену элементтеріне талабы. Арал өңірінің күріш
өсіруші алқаптарының топырағы негізінен шөл далалық (сұр топырақты тақыр
және тақыр тәріздес) және гидроморфтық ( аллювиальды- шалғынды, шалғынды
–батпақты, батпақты) түрлеріне жатады. Олардың ішіндегі құнарлысы –
аллювиальды- шалғынды, шалғынды –батпақты топырақтар. Тұздану типі-
хлоридті- сульфатты, бір мерт топырақ қабатындағы тұздар мөлшері құрғақ
қалдық бойынша 0,882-1,816% және одан да жоғары. Жер асты суы тереңдігі 2-5
м. Топырақтың суды төмен өткізгіштік қасиеті өте төмен. Атыз топырағына
сумен көп мөлшерде ерітінді тұздар келеді.
Әрбір күріш өсіруші аймақтарда аталған топырақ түрлерінің бәріде
кездеседі және олардың табиғи құнарлылығы төмен, құрылымы нашар, қара
шірігі (гумус) аз, карбонатты, құрамында калий көп, ал азот аз, фосфор
орташа немесе одан төмен мөлшерде бар. Сондықтан азот және фосфор
тыңайтқыштарын N 120-180 және P90-120 кгга әсерлі зат (ә.з) есебімен
бірге беру күріш өнімін 2,3-2,5 есе, ал аталған тыңайтқыштар жеке-жеке
берілгенде -0,2-1,5 есе, тек калий тыңайтқышы енгізілгенде -15-20%
арттырады.
Жоғары өнім құрау үшін күріш топырақтан көп мөлшерде қоректік заттар
(макро және микроэлементтер) алып бойына сіңіреді.
Азот- белоктар, нуклейн қышқылы, ферменттер, дәрумендер және басқада
органикалық заттар құрамының негізгі компоненті. Сондықтан азоттың
жеткілікті мөлшерде болуы фотосинтез процесін күшейтіп, дақылдың жылдам
өсуіне және жоғары биомасса құрауына жағдай жасайды.
Күріш егісін азот тыңайтқышымен оптимальды мөлшерде қамтамасыз еткенде
дақылдың сабақтарымен жапырақтары жақсы өседі, өсімдіктің түптенуі артып,
масақты сабақтар саны көбейеді. Сондықтан, азот тыңайтқышы, суару және
температуралық режимдермен қатар масақты сабақтар қалыңдығын және жоғары
өнім құралуын реттейтін күшті факторлардың бірі. Осыған сәйкес өнім
компоненттеріне әсер ету үшін азот тыңайтқышын себу алдында және үстеп
қоректендіру ретінде беру керек.
Фосфор -өсімдікте заттар алмасу процесінде орталық роль атқарушы нуклейн
қышқылдары (ДНК және РНК), нуклеотидтер, фосфолипидтер, витаминдер және
басқа да органикалық заттар құрамына кіреді. Фосфордың топырақта аз болуы
күріш дақылының жас кезінде сабақ және жапырақтардың, әсіресе тамыр
жүйесінің өсуін тежейді. Бұл тыңайтқыштың оптимальды мөлшерде болуы
дақылдың түптенуін арттырып, масақтағы дән санын көбейтеді.
Калий –протоплазма құрамының ылғалдылығын арттырып, қоюлану процесін
тежейді. Калийдің көп бөлігі (70%) клеткада бос ион түрінде кездеседі, ал
қалған бөлігі (30%) адсорбталған жағдайда болады. Калий өсімдіктегі
көмірсулар қозғалысына және көмірсу – белок алмасу процесіне қолайлы әсер
етеді.
Күріш дақылына азот, фосфор, калийден басқа макро және микроэлементтерде
қажет: олар кальций, кремний, темір, күкірт, мыс, молибден, марганец т.б.
Бұлардың барлығы организмдегі фернменттер құрамына кіріп, өсімдіктегі
биохимиялық процесстерді реттейді. Микротыңайтқыштарды топыраққа енгізу
немесе себу алдында тұқымды аталған микроэлементтер тұздары ерітіндісімен
өңдеу тұқымның шығымдылығын арттырып, күріш көгінің қолайсыз жағдайларға
төзімділігін арттырады, нәтижесінде өнім артады және сапасы жақсарады.

