Қазақстан Республикасындағы халықтың әлеуметтік — экономикалық жағдайы

0


Қазақстан Республикасының демографиялық даму аспектілері

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3
1 Қазақстан Республикасындағы халықтың әлеуметтік-экономикалық
жағдайы 6
1. Қазақстанның дамуына әсер етуші экономико-географиялық
факторларды зерттеудің теориялық проблемалары 6
2. Қазақстандағы демографиялық және экономикалық аспектілерді
зерттеудің теориялық проблемалары
11
1.3 Халықтың ұдайы өсуінің әлеуметтік бағдарламалары 18
2 Қазақстан Республикасындағы халық санағы 28
2.1 Қазақстан Республикасындағы халық санағын өткізудің тарихи
аспектілері
28
2.2 Тәуелсіз Қазақстандағы халық санағын өткізудің ерекшеліктері 32
3 Қазақстан халқының демографиялық проблемалары 37
3.1 Халықтың ұдайы өсу және орналасу географиясы (халықтың саны,
табиғи өсімі және орналасу тығыздығы) 37
3.2 Халықтың миграциясы 50
3.3 Қазақстан халқының жыныстық-жас құрылымы, ұлттық құрамы 55
Қорытынды 65
Қолданылған әдебиеттер тізімі 68
КІРІСПЕ

Кез келген мемлекеттің ең негізгі байлығы – оның халқы болып табылады.
Сондықтан елдің демографиялық жағдайын бақылау, зерттеу, жақсарту
проблемалары ешқашан мемлекет назарынан тыс қалмай, керісінше, елдегі
демографиялық жағдайдың қазіргі таңдағы ахуалын ескере отырып, оның
жақсаруына арналған іс-шараларды үздіксіз жүргізу керек.Бүгінгі таңда
Қазақстан Республикасының демографиялық көрсеткіштері ТМД елдерімен
салыстырғанда жоғары деңгейде екендігі сөзсіз. Елімізде демократиялық
көзқарас қалыптасқан. Яғни, Қазақстанның әрбір азаматы өз ойын, ұсынысын
еркін жеткізе алады және мемлекет тарапынан оған ешқандай шектеу
қойылмайды. Еліміздің президенті Н.Ә Назарбаевтың дұрыс саясаты нәтижесінде
Қазақстанның демографиялық жағдайы жылдан жылға өсіп келеді. Жүздеген
ұлттар мен ұлыстардың тоғыстан аймағы – Қазақстан Республикасы бүгінде
өзінің әлеуметтік саладағы жеткен жетістіктері мен халыққа көрсетіліп
жатқан қызметтердің жоғары деңгейімен мақтана алады. Өзінің халқына дәл
біздің еліміз сияқты қолдау көрсетіп, мемлекет тарапынан жеңілдіктер
жасалынып, азаматтардың игілігі үшін көптеген игі іс-шаралар жүргізіп,
халықты өз қамқорлығына алып отырған мемлекеттер әлем бойынша саусақпен
санарлықтай ғана. Сол себепті, Қазақстан Республикасындағы демографиялық
даму аспектілерін кешенді түрде жан-жақты зерттеу қазіргі таңдағы ең басты
проблема болып саналады.
Ғылыми жұмыстың өзектілігі – Қазақстан Республикасы президенті
Қазақстан – 2030 атты стратегиялық жоспарында мемлекеттің даму деңгейінің
негізгі көрсеткіші – елдегі халықтың демографиялық жағдайы екендігін ерекше
атап өтті. Қазақстан Республикасының қазіргі таңда көздеген негізгі мақсаты
елдегі халық санын арттыру болып табылады. Сондықтан Қазақстандағы
демографиялық жағдайды зерттеу, халық өсімін көбейтудің жаңа жолдарын
айқындау, халықтың әлеуетін арттыру сияқты проблемалар әрқашан өзектілігі
жоғары болып табылады.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасындағы
халықтың демографиялық ахуалы мен демографиялық даму аспектілерін кешенді
түрде зерттеу, Қазақстан Республикасы аумағындағы қазіргі демографиялық
процестердің негізгі ерекшеліктері мен демографиялық проблемаларды анықтау
және оларды шешу жолдарын қарастыру болып табылады. Ғылыми зерттеу
жұмысының алдыға қойылған мақсаттарына сәйкес зерттеу барысындағы негізгі
міндеттер де айшықталды.
Ғылыми зерттудегі негізгі міндеттер:
– Тарихи кезеңдерде Қазақстан Республикасы территориясында
ұйымдастырылған халық санақтарының маңызы мен ерекшеліктерін
анықтау;
– Қазақстан халқы ұдайы өсуінің қазіргі кездегі типінің қалыптасуы
тұрғысындағы теориялық сұрақтарды зерттеу;
– Халықтың туу, өлімі және табиғи өсімі процестерін зерттеу;
– Еліміздегі халықтың этникалық құрамы мен елдегі этникалық ұдайы
өсу ерекшеліктерін саралау;
– Қазақстан аумағындағы негізгі миграциялық үрдістердің
динамикасын сипаттап, оның халықтың ұдайы өсуімен байланысын
анықтау;
– Мемлекеттегі азаматтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен
оларға әсер ететін факторларды анықтау;
– Халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруы үшін жасалынуы тиіс іс-
шараларды қарастыру;
– Қазақстан Республикасы аумағындағы негізгі демографиялық
проблемаларды сипаттау.
Әдістемелік негіздері – диплом жұмысының негізіне халықтар
географиясын және мемлекеттегі демографиялық процесстерді зерттеумен
айналысқан ғалымдар В.П.Максаковский, Н.Н.Баранскийдің және қазақстандық
А.Ғали, М.Тәтімов сияқты ғалымдардың теориялық зерттеулері мен еңбектері
жатады. Зерттеулер барысында статистикалық, аналитикалық, географиялық
зерттеу әдістері қолданылды. Статистикалық материалдарды жинақтау Қазақстан
Республикасының Статистика Агенттігінің Бас Басқармасы арқылы жүзеге
асырылды.
Ғылыми жұмыстың жаңашылдығы – бұл диплом жұмысында біз тарихи-
географиялық аспектіде Қазақстан аумағында өткен үш халық санағының
материалдарын жинадық және соның негізінде елдегі демографиялық
процесстерге анализ жасадық. Қазақстан Республикасында өткен халық
санақтарының ерекшеліктері айқындалып, олардың маңыздылығы сараланды.
Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін жүргізіліп жатқан
бағдарламаларды анализдеп, олардың деңгейін жоғарылатып, дамыту жолдары
ұсынылды.
Ғылыми жұмыстың практикалық қолданылуы — бұл ғылыми жұмысты орта
мектептердің мұғалімдері, колледждер мен жоғарғы оқу орындарының
оқытушылары Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық географиясы пәнінде
Қазақстан Республикасының халқы, экономикалық-әлеуметтік жағдайы
тақырыптарын өткенде көмекші құрал ретінде, анықтамалық, статистикалық
жинақ ретінде пайдалана алады.
Диплом жұмысының көлемі 70 бет, ол кіріспе, 3 негізгі бөлім, қорытынды
және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бітіру жұмысының құрамында
барлығы 7 кесте, 15 сурет ұсынылды. Бірінші бөлімде Қазақстан
Республикасындағы халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, Қазақстанның
дамуындағы экономико-географиялық факторлар мен демографиялық және
экономикалық аспектілерді зерттеудің теориялық проблемалары қарастырылған.
Елдегі демографиялық жағдайдың дамуы және оның ілгерілеп, жақсаруы көп
жағдайда халықтың тұрмыс-тіршілігіне, табыс көздері мен білімділігіне,
денсаулығына байланысты болып келеді. Ал, осы аталғандар негізінен
республиканың экономикалық жағдайы мен экономикалық дамуына, экономикалық
күштілігіне сәйкес өзгереді. Елдің экономикасы неғұрлым тұрақты болса,
елдегі демографиялық жағдай да соғұрлым жақсарып, тұрақтанады. Сол себепті
мен диплом жұмысында Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайы мен
оның даму ерекшеліктерін қарастырдым. Екінші бөлімде Қазақстан
Республикасындағы халық санағын өткізудің тарихи аспектілері, тәуелсіз
Қазақстандағы халық санағын өткізудің ерекшеліктері сипатталды. Жұмыстың
үшінші бөлімінде Қазақстан халқының демографиялық проблемалары
қарастырылып, олардың өзектілігі мен шешу жолдары ұсынылды.
Диплом жұмысының негізгі ақпараттық базасына 1999 және 2009 жылдары
Қазақстан аумағында жүргізілген Халық санағының материалдары,
статистикалық жинақтардан алынған статистикалық материалдар, монографиялар
мен периодикалық баспа құжаттары кіреді. Халықтың өмір сүру деңгейі
статистикалық жинағында кестелік және графиктік материалдар бар, олар
еліміздегі халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын сипаттайды. Қазақстан
халқының демографиялық жағдайы (халық саны, жыныстық-жастық құрылымы,
ұлттық құрамы, т.с.с.), халықтың ауылдық және қалалық жерлерде орналасу
ерекшеліктері, халықтың тууы, өлімі және табиғи өсімі, жанұялардың көлемі,
миграция түрлері және мигранттардың ұлттық құрамы туралы статистикалық
материалдар ұсынылған. Республикадағы халықтың ұдайы өсу географиясы мен
халықтың ұдайы өсуіне арналған әлеуметтік бағдарламалар сипатталған.
Қазақстандықтардың туу және өлім динамикасындағы негізгі ерекшеліктер мен
оларға әсер етуші факторлар, себептер анықталып, сипаттама берілді. Диплом
жұмысындағы кестелерде Қазақстан халқының аймақтар бойынша туу
коэфициенттері, халық санының көрсеткіштері туралы ақпараттар ұсынылған.
Демографиялық проблема – қазіргі заманғы ең жаһандық сипатқа ие болған
проблемалардың бірі. Қазақстандағы және жалпы әлемдегі ғалымдар әлеуметтік-
демографиялық құрылымды анализдеп, зерттеу — тиімді демографиялық саясат
бағыттарын дайындауға зор мүмкіндіктер туғызады және қоғамдағы әртүрлі
топтарға қолдау жасауға ықпал етеді деген нақты тұжырымдарды алға тартып
отыр. Менің ойымша бұл өте дұрыс тұжырым, себебі дұрыс бағытталған
демографиялық саясаты жоқ ешбір мемлекет қарқынды дамып, өркендей алмайды
және әлемдік нарықта да ондай елдердің маңыздылығы жойылады. Сол себепті
диплом жұмысында осы аталған проблемалар толығымен сипатталып, оларды шешу
және алдын алу туралы іс-шаралар қарастырылды.
Диплом жұмысындағы зерттеулердің қорытындылары 2010 жылы сәуір айында
өткен С.Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттерінің ғылыми-іс-тәжіребелік
конференциясында оқылып, соның негізінде ғылыми мақала жарияланды.
Диплом жұмысының авторы ғылыми зерттеу жұмысы барысында жан-жақты
көмек көрсетіп, ғылыми бағыт-бағдар бергені үшін диплом жұмысының жетекшісі
г.ғ.к., доцент Бейсембаева Роза Сейдахметқызына және география құжырасының
оқытушыларына зор алғыс білдіреді.

