Курстық жұмыс: Құқық | Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесі негіздері

0

Мазмұны

Жоспар

Кіріспе
1. Адам құқықтары мен бостандықтарының дамуының тарихы аспектілері
1.1 Адам құқықтары мен бостандықтарының дамуының теориялық және тарихи ерекшеліктері 1917ж. дейінгі кезеңдегі қазақ мемлекеттілігіндегі адам құқықтары мен бостандықтарының жағдайы
1.2 ҚР-ның тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыттағы жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы

2. Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесі негіздері
2.1 Адам және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен міндеттерінің жүйесі
2.2 Құқықтар, бостандықтар және міндеттер қағидаларының мазмұны
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілері
1. Адам құқықтары мен бостандықтарының дамуының тарихи аспектілері

1.1 Адам құқықтары мен бостандықтарының дамуының теориялық және тарихи ерекшеліктері

Адам құқықтары мен бостандықтарының мәселесі барлық мемлекеттердің саяси-қоғамдық, мемлекеттік-құқықтық тәжірибесі мен теорияда да ең басты орындарының бірінде тұратыны анық, себебі әңгіме ең басты әлеуметтік кұндылық туралы болып отыр.
Адамға құқық тумысынан тиесілі. Олар табиғи сипатқа ие және тұлғаның нәсіліне, ұлтына, әлеуметтік жағдайына, нанымына қарамастан бөлек қарастырыла алмайды. Адам құқықтарының жыйынтығы адам қүқықтарының жалпы мәртебесін құрайды. Ал ол өз кезегінде үш жеке мәртебеден қүралған:
— мемлекетде, жеке түлға да араласуға қүқықығы жоқ бостандық саласы;
— мемлекетке тиесілі яғни, өз қүқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін мемлекетке жүгіну;
— мемлекетті құруға және басқаруға, қоғамдық өмірге белсене араласа алуға құқығы [11.29б.].
Жалпы сөзбен айтқанда адам құқықтары жекелік ерекшеліктеріне қарамастан барлық жерде, барлық уақытта және барлығы үшін тиесілі. Олар тұлғадан бөлінбейді, яғни тұлғаны құқықтарынан айыру мүмкін емес. Сонымен қатар тұлға өз құқықтары арқылы өзінің әр түрлі қажеттіліктері мен мүдделерін қорғау мен өтеуі үшін заңды құрал ретінде де қолдана ала алатыны мәлім.
Адам құқықтарының түсінігі мен құрамы категорияларын қарастырғанда ғылыми теория тұлғаның өмір сүрген немесе өмір сүріп жатқан қоғамның саяси және экономикалық жағдайына көңіл бөлінетін нақты-тарихи анализ негізінде жүргізілуі тиіс деп түжырымдайды. Н.Н. Моисеев бұл жайлы келесідей көз-қараста : «Өркениет дамуы контекстінен тыс адам құқықтары мәселесін қарастыру өте күрделі. Себебі адам қүқықтары мен құндылықтары түсінігі адам санасында өзінің өмір сүріп жатқан өркениетпен және ертеректе қалыптасқан өмір сүру мен жүріс-тұрыс ерекшеліктерінің қалыптасуында» дейді[12] .
Көптеген ғалымдарға саяси-құқықтық ілімдер талдауының әдістемелік негізі — ең алғаш өркениеттің шығыс және батыс деп екіге бөлінуі болып табылады. Шығыс — этатизімнің жоғарылығымен, меншіктің мемлекет иелігіне көшумен, ұжымның жеке тұлғалардан үстемдігі, жеке тұлға ұғымының болмауы яғни, адам құқығы мен бостандығы категорияларының болмауымен сипатталады. Ал, батысқа тән құбылыстар — индивидуализм,ежелгі мемлекеттердің экономикалық базисі болып келген – құл иеленушілік болды[13] Адам құқықтары концепциясының философиялық бастамаларын біз Батыс және Шығыс өркениеттерінен қатар көре аламыз, бірақ, алғаш оның дамуы соңғысынан басталғанын айта кеткен жөн[14]. Аталған құрылымның орын алуының өзі басынан тең құқылықты жоққа шығарған. Адам бұнда толық субъект болып тек азамат ретінде танылған кезде ғана саналған деп жазған М.Ю.Козлихин[15]. Тек азамат барлық құқықтар мен бостандықтарды, солардың ішінде ең басты болып саналатын саяси құқықтарды иелене алды. Осыдан кейін орын ауыстырған саяси және экономикалық формацияларда феодалдық формация шегінде адам құқықтарын мейлінше күшейтіп, мемлекеттік істерді басқару ісіне біртіндеп барлық қоғам мүшелері үшін тең деп танылып, олардың қатыса алуына жол ашады. Бұнда қалың құқықсыз бұқара орын алып отырған билік иелерін жоюмен қорқыту арқылы өз дегендеріне қол жеткізіп отырды. Орта ғасырға тән биліктің абсолютизімінің орнына мемлекет пен тұлға арасындағы конституциялық шарт келеді. Бұнда басшылыққа алынған идея болып бостандық және тұлғаның жекелілігі болып танылады (Г. Гроций, Д. Локк). Аталған теорияны кеңінен қарастырған француз ойшылдары Ш. Монтескье және Ж.Ж. Руссо. Біріншісі саяси бостандықты жеке қауіпсіздікпен, индивидтін билік етушілердің қысымынан бостандығымен теңестіреді, осының ішінде осы кезде орын алып отырған мемлекеттің нысанына сүйемелденіп қазіргі кездегі ең басты саяси-құқықтық қағидалардың бірі болып табылатын билік тармақтарының бөліну қағидасының пайда болуын алып келеді[16]. Руссоның еңбектерінде назар биліктің әлеуметтік табиғаты мәселелеріне және оның халыққа тиесілілігіне бөлінеді [16].