2.2 Күріш дақылының аудандастырылған және келешегі бар сорттары
Жаңа сорт – сапалы өнім кепілі Облысымыздың өсіретін негізгі дақылы
күріштен тұрақты мол және сапалы өнім алу үшін тез арада өндіріске өнімді,
сапалы және аурулар мен зиянкестерге төзімді жаңа сорттар мен ресурс және
су үнемдегіш технологияларды енгізу қажет. Өйткені соңғы оншақты жылдың
көлемінде күріштің өнімділігі жоғарыламай отыр. Оның үстіне күріш
егістіктерінде саңырауқұлақ аурулары пайда болып, оның өнімділігі мен
сапасына көп зиян келтіруде. Мұның басты себептеріне дер кезінде сорт
алмастыру жұмыстарының жүргізілмеуі және тұқым шаруашылығы ережелерінің
дұрыс сақталмауы жатады.
Соңғы 2-3 жылдың көлемінде жергілікті сорттардың өнім беру қасиеттері
төмендеп, түрлі саңырауқұлақ ауруларына шалдыға бастауына байланысты тез
арада сорт алмастыру мәселесі туындап отыр. Кейінгі жылдары күріш өндіретін
шаруашылықтарда агротехникалық шаралардың, ауыспалы егіс жүйесінің толық
сақталмауы, игерілмей, айналымнан шығып қалған жерлердің көбейіп, тұқымдық
күріш сапасының төмендеуі секілді факторлар егістік жердің арам шөптермен,
қызыл дәнді күрішпен ластануына және ол жерлердің түрлі аурулар ошағына
айналуына әкеліп соқты. Оның үстіне, облыстық вегетация кезіндегі ауа райы
өзгеріске ұшырап, жазда бұрын сирек болатын жауын-шашын немесе өте ыстық не
салқын күндер жиі қайталанатын болды. Осы жағдайлар ескеріліп, қазақстандық
селекционерлер облыстың қолайсыз ауа райы мен тұзданған топырағы жағдайына
бейімделген күріштің өте ерте және орташа мерзімде пісетін сорттарын
шығарып, мемлекеттік сорт сынауға берді. Олардың ішінде 2005-2007 жылдары
Арал 2007, Ару сорттары облыста пайдалануға рұқсат етілген сорттар
тізіміне енгізіліп. Алайда, жаңадан аудандастырылған сорттардың тұқымы
түрлі себептермен осы кезге дейін жеткілікті түрде өндірілмеуі салдарынан
облысқа Ресей селекциясының жаңа сорттары әкеліп егілуде. Мысалы,
үстіміздегі жылы Қызылорда облысындағы күріш егісінің жалпы көлемі 73,119
гектер болса, оның 81,2 пайызын бұрыннан егіліп келе жатқан Маржан
(Қазақстан) және Кубань (Ресей) сорттары алады. Қалған көлемнің 12,876
гектарын жаңадан әкелінген Ресей селекциясының 9 сорты, 808 гектарын
Қазақстан селекциясының 4 сорты алып отыр. Бұл сорттардың бірнешеуі
облыстық МСС- учаскелерінде сынақтан өтуде. Ал қалғаны жаңадан әкелініп
егіле бастады. Сондықтан олар туралы нақты пікір айтуға әлі ерте және ол
сорттарды пайдалануды заңдастыру мәселесі толық шешімін тапқан жоқ. Осыған
байланысты Ресей сорттарының жергілікті топырақ-климат жағдайындағы нақты
өнімділігі, өнім сапасы, ауруларға төзімділігі жөнінде ғылыми негізделген
мәліметтер алып, олардың ішінен неғұрлым тиімділерін таңдап алу үшін бұл
сорттарды облысымызда аудандастырылған және жаңадан шыққан сорттармен
салыстырып, агроэкологиялық сынақтан өткізілуде.
Күріш өсірудің технологиясына келетін болсақ, бұрын қолданылып келген
технологиялар бойынша жер өңдеу, тұқым, тыңайтқыш, пестицидтер себу, жинау
кезінде жүргізілетін операциялардың көптігіне байланысты жанар-жағар майға
техникалардың амортизациясына кететін шығын шаш етектен. Оның үстіне ауыр
техникалар бірнеше рет жүргенде топырақ қабаты 3 м дейін таптасып оның
құрылымы бұзылады. Ауыспалы егіс және тыңайтқыштарының ара қатынасы дұрыс
сақталмай бірыңғай азот тыңайтқышына бетбұрыс жасалғанына байланысты
топырақтағы қара шірік мөлшері 1,2-1,3 пайыздан 0,8-1,1 пайызға дейін
азайып, оның фитосанитар-лық қабілеті нашарлаған.