1 Қазақстан Республикасы халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайы

1.1 Қазақстанның дамуына әсер етуші экономико-географиялық
факторларды зерттеудің теориялық проблемалары

Орталық Азия аймағында ұзақ ғасырлар бойы геосаяси кеңістікте көптеген
елдер өз мүдделерін көздеген болатын. Қазақстан Республикасы — Еуразия
құрылығының қақ ортасында орналасқан ішкі континентальді мемлекет. Кеңес
Одағының ыдырауы нәтижесінде пайда болған мемлекеттің қалыптасуы Орталық
Азия аймағындағы саяси климаттық жағдайдың қалыптасуына ықпалын тигізді.
Еліміздің физико-географиялық орналасуының ел экономикасына, сыртқы
саясатына және жалпы елдегі болып жатқан процестерге әсері жоғары болып
табылады. Қазақстан республикасы әлем бойынша өсу қарқыны бар елдердің
серіппелі тобына кіреді.
Бүгінде әлемнің дуалы ауыз сарапшылары, тіпті экономикадан аздаған
хабары бар жалпы жұртшылық Қазақстанның әлемдік қаржы-экономикалық
дағдарысына қарсы қабылдаған іс-шараларына ерекше жоғары баға беруде. Шын
мәнінде жаһанды тұралатқан дағдарыстан Қазақстан басқа елдермен
салыстырғанда, ешбір күйзеліссіз шыққанын уақыттың өзі дәлелдеп берді.
Мемлекет басшысының көрегендікпен дер кезінде қабылдаған бірлескен іс-қимыл
бағдарламасының арқасында еліміз дағдарыс қиындықтарын жеңіп қана қоймай,
экономикалық салалардың барлығында дерлік тұрақтылық пен өсімге қол
жеткізді. Бүкіләлемдік банктің саралауы бойынша, Қазақстан орта деңгейлі
табысы бар елдердің тобына кіреді. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік
жылдарында орнықты экономикалық өсуі қамтамасыз етіліп, соның негізінде
жеке бастамашылық пен кәсіпкерлік қанат жайып, сыртқы сауда мен инвестиция
тартылымы белсенділікке ие болды. Елбасымыз атап өткендей еліміз алдына
қойған мақсаттарды, игі жобаларды толығымен жүзеге асырып, жаңа он жылдыққа
нық қадам жасады. Қазақстан өз экономикасының өтпелі кезеңін табысты
аяқтап, жаңа сапалы қадам — әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің
қатарына кіруге ниет білдіріп отыр [1].
БҰҰ-ның 2009 жылы өткізген Кедергілерден өту: адамзат мобильділігі
және дамуы баяндамасында адамзаттың даму индексі туралы мәліметтер
қарастырылған, бұл көрсеткіш мемлекет дамуының басты көрсеткіші ретінде
аталынды. БҰҰ Адамзат потенциалының даму индексін пәкістандық экономист
Махбуб уль-Хак жасаған, соның негізінде БҰҰ 1990 жылдан бастап жыл сайын
осы индекстің әлем елдеріндегі көрсеткіштерінің өзгеру динамикасын анықтап
отырады. Аталмыш индекс елдегі халықтың өмір сүру ұзақтығы, сауаттылық
деңгейі, нақты табысы тұрғысынан мемлекеттің жыл сайынғы жетістіктерін
өлшейді. Сол өлшемдердің негізінде БҰҰ сарапшылары жыл сайын мемлекеттердің
даму индекстерінің деңгейін есептеп, мемлекеттердегі индекстің өзгеру
динамикасын анализдейді және осы көрсеткіш бойынша көшбасшыларды анықтап
отырады (сурет 1).