Аталған идеялардың қоғамдық санаға әсері ретінде адамның теңдігі мен бостандығы туралы лозунгтары бар және олар кейіннен 1789 жылғы адам мен азаматтардың құқықтары туралы Декларацияда көрініс тапқан Ұлы француз революциясы болып табылады. Онда келесідей жазылған: «Адам тумысынан еркін және тең құқылы болып келеді. Кез келген мемлекеттік бірлестіктің мақсаты адамның табиғи және бөлінбейтін құқықтары болып табылатын бостандық, меншік, қауіпсіздік және қудалауды болдырмау болып табылады». Сонымен қатар Декларацияда сөз және баспа бостандығы, сенім-наным бостандығы және кінәсіздік призумциясы жарияланды.
Ал АҚШ-да адамның табиғи және бөлінбейтін құқықтарының қалыптасуы еркіндік үшін күреспен бірге ұштасады. Америкалық демократияның негізін қалаушы Т.Пейн мен Т.Джефферсонның көзқарастары 1776ж. Вирджиния штатының құқық Декларациясынан өз көрінісін табады. Олар «барлық адамдар тумысынан тең және олар өмірге, еркіндікке, бақытты өмір сүруге құқылы» деген ақиқатты ұстанады. «Егер мемлекет құрылымы адамның табиғи құқытарына сай келмесе, оны бұзса, келісіммен жүргізілмесе онда халық билікті олардың құқықтарын қорғау үшін жүмыс жүргізетін, оларға қамқор болатын билік түрін тиімді етіп өзгерте алады» дейді Т.Джефферсон[17]. Бірақ В.Остинскидің айтуы бойынша адам құқықтарының концепциясы ағарту кезеңінде шектеулі болды дейді. Барлық адамдарды крепостнойлардан босатқанымен саяси құқықтарды тек аздаған меншік иелеріне ғана берді. Ал әйелдер, жастар, мүліксіздер және ақ нәсілді еместер тыс қалып қалды. Сонымен қатар аталған концепция жергілікті және қара нәсілді американдықтардың жоюын және басынуын тоқтата алмады [18].
Жалпы алғанда қазірге дейін өз мемлекеттерінде орындалып жүрген осы ұлы құжаттар қазіргі кездегі өркениеттің негізін салғаны және онда демократиялық және құқықтық мемлекеттің мәні мен мақсаты айқындалғаны хақ[19]. Қазіргі кезде әлемдегі экономикалық және саяси-құқықтық жағынан дамыған мемлекеттер осы табиғи-құқықтық концепцияны ұстанады. Біздің мемлекетіміз де аталған концепцияны ұстанады. Осылай Қазақстан Республикасының 1995ж 30 тамызда қабылданған Конституциясының 1 бабының 1 тармағында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орныктырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құықтары мен бостандықтары» деп бекіткен. Ал 12 баптың 2 тармағында адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылып, олардан ешкім айыра алмайды және заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталатыны көрсетілген[20].
Сонымен қатар дүние жүзілік тарих тек табиғи-құқықтық доктринаны ғана қарастырып қана қоймаған. Ғылыми әдебиеттерде табиғи құқықпен қатар позитивті құқықты да қарастырған мағлұматтар жиі кездестіріледі. Бұндай құбылыс көбіне Кеңес дәуіріндегі құқыққа тән болды. Егер табиғи-құқықтық теория адамның құқықтарын бөлінбес, санадан немесе құдай берген деп ойлауға, не адамға тумысынан тиесілі деп жорамалдаса позитивті бағытты ұстанушылар пайда болған және пайда болуы мүмкін құқықтар тек мемлекетпен беріледі деп санайды. Бірінші жағдайда заң оған дейін орын алған құқықтар мен бостандықтарды бекітуші деп қарастырылса, екіншісінде — оларды қалыптастырады. Бірақ кеңес дәуіріндегі ғалымдар мемлекеттің берген құқығынан басқа құқық бар екенін, яғни табиғи құқықты мүлдем жоққа шығарды деп ойлау қате. Адам құқықтарының мемлекеттік емес қасиеттерін И.Е. Фарбер, Е.А. Кучинский, А.П. Таранов өз еңбектерінде бөліп көрсеткен. Сонымен қатар жоғарыда аталған ғалымдар адам құқықтарын заңда көрініс таппаған жағдайда еш күші және маңызы жоқ деп таниды[21].
