Нобель сыйлығын алған тұңғыш қазақ баласы

0


ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Қазақстанның білім және ғылым жүйесінің қазіргі таңдағы даму
бағыттары

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
1. ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖҮЙЕСІНІҢ ТАРИХЫ 5
1. Ерте кездегі білім беру
6
2. Кеңес дәуіріндегі білім беру жүйесі 8
3. Егеменді Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі 10
2 ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ 12
2.1 Білім беру жүйесіндегі құзыретті орган 12
2.2 Қазақстан Республикасындағы білім жүйесінің жай-күйі 12
2.2.1 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту 13
2.2.2 Жалпы орта білім беру мектептері
14
2.2.3 Орта білім беру жүйесін қаржыландыру 15
2.2.4 Техникалық және кәсіптік білім беру 16
2.2.5 Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім 17
2.3 Шығыс Қазақстандағы білім беру жүйесі 19
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖҮЙЕСІНІҢ
БОЛАШАҒЫ 23
3.1 Жаңа онжылдық — жаңа экономикалық өрлеу — Қазақстанның жаңа
мүмкіндіктері — ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдауы 23
3.2 Еркін елдің ертені — кемел білім мен ғылымда 23
3.3 Білім сапасы мен оның стандарттарға сай келуі біздің мақсатымыз
29
3.4 Болон процесі 33
3.5 Оқу үрдісінің үш тілде жүргізу 34
3.6 Сабақ берудің инновациялық әдіс-тәсілдері
35
3.7 Қашықтықтан оқыту 44
4 ЖАҺАНДАНУ- ҚАЗІРГІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЭКОНОМИКАДАҒЫ
ЖЕТЕКШІ ТЕНДЕНЦИЯ 47
4.1 Жаһандану және білім беру саласы 47
4.2 Қазіргі географияның негізгі зерттеу әдістері 51
4.3 Қазіргі дүние және геоақпараттық технология 55
4.4 Қазіргі дүниедегі ғаламдық проблемалар 57
4.5 Ғаламдық өзгерістер және география 62
4.6 Қазақстандағы ғылыми-техникалық саясатты дамытудағы жаңа
бағыттар (нанотехнология, биотехнология және ғарыш салалары)
65
5 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ МОДЕЛІ 69
5.1 Білім берудің 12 жылдық моделіне көшу (Білім бағдарламасы) 69
5.2 12 жылдық білім жүйесі — Қазақстанда
71
5.3 200910 оқу жылында облыстың мектептеріне 12 жылдық білім беруді
енгізу бойынша эксперимент жағдайы туралы 73
5.4 12 жылдық білім жүйесін енгізгенде кездесетін мәселелер 74
6 ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ 77
6.1 Ғылым ақиқатты білу әдісі 77
6.2 Ғылыми теория туралы түсінік 79
6.3 Нобель халықаралық сыйлығы 80
6.4 Нобель сыйлығын алған тұңғыш қазақ баласы 81
ҚОРЫТЫНДЫ 85
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 86

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақстан білім және ғылым жүйесімен
танысып, деңгейіне сараптама жасау.
Дипломдық жұмыстың міндеті: Қазақстан Республикасындағы білім және
ғылым жүйесінің тарихын саралай отырып, бүгінгі күнмен салыстыра, болашақ
жағдайын болжау.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: XXI ғасырда кез келген мемлекеттің
дамуында ғылым мен техниканың алатын орны ерекше. Қазақстанның бәсекеге
қабілетті елдердің көшбасшылығына ұмтылуы заңды құбылыс. Өйткені, еліміздің
экономикалық әлеуеті мен қоғамдағы саяси тұрақтылық, демократияның дамуы
оған мүмкіндік беріп отыр. ХХІ ғасыр білімнің, ақпараттың жаңа
технологияның өрістеу ғасыры. Білімнің, ғылымның бәсекеге қабілетілігі бұл
күнде көптеген мемлекеттер үшін көкейкесті мәселе болып отыр. Озық ғылыми-
техникалық инфрақұрылымсыз және кәсіби шеберлігі жоғары білімді кадрларсыз,
жаһандану талаптарына сәйкес даму мүмкін емес. Осы мақсатта отандық ғылым
мен білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет – білім мен ғылымды
халықаралық деңгейге көтеру.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы: Зерттеудің ой-тұжырымдары мен
қорытындылары жоғарғы оқу орындарында тақырыпқа сәйкес арнайы курс
оқығанда, саяси ғылыми-технологиялық даму бойынша дәрістер өткізуге, ғылыми-
техникалық саясатты дамыту туралы ғылыми ізденістерді жетілдіруде негіз
бола алады. Сонымен қатар, ғылыми еңбектің басты қағидаларын мемлекеттік
құрылымдар жүйесі, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер, ғылыми
зерттеу институттары, ғылыми-техникалық орталықтар, үкіметтік емес ұйымдар
және т.б. саясат субъектілері іс жүзінде өз қажеттеріне жарата алады.
Диплом жұмысының көлемі 89 бет, ол кіріспе, 6 негізгі бөлім, қорытынды
және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бітіру жұмысының құрамында
барлығы 4 кесте, 10 сурет ұсынылды.
1. ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖҮЙЕСІНІҢ ТАРИХЫ