. 0,950 және жоғары . 0,750–0,799 . 0,550–0,599 . 0,350–0,399
. 0,900–0,949 . 0,700–0,749 . 0,500–0,549 . 0,350-тен
. 0,850–0,899 . 0,650–0,699 . 0,450–0,499 төмен
. 0,800–0,849 . 0,600–0,649 . 0,400–0,449 . мәлімет жоқ

Сурет 1. БҰҰ-ға мүше елдердің адамзат потенциалы дамуы индексінің
әлемдік картасы (2009 жылдың қорытындысы бойынша)
Суретке сәйкес, адамзаттың даму индексі көрсеткіші бойынша БҰҰ
ішіндегі ең жоғары көрсеткіш 2009 жылы Норвегия мемлекетіне тиесілі,
мұндағы халықтың өмір сүру ұзақтығы көрсеткіші әлем бойынша жоғары
көрсеткішке жатады — 80,5 жас, ал ІЖӨ жылына жан басына шаққанда — 72,305
АҚШ долларына тең. Қазақстан Республикасы бұл көрсеткіш бойынша барлығы 182
елдің ішінде 82-ші орынға ие. Бұрынғы Кеңес Одағы құрамында болған мемлекет
үшін бұл жақсы көрсеткіш деуге болады. Сонымен қатар, өткен жылдың
қорытындылары бойынша басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанда Адамзаттың
даму индексі жылдан жылға тек оң дәрежеге арту үстінде, бұл еліміздің келер
жылдары да бірер сатыға жоғарылайтынын білдіреді [2].
Қазақстан Республикасының макроэкономикалық дамуында 2009 жылы да
түбегейлі бетбұрыс болды. Қазақстан Республикасы 2009 жылдың қорытындысы
бойынша БҰҰ-ға мүше елдердің ішінде ІЖӨ жан басына шаққандағы көлемі
бойынша 74-ші орынға ие. ТМД елдері арасында Қазақстан жан басына
шаққандағы ІЖӨ көрсеткішінен Ресей мен Белорусь Республикасынан (сәйкесінше
10845 және 7918 АҚШ долл) кейінгі үшінші орынға ие (7857 АҚШ долл).
Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігінің 2009 жылдың 1
қаңтарындағы мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанның аймақтары бойынша адамзат
даму индексінің жоғарғы көрсеткіші: Астана (0,899), Алматы (0,86)
қалаларында және Ақтөбе облысында (0,82), ал ең төменгі көрсеткіші:
Солтүстік Қазақстан (0,78), Алматы (0,78) және Ақмола (0,79) облыстарында
тіркелген. Еуразиялық қайта құру және даму банкі Қазақстандағы ІЖӨ 2011
жылы 5,3%-дық деңгейде өседі деген болжамдар жасап отыр, ал биылғы жылы
оның көлемі бұрынғыдай 3,5%-дық өсім деңгейінде ғана болады деген
тұжырымдар жасалынды. Қазақстан экономикасы жыл сайын 9-10% қарқынмен өсіп
келеді. 2000 жылмен салыстырғанда 2008 жылы жоспарланған мерзімнен екі жыл
бұрын республика ІЖӨ-нің көлемі 2 еселенді, мемлекетіміз әлеуметтік
міндеттемелерді тиімді орындады. Өткен онжылдық бойынша жалпы елдің ІЖӨ 5
есеге артты (22 млрд. АҚШ долларынан 100 млрд. долларға дейін). 2009 жылғы
3-тоқсаннан бастап экономикалық өсудің кейбір қалпына келуі байқалады, ол
2009 жылдың бірінші жартыжылдығында нақты ІЖӨ-нің айтарлықтай төмендеуін
өтеді. 2009 жылдың алдын ала қорытындылары бойынша нақты ІЖӨ 1,1%-ға
ұлғайды [3].
2009 жылы экономиканың өсу қарқынының 2007-2008 жылдардағыға қарағанда
төмен болуына қарамастан мемлекеттік қолдау шаралары экономика
субъектілерінің оң күтулерін қалпына келтіруге және экономикалық ахуалды
тұрақтандыруға зор мүмкіндік туғызды. Қазақстанның экономикасындағы
инфляциялық әлеует 2009 жылы ең төменгі деңгейде болып, оның төмендеуі
байқалды. 2009 жылдың қорытындылары бойынша инфляцияның көлемі 6,2%
деңгейінде (2008 жылы желтоқсанда – 9,5%-ды құрады) қалыптасты. 2009 жылы
экономиканың артуы 1,1%, өнеркәсіпте 1,7% болды [4].
Қазақстанда 2008 жылдың басында әр қазақстандыққа шаққанда жылдық
орташа ішкі жалпы өнім 7 мың АҚШ доллары көлеміне жетті. Мұндай көрсеткішке
посткеңестік аймақта жете қойған ешқандай мемлекет жоқ. Тіпті даму қарқыны
бәсеңдемей отырған алып Қытайдың өзінде жан басына шаққандағы жылдық ішкі
жалпы өнім мөлшері 2 мың долларға зорға жетті. Ресейде бұл көрсеткіш 3,7
мың доллармен шектелуде. Бізбен деңгейлес мөлшерде тұрған тек Балтық
жағалауы елдері. Соңғы 6-7 жылда қарқынды дамығанымыз соншалықты, ішкі
жалпы өнімнің өсімі әр жыл сайын орта есеппен 10%-дан жоғары болуын
қамтамасыз ете алдық. 2007 жылғы қорытынды бойынша, әрине, жан басына
шаққандағы ішкі жалпы өнімнің өсімі ел тұрғындарының тұрмысында
сезінерліктей оң өзгерістер әкелуде. Мәселен, әлем елдерінде жан басына
шаққандағы жылдық ішкі жалпы өнім мөлшері қанша болса, жұмысшы-
қызметкерлердің орташа жалақы мөлшері сол көлемде. Айталық, АҚШ-та жан
басына шаққандағы орташа ішкі жалпы өнім 59 мың долларды құрайды. Дәл
осыған сәйкес мұндағы орташа жылдық жалақы мөлшері де дәл сол көлемде. Бұл
Жапонияда да, Норвегияда да солай. Демек, біздің елде орташа жалақы мөлшері
7 мың доллар көлемінде болуға тиіс. Бұл – айлық жалақы 70 мың теңге болуы
керек деген сөз. Ал мәліметтер жинаушы, еліміздің статистика агенттігінің
ресми дерек көздерінде қазақстандықтардың орташа жалақысы 2007 жылы 55 мың
теңгені құрады делінген. Олай болса, қазақстандықтар ішкі жалпы өнімге
сәйкес алуға тиісті жалақыдан айына 15 мың теңгені кем алып отыр. Ал
мемлекет ұтылып тұрған жоқ. Бұл 15 мың теңге ұлттық қордағы қазынаны
молайтып жатыр. Турасына келсек, ол – қазақстандықтардың қалтасына түсуге
тиісті ақша. Неге бұл ақшаны отандастарымыз ала алмай жүр? Міне, осы
мәселені Елбасымыз өзінің жолдауында атап көрсеткен. Өйткені бізде
макроэкономика өсіп барады да, микроэкономикаға көңіл бөлінбей келеді.
Өсім, негізінен, банк секторы мен табиғи шикізаттар өндірісі арқылы
қамтамасыз етілді. Бұл – жалпы мемлекеттік өсімді қомақты көрсеткенімен,
жекелердің өсіміне қатысы аз тұс. Жекелер тек шағын және орта
кәсіпкерліктің дамуы арқылы ғана жағдайын жақсарта алады. Нарықтық қоғамда
өмір сүріп жатқан барлық мемлекетте ішкі жалпы өнімнің 70-80%-ы елдегі
кәсіпкерліктің 70-80%-ын құрайтын шағын және орта топтағылардан алынады.
Бізде бұлай болмай тұр. Елбасымыз Ұлттық қорларда 40 миллиард долларға жуық
қаржы жиналғанын, солай бола тұрса да шағын және орта кәсіпкерліктің
дамуына қолдаудан гөрі кедергі басымдығын атап көрсетті. Егер таяудағы
жылдарда Үкімет шағын және орта кәсіпкерлікті қолдап дамыта отырып
натуралды өнім молшылығын жасай алса, қазақстандықтар жан басына шаққандағы
ішкі жалпы өнім мөлшеріне сай жалақы ала алады. Олай жасай алмаса, бұрынғы
күйімізде қала береміз. Меніңше, Елбасымыз өзінің айтқанын орындататын
бұрынғы дәстүріне қарай енді Үкіметке талапты күшейтеді. Сол бойынша
қазақстандықтардың дамуы сандық емес, сапалық мәнге ие болады.
Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД елдерінің ішіндегі ең озық жүйенің бірі
деп танылды. Банк секторы өз дамуында Достастықтың басқа елдерінен
айтарлықтай алдыңғы қатарда келеді. Қазақстан банктерінің жиынтық активтері
(50 млрд. АҚШ долларынан астам) Украина банктерінің жиынтық активтеріне
теңеседі. Қазақстан Шығыс Еуропа елдерінің бірқатарынан алдыңғы қатарда.
Қазақстанның капиталы сыртқы нарықта белсенді орын алуда. Қазақстандағы
Ұлттық Қордың жалпы халықтық резервтері мен активтері бүгіннің өзінде 50
млрд. доллардан асып түсіп, соңғы 10 жылда 25 еседен астам жоғарылады.