Ал зерттеулер мен көрсетулер дұрыс жүргізілу үшін осы технологияларға
арнайы тегістеліп дайындалған атыздарды арнайы сепкіштер қолданылып топырақ
өңдеу, жол жасау және себу жұмыстары бір мезгілде қатар жүргізілуі тиіс.
Бұл үшін үстіміздегі жылы Абзал и К ЖШС-нен 10 гектар жер бөлініп көрсету
алаңдары дайындалды. Сонымен қоса Тараз қаласындағы су шаруашылығы ғылыми
зерттеу институтының ғалым-конструкторларымен бірлесе отырып арнайы күрішке
арналған жалға егетін сепкіш жасалынып, көрсету алаңында сынақтан өтуде.
Тәжірибе алаңында 6 қазақстандық және 6 ресейлік, барлығы 12 күріш
сорттары салыстырмалы түрде экологиялық сынақтан өтуде. Алдын ала алынған
мәліметтер бойынша қазақстандық сорттардың ішінде Ару сорты, ал ресейлік
сорттардан Новатор сорты басқа сорттарға қарағанда 10-18 күн ерте бас
шығарды. Институт ғалымдары көрсету алаңында зерттеген топырақ құнарлығын
арттырып, күріштің өнімділігі мен сапасын жоғарылатуға әсер ететін натрий
гуматы және мерс секілді өсуді ынталандырғыш заттар топыраққа беріліп
өндірістік сынақтан өтуде. Институт ғалымдары күріш ауыспалы егісінде
егілетін басқа дақылдардың да, жоңышқаның, арпаның, бақша дақылдарының да
өсіру технологиясымен және селекциясымен де айналысады.
Күріш өндірісіндегі тағы бір маңызды мәселе – тұқым шаруашылығы.
Облыста тұқым шаруашылығы дұрыс жолға қойылмаған жағдайда кез келген тәуір
сортты жоғалтып алу қиын емес. Қазір Ресейден түрлі сортты өз беттерінше
әкеліп олардың сапасына қарамай, әрі әр шаруашылық бірнеше сорттан еге
бастады.
Облыс көлемінде аграрлық саясатты дамыту мақсатында бұл институт
мамандары мен ғалымдары секциялық жұмыстарды жандандырып, түрлі ауруларға
төзімді, жергілікті қолайсыз жағдайларға бейімделген, жарма сапасы жөнінен
халықаралық стандарттарға сай келетін жаңа сорттар шығаруға баса назар
аударылып отыр. Сонымен қатар жаңа сорттар көбейіп, тез арада өндіріске
енгізу үшін олардың бастапқы тұқым шаруашылығымен нақты айналысуда. Осы
қарқынмен тұрақты жұмыс жүргізілген жағдайда 2009 жылдың өзінде облыстағы
барлық күріш егісі көлемін тек жершілікті келешегі бар аудандастырылған
сорттар тұқымымен қамтамасыз етуге мүмкіндік бар.

ІІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3.1 Ауыспалы егіс типтері мен түрлері
Барлық ауыспалы егістер өзінің дақылдар құрамы мен өндіретін негізгі
өнімі бойынша (дәнді, техникалық, малазықты дақылдар және көкөністер)
мынандай типтерге бөлінеді: егістік (танаптық), малазықтық және арнаулы.
Түрлі ауысымды егістерді жеке шаруашылықтарда тиімді үйлестіріп пайдалану –
ауыспалы егістер жүйелері болып саналады.
Ауыспалы егіс көлемінің жартысынан көбіне дәнді, картоп және
техникалық дақылдар егілсе, онда ол егістік (танаптық) ауыспалы егіс деп
аталады.Ауыспалы егістің жартысынан көп жері мал азықтық дақылдарға
арналған болса, онда ауыспалы егіс малазықтық болып саналды. Дәнді
дақылдардың бұл ауыспалы егістегі үлесі аз. Малазықтық ауыспалы егістің өзі
ферма жанындағы (маңайы) және шабындықты-жайылымды болып бөлінеді.
Ауыспалы егісте ерекше жағдайлар мен агротехникаларды қажет ететін
дақылдар егілетін болса, ондай ауыспалы егіс арнайы болып есептеледі. Ол
дақылдарға өте құнарлы топырақ, су, қоректік режимдері мен аумаққа оларды
өте ыңғайлы қылып орналастыру, сондай-ақ тағы басқа да ерекше жағдайлар
жасау керек. Мұндай дақылдарға күріш, мақта, темекі, кенепшөп, көкөністер
мен тағы басқа дақылдар жатады. Мысалы, күріш дақылын өсіруде суды ұстап
тұратын арнайы атыздар, су қашыртқылары және басқа да ерекше жағдайлар
жасалынады.