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің
басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар , ғылым мен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникация желілерге шығу деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту
міндеттері көзделеді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр
мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру,
өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге , жаңа қарым-қатнасқа өту
қажеттігі туындайды. Қазақстан Республикасының алдында тұрған әлеументтік —
экономикалық міндеттердің аса күрделігіне қарамастан, оның егеменді
мемлекет ретінде қалыптасуының сипаты, халықтың рухани, адамгершілік
көзқарасы жастар арасындағы тәржбиеге байланысты.
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі
кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Елбасының Жаңа әлемегі
жаңа Қазақстан атты жолдауында : Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік
стандартты деңгей бойынша сапалы білім беру қызметі қол жеткізуіміз керек
десе осы жолдаудың ІІІ тарауы, он сегізінші бағытының жетінші тармақшасында
Ақпаратты технологиялар мен ақпараттытаратудың жаңа технологияларымен
бағытталған мамандандырылған білім беру бағытын құру міндеті де алдымызда
тұр делінген , сондай-ақ он жетінші бағыттың үшінші тармақшасында “ Он-
лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқыту теледидарын құру
қажет деп атап көрсетілгендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа
педогогикалық технологияларға негізделуін және жаңа ақпараттық құралдардың
кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу үрдісінде жаңа ақпарттық
технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр [1].
Әр жеке тұлғаның болашағы мектебінде шыңдалады.
Ертең осы елге ие болып, тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар –
бүгінгі мектеп оқушылары. Халықты халықпен , адамды адаммен теңестіретін –
білім, — деп ұлы жазушымыз М.Ауезов айтқандай, елімізді өркениетке апарар
жолдың бастауында мектеп тұрады. Мектептегі білім — барша әлем тыныс
тіршілігінің алғашқы іргетасы. Тәуелсіз еліміз қанатын кеңге жайып, ел
экономикасы өркендеген бүгінгі таңда мемлекетіміздің алдында тұрған
мәселенің бірі – білімді де іскер, ғылымға қабілеті бар, заман талабына сай
буын қалыптастыру. Бүгінгідей әлемдегі қауымдастықтан тәуелсіздіктің
тұлғасы биіктеп, ғылыми – техникалық прагресс ғарыштап дамыған тұста біздің
еліміз үшін сапалы білім, саналы тәрбиемен қатар , жан – жақтылық, ғылымның
бір саласынан хабардар болудың маңызы зор.
Ұлы ағартушымыз Ы. Алтынсарин Маған жақсы мұғалім бәріненде қымбат,
өйткені ол мектептің жүрегі, — деп бекер айтпаса керек. Біздің Қазақстан
Республикасы жеке тәуелсіз, егеменді іргелі мемлекет болып, өркенлеп, жан-
жақты дамып алға басуына байланысты оқу білімге қойылатын талаптың өзгеше
болуы заңды. Өзгеше деп, бүкіл осы уақытқа дейін берілген білім нәтижесін
жоққа шығаруға болмайды. Әр заманнан білімді , мәдениеті жоғары дамыған
атақты ғалымдар шыққан. Оқушыларымыздың білімге деген қызығушылығын
арттырып, жауапкершілігін қалыптастырар еді, сондықтан қазіргі ұстаз өз
мамандығының шебері ғана емес, бүкіл инновациялық идеаларды саналы,
мәдениетті, оқушы қауымға түсінікті жеткізудің шебері болуы керек. Қазіргі
кезде біздің білім саламызға инновациялық өзгерістер үздіксіз енгізілуде.
Білімге қойылатын талаптардың да нығайып келе жатқаны бәрімізді қуантады.
Елбасымыз білім саласына көп көңіл бөліп, оқимын деген жастарға даңғарадай
жол ашып отыр. АҚШ алдыңғы қатарлы дамыған мемлекет дейміз. Себебі: олар
білім саласына баяғыдан ден қойған. Мысалы: 1976-1985жж білімге деген
қаражатың бөлінуін үш есе артыра отырып, дарынды деп табылған баланың
білімін ары қарай шыңдай түскен. 1976 жылы 350 мың дарынды бала білімін
қөтерсе, 1985 жылы 1 миллион балабілім сынасқан. Сонымен қатар АҚШ мерит
деп аталатын ұйым құрып оған жыл сайын ең үздік, дарынды деген 600 мың
бала алынып, жеке дайындалған. Бұл балалар инновациялық
технолгияландырылған білім берудің жүйесін пайдалана отырып, оларды бір
белестен асырып отырған. Жыл сайын осындай жәрежеге 600 мың оқушы дайындап,
белестен асырылып отырса, қалай АҚШ дамымасқа [2].
Қазіргі уақытта әр мемлекетің алдында, ғылым – білім саласында, өзінің
ұлттық, өзіне тән , білімді адамның яғни, шығармашылық тұлғаның моделін
сомдап шығару мәселесі тұр.

1. Ерте кездегі білім беру

Қазақстанда ғылыми ой-пікірдің тууы ежелгі замандардан бастау алады.
Археологиялық зерттеулер мен жазба деректер бізге Жетісуда, Орталық және
Шығыс Қазақстанда 6-11 ғасырларда-ақ болған ежелгі қалалар мен қоныстар
мәдениеті туралы деректер береді. Бүл мәдениеттің иелері өз көркемөнерін,
қолөнерін жэне жазуын жасаған жергілікті түркі тайпалары: оғыздар,
қарлұқтар, қимақтар, қыпшақтар еді [3].
Орта Азия мен Қазақстанның 8 -11 ғасырларда араб халифатына
кіруіне
байланысты өлкеде ислам діні таралып, мәдени өмірде араб мәдениетінің
ықпалы күшейе түсті. Араб тілі халифат аумағында үстем тілге айналды.
Алайда жергілікті мәдениет пен тіл сақталып қалды [3].
Араб мәдениетін жасауға және дамытуға халифаттың бір кездегі арабтар
жаулап алған елдерінен шыққан көптеген талантты ғалымдары барынша белсене
қатысты. Орта ғасырлардағы қалалар өздерінің базарларымен және
қолөнершілерімен ғана емес, сонымен бірге ақындарымен, ғалымдарымен,
суретшілерімен, бай кітапханаларымен, оқу орындарымен де дүние жүзіне
мәлім болды.
Қалалардың арасында Үндістан мен Қытайдан Еуропаға қатынайтын «Жібек
жолы» деп аталатын сауда керуен жолының географиялық және экономикалық
жағынан аса маңызды Отырар (Фараб) қ ерекше көзге түсті. Фараб кітапханасы
қолжазба кітап қорының байлығы жағынан Египеттегі Александрия
кітапханасынан кейінгі аса ірі кітап қоймасы болды. Фарабта ұлы ғалым
Әбу Наср әл-Фараби дүниеге келді. Ол аса зор ғылыми мұра — жүзден
астам ірі еңбектер қалдырды [4].
Орта Азия мен Қазақстан қалаларынан Әбу Райхан әл-Бируни, Әбу Абдаллаһ
әл-Хорезми, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Жафар ат-Туси, Рудаки және басқа
көптеген ғалымдар шықты. Ертіс жағалауында қимақтар арасынан географ әрі
тарихшы Жанах ибн Хақан Қимақи шықты.
10 — 11 ғасырларда қазіргі Қазақстан аумағында өмір сүрген Қарахан
әулеті мемлекетінде тамаша ақын әрі ойшыл Жүсіп Баласағұни өз шығармаларын
жазды. Оның «Құтадғу білік» кітабы дүние жүзінің көптеген елдеріне
танылды. Шығыстың озық ойшылдарының ғылым мен мәдениетке қосқан баға жетпес
үлесін сол кездің өзінде-ақ Еуропа да мойындаған болатын.
Мұны 10-12 ғасырларда Шығыс ғалымдары мен ақындары шығармаларының
Францияда, Италияда, Испанияда және Еуропаның басқа да елдерінде
аударылып кеңінен таралғандығы да дәлелдейді. Олардың арасында Ибн Синаның
Авиценна) «Медицина каноны», әл-Хорезмидің «Алгебрасы мен теңдеуі»,
Ибн Рушдтің (1126 -98), т.б. еңбектері. Орта Азия мен Қазақстандағы ғылым
мен мәдениеттің 9 — 1 1 ғасырлардағы дамуы туралы айта келіп, орыс
шығыстанушысы Н.И. Конрад ғылыми тәжірибеге «Шығыс дәуірі» деген терминді
енгізді [4].
Қазақтың кең-байтақ өлкесінде білім ісінің пайда болып, даму тарихы да
өзінің ілкі бастауларын сонау ерте замандардан алады. Қазақстан жерінде,
әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғасырдың ерте дәуірінде — ақ (VII-
VIII ғ.ғ) көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер,
діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастағаны
тарихтан белгілі.
Ертедегі Исфиджаб,Тараз, Сайрам, Түркістан, Отырар, т.б қалаларында
көптеген медреселер болған, олардың жалпы саны 84-ке жеткен. Ауылдық
жерлерде мектепте молдалар (татар, башқүрт, т.б.) ұстаздық еткен. Оқыту
ақысы халықтан жиналған. Балалар қыс, күз айларында оқыған. Оқу мерзімі 4
жыл, оқуға 7 жастан бастап қабылданған, жыл аяғында емтихан тапсыру мектеп
бітіргені үшін балаға ресми куәлік тапсыру тәртібі сақталмаған. Медреселер
мұсылмандық рәсімдерін таратушы оқу орны ғана болып қоймай, ірі мәдениет
орталығы ретінде де қызмет атқарған.