Мемлекет басшысы Ұлттық қордан ешқандай заемдар, басқаша қосымша
трансферттер бюджетке бағытталмайтынын жеткізді. Осы мәселелерді ескере
отырып, 2020 жылға қарай Ұлттық қордың активтілігі 90 миллиард АҚШ
долларына дейін өсуі тиіс. Бұл ішкі жалпы өнімнің 30%-ынан кем емес
көрсеткішіне тең болады деп жоспарлануда. Кез-келген мемлекет бәсекеге
қабілетті болу үшін ондағы халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейі жоғары
дәрежеде болуы шарт. Сол себепті де елдің экономикалық жағдайы неғұрлым
дамыған сайын, мемлекеттегі азаматтардың да ахуалы соғұрлым жоғарылай
береді. Қазақстанның алдына қойып отырған негізгі мақсаты да осы болып
табылады [4].
Қазақстан Республикасы әлемдегі инвестиция үшін аса тартымды 20
мемлекеттің қатарында. Қазақстан экономикасына тартылған тікелей шетелдік
инвестициялар көлемі 70 миллиардтан астам АҚШ долларына жетті. Өз кезегінде
қазақстандық бизнес те шет елдерге белсенді инвестиция салуда (26 млрд. АҚШ
доллары). Қазақстандағы Ұлттық қор қаржысын қоса есептегенде, елдің
халықаралық активтері 40 миллиард АҚШ долларынан асады. Қазақстан
Республикасында бизнесті дамыту үшін барынша жайлы жағдай жасалған. Ал,
бұның өзі ең алдымен елдегі халықтың игілігі үшін жасалынған іс-шаралар.
Тәуелсіздікті сан ғасырлар бойы аңсап келген қазақстандықтардың бүгінгі
таңда жағдайлары жақсарып, халықтың ұдайы өсімінде де оң нәтижелер көріне
бастады. Ол ең алдымен ел экономикасының дамуымен тығыз байланысты
екендігін атап өтпеу мүмкін емес. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы –
жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор үлес қосып
отырған мемлекет болып табылады. Қазақстанның ұлан-байтақ даласында табиғи
қазба байлықтары да сан алуан. Олар Қазақстанның қазіргі экономикалық
жағдайын шешуші факторлардың бірі болып табылады. Еліміз әлемде мұнай қоры
бойынша – 7-ші орынды, газ қоры бойынша – 6-ші орынды, уран қоры бойынша –
2-ші орынды иеленеді. 2017 жылы Қазақстан әлемдегі ірі мұнай және газ
өндірушілер мен экспортқа шығарушыларының ондығына кіруді жоспарлап отыр.
Сонымен бірге, Қазақстанда тау-кен саласы, түсті және қара металлургия,
машина жасау, құрылыс индустриясы, шағын және орта бизнес және басқа да
көптеген салалар серпінді дамуда. Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына
кіруге әзірлік үстінде және іс жүзінде заңнамалық базаны ДСҰ-ның
талаптарына сәйкестендірді [5].
Қазақстан Республикасында 2010 жылдың алғашқы үш айының қорытындысы
бойынша экономиканың барлық негізгі салаларында өткен жылдың сәйкес
мерзімімен салыстырғанда айтарлықтай өсім байқалады. Мәселен, бірінші
тоқсанда 2009 жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткіштермен салыстырғанда
өнеркәсіп 11,5%, ауыл шаруашылығы – 2,4%, сауда – 11,5%, көлік – 5,2%,
байланыс 4,5%-дық өсімге қол жеткізген. Экономиканың барлық саласына
салқынын тигізген әлемдік қаржы дағдарысынан кейін бұлайша көтерілу үрдісі
басқа ешбір елдің даму тәжірибесінде орын алған жоқ. Сауда саласы да жақсы
даму көрсеткіштерін көрсеткен. Мысалы, бірінші тоқсанда ішкі саудадағы
тауар айналымының көлемі 10,5%-ға өскен. Бұған дүкендердегі сауда
айналымының 13,8%-ға өсуі және жеке кәсіпкерлердің сауда айналымы 60%-ға
өсуі оң ықпал еткен. Яғни, еліміздің саудасы іштей қайнау үстінде. Бірінші
тоқсанда жүк тасымалдау көлемі былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда
13,3%-ға ұлғайып отыр. Сондай-ақ пошта және курьерлік қызмет 5%-ға,
байланыс қызметтері 4,5%-ға өскен. Тоқсан қорытындысы бойынша сауда
саласында оң сальдо қалыптасуда. Алғашқы екі айдың қорытындысы бойынша бұл
көрсеткіш 5,4 миллиард АҚШ долларын құрады. Бұған Қазақстан тауарлары
экспортының 60%-ға өсуі қолайлы әсер етті. Ал шеттен келетін тауарлар
импорты 17,7%-ға қысқара түскен. 2010 жылдың бірінші тоқсанында
республикалық бюджеттің кірісі 981 миллиард теңгені, ал шығысы 1 триллион
400 миллион теңгені құрады. Қазақстанда 2010 жылдың бірінші тоқсанында
барлық облыстар бойынша ішкі жалпы өнім көлемі мен индустрияландыру
жобаларының жүзеге асырылуы оң көрсеткіштерге ие болған. Қазақстан
экономикасының барлық салаларында өсім байқалып отыр. Әсіресе, Қостанай,
Павлодар, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында даму қарқыны жоғары.
Осындай экономика саласының өсімі халықтың әл-ауқатының жақсаруына зор
мүмкіндіктер туғызып отыр [6].
Елбасының Жарлығымен 2010-2014 жылдардағы үдемелі индустриялық-
инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама бекітілді. Еліміздің
Үкіметі осы бағдарламаны іс жүзіне асырудың нақты шараларын белгіледі. Нақ
осы шаралар шеңберінде жасалған “Индустрияландыру картасына” жалпы құны 7,4
триллион теңгені құрайтын 240 ірі жоба енгізілді. Бұл – ел экономикасының
серпінді дамуына жаңа қарқын беріп, жүз мыңдаған адамды тұрақты жұмыспен
қамтамасыз етеді деген сөз. Бұл – жаңа экономикалық өрлеу жолындағы
Қазақстанға жаңа мүмкіндіктер ашады деген сөз [5].
Қазақстанның Еуразиялық кеңістікте орналасуы және өзіндік экономикалық
әлеуеті еліміз ТМД елдері ішіндегі басты орындағы мемлекет ретінде
қарастырады. Кез келген мемлекет егер экономикалық және саяси алғышарттары
болса әлемдік аренаға өзінің белсенділігін көрсете алады. Қазақстанның
экономикасы өзінің бай табиғат ресурстарымен, экономикалық әлеуеті
арқасында әлемдік нарықтан өз орнын таба алды. Қазақстанның тәуелсіздік
жылдары қол жеткізген табыстары барысында әлемдік деңгейде жан-жақты қарым-
қатынастар орнату арқылы көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болып отыр.
Оған мысал ретінде биылғы жылы еліміздің Еуропадағы Қауіпсіздік және
Ынтымақтастық және Шанхай Ынтымақтастық ұйымдарына төрағалық етуін
мақтанышпен атап өтуге болады.
Қазіргі таңда елдегі экономико-географиялық факторларды қарастырғанда
ғалымдар біршама проблемалармен соқтығысатынын жоғарыда атап өттік.
Қазақстанның географиялық орналасуы оның экономикалық проблемаларын шешудің
басты факторы болып табылады. Қазақстан Республикасы Еуропа мен Оңтүстік
Шығыс Азия арасын ең қысқа жол арқылы қосып жатқан мемлекет. Әсіресе әуе
жолдары арқылы. Кез келген мемлекеттің әлемдік коммуникацияға шығуындағы ең
басты кепілдігі көрші елдермен тығыз қарым-қатынас орнау жағдайы болып
табылады. Қазақстанның геосаяси жағдайы Еуразиялық құрлықта ғана емес,
әлемдік нарықта да басты рөл атқарады. Ал, елдің геосаяси жағдайының
тұрақтылығы оның экономикасының қарқынды өсуіне, саяси жағдайының берік
болуына және елдегі демографиялық проблемаларды оңтайлы шешіп, азаматтардың
әлеуметтік ахуалының жоғарылауына, елдің бәсекеге қабілеттілігінің артуына
зор мүмкіндіктер туғызады. Сол себепті республикадағы экономико-
географиялық факторларды зерттеудің теоретикалық проблемаларын қарастыру,
оларға аса назар аудару және шешу жолдарын ойластырудың қазіргі заманда
маңызы зор.