Кез келген құқық түсінігі егер ол синтез, қосынды, аталған бағыттардың қосындысы болып келмеген жағдайда дұрыс деп санайды. Сонымен қатар аталғандардың әр бірі екіншісіне тежеу ретінде, яғни әділеттілік шегінен шықпай заңсыздыққа жол бермейтін күш деп қарастырады. Аталған мәселе бойынша қазіргі заман ғалымдармен екі бағытты да ұстанатындығын және мемлекеттің конституциялық тәжрибесінде көрініп отырғандай адам құқықтары мен бостандықтарының пайда болуын табиғи құбылыс деп қарастырған күннің өзінде олардың позитивті рәсімделуін жоққа шығармайды. Табиғи құқық адамның мемлекет пен қоғамға өз құқытарының бұзылғандығын байқаған жағдайда оларды қалпына келтіруге моральдік негіз береді деп айтуға мүмкіндік береді. Бірақ оларды өмірге жүзеге асыра алмайды, ал позитивті құқық керісінше, өзінің мазмұны жағынан тар бола тұрса да, құқықты қамтамасыз ету амалдары кең болып келеді[22].
Осылайша қазіргі замандағы демократиялық құқықтық мемлекеттерде сонымен қатар Қазақстан да бір-бірімен конкуренциядағы теориялар: табиғи және позитивтік теорияларды жақындастыру мен біріктіру әрекеттерін аңғаруға болады. Ал ол өз ретінде адам құқығы статусын бекітудің оптимальділігін қамтамасыз етеді. Мемлекет табиғи құқықтың қей моральдік негіздеріне сүйене отырып адам құқықтарының абсолюттілігі мен бөлінбейтіндігін мойындай отырып олардың заңды түрде нақты орындалуын қадағалайды. БҰҰ-ң ұстанатын идеялары мен екі негізгі қызметін атауға болады. Олар адам құқықтары жөнінде халықаралық құқытық актілерді әзірлеу және мемлекеттердің адам құқықтарын дұрыс орындалып жатқанын қадағалау. Қазақстан Республикасы осы саладағы халықаралық интеграция процесстерінен тыс қалған жоқ. Қазіргі уақытта біздің республикамыз адам құқықтарына қатысты әр түрлі аспектілерді реттейтін ондаған халықаралық шарттарға қол қойып жұмыс істеп отыр.
Қазақстан Республикасының халықаралық қауымдастық алдындағы міндеттемелері мемлекеттің ішіндегі адам құқықтарын қамтамасыз ету механизіміне өзінің оң септігін тигізді. Осындай институттардың қатарына Қазақстан Республикасында өз орнын тауып отырған омбудсмен институтын атауға болады.
Бүгінгі таңдағы алға қойып отырған басты мәселелер қатарына мемлекеттік басқару және сайлау салаларын модернизациялау,бұқаралық ақпарат құралдарының мәртебесін нығайту, құқық қорғау және сот органдарының қызметін жетілдіру, сатылап сот присяжныйларын енгізу болып табылады .
Адам құқықтарының қалыптасуы және дамуына әлемдік өркениет тарихы тұрғысынан көз жүгіртсек аталған процесс аяқталуға жақын деп санау қате болады. Адамзаттың прогресс жолымен жүруі әр атқан жаңа күні адам құқықтарының жаңа аспектілерін ашып оларды қоғамдық-саяси, мемлекеттік-құқықтық тәжірибеге енгізіп, оны сезінуге талап етеді. Қазақстан Республикасы да аталған процестің басты қатысушыларының
бірі болып табылады.
Әр мемлекеттің тәжірибесі көрсетіп отырғандай Конституция адам құқықтары мен бостандықтарының пайда болуы мен дамуы, қоғамның дамуындағы формациялық ерекшеліктеріне сай орын алатын обьективті көрінісі болып табылады. Аталған тұрғыда Қазақстан Республикасы да тыс емес. Қазіргі кезде орын алып отырған адам құқықтары туралы концепциясын түсіну үшін оның даму барысында басынан өткерген тарихи сатыларын түсіну керек. Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық дамуын талдау барысында елдің конституциялық қалыптасуының тарихынсыз жаңа тәуелсіз мемлекет конституционализм теориясының дамуын елестете алмаймыз дейді А.К.Котов[10] .
Қазақстандық адам құқықтары жөніндегі концепцияның қалыптасуы мен дамуын ашатын ірі үш кезеңге бөлуге болады.
— 1917ж дейінгі қазақ мемлекеттілігі.;
— Кеңестік дәуір (1917 – 1990жж.);
— Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан бергі уақыт (1990ж бері).
Әр кезең әлеуметтік және қоғамдық ортаға, мемлекеттің саяси және экономикалық негізіне өз септігін тигізе отырып адам құқықтары мен бостандықтары саласына жаңа идеяларды алып келді. Сонымен қатар идеялар, дәстүр, кей қоғамда қалыптасып қалған нормалар тек одан кейін орын алған кезеңдерге ғана өз септігін тигізіп қана қоймай, ерекше атап өтетін жай адамдардың санасында да белгілі уақыт аралығында өз ықпалын қалдырды.
1.2. 1917ж. дейінгі қазақ мемлекеттілігіндегі адам құқықтары мен бостандықтарының жағдайы