1.2 Кеңес дәуіріндегі білім беру жүйесі

Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейін жергілікті басқару бөлімдерінде
шенеуніктер мен аудармашылар даярлайтын орыс-қазақ және орыс-түзем
мектептерін ашу қажет болды. Осы мақсатпен Омск қаласында Азиат училищесі
(1789)ашылып, оған қазақ балалары да қабылданды.
1841 жылы Жэңгір хан Бөкей Ордасында қазақ балалары үшін мектеп-
пансионат ашты. 1825 жылы Орынбор қаласындағы татар мектебінің негізінде
Неплюев кадет училищесі (1844 жылы — кадет корпусы), 1846 жылы Сібір әскери
училищесі базасында — Омск кадет корпусы ашылды. Бұл оқу орындарын Шоқан
Уәлиханов, Садық Бабажанов, Халиолла Өскенбаев және т.б. оқыды [5].
1850 жылы Орынбор шекара комиссиясы жанынан қазақ балалары үшін 7
жылды мектеп ашылды. Осы оқу орнының түлегі, педагог Ы.Алтынсаринің
басшылыгымен 1864 жылы Торғай қаласында тұңғыш қазақ мектеп-интернаты
ашылды. Ол Қазақ хрестоматиясын (1879) Қазақтарға орыс тілін оқытудың
бастауыш оқу құралын (1880) жазды. Ы. Алтынсарин тек мәтіндерді жаттауға
ғана негізделген діни оқытуға қарсы болды. Ол ашқан қазақ-орыс
мектептерінде ежелгі ғылымдармен қатар дін тарихы да оқытылды. Мұсымандық
тұтқасы оқулығында ол адамгершілік, тектілік тәрбиесінің діни принциптерін
оқушыларға түсіндірді [5].
1879-89 жылдары Ы. Алтынсарин Торғай облысындағы халық ағарту
училищесінің инспекторы бола түра Іле, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде 2
сыныптық орыс-қазақ мектебін ашты, 1888 жылы Орск қаласында — мұғалімдер
даярлайтын оқу орнын ашты. Қазақ тілімен қатар орыс тілінде оқуды қолдай
отырып, Ы. Алтынсарин патшалық үкімет жүргізіп отырған казақтарды
орыстандыру саясатына қарсы шықты [6].
Ы. Алтынсариннің жастарды кәсіптік оқыту туралы ой-пікірлері мен
ұсыныстары кең қолдау тапты. 1886 жылы Торғайда — қолөнер, 1889 жылы
Қостанайда — ауылшаруашылық училищелері ашылды. 1890 жылы Қарабұлақта, 1893
жылы Қостанайда, 1896 жылы Ақтөбеде кыздар училищесі ашылды. бұл оқу
орындарында қолөнер және ауылшаруашылық шеберханалар болды. 1883- 1920
жылдары 300-ге жуық ұл мен қыз мұғалімдер семинариясын бітірі шықты [3].
19 ғасырдың 2-ші жартысында қазақ мектебі қандай болу керек деген
көкейкесті мәселе тұрды. Қарама-қарсы пікірдегі екі топ пайда болды:
біріншісі Н.И. Ильинскийдің басшылығымен қазақтарды өз мәдениетінен
алшақтатып, оларды орыстандыру саясатын қолдады. Екінші топтағы
Ш.Уәлиханов, Ы. Алтынсарин және Абай Құнанбаев және т.б. сынды демократ-
ағартушылар алдыңғы қатарлы прогрессивті мәдениетті игеру арқылы өз халқын
дамыған елдер деңгейіне дейін көтеруді армандады. Абай жастарды Өмірдің
кілті — білімде, өнерде деп шақырды.
А. Байтұрсұнов қазақ балаларын қазақ тілінде оқытуға аса көңіл бөлген.
1905 жылы 26 маусымда оның жетекшілігімен бір топ интеллигенция Қарқаралы
қазақтарының атынан Қазақ даласындағы білім тура жолға қойылуы керек, ол
үшін сауаттылыққа ауыл мектептеріндегі балалар өз ана тілінде оқытылулары
қажет деген талаппен Ресей үкіметіне петиция жолдады. А. Байтұрсұнов алғаш
рет қазақ әліпбиін жазып шығарды [5].
1920 жылы қазан айында ҚазАКСР Халық ағарту комисариаты құрылды,
халық комисары болып А. Байтұрсұнов тағайындалды. 1921 жылы білім беру
жұмыскерлерінің Бүкілқазақстандық конференциясы өтті. Конференцияда
бірыңғай мектеп жүйесін құру, техникалық-кәсіптік білім, саяси тәрбие, оқу-
тәрбие жұмыстары және т.б. мәселелер қарастырылды.
1922-23 жылдары ұлттық мектептерді кітаптармен, бағдарламалармен
қамтамасыз ету шаралары бекітілді; қазақ тілінде 14 оқулық шығарылды .
(Физика, Грамматика, Алгебра, Школьная гигиена и др.). 1920-30
жылдары республика мектептерінің материалдық базасын нығайту мақсатында
мемлекет айтарлықтай көлемде қаражат бөлді. 367 мектеп салынды, 361-не
күрделі жөндеу өткізілді. Бастауыш мектептер саны 333-тен (1926 ж.) 1864-ке
(1930 ж.) дейін артса, оқушылар саны 215,1 мыңнан 320,1 мыңға дейін
(олардың ішінде — 124,9 мыңы қазақтар) өсті. Бастауыш мектепте қазақ-
қыздары 11 % құрады [6].
1928 жылы Қазақ Орталық Атқару Комитетінің 3-ші сессиясында қазақ
қыздарын оқумен қамту туралы арнайы қаулы қабылданды. Бұл жылдары қазақ
орта мектептерінің саны көп болған жоқ. Мысалға, 1927-28 жылдары
республикада 2 ғана мектеп болды Орынборда және Кызылордада. Оқушылардың
көп бөлігі 7 жылдықты бітіргеннен кейін техникум және Фабрикалық-зауыттық
мектепке оқуға түсіп жатты.
1929 жылы республика араб әліпбиінен латын әліпбиіне ауысты. 1937 жылы
қазақ бастауыш мектептері 537-ден 1190-ға дейін артса, орта мектеп — 11-
ден 48-ге дейін, толық емес орта мектеп — 143-тен 237-ге дейін өсті.
1940-41 жылдары жалпы білім беру мектептерінде 1 млн. 145 мың 993
оқушы оқыды. Олардың ішінде 441 мыңы қазақ баласы, бұл 1925 жылмен
салыстырғанда 6 есеге өскен. Оқушылар арасында қазақ қыздарының саны 20
мыңға артты. Жалпы алғанда білім беру сапасы айтарлықтай жақсарды.
1945-60 жылдары Орталық Қазақстанда тың жерлерді игерумен және
совхоздардың құрылуымен, Ресей, Украина, Белорусия және Молдованың мыңдаған
отбасыларының қоныс аударуымен байланысты мектеп және оқушылар саны күрт
өсті. 1960 жылы 1063 жалпы білім беру мектебі ашылды. Қазақстанда жаңа
оқулықтар шығаруда республиканың белгілі ғалымдары Е.Бекмаханов,
Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, И.Кеңесбаев, А.Ысқақов, Т.Қордабаев, А.Маманов,
М.Балақаев, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин жэне т.б. ат салысты [7].
Осы жылдары білім саласында бірқатар жаңа мәселелер орын алды: 700-
ден астам қазақ мектебі жабылып, аралас қазақ-орыс немесе орыс мектептеріне
ауыстырылды. 600 мыңнан астам Қазақ баласы орыс тілінде оқытылатын
мектептерде білім алды. 1,5 мыңнан астам аралас қазақ-орыс мектебі ашылды.
Осыған орай Қазақстан үкіметі орыс тілін 1-ші сыныптан бастап оқыту туралы
қаулы қабылдады.
1960-70 жылдары білім алу мазмұнына маңызды өзгерістер енгізілді. 1962-
63 жылдары 7 жылдық мектептен 8 жылдыққа ауысу аяқталды. Орыс тілін оқытуға
аса назар аударылды: арнайы орта және жоғары оқу орындарында оку тек орыс
тілінде жүргізілді.
1980-90 жылдары жалпыға бірдей білім беру саласына реформа жүргізілді.
6 жастан оқыту жүйесі енгізілді.