1.2 Қазақстандағы демографиялық және экономикалық аспектілерді
зерттеудің теориялық проблемалары

Әрбір мемлекеттегі экономикаға әсер етуші маңызды факторлардың бірі –
сол мемлекеттегі экономикалық белсенді халық (жұмыс күші) деңгейі болып
табылады. Қазақстандағы экономикалық белсенді халыққа (жұмыс күші) –
материалдық құндылықты өндіруге, қызмет көрсетуге қабілетті 15 жастан
жоғары барлық тұлғалар жатады. Елдегі жалпы халықтың ішіндегі экономикалық
белсенді халықтың үлесі елдегі нарықтық экономикалық жағдайды шешуші
факторлардың бірі болып саналады. Мемлекеттегі экономикалық белсенді
халықтың жұмыспен қамтамасыз етілу мәселесі Қазақстан Республикасында
қазіргі таңда өзектілігі жоғары. Экономикалық белсенді халықты жұмыспен
қамту проблемасы қазіргі таңда тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің көптеген
дамушы елдеріне тән. Республикадағы экономикалық белсенді халықтың жұмыспен
қамтылуының деңгейі елдің әлеуметтік-экономикалық және демографиялық
жағдайына, оның қарқынды дамуына әсер ететін басты фактор. Қазақстандағы
экономикалық белсенді халық республикадағы еңбек нарығының ең басты
индикаторы болып табылады, яғни онсыз елде еңбек нарығы да бола алмайды.
Төмендегі кестеде Қазақстандағы еңбек нарығының негізгі индикаторлары
сипатталған (кесте 1).

Кесте 1
Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының негізгі индикаторлары
(2008-2010 ж.ж. І тоқсан)
Қазақстан Республикасы бойынша: Жылдар
2008 ж 2009 ж 2010 ж
Экономикалық белсенді халық, мың адам 8336,7 8413,5 8555,5
Халықтың экономикалық белсенділік деңгейі, 70,5 70,3 70,7
%
Еңбекпен қамтылған халық, мың адам 7762,9 7830,4 8029,3
Еңбекпен қамтылу деңгейі, %-бен келесі жылға:
15 және одан жоғары жастағыларға 65,7 65,5 66,4
Экономикалық белсенді халыққа 93,1 93,1 93,8
Жалдамалы жұмысшылар саны 5138,3 5199,1 5348,7
Еңбекпен қамтылған адамдардың санындағы 66,2 66,4 66,6
үлесі, %
Өз бетімен еңбек етушілер 2624,6 2631,3 2680,6
Жалпы жұмысшылардың ішіндегі үлесі, % 33,8 33,6 33,4
Жұмыссыз халық, мың адам 573,8 583,1 526,2
Жұмыссыздық деңгейі, % 6,9 6,9 6,2
15-24 жас аралығындағы жұмыссыздар саны, 108,8 100,5 81,5
мың адам
Жастардың жұмыссыздық деңгейі, % (15-24 8,1 7,7 6,1
жас)
Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі, % 2,9 2,7 2,3
Экономикалық белсенді емес халық, мың адам 3485,5 3548,8 3544,1
Экономикалық белсенді емес халық үлесі, % 29,5 29,7 29,3

Жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей елдегі белсенді халық үлесі жыл
сайын біртіндеп артуда, соған байланысты еліміздің белсенділік деңгейі де
жоғарылау үстінде. Ал, жұмыссыздық деңгейі соңғы үш жыл ішінде керісінше
төмендеген. Сонымен қатар жастар арасындағы жұмыссыздықтың көрсеткіші де
төмендеп отыр. Қазақстанда аумақтық көлемде экономикалық белсенді халық
деңгейі Солтүстік Қазақстан (76,1%), Жамбыл (75,6%), Қостанай (75,5%)
облыстарында жоғарғы көрсеткіштерге ие. Одан төменірек көрсеткіш Алматы
қаласында(62,6%), Астана қаласында (64,8%) және Шығыс Қазақстан (65%),
Маңғыстау (68,4%), Атырау (68,8%) облыстарында тіркелген. Қазақстанда
еңбекпен қамтылғандардың ішінде жалдамалы жұмысшылардың үлесі 66,6%, ал өз
бетімен еңбек етушілер үлесі – 33,4%-ды құрады. Қазақстандағы жұмыссыздар
(15 және одан жоғары жастағылар) саны 2010 жылдың І тоқсанында 526,2 мың
адамды құрап, өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 56,9 мың адамға немесе
9,8%-ға қысқарған [7].
Кестеде берілген кейбір терминдерге анықтама беріп өтсек:
Жалдамалы (ақы төленетін) қызметкерлер дегеніміз – айлықақы,
сыйлықақы, үстеме және тағы басқа немесе заттай нысанда ақы төлеу (сыйақы)
көзделген жалда шарты бойынша жұмыс істейтін адамдар. Елімізде жалдамалы
жұмысшылардың үлесі өте жоғары болып табылады. Олардың 18,8%-ы өнеркәсіпте,
8%-ы көлік және байланыс салаларында, 7,6%-ы құрылыста, 14,7%-ы білім
саласында және денсаулық сақтау мен мемлекеттік басқаруда 7%-дан келеді.
Республиканың еңбек нарығында өз бетімен жұмыс істеушілер де бар, ауыл
шаруашылығын қоспағанда (66%) өз бетімен жұмыс істеушілердің көпшілігі
сауда-саттық, автокөліктерді жөндеу, тұрмысқа қажетті заттарды шығару
орындарында (21,4%) қызмет етеді.
Өз бетінше жұмыс істейтін қызметкерлер — өз бетіше немесе бір не
бірнеше әріптестерімен жұмыс істей отырып, өз бетінше жұмыспен қамтылу
негізінде қызметпен айналысатын және тұрақты негізде қызметкерлер
жалдамайтын адамдар.
Мемлекеттегі жұмыссыз адамдарға – халықтың экономикалық тұрғыдан
белсенділігін өлшеу мақсатында белгіленген жастағы, қаралып отырған кезең
ішінде бір мезгілде 3 негізгі критерийге жауап беретін адамдар жатады:
жұмыссыз болды (табысты жұмысы жоқтар), оны іздемен белсенді айналысты,
белгілі бір кезең ішінде жұмысқа кіруге әзір болды.
Мемлекеттегі жұмыссыздық деңгейі дегеніміз – экономикалық тұрғыдан
белсенді халық санындағы жұмыссыздар санының пайызбен өлшенген үлесі болып
табылады.
Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі дегеніміз — 15-24 жас арасындағы
жұмыссыз адамдар үлесінің осы жастағы экономикалық белсенді халықтың санына
шаққандағы пайыздық көрсеткіші болып табылады. Қазақстан аумақтары бойынша
жұмыссыздар көрсеткіші әртүрлі деңгейде. Жұмыссыздықтың пайыздық деңгейі
еліміздің оңтүстік және батыс облыстарында 9%-дан артады. Тұрақты жағдай
шығыс және орталық облыстарда байқалған. Қарағанды және Шығыс Қазақстан
облыстарында бұл көрсеткіш 7%-ға жуық. Оның негізгі себебі бұл аймақтар
республиканың негізгі өндірістік орталықтар болуы [8].
Жоғарыда атап өткендей, елдегі халық экономикалық белсенді және
белсенді емес болып жіктеледі. Біз экономикалық белсенді халыққа сипаттама
беріп, қарастырдық. Ал, Қазақстан Республикасындағы экономикалық белсенді
емес халықтың құрамына келесі санаттағы адамдар кіреді:
– Зейнеттегі адамдар;
– Курсанттар (студент, аспирант, магистрант, докторанттар);
– Үй шаруасындағылар, бала бағушылар, науқас адамдарды күтушілер;
– Жұмысқа қабілеті бар, бірақ жұмыссыз жүргендер;
– Қаржысы бар, жұмыс істеудің қажеттілігі жоқ адамдар, т.с.с.
Қазақстандағы жұмысқа қабілетті халықтың сандық көрсеткіші 1989 жылдан
қазіргі уақыт аралығында 58,9%-дан 64,2%-ға көтерілді. Қазақстан
Республикасының экономика салалары бойынша жұмыспен қамтамасыз етілген
адамдардың үлесі: ауыл шаруашылығында 32%, индустриалды секторда (өнеркәсіп
пен құрылыста) 18%, оның – 12,3%-ы өнеркәсіптік кәсіпорындарда тіркелген.
Сауда, мейрамхана, қонақ үй бизнесінде, қаржы саласында, тағы басқа
коммуналдық салаларда қызмет көрсететін адамдар үлесі 23%, білім және
денсаулық сақтау салаларында 14%-ға жуық, мемлекеттік басқару органдарында
4,5%-ы қызмет етеді. Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласының 2010 жылдың
бірінші тоқсанындағы дамуы 2,4%-ды құраған. Еліміздегі бұл саланың дамуы
халықтың жалақысына, әлеуметтік жағдайына әсері зор, себебі республикадағы
халықтың басым бөлігі осы салада жұмыс атқаруда. Қазақстанның облыстары
бойынша жұмысшылардың еңбекақылары да әртүрлі көрсеткішке ие болып отыр.
Оның негізгі себебі әрбір облыстың экономикалық қарқыны мен экономикалық
мамандану ерекшеліктері (сурет 2).

Сурет 2. Қазақстан облыстары бойынша жұмысшылардың орташа
айлық жалақысы, теңге (2010 жыл 1 наурыз)
Жоғарыдағы суретке сәйкес, Қазақстан облыстары ішінде жұмысшылардың
орташа айлық жалақысының ең жоғары көрсеткіштері еліміздің батыс
облыстарында: Атырау және Маңғыстау облыстарында тіркелген. Одан кейінгі
орын республиканың басты қалалары Астана мен Алматыға тиесілі болып
табылады. Ал, жұмысшылардың айлық орташа жалақысының ең төменгі мөлшері
Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелген.
Қазақстанда экономикалық белсенді емес халықтар арасында әйелдер саны
көп, олар 62% шамасында. Көпшілігі зейнеткерлер, күндізгі бөлім оқушылары
мен студенттері Халықтың жұмысқа қабілетті бөлігі мен жас жеткіншектердің
үлесі қазіргі қарт адамдардың үлес деңгейінің сақталуына орай өсуде. Ел
экономикасында 7,2 млн адам жұмыспен қамтылған. Осы жылдың І тоқсанында
жұмыссыз ер адамдардың үлесі 42,4%, ал әйел адамдардың үлесі – 57,6%-ға тең
болды. Жұмыссыз әйел адамдар саны елімізде 303,2 мың адамды құрады, ол
жұмыссыз ер адамдардан 80,2 мың адамға артық, яғни 36,0% (кесте 2).
Кесте 2
Қазақстандағы жұмыссыз халық (жынысы мен жас ерекшелігіне
байланысты 2010 жылдың І тоқсаны)
Барлығы Соның ішінде
мың жұмыс ер адамдар әйелдер
адам сыздық
деңгейі,
%
мың адамжұмыс мың жұмыс
сыздық адам сыздық
деңгейі,% деңгейі,%
Жұмыссыздарсан526,2 6,2 — — — —
ы, барлығы
Соның ішінде жасы бойынша:
15-24 жас 81,5 6,1 38,7 5,3 42,8 6,9
25-29 жас 107,7 8,4 48,2 7,0 59,5 9,9
30-34 жас 75,9 6,0 30,4 4,7 45,5 7,4
35-39 жас 52,8 5,7 20,1 4,4 32,7 6,9
40-44 жас 53,8 5,4 23,8 4,9 30,0 5,8
45-49 жас 56,6 5,3 23,5 4,5 33,1 6,0
50-54 жас 52,7 5,9 19,0 4,3 33,7 7,4
55-59 жас 38,0 7,1 14,0 5,5 24,0 8,5
60-64 жас 7,2 4,4 5,3 4,5 1,9 4,0