1968 жылы проф. С.А.Воробьев ауыспалы егістің классификациясын ұсынды.
Оның классификациясы бойынша ауыспалы егістер негізінен өндірілетін өнім
түріне қарай үш түрлі өндірістік мақсаттағы типтерге бөлінген. Типтер өз
кезегінде, ауыл шаруашылығы дақылдары мен сүрі жерлерінің ара қатынастары
бойынша түрлерге бөлінген Ауыспалы егістердің әр түріне белгілі егістік
жер құрылымы сәйкес келеді. Егістік жер құрылымы деп ауыспалы егістегі
өсірілетін дақылдардың, егер бар болса сүрі жердің де, қатынасын (%)
айтады. Егістік жер құрылымына, түріне және сүрі жердің болуына байланысты
ауыспалы егістің түрін анықтауға болады.
Танапты ауыспалы егістер классификациясындағы түрлер үлгілері
келесідей болады:
3.2Ауыспалы егістер классификациясы
3-кесте
Ауыспалы егістер типтері Ауыспалы егістер түрлері
I Танапты -дәнді (астықты)-сүрі жерлі
-астықты-отамалы-сүрі жерлі
-астықты-отамалы
-астықты-екпе шөпті
-астықты-отамалы-екпе шөпті отамалы
-екпе шөпті-отамалы
-сидералдық
II Малазықтық
а) ферма маңылық -отамалы
-екпе шөпті-отамалы
-астықты-отамалы-екпе шөпті
б)шабындықты-жайылымды -шөп танапты (көп танапты-шөпті)

III Арнаулы -отамалы, оның ішінде – көкөніс
-екпе шөпті-отамалы, оның ішінде – мақта
-астықты-екпе шөпті, оның ішінде – күріш
-топырақты қорғайтын

Ауыспалы егістер құндылығын жеке дақылдарды салыстырып және бағалап
қана қоймай, түрлі егіс алқабының құрылымына да баға берумен көрсетеді.
Мұны экономикалық тұрғыда егілген дақылдардың жақсы үйлескендігін анықтау
үшін жасайды. Сонымен қатар, құрастырылып енгізілетін ауыспалы егіс ауыл
шаруашылығы машиналары, трактор, көлік, жұмыс күштері мен егістік жерлерді
өте өнімді пайдалануды қамтамасыз етуі қажет. Жаңа ауыспалы егісте танаптар
пішіні ыңғайлы үйлескен және ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларын
өте өнімді пайдалану үшін жеткілікті үлкен көлемде болғаны жөн.
Мал азығы ретінде пайдаланатын жоғары өнімді дақылдарды
(тамыржемістілер, сүрлемдік және шөптік), көлік шығыны және мал азығы мен
мал өнімінің өзіндік құнын азайту үшін, мүмкіндігінше фермаға жақын
жерлерге егу керек.
Егіс алқабы түрлі құрылымды ауыспалы егістерді салыстыра келе көп өнім
беретін, минералдық және органикалық тыңайтқыштарды, тракторлар мен ауыл
шаруашылығы машиналарын тиімді пайдалана алатын ауыспалы егіс таңдалады.
Әр дақыл өнімінің тағамдық және малазықтық құндылығын, сол арқылы
толық ауыспалы егістегі сапасын анықтамалық кестені пайдаланып қорытылатын
протеин мөлшеріне байланысты есептейді.Ауыспалы егісті топырақты эрозиядан
қорғау қасиеті бойынша бағалаудың да маңыздылығы аз емес.Топырақ қорғайтын
ауыспалы егістердің басты міндеті – топырақты су мен желден бұзылуынан
сақтау және оны тиімді пайдалану. Барлық ауыспалы егістердің ішінде шөп
танапты және астықты-екпе шөпті ауыспалы егістер топырақты эрозиядан жақсы
қорғайды.
Жел эрозиясы болатын аймақтардың жел эрозиясынан көп зардап шегетін
механикалық құрамы жеңіл топырақты жерлеріне, көпжылдық шөптер егісі бар
ауыспалы егістер енгізіледі. Ауыспалы егістердің барлық танаптарын ені 50 м
жолақтарға бөледі. Жолақтарды, эрозия қаупі бар желдің жиі соғатын бағытына
көлденең орналастырады. Көпжылдық шөп жолақтары аралығын біржылдық дақылдар
егуге және сүрі жерге қалдырып, қабылданған ауыспалы егіс схемасы бойынша
ауыстырып тұрады.