1.3 Егеменді Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі

Еліміз егемендік алғаннан кейін білім негіздерін демократиялық,
интерграциялық принциптерге орайлас әр баланың жеке-дара ерекшеліктері мен
қабілеттерін ескере отырып, оқытып, тәрбиелеу талап етілді. Осы жайттар ұлт
мектептерінің жаңа бағдарламаларынан елеулі орын алды. Арнаулы білім
салаларына икемі бар балаларға арналған лицей, гимназия, колледж,
медреселер сияқты мектептің жаңа түрлері ұйымдастырылды.
Ауыл мектептеріне, мемлекеттік стандарттарға сәйкес бағдарламалардың
жаңаруына, олардың 2001-2002 жылдары толық ауысуын қамтамасыз ететін
мәселелерге аса назар аударылды. Негізгі жалпы білім беру мектептерінің оқу
жүйесі 11 жылдық. Тегін білім берумен қоса ақылы мектептер де
ұйымдастырылды [8].
1991 жылы жаңа үлгідегі мектептер мен арнайы орта оқу орындары ашылды:
лицей, гимназия, техникалық-кәсіптік мектептер, колледждер. 1995 жылы
Қазақстанда жаңа Конституция қабылданып, онда жалпыға міндетті тегін орта
білім алу жарияланған болатын. 2003 жылы Қазақстанда 8160 мемлекеттік
жалпы білім беру мектебі жұмыс істеді, олардың ішінде қалалық — 2016 және
ауылдық — 6144. Оқу жүргізілген мектеп оқушыларының саны қазақ тілінде –
1млн.683 мың 700 адам, орыс тілінде-1 млн-1 млн.300 мың 200 адам, өзбек
тілінде -87 мың 300 адам, ұйғыр тілінде- 21 мың 500 адам. Дарын
мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 8 облыста дарынды балалар үшін интернат-
мектептер және арнайы мектебі бар Дарын республикалық ғылыми –
тәжірибелік орталығы құрылды. 1996 жылдың аяғында шетелдік
отандастарымыздың қолдау мақсатында мемлекеттік бағдарлама құрылды. Мұнда
тарихи отанына оралған оралмандардың оқыту және қайта оқыту кіреді [9].
1997 жылы республика мектептерін компьютерлік сыныптармен қамтамасыз
ету мақсатында Орта білім беру жүйесін информатизациялау мемлекеттік
бағдарламасы қабылданды.
Қазақстан білім беруді дамыту индексінде әлемнің 129 елі ішінен 1-ші
орынды иеленді (Теңсіздікті жою: басқарудағы маңызды рөл жаппай білім
беру мониторингі жөніндегі 2009 жылғы ЮНЕСКО-ның жетінші Дүниежүзілік
баяндамасының деректері бойынша);
Біріккен Ұлттар Ұйымының Кедергіден өту: адами шапшаңдық пен даму
баяндамасының мәліметтері бойынша 2009 жылы Қазақстан адами даму индексі
бойынша 82-ші орынды иелене отырып, алғаш рет адам әлеуетінің дамуы жоғары
деңгейлі елдердің қатарына енді;
2009 жылы Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумы халықаралық
үкіметтік емес ұйымы жүргізген Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі
рейтингісінде 67-ші орынды иеленді;
2010 жылдың 11 наурызынан Қазақстан орталық-азия мемлекеттері ішінде
бірінші болып еуропалық білім беру кеңістігінің толық қанды мүшесіне енді
(Болон процесі) [10].
2009-2010 оқу жылында 7576 жалпыға білім беру мектебі жұмыс істеді,
оларда 2 486 303 бала білім алды. 1991 жылмен салыстырғанда педагогтардың
саны айтарлықтай жақсарды. 1991 жылы мектептерде — 270228 педагогтар жұмыс
істеді, олардың ішінде 178634 (66,1%) жоғары білімі бар, 70695 (26,16%) —
орта кэсіптік, 11929 (4,2) % — аяқталмаған жоғары білім, 9432 (3,3%) —
жалпы орта білім.
2010 жылы республиканың жалпы білім беру мектептерінде 274914 педагог
жұмысы еңбек етеді, олардың ішінде 236271 (85,9%) жоғары білімі барлар, бұл
1991 жылмен салыстырғанда 19,8% өскен [9].
Орта кәсіптік білімі бар педагогтар саны 1991 жылмен салыстырғанда
13,56% қысқарды.
Кабинеттерді жаңа қалыпта түрлендіру 2005 жылдан бастап жүргізілуде.
Физика кабинеттері — 4508, ЛМК-2077, интерактивтік тақталармен 100 мектеп
жабдықталды.
Мектептерді компьютерлендіру толық аяқталды, 98% мектеп интернет
желісіне қосылды.