Қазіргі таңда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі — 13,4%-ға тең.
Жұмыссыз жүргендердің ішінде 20-24 жас аралығындағылар басым (олар жұмыссыз
тұрғындардың 20,3%-ын құрайды). 2010 жылдың І тоқсанында жұмыссыз жастардың
(15-24 жас аралығындағылар) үлесі 15,5% немесе 81,5 мың адамға тең болды.
Жастардың жұмыссыздық деңгейі еліміздегі жалпы жұмыссыздардың 6,1%- ын
құрады (2009 жылдың І тоқсанында – 7,7%) [9].
Қазіргі таңда республикада аймақтық еңбек биржалары, жұмыспен
қамтамасыз ететін агенттіктер мен жұмыссыз жүргендерге арнап мамандық
курстары ашылып, олардың өз біліктілігін жетілдіруге жағдай жасалып отыр.
Бұл өте дұрыс деген ойдамын және де мұндай агенттіктер мен курстардың
санын, сапасын әлі де арттыруды қарастырған жөн.Біздің ойымызша, еліміздегі
жастар арасындағы жұмыссыздықты жоюдың тағы бір реті – олардың мамандық
таңдай білуі, жастарға кәсіптік бағдар беру. Еліміздің экономикасын
дамытуға инженерлік және техникалық мамандар қажет болып отыр, осындай
мамандықтарға жастарды көбірек қызықтыра білу шараларын ұйымдастырып,
оларға бағыт беру керек. Яғни, осы мамандықтарға мемлекеттік грант сандарын
арттыру сияқты іс-шаралар жүргізудің маңызы зор [10].
Еліміздің экономикасы жылдан жылға артып, дамуына байланысты Қазақстан
азаматтарының да әл-ауқаты жыл сайын артып, белгіленген жобаларға сай
әлеуметтік көмек деңгейі де ұлғайып отыратын болады. 2010 жылдың басында
халықтың жан басына шаққандағы таза табысының орташа көрсеткіші 5%-ға
артты. Айлық орташа номиналды жалақы мөлшері 2009 жылы 69756 теңгені
құрады. Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғандағы бұл көрсеткіштің өсімі
10,3%-ға тең.
Ең төменгі күнкөріс деңгейі — мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну
қоржынының құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең
төменгі тұтыну қоржыны адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ
өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық
көріністегі ең төменгі жиынтығы болып табылады. Ол азық-түлік қоржынынан
және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге жұмсалатын шығыстардың
бекітілген үлесінен тұрады. Күнкөрістің ең төменгі деңгейін есептеуге
арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін
қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну қоржыны құнының
40%-дық мөлшерінде белгіленген [8].
Мемлекет күнкөрiсi қиын отбасыларға арнайы әлеуметтiк көмек көрсетедi.
Бұл жәрдемақы Қазақсанның азаматтарына, оралмандарға, “босқын” деп танылған
адамдарға, шетелдiктерге және елiмiзде тұрақты тұратын, алайда, азаматтығы
жоқ адамдарға берiледi. Бұл жәрдемақының көлемi отбасының жан басына
шаққандағы орташа табысы мен кедейлiк шегiнiң айырмасы мөлшерiнде болады.
Ал кедейлiк шегi күнкөрiс деңгейiнiң 40%-ын құрайды.
Жан басына шаққандағы орташа ақшалай табыстың жоғары деңгейі жөнінен
2009 жылы Атырау облысы, Астана және Алматы қалалары алдыңғы орындарға ие,
мұндағы көрсеткіштер орташа республикалық мөлшерден 1,8-2,2 есеге артық.
Төмен табысты аймақтарға: Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстары жатады,
халықтың табыс мөлшері республикалық мөлшердің орташа есеппен алғанда,
71,1% және 75%-ын құрайды. Сонымен қатар, Жамбыл және Ақмола облыстарында
халықтың ақшалай табыс деңгейі жылдан жылға артуда. 2009 жылы халықтың
нақты ақшалай табысының ең жоғарғы, ең төменгі деңгейі осы аймақтар бойынша
3,1 есені құрады (2008 ж – 3,3 есе) [7].
2009 жылғы наурызда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 12243
теңгені құрады Қазақстанда 2009 жылдың шілдесінде халықтың жан басына
шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 12948 теңгені құрады.
Қазақстанда 2009 жылдың мамырында халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі
күнкөріс деңгейінің шамасы 12568 теңгені құрады. 2009 жылдың шілдесінде
Қазақстан Республикасы бойынша орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы
ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 12948 теңгені құрады, бұл оның
алдындағы айдағы көрсеткіштен 3,3%-ға артық. Статистикалық мәліметтерге
сәйкес, есепті мерзімде халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс
деңгейінің шамасы 13 жасқа дейінгі балалар үшін 10160 теңге, 14-17 жас
аралығындағы жігіттер үшін 16338 теңге, қыздар үшін 12516 теңге, 18 жастан
жоғары еңбекке қабілетті халық, соның ішінде ерлер үшін 15483 теңге,
әйелдер үшін 12293 теңге, зейнеткерлер мен қарт адамдар үшін 12111теңге
болды. Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген
орташа халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің
шамасы 2009 жылғы наурызда өткен жылдың тиісті аймен салыстырғанда 4%-ға
өсті. 2010 жылғы ақпанда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 12438
теңгені құрады. Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан
есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең
төменгі деңгейінің шамасы 2010 жылғы ақпанда өткен аймен салыстырғанда
2,4%, 2009 жылғы ақпанмен — 1,6%-ға өсті. Халықтың күнкөріс деңгейі
адамдардың жан басына шаққандағы ақшалай табысы, нақты ақшалай табыс
индексі және номиналды ақшалай табыс индекстерінің қатынасы арқылы
есептелінеді (сурет3).