Қазақ қоғамында орын алған саяси-құқықтық ұйымдасуы ерекшелігі мен Алаш үкіметінің ұсынған прогрессивті конституциялық идеяларымен сипатталады.
Қазақ қоғамында тұлғаның құқықтық мәртебесінің концептуалдық негіздері қазақ қоғамында ғұн, сақ, түрік қағандықтары кезінде қалыптасқан. Ұзақ жылдар аралығында адам мен билік аралығындағы қатынас ұдайы дамып және жетіліп отырды, сонымен қатар ол адам құқықтарын бағалауда саяси-құқықтық баға беруді және белгілі бір қатаң ретті сақтап отырды. Жоғарыда аталғандардың көбісін Қазақ хандығының құрылу (ХІҮ-ХҮғғ) кезеңінде анық байқай аламыз. Мемлекетте жоғарғы орган болып халық жиналысы — құрылтай болып саналды. Оның негізгі функциясы болып ханды сайлау болып табылады және ол меритократия, яғни сол орынға сай келетінін ғана сайлау қағидасына сүйене отырып жүзеге асырылды.
Пайда болған әр түрлі дауларды шешу, келесіде пайдалануға мүмкіндік беретін нормаларды қалыптастыру билер институтына тапсырылған болатын. Олар сот және заңшығарушылық билікке де ие болды. Сонымен қатар қоғамның мемлекеттің араласуынсыз дау шеше ала алуы құқықтық дәстүрдің реттеушілік қасиетінің жоғары болғанын көрсетеді[21].
Аталған демократиялық институттардың құрылуы ең алдымен халықтың құқықтық санасының жоғары болғанының шарты болып табылады. Қазақтардың бостандық пен теңдікті қастерлегені салыстырмлы түрде әйелдің еркі мен теңдігі, жеке тұлғаға деген сыйластық және билікке құл секілді бағынбауы арқылы көрінеді дейді А.Нысанбаев[13.220б.].
Қазақ мемлекеттілігінің демократиялық идеяларын
қалыптастырғандардың және Алаш Ұлттық автономиясының (1917-1919жж.) конституциялық нормаларын әзірлегендердің ішінен А.Бөкейхановты, А.Байтұрсыновты, М.Дулатовты атауға болады. Алаш Үкіметінің ұсынған бағдарламаларында сөз, баспа, одақтасу не бірігу бостандығы, таңдау құқығы, ешкімнің тиіспеушілік, сот арқылы өз мүдделерін қорғау секілді және теңдік, өкілдік, халық суверенитеті жөнінде басты идеяларды бекітті[22].
Қорыта келгенде қазақ мемлекеттілігі кезеңіндегі адам құқықтары жөніндегі идеялар әлі күнге дейін өз өзектілігін жоймаған. Аталған кезең әлі күнге дейін қазақ ғалымдары арасында талқыға өте қызықты болып келеді[23-27].
1.3. ҚР-ның тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыттағы жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы

Қазақстан Республикасыныц тәуелсіздік алғаннан бергі уақыт. Қазақ АССР-ң 1990 ж. 25 қазанда қабылдаған тәуелсіздік туралы декларациясы39 адам құқықтары мен бостандықтары концепциясының қалыптасуының жаңа бір кезеңі болып келеді. Аталған құжат мемлекетті демократизациялаудың негізгі идеяларын, құқықты, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістерді көздеген және біздің мемлекетте нағыз конституциялық құрылымды қалыптастыруға үлкен септігін тигізді дейді А.К.Котов40.
Декларацияда адам құқықтары мен бостандықтары концепциясын анықтайтын ең бір басты ережесі ретінде мемлекеттік биліктің жалғыз ғана қайнар көзі және суверенитеттің иесі ретінде өз билігін тікелей немесе өз өкілдері арқылы жүзеге асыра алатын Қазақстанның көп ұлтты халқын тану болып табылады (4п.). Алғаш рет конституциялық тәжірибеде биліктің үш заң шығарушы, атқарушы, сот билігіне бөлінуі орын алды (7 п.). Декларацияда саяси және идеологиялық көптік қолдау тапты, яғни мемлекет пен қоғамды қалыптастыруға және белсене араласуға теңдей құқық берді (5 п.). Көп партиялық саяси жүйенің негізі болып саналды. Жетпіс жылдан астам уақыттан бері көлеңкеде қалған діни ұйымдар шықты. Сонымен қатар адам құқықтарының орындалуы мен қамтамасыз етілуінің кепілдігі ретінде олардың ұлтына, қай партияға тиесілі екеніне, әлеуметтік жағдайына қарамастан тең деп санау болды. Приверженность общечеловеческим ценностям выражает признание
Академик С.З.Зиманов аталған Декларацияда қарада көрінетін ақтай адамды оның ұлтына, сенім-нанымына қарамастан тең құқықты және тәуелсіз тұлға ретінде танып, осының арқасында мемлекет аумағында тұратын халықтар татулығы мен консолидациясын орнату идеясы айқын көрініп отырғанын айтады41.
Адам құқықтары концепциясының дамуында келесі бір маңызды оқиға 1991 ж. 16 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңның қабылдануы болып табылады. Аталған заң Қазақстан Республикасының демократиялық және құқықтық мемлекет құру туралы алға қойған мақсаттарын айқын көрсетті (1 бап).
1993ж. Қазақстан Республикасының Конституциясы осыған дейін қабылданған нормативтік актілерде көзделғен адам мен мемлекет арасындағы қатынас жүйесін одан әрі дамытып бекітті.
Негізгі заңда белгіленгендей адам және оның өмірі, бөлінбес
құқықтары мен бостандықтары басты құндылық деп есептелді. Мемлекет өз қызметін адам мен қоғам мүддесіне сай жүргізді (Конституциялық құрылым негізінің Үшінші ережесі).
Жаңа Конституцияда адам құқықтарының конституциялық мәртебесін анықтауға бөлінді (1 Бөлім). Адам құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды шектеу туралы нормалар енгізілді (өзге азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, конституциялық құрылымды, қоғамдық тәртіпті қорғау мақсатында). Және осының ішінде конституцияда бекітілген құқықтар мен бостандықтар қозғалмауы тиіс болды (2 бап). 1993ж. Қазақстан Республикасының Конституциясы алдыңғы Кеңес дәуіріндегі Конституциялардан айырмашылығы ол тікелей әсері және жоғарғы заңды күшке ие болды (Конституциялық құрылым негізінің Жетінші ережесі).
Сонымен қатар, Конституцияда адам құқықтары саласындағы халықаралық нормативтік құқықтық актілердің басымдылығы жөніндегі норма (3 бап) орын алғанымен адам жеке тұлға ретінде толық санала қойған жоқ, ал оның құқықтары әлде де мемлекетпен туындайтын қатынастар призмасынан қаралып отырды. Оған мысал ретінде 1978ж. Конституциядан келген құқықтарды келтіруге болады. Аталған мәселе назарсыз қалуы мүмкін емес еді, сондықтан қазақстандық ғылымда демократиялық және құқықтық мемлекетті нығайту туралы дискуссиялар пайда бола бастады, сонымен қатар билік тармақтарының бөліну моделін жетілдіру, сот жүйесін реформалау, адам құқықтары ……

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!