2 ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

2.1 Білім беру жүйесіндегі құзыретті орган

Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі — Министрлік) басшылықты және
заңнамада көзделген шекте білім, ғылым, балаларды қорғау және жастар
саясаты салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан
Республикасының орталық атқарушы орган болып табылады.
Министрліктің негізгі міндеттері білім, ғылым жэне ғылыми-техникалық
қызмет, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясаты саласында бірыңғай мемлекеттік
саясатты қалыптастыру, білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, ғылыми
зерттеулер ұйымдастыруды жетілдіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін
арттыру, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету
болып табылады. Министрліктің мынадай ведомстволары: Білім жэне ғылым
саласындағы бақылау комитеті, ғылым комитеті, Балалардың құқықтарын қорғау
комитеті және ведомстволық бағынышты ұйымдары бар.
Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына,
Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-
ақ осы Ережеге сэйкес жүзеге асырады. Министрлік мемлекеттік мекеменің
ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы
мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі
бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы қаржы
министрлігінің қазыналық комитетінде шоты болады.
Министрліктік, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті болса,
мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы
бар.
Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген
тәртіппен бұйрықтар түрінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында
міндетті күші бар нормативтік құқықтық актілер шығарады.
Министрліктің штат санының лимитін аумақтық органдардың және оларға
ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің санын ескере отырып,
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Министрліктік құрылымын, штат
санын Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.

2.2 Қазақстан Республикасындағы білім жүйесінің жай-күйі

Еліміз егемендікке қол жеткізіп, тәуелсіздіктің көк байрағы көгімізде
көрінгелі соңғы он жылдық мерзімінде еліміздің экономикалық жағдайында
көптеген өзгерістер еніп, мемлекетіміздің білім беру саласы алға
ілгеріледі.
Білім мен тәрбие беру — бұл республика азаматтарының құзыретін және
адамгершілік, ақыл-ой, мәдени дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге
бағытталған үздіксіз педагогикалық процесс. Қазақстан Республикасында
жастар қауымына білім беру процесі халқымыздың үлттық дәстүр-салтына,
мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделе отырып іске
асырылады.
Республикада Білім туралы Заңды жүзеге асырудың маңызды жолының бірі
болашық мұғалімдерді мектепте халықтық педагогика негізінде жүргізілетін
тәлім-тәрбие ісіне даярлау. Бұл бағыттағы басты мақсат окушыларды
адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу болып табылады.
1991 жылы жаңа үлгідегі мектептер мен арнайы орта оқу орындары ашылды:
лицей, гимназия, техникалық-кәсіптік мектептер, колледждер [11].
1995 жылы Қазақстанда жаңа Конституция қабылданып, онда жалпыға
міндетті тегін орта білім алу жарияланған болатын.
Статистикалық деректер бойынша, жалпы республика бойынша біріктірілген
1-4 сыныптар 4398 (33250 бала), 5-9 сыныптар — 2012 (15201), 10- 11
сыныптар — 17 (110). Қазақстанның 7576 жалпы білім беретін ұйымының 4288-і
— ШЖМ. Бұл жалпы санның 56,5%-ын құрайды. Ауылдық жерлерде 6032 жалпы білім
беретін мектеп бар. Оның 4139-ы ШЖМ. Бүл барлық санның 68,6 %-ы. 1913
қала мектебінің 149-ы ШЖМ. Бұла оқушы санының аздығымен, сыныптарды
біріктірумен, мұғалімдердің көп пәннен сабақ беруімен сипатталады [11].
Елдегі халық тығыздығының әркелкілігі аталған проблеманың өңірлік
аспектісіне негізделген: ШЖМ-ның басым көпшілігі Солтүстік Қазақстан
(облыстағы барлық мектеп санының 88,1%-ын құрайды), Ақмола (81%), Қостанай
(77,5%), Павлодар (76,5%), Батыс Қазақстан (72,9%), Ақтөбе (67,5%), Шығыс
Қазақстан (67,9) Қарағанды (58,9%) облыстарында [11].

2.2.1 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

1991 жылы жұмыс істеген 8743 балабақшаның жартысынан көбі (4868)
оңтайландыру кезінде жеке меншікке айналдырылды, балабақшалардың бір
бөлігі қараусыз қалдырылып бұзылды.
1995-1998 жылдары елдегі қалыптасқан экономикалы жағдай мектепке
дейінгі мекемелердің қысқаруына әкелді. Балабақшалардың 82% жабылды.
Мектепке дейінгі білім алушы балалардың саны 10,6% қысқарса, ауылдық
жерлерде — 1,6%. Нәтижесінде мектепке негізгі дайындығы бар балалардың
20% ғана дайындалды [11].
Республикада 2010 жылы 385 мы бала санымен 5192 мектепке дейінгі ұйым
жұмыс істейді, ол мектеп жасына дейінгі балалардың 40%-ын қамтиды.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету
жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған Балапан бағдарламасы бекітілді
(2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 ҚРҮҚ) [12].
5-6 жастағы балалардың мектеп алды даярлығы ұйымдастырылды, ол — 83%
қамтыды.
2.2.2 Жалпы орта білім беру мектептері