Сурет 3. Қазақстан Республикасындағы халықтың ақшалай табысының
динамикасы
Қазақстандағы халықтың ақшалай табысының жыл сайын артып отырғанын
жоғарыда берілген суреттен көре аламыз. Сонымен қатар халықтың нақты
ақшалай табыс индексінің пайыздық көрсеткіші де дағдарыстан кейін өткен
жылы біршама жоғарылаған. Қазақстанда 2009 жылдың ІІІ тоқсанының
қорытындысы бойынша өмір сүру деңгейі минимумынан табысы төмен тұратын
халықтың көлемі 10,5%-ды құрады. Статистиктердің айтуынша, кедейшілік
деңгейінің төмендеуі елімізде әсіресе ауылдық жерлерде басым болып
табылады, онда 9%-дық пункттерге, ал қалалық жерлерде 2,2%-дық пунктке
қысқарған. Қазақстанда кедейшілік деңгейі төмен аймақтарға Астана және
Алматы жатады, онда кедейшіліктің көлемі 3%-дан аспайды. Қалған аймақтар 2
топқа бөлінеді. Кедейшілік деңгейі 12-15,2%-ды құрайтын топқа негізінен
өндірістік облыстар және үш ауыл шаруашылық: Солтүстік Қазақстан облысы,
Ақмола және Алматы облыстары жатады. Қалған 6 облыс кедейшілік деңгейі
жоғары топқа кіреді.
Қазақстандағы демографиялық жағдай тұрғындардың қартаюына, сондай-ақ
ішкі өсімнің түсуіне, сырттан еңбекке жарамдылардың келуіне байланысты
экономикалық белсенді тұрғындардың саны 2012 жылға қарай 8344,6 мыңға, ал
2015 жылға қарай 8238,7 мыңға түсуі мүмкін деген болжам бар. Мұндай
жағдайда қосымша жұмысшы күшіне қажеттілік 500 мың адамға артады деген
тұжырымдар келтірілуде. Егер осындай жағдай болса, онда елімізге еңбек
мигранттарының келу легі тек артатын болады және Қазақстан жұмыс күшіне
зәру елдер қатарына енетін болады [11].
Қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына кері әсерін
тигізетін проблемалардың бірі – экономикалық белсенді халықтың
жұмыссыздығы. Бірақ, соңғы жылдары Қазақстанда экономикалық жұмыссыздық
деңгейі жылдан жылға төмендеп келеді, соған орай экономикалық белсенді емес
халықтың көрсеткіштері де азаюда. Бұл республикамыздағы әлеуметтік
жағдайдың жақсаруының белгісі болып табылады. Соған қарамастан еліміздің
еңбек нарығындағы жұмыссыздар жетерлік, сол үшін елдің еңбек нарығында жаңа
жұмыс көздерін ашу, мамандарды жұмыспен қамтамасыз ету сияқты проблемаларға
аса назар аудару керек.

1.3 Халықтың ұдайы өсуінің әлеуметтік бағдарламалары.

Қазақстан Республикасының экономикалық дамуында өткен он жылдықтағы
жетістіктерін қарастыратын болсақ онжылдық нәтижелері қуантарлықтай
екендігіне көзіміз жетеді. Елімізде демографиялық жағдайға байланысты
халықтың ұдайы өсімін жоғарылатуға, халық санын арттыруға, өлім деңгейінің
төмендетугебағытталған көптеген іс-шаралар мен бағдарламалар атқарылып,
жоспарлануда. Ал, халықтың өмірінің ұзақтығы, оның денсаулығын жақсы болуы,
сауаттылығы және тағы сол сияқты өмірдің сапалық көрсеткіштері негізінен ел
азаматтарының табыс деңгейіне, әлеуметтік-материалдық жағдайы мен
күнкөрісінің сапасына байланысты болып табылады. Яғни, азаматтардың әл-
ауқаты неғұрлым жоғары болса, онда елдегі демографиялық жағдай да соғұрлым
оң көрсеткіштерге ие болып, азаматтардың өміршеңдігі ұзарып, жанұялардағы
бала саны да арта түседі, халықтың денсаулығы да қаржы мәселесіне келіп
тірелетін болғандықтан, өлім деңгейі де төмендейтін болады. Осы орайда
республика бойынша атқарылған игі істер мен жүзеге асырылған және әлі де
орындалу үстіндегі бағдарламалар аз емес. Олардың барлығы еліміздегі
азаматтардың жағдайын жақсартып, оларды мемлекет қамқорлығына алу үшін,
халықтың игі бастамаларына қолдау көрсету мақсатында жоспарланып, іске
асырылды.
Қазақстанда дағдарыс кезінің өзінде басқа елдермен салыстырғанда
экономикалық және әлеуметтік салалар аса құлдырауға ұшыраған емес,
керісінше бұл жағдай елімізде жаңа экономикалық-әлеуметтік саясат
қалыптастыруға, даму жолының жаңа бағыттарын ашуға үлкен мүмкіндік туғызды.
Дағдарыстан кейінгі кезеңде де республикадағы әлеуметтік сала Елбасының оң
назарында болып, халықтың тұрмыс-тіршілігі төмендеген емес. Дер кезінде
қабылданған іс-шаралардың арқасында көптеген жұмыстар атқарылып, оң нәтиже
берді. Елдегі әлеуметтік қамсыздандыру мен сақтандыру бойынша да жақсы
жаңалықтар енгізілді. Президент тапсырмасына сай, мемлекеттің әлеуметтік
төлемдерді көбейту жөніндегі барлық міндеттемелер өткен жылы толық
орындалды. Бұның барлығы әлеуметтік салаға аударылған ерекше назардың
нәтижесі. Солардың мысалы ретінде елдегі бюджет саласында жұмыс
атқарушылардың, зейнеткерлер мен студенттерге төленетін қаржының жыл
сайынғы өсуін атауға болады. Қазақстан Республикасының 2010-2012 жылдарға
арналған республикалық бюджет туралы заңына сәйкес 2010 жылдың 1
қаңтарынан бастап төлемдердің көлеміне төмендегідей өзгерістер енгізіледі:
– Айлық есептік көрсеткіш – 1413 теңге;
– Ең төменгі еңбекақы – 14952 теңге;
– Ең төменгі күнкөріс деңгейі – 14952 теңге;
– Ең төменгі зейнетақы мөлшері – 12344 теңге;
– Базалық зейнетақы төлемі – 5981 теңге (ЕТККД 40%-ы) [3].
Қазақстан Республикасы кезінде елі мен жері үшін халықтың игілігіне
тынбай жұмыс атқарған, қазіргі кезде зейнеткерлікке шыққан адамдарға
әрқашан қолдау көрсетіп, оларға көптеген жеңілдіктер жасап, мемлекет
назарынан тыс қалдырмайтыны анық. Осыған орай елімізде халықты зейнетақымен
қамсыздандыру деңгейін арттыру бағытында қолданылып жатқан шаралар әлемдік
тәжірибедегі жоғалтқан табысты алмастыру (40%) стандартына жақындауымызға
мүмкіндік беріп отыр. Стандартқа сай, еліміздегі алмастыру коэффициенті
ынтымақты зейнетақы жүйесіндегі зейнеткерлерде 37,6%, ал жинақтаушы
зейнетақы жүйесінің қатысушылары болып табылатын алушыларда 41,6%
көрсеткішке тең. Бұл дағдарыс жағдайында өте нәтижелі көрсеткіш деуге
болады. Қазақстанда 1,6 млн-нан аса зейнеткерлердің зейнетақысы 2010 жылдың
1 қаңтарынан бастап орта есеппен 25% арттырылды, ал 2011 жылы 11%-ға
артпақ. Бұл ретте 2011 жылға базалық зейнетақы төлемінің мөлшері
күнкөрістің ең төмен деңгейінің 50%-ын құрайтын болады.
Зейнетақыны есептеу үшін ескерілетін табыс 25-тен 28-ге еселенген
айлық есептік көрсеткішке дейін көбейтілді, яғни ол 36288 теңгені құрайды.
2009 жылдың соңындағы мәліметтер бойынша, еліміздегі базалық зейнетақы
төлемінің мөлшері 2008 жылмен салыстырғанда … жалғасы

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!