Әдетте, көпжылдық шөптерді бес жылдан кейін жыртып орнына біржылдық
дақылдар егеді, ал біржылдықтардың орнына көпжылдық шөптер егіледі. Бұл
дақылы орнына 10 жылда ауысып келетін бес танапты ауыспалы егісте, шөптер
әр танаптың 50% құрайды.Шаруашылыққа ауыспалы егістерді пайдаланудың
алдында көптеген және күрделі де жұмыстар тұр. Олар екі негізгі сатыдан
тұрады: ауыспалы егістерді енгізу және оларды игеру.
Ауыспалы егістерді енгізу жер үйлестірудің шаруашылық-ішілік жобасын
жасаудан басталады. Жобаны шаруашылықтың мамандары мен жер үйлестіруді
жобалайтын институт қызметкерлері құрастырады. Олар шаруашылықтың топырақ
пен ауа-райы жағдайларын зерттеп талдайды, шаруашылықтың барлық жерлерін
сипаттайды және бағасын береді, табиғи шабындық пен жайылымдарды жақсарту
шараларын белгілейді, ал қажет жағдайда шаруашылық топырағын құнарландыру
жұмыстарын жоспарлайды. Сонан соң, шаруашылықтың ауыл шаруашылығы өнімдерін
мемлекетке сату жоспарын орындау үшін қандай дақылды қай жерге, қандай
көлемде егу және өзіне қанша мал азығы мен тұқымдық астық қажет екенін
анықтайды. Әрі қарай ауыспалы егістер саны, дақылдар түрі және оның
бөлімшелер мен бригадаларда орналасуы, әр ауыспалы егістердегі дақылдардың
ауысу схемасы және оларға сәйкес агротехникалық шаралар жүйесі құрастырылып
жасалынады.
Осы жұмыстармен шаруашылық-ішілік жер үйлестіру жобасын құрастыру
(жасау) мен ауыспалы егістерді енгізу (кіргізу) аяқталады.
Бұл жұмыстар енгізілген ауыспалы егістерге көшу — деп аталатын
арнаулы жоспар негізінде жүргізіледі. Онда дақылдардың уақытша ауысуы мен
ауыспалы егісті игеру кезеңдерінде жасалынатын кешенді агротехникалық
шаралар көрсетіледі.
Дұрыс ауыспалы егіске өту кезеңінде мынандай талаптарды орындау керек:

1) барлық ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоспарланған өнімді алу;
2) жерді ғылыми негізде тиімді пайдалану;
3) дақылдарды жақсы алғы дақылдардан кейін орналастыру немесе нашар
алғы дақылдардан кейінгілерге қолайлы жағдайлар жасау;
4) мал шаруашылығы үшін жоспарланған мөлшердегі және жоғары сапалы
өнімді алу;
5) пайдаланылатын техникалар бірқалыпты жұмыс атқаруы мен еңбекті
ұйымдастыру үшін жағдайлар жасау.
Агротехникалық паспорт. Ауыспалы егіс танаптарының тарихы кітабынан
басқа, ауыспалы егістердің әр танабының агротехникалық паспорты болуы
керек. Ол екі бөлімнен тұрады: танап сипаттамасы мен агротехникалық
шаралар. Ауыспалы егіс танаптарының тарихы кітабынан айырмашылығы,
паспортта агротехникалық шаралардың қорытындысы емес, келесі жылда белгілі
бір өнім алу үшін жоспарлаған агротехника тәсілдері жазылады. Агропаспортта
әр танаптың құнарлығын, дақылдың биологиялық ерекшеліктерін, шаруашылықтың
тыңайтқыштар, гербицидтер мен ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыздығын
және механизатор мамандары біліктілігінің деңгейін ескере отырып, жоғары
өнім алудың тәсілдері қарастырылады.

3.3 Күріш ауыспалы егіс жүйесі
Қазақстандық Арал өңірінде күріш егіншілігі 1965-1966 жылдардан бастап
қарқынды дамыды, ал 1980-1990 жылдары бұл бағалы дақыл жыл сайын 90-100,3
мың гектар көлемінде өсірілді, дән өнімі Қызылорда облысы бойынша орташа 49-
52 цга деңгейіне дейін жетті.
1975-1995 жылдары күріш егісінен мұндай жоғары өнім алынған жағдайда
бұл дақыл негізгі қоректік элементтерді көп мөлшерде топырақтан алып
сіңіреді. … жалғасы