2003 жылы Қазақстанда 8160 мемлекеттік жалпы білім беру мектебі жұмыс
істеді, олардың ішінде қалалық — 2016 және ауылдық — 6144.
Оқу жүргізілген мектеп оқушыларының саны қазақ тілінде -1 млн. 683
мың 700 адам, орыс тілінде — 1 млн. 300 мың 200 адам, өзбек тілінде —
87 мың 300 адам, ұйғыр тілінде — 2 1 мың 500 адам [11].
Дарын мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 8 облыста дарынды балалар
үшін интернат-мектептері жэне арнайы мектебі бар Дарын республикалық
ғылыми-тәжірбиелік орталығы құрылды. 1996 жылдың аяғында шетелдік
отандастарымызды қолдау мақсатында мемлекеттік бағдарлама құрылды. Мұнда
тарихи отанына оралған оралмандарды оқыту және қайта оқыту кіреді.
1997 жылы республика мектептерін компьютерлік сыныптармен қамтамасыз
ету мақсатында Орта білім беру жүйесін информатизациялау мемелкеттік
бағдарламасы қабылданды.
Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру белсенді жүріп жатыр: 2005-
2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасыдағы білім беруді дамыту,
2004-2010 жылдарға арналған ауыл территориясын дамыту. Жаңа редакцияда
Білім туралы Заң жэне 2008-2012жылдарға арналған Қазақстан
Республикасының ғылымын дамыту мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, бұл осы
аталған саланың жүйелі дамуын қамтамасыз етеді. Жалпы білім беру
мектептері үшін оқулықтар жэне оқу-әдістемелік жинақ дайындау және шығару
туралы бағдарлама компьютерлік, жаңа технологияларды енгізуді қарастырады
[12].
Озық құрылымдық реформалардың арқасында тәуелсіздік алғалы еліміздегі
білім беру тұрақты даму траекториясына шықты. Бұл халықаралық деңгейдегі
сапалы және сандық көрсеткіштермен расталады:
Қазақстан білім беруді дамыту индексінде әлемнің 129 елі ішінен 1-ші
орынды иеленді (Теңсіздікті жою: басқарудағы маңызды рөл жаппай білім
беру мониторингі жөніндегі 2009 жылғы ЮНЕСКО-ның жетінші Дүниежүзілік
баяндамасының деректері бойынша);
Біріккен Ұлттар Ұйымының Кедергіден өту: адами шапшаңдық пен даму
баяндамасының мәліметтері бойынша 2009 жылы Қазақстан адами даму индексі
бойынша 82-ші орынды иелене отырып, алғаш рет адам әлеуетінің дамуы жоғары
деңгейлі елдердің қатарына енді;
2009 жылы Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумы халықаралық
үкіметтік емес үйымы жүргізген Ғаламдық бәсекее қабілеттілік индексі
рейтингісінде 67-ші орынды иеленді;
2010 жылдың 11 наурызынан Қазақстан орталық-азия мемлекеттері ішінде
бірінші болып еуропалық білім беру кеңістігінің толық қанды мүшесіне енді
(Болон процесі).
2009-2010 оқу жылында 7576 жалпыға білім беру мектебі жұмыс істеді,
оларда 2486303 бала білім алды 1991 жылмен салыстырғанда педагогтардың саны
айтарлықтай жақсарды. 1991 жылы мектептерде — 270228 педагогтар жұмыс
істеді, олардың ішінде 178634 (66,1%) жоғары білімі бар, 70695 (26,16%) —
орта кэсіптік, 11929 4,2% — аяқталмаған жоғары білім, 9432 (3,3%) — жалпы
орта білім [11].
2010 жылы республиканың жалпы білім беру мектептерінде 274914 педагог
жүмысы еңбек етеді, олардың ішінде 236271 (85,9%) жоғары білімі барлар, бүл
1991 жылмен салыстырғанда 19,8% өскен.
Орта кәсіптік білімі бар педагогтар саны 1991 жылмен
салыстырғанда 13,56% қысқарды.
Кабинеттерді жаңа қалыпта түрлендіру 2005 жылдан бастап
жүргізілуде.Физика кабинеттері — 4508, ЛМК-2077, интерактивтік тақталармен
100 мектеп жабдықталды.
Мектептерді компьютерлендіру толық аяқталды, 98% мектеп Интернет
желісіне қосылды.
Жалпы орта білім беру ұйымдарын, оның ішінде ауылдық мектептерде
компьютерлік техникамен қамтамасыз ету мультимедиялық кабинеттерді есепке
апғанда 1 компьютерге 18 оқушыдан келеді.

2.2.3 Орта білім беру жүйесін қаржыландыру

Мақсаты:
Жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік,
дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, оның тез өзгеретін
әлемде табысқа жетуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін
қанағаттандыру, еліміздің экономикалық игіліктері үшін бәсекеге қабілетті
адами капиталды дамыту. 12 жылдық оқыту моделіне көшу.
Міндеттері:
1. 12 жылдық оқыту моделіне көшуді білім беру мазмұнын жаңғырту арқылы
жүзеге асыру.
2. ШЖМ проблемаларын шешу.
3. Мектептегі инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру.
Нысаналы индикаторлар:
2020 жылы 12 жылдық оқыту үлгісіне көшу толықтай жүзеге асырылады (2015
жылы -1,5, 11-сыныптар) [11].
Назарбаев Зияткерлік мектептері жобасы шеңберінде Қазақстанның
барлық өңірлеріндегі мектептердің саны (2020 жылы — 20).
Жаратылыстану-математика пәндері бойынша білім беретін оқу
бағдарламаларын жетік меңгерген оқушылардың үлесі (2015 жылы — 60%, 2020
жылы — 70%).
Қазақстандық жалпы білім беретін мектеп оқушыларының РISA, TIMSS,
PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулеріндегі нәтижелері (2015 жы-лы:
PISA — 50-55 орын, ТІМSS — 10 — 15 орын, 2020 жылы: РІSA — 40-50 орын,
ТІМSS- 10-12 орын, РІRLS — 10-15 орын) . Инклюзивті білім үшін жағдайлар
жасалған мектептердің үлесі олардың жалпы санынан артады (2015 жылы — 30%,
2020 жылы — 70 %).

2.2.4 Техникалық және кәсіптік білім беру

90-шы жылдары техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде кәсіптік
мектептер мен колледждер желісінің ең алдымен техникалық және технологиялық
бейіндегі оқу орындарының қысқаруы орын алды. Қазіргі күні кәсіптік
лицейлердің саны 1991 жылғы кәсіптік лицейлердің 81%-ын құрапотыр. 23
ауданда кәсіптік лицейлер мүлде жоқ.
2010 жылы республикада 882 оқу орны (322 кәсіптік лицей мен 560
колледж), оларда 609,0 мың адам білім алуда. Мамандарды даярлау177 мамандық
(416 біліктілік) бойынша жүзеге асырылады [11].
ҚР Үкіметі жанынан Техникалық жэне кэсіптік білім беруді дамыту мен
кадрлар даярлау жөнінде ұлттық кеңес құрылды. 3 кәсіптік лицей салынды.
Атырауда, Екібастұзда, Шымкентте және Өскеменде Техникалық және қызмет
көрсету еңбегі кадрларын даярлау және қайта даярлаудың өңіраралық кәсіптік
орталықтарын құру жұмыстары жүргізілуде. Келесі орталықтар ашылды:
— Аджип ККО, ҚазМұнайГаз ¥К АҚ, Тенгизшевроил ЖШС БК, КЕООК АҚ,
Қазақмыс корпорациясы ЖШС жанынан техникалық және қызмет көрсету еңбегі
мамандарын даярлау, қайта даярлау жэне біліктілігін арттырудың қазіргі
заманғы оқу орталықтары; жұмыс істеп жатқан оқу орындарының негізінде
экономиканың ең басымды салалары бойынша ет-сүт өнімдерін өңдеу,
автоқызмет, металл өңдеу жөніндегі мамандарды даярлау және қайта даярлаудың
бірқатар қазіргі заманғы өңіраралық орталықтары;
— техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін
арттыру жөніндегі 6 өңіраралық орталық (Астана, Алматы,Қарағанды, Орал,
Щучинск және Шымкент қалаларында). Соңғы жылдары осы орталықтарда
техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің 2000-дайқызметкері біліктілік
арттыру курстарынан өтті [13].
Кәсіптік мектепте оқу мерзімі — 2-3 жыл, кәсіптік лицейде -3
жыл,ерекше күрделі кәсіптер бойынша, сондай-ақ бірегей жабдықтарға қызмет
көрсетуге байланысты жұмыстар үшін- 4 жылға дейін болады.
Кәсіптік бастауыш білім, кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлерде
негізгі жалпы білім беру базасында алынып, жалпы орта білім алумен
ұштастырылады және ол еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша білікті
еңбек қызметкерлерін (жұмысшы, қызметкерлерді) даярлауға бағытталған.
Кәсіптік орта білім колледждерде, училищелерде негізгі, жалпы білім
беру базасында конкурстық негізде алынып, жалпы орта орта білім алумен
ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға
бағытталған. Колледжде, училищеде оқу мерзімі — 3-4 жыл. Ұқсас мамандықтар
бойынша жалпы орта және кәсіптік бастауыш білімі бар азаматтардың
қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша кәсіптік орта білім
алуына болады.
Кәсіптік орта білім колледждерде, негізгі жалпы орта білім алумен
ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға
бағытталған. Жалпы және кәсіби орта мектептерді бітірген жастар
университеттерде, институттарда, академияларда және соларға теңестірілген
оқу орындарында білім алады [13].
Республика азаматтарға аспирантураларда, докторантураларда оқып, ғылым
кандидаттары мен докторлары дәрежелерін, доцент пен прфессор атақтарын
алуға мүмкіндік береді, ғылыми кадрларға деген қажеттігін қанағаттандыруды
қамтамасыз етеді.
Жұмысшылар мен мамандардың, басшы қызметкерлердің біліктілігін арттыру
және оларды қайта даярлау арнаулы білім беру мекемелерінде,
кәсіпорындарында, ғылым мен оку орталықтарында ұйымдастырылады. Қосымша
білім беру үшін дене шынықтыру сауықтандыру, техникалық, мәдениеттану,
тіл және басқа бағыттағы мекемелер өкімет басқару органдары бекітеді.

2.2.5 Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім

1994 жылы Елбасымен Болашақ халықаралық стипендиясы бекітілді (1993
жылғы 5 қарашадағы №1394 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы).
Болашақ бағдарламасы шеңберінде мамандарды дайындау 2005 жылдан
бастап Басым мамандықтар тізіміне сәйкес жүргізіледі. Жыл сайын шетелде
мамандарды дайындау бойынша Республикалық комиссия шешімімен Басым
мамандықтар тізімі бекітіледі.
2008 жылдан бастап ауыл жастары, мемлекеттік қызметкерлер, ғылыми және
педагогикалық жұмыскерлерге, ғылыми тәжірибиеден өту үшін квоталар
қарастыры алған.
2010 жылы ғылыми тәжірибие үші 24 елдің 105 ғылыми ұйымдарында
академиялық оқу үшін ұсынылған жоғары оқу орындары тізіміне 23 елдің
200 жоғары оқу орындары кірді [14].
2009-2010 оқу жылдарында Болашақ бағдарламасының 3000 стипендианты
27 елде білім алды.
1994 жылдан 2009 жыл аралығында бағдарлама бойынша 1700 астам адам
бітірді.
2010 жылы ең көп бітірушілер болжануда — 810 адам.
2002-03 оқу жылының басында елде 177 жоғары оқу орны жұмыс істеді,
онда 597 мың 489 студент білім алды. Жекеменшік жоғары оқу орындарының саны
127 құрады. Онда 257 мың жас білім алды [14].
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жоғары білікті
мамандарды даярлауда, оқытуда, ғылыми және мәдени дамуда едәуір жұмыс
атқарып жатқан сегіз мемлекеттік жоғары оқу орнына ерекше мәртебе берілді.
Олар Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті, Қазақ Ұлттық аграрлық университеті, Қ.И.
Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті, С.Д. Асфендияров
атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті, Т.Қ. Жүргенов атындағы
Қазақ Ұлттық өнер академиясы, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық
консерваториясы, Қазақ Ұлттық музыка академиясы.
Жаяу әскерлер әскери институты, Әуе қорғанысы әскери институты,
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты, Ұлттық қорғаныс
университеті ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары болып табылады
және Қазақстанның Қарулы күштері үшін басқарушы, инженер-техник және арнайы
мамандарды даярлайды [15].
2004 жылы ҚР Білім жэне ғылым министрлігі еліміздің жоғары оқу
орындарында білім алуға болатын мамандықтардың санын барынша қысқартты.
Жаңа тізбе халықаралық білім беру стандартының тізбесіне сәйкес қал
ыптастырылды.
Республикада 141 жоғары оқу орыны жұмыс істейді, оның ішінде 63-і
мемлекеттік емес жоғары оқу орны. Студенттердің жалпы контингенті 768 мың
адамды құрады. Профессорлық — оқытушылық құрамының саны 42 мың адам, оның
36%-да ғылым докторы мен кандидатының ғылыми дәрежесі бар.
Болон процесінің талаптарына сәйкес Қазақстан мамандарды даярлаудың үш
деңгейлі үлгісіне көшті: бакалавриат — магистратура — докторантура РҺ.D.
Елдегі ірі жоғары оқу орындары — Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университеті мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне
шетелдік консултанттарды жұмысқа тарту үшін жыл сайын 2 млн. доллар
бөлінеді.
Үздік педагогтердің кәсіби өсуін көтермелеу үшін Жоғары оқу орнының
үздік оқытушысы мемлекеттік гранты тағайындалады. Грант иегерлерінің үздік
шетелдік оқу орындарында тағылымдамадан өту мүмкіндігі бар.
Білім беру ұйымдарын аккредиттеудің халықаралық үлгісіне көшу бойынша
жұмыс жүргізілуде. Бұл жұмыс халықаралық аккредиттеу агенттіктерінің
жұмыс тәжірибесін ескере отырып, қалыптастырылған. Қазіргі күні 42 жоғары
оқу орны еуропалық агенттіктерде сапа менеджменті жүйесінің сертификаттау
аудитінен өткен. Кластерлік бастамаларды ескере отырып, докторлық және
магистрлік бағдарламалар бойынша мамандарды даярлау үшін басым мамандықтар
тізбесі белгіленген [15].
2008-2009 жылдары 5 ұлттық университет Еуропа мен АҚШ-тың жетекші
аккредиттеу агенттіктерінде 10 білім беру бағдарламаларын аккредиттеуден
өткізуді жоспарлап отыр.
Ірі білім беру жобасының бірі — Астанада халықаралық деңгейдегі жаңа
университеттің құрылуы. Жоба әлемдік жетекші тәжірибені қолдана отырып,
өңірде бірегей академиялық ортаны қалыптастыруға бағытталған. Бұл ең жоғары
әлемдік талаптарға сай корпоративті инфрақүрылымы сапалы жаңа
институттары мен орталықтары бар жаңа жоғары оқу орны болмақ. Осы жобаны
іске асырудағы әріптестер — танымал шетелдік технологиялық институттар.
2010 жылы білім беру қызметін 42 мемлекеттік, 13 азаматтық емес және
90 жекеменшік, оның ішінде 16 жоғары оқу орны жүзеге асыруда. Мемлекеттік
емес жоғары оқу орындарының саны 1991 жылғы 71 бірліктен 2010 жылғы 90
бірлікке өсті. Жоғары оқу орындары студенттерінің саны 2001-2002 оқу
жылындағы 514738 адамнан 2009-2010 оқу жылындағы 610264 адамға өсті. Оқу
орындарының профессорлық-оқытушылық құрамында (ПОҚ) сапалы өзгерістер орын
алды. Егер 1992 жылы мемлекеттік азаматтық жоғары оқу орындарының ПОҚ 17100
адамды құраса , 209-2010 оқу жылы 39200 адамды құрады [16].
Жоғары оқу орындарындағы ғылыми дәрежелі қызметкерлер пайызының
артуына ең алдымен ғалымдардың ғылыми ұйымдардан жоғары білім беру жүйесіне
ауысуы себеп, сондай-ақ берілген ғылым докторы мен кандидаты дәрежелері
санының өсуі.
2005 жылдан бастап шетелдік оқытушыларды және кеңес берушілерді жұмысқа
тарту үшін екі жоғары оқу орнына (Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетіне және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне )
республикалық бюджеттен 2 млн доллар бөлінеді ( әр жоғары оқу орнына 1млн.
теңгеден).
Халықаралық білім берудің стандартының жіктеушімен (ХБСК)
үйлестірілген және Болон декларациясының негізгі ережелеріне сәйкес жаңа
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының жіктеуіші
әзірленді.
Мамандарды даярлауда үш деңгейлі үлгісіне көшу жүзеге асырылды:
бакалавриат-магистратура-докторанту ра. Аспирантура, докторантура Ph.D
докторантурасы болып өзгертілді. Қазақстан Республикасы Болон
декларациясына қосылды. 30 жоғары оқу орны Университеттеріне Ұлы Хартиясы
қол қойды. Халықаралық жаңа ақпараттық технологиялар университеті (Алматы
қ.), Назарбаев Университеті (Астана қ.) жұмыс істейді.
Жоғары білім беру сапасын бағалаудағы халықаралық тәжірибені ескере отырып,
мемлекеттік аккредиттеу рәсімі енгізілді [17].
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы
мақұлданды. Дарынды жастарды қолдау үшін Дарын Мемлекеттік жастар сыйлығы
тағайындалды (1992).

2.3 Шығыс Қазақстандағы білім бер жүйесі
Білім беру жүйесінде сапалы және қол жететін білім беру қызметін
ұсынуды қамтамасыздандыру, ауылдық білімді дамыту, апатты ауыл мектептерін
қалпына келтіру бойынша жұмыстары өткізілуде. 2005-2007 жылдарға арналған
білім беру ұйымдарында күрделі жөндеу жүргізу және материалдық-техникалық
базасын нығайту бойынша өңірлік бағдарлама жүзеге асырылуда.
Облыста 85 мектепке дейінгі балалар ұйымдары, соның ішінде 75
мемлекеттік, 834 – жалпы орта білім беру ұйымдары, соның ішінде 824
мемлекеттік, олардан 795 күндізгі мектеп, 8 кешкі мектеп, 16 коррекциялық,
5 ведомстволық және 10 мемлекеттік емес мектептер жұмыс істеуде. Облыстағы
кәсіптік білім беру жүйесі 41 кәсіби мектеп, 51 колледж, 10 ЖОО-мен
ұсынылған. Мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту бойынша, 5-6 жастағы
балалардың мектепке дейінгі дайындығына қол жеткізуін қамтамасыздандыру
бойынша шаралар қолданылды. Облыстағы жалпы білім беру мектептерінің
жанында 3,0 балалар контингенті бар 161 мини-орталық жұмыс істеуде. 5-6
жастағы балалардың мектепке дейінгі дайындығы 100% құрады [18].
Соңғы жылдар ішінде жалпы білім беру мектептерінде оқушылар
контингентінің төмендеу бетбағыты бұрынғыша сақталуда. Мысалы. 2004-2005
оқу жылында 238,6 мың оқушы есепте болса, 2005-2006 оқу жылында -224,1 мың
оқушы, 2006-2007 оқу жылында олардың саны 211,0 мың адамды құрады. Оқушылар
контингентінің жоқ болуы ауылдық шағын комплекті метептердің санын
азайтады: 2004 жылы 808 күндізгі жалпы білім беру мектебі жұмыс істесе,
2005 жылы – 804, 2006 жылы – 795 мектеп жұмыс істеді (сурет 1).

Cурет 1 Білім беру обьектілері санының өзгеру динамикасы, бірлік

Облыстың кәсіптік білім беру желісі сақталған. Оның ары қарай дамуы
бойынша шаралар қолдануда. Мысалы: 2006 жылы Қазақстан Республикасы Әділет
Министрлігі жанынан 2 мемлекеттік кәсіби мектеп және 4 мемлекеттік емес
колледж ашылған. Жұмысшы және орта звенодағы мамандарды даярлау 57 кәсіп
бойынша және 103 мамандық бойынша жүргізіледі және барлық экономика
салалары үшін жүзеге асырылады [18].
Соңғы жылдар ішінде бастауыш және орта кәсіптік білім алуға қол жетіп,
мүмкіндік көбейді. Былтырғы жылмен салыстырғанда кәсіптік мектептерде
бюджет негізінде оқитындардың саны 1,6%, ал колледждерде оқитындардың саны
-9 %көбейді.
Облыста әлеуметтік серіктестіктің дамуына көп көңіл бөлінеді. Бұл
оқушылардың … жалғасы

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!