География пәнінде өлкетану жұмыстары негізінде оқушылардың азаматтылықтарын қалыптастыру мүмкіндігі

0


Диплом жұмысы

Тақырыбы: Адамгершілік құндылықты қалыптастыруда өлкетану жұмыстарының
орны

Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … …3
1. Адамгершілік тәрбиені қалыптастырудағы проблемалардың ғылыми тұрғыдан
теориялық негіздері.6
1.1 Ұлттық тәрбиенің адамгершілік құндылықты қалыптастырудағы
тәрбиелік
мәні … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … …8
2. Оқушылардың азаматтылығын қалыптастыру үшін жүргізілетін ойлардың
дамып, қалыптасуы … … … … … … . ..14
2.1 Әдеп сақтау – адамгершіліктің
белгісі … … … … … … … … … … … … … .17
2.2 География, экология сабақтарында адамгершілік құндылықты
қалыптастырудағы өлкетану жұмыстарының
мүмкіндіктері … … … … … .. … .17
2.3 География пәнінде өлкетану жұмыстары негізінде оқушылардың
азаматтылықтарын қалыптастыру
мүмкіндігі … … … … … … . … … … … … … ..22
2.4 Оқушылардың дүниетаным әрекеттерін география пәнінде қалыптастыру үшін
жүргізілген педагогикалық эксперимент жұмыстарына
талдау … … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … .31
2.5 Мектепте өлкетану жұмыстары арқылы оқушылардың азаматтық, адамгершілік
қасиеттерін қалыптастыруға жобаланған
ұсыныстар … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … .45

Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … .57
Қолданылған
әдебиеттер … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
..58
Қосымшалар … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … ..60

Кіріспе

Соңғы кезде Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін жергілікті жердегі
жағдайлар түбегейлі өзгере бастады. Өнеркәсіп және экономика салаларының
өзгеруі қоғамның мәдениетті дамуына байлансты, осы жағдайда тәрбиелік
жұмыстар басты рөл атқарады. Осындағы концептуальды пікірлер мектеп
ұжымдарына үлкен сыныптағы оқушылардың азаматтық тәрбиесін жоғары деңгейде,
шығармашылық бейімдіктерін қалыптастыру жолдарын қолдану мемлекеттік және
қоғамдық бағдарламаларда көрсетілген.
Жоғарыдағы талапты орындау мектеп жүйесінде сыныпта және сыныптан тыс
жұмыстарда мектеп географиядан өлкетану бөлімдеріне қатысты. География
ғылымы, басқа ғылымдарға қарағанда табиғат және қоғаммен тығыз байланысты.
Тек осы ғылым жүйесі оқушылардың әлемдік деңгейде ойлау қасиеттерін,
азаматтық менталитеттерін өз жерімен мақтана алатын қасиеттерін
қалыптастыра алады. Осы мақсаттарды орындау үшін басты орын өлкетануға
беріледі, бұл зерттеу жолдарды, азаматтық өзіндік жоғары деңгейдегі
қасиеттерді қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
Осы берілген бітіру жүмысында біз сана деген ұғымға педагогикалық
энциклопедиядағы сана — сезімі деген ұғымға талдау жасалынды. Сана —
сезім- адамның қоғамдағы өзін- өзі мүше ретінде өзіндік қоршаған әлеммен
де, басқа қоғам мүшелерімен де қарым – қатынасы, ойлау,сезіну және тұлға
ретінде сезіну қасиеті. Тарихи қалыптасу кезінде адамдардың қоғамдық –
еңбек іскерліктері арқылы, әрбір адамда заттарды тани алатын қоршаған
әлемдегі құбылыстарды, өзін — өзі тани алатынжағдайлар негізінде дамыды
[1].
Тақырыптың мағынасына байлансты Адамгершілік деген ұғымқолданылды
Адамгершілік- көп мағыналы ұғым:
1. Қоғамдағы саясатқа өте жоғары ақыл – оймен қатыса білу.
2. Саясат бағытында өзін толық құқығы бар дұрыс психологиямен
азамат ретінде сезіне алу.
3. Адамзат ретінде бейімділігі бар кез – келген уақытта өзін қоғам
мүшесі ретінде сезіне алатын жағдайда болу қажет.
4. Саяси қоғамдағы биік деңгейдегі басы бос құқығы бар
азамат ретінде сезіну [2].
Белгілі педагог — ғалым В.В.Сухомлинскийдің пікірінше,
өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру жолында мұғалім оқушылардың азаматтық,
патриоттық, табиғатты әлем деңгейіндегі түсініп алуларына жағдай жасай
алады [3].
Оқушылардың өз өлкесіне деген көзқарастары төмендеп кеткендіктен,
оқушылардың гармониялық даму қасиеттерін, әртүрлі әдіс — тәсілдерді қолдана
отырып, әрдеңгейдегі интеллектік адамдар ретінде қалыптастыру қажет.
Сондықтан география пәнін де оқушылардын кәсіби деңгейлерін алған
білімдерімен, дағдыларын жетілдіре отырып дамыту қажет. Оқушылардың
дүниетанымдық азаматтық кері көзқарастарының тууына әртүрлі фактілер әсер
етеді: ұлттық, шовинистік; мен- мендік т.б. Жастардың көпшілік бөлігі
өздерінің жасаған істеріне есеп бермейді. Сондықтан ұлттың сана – сезімнің
оянуына байланысты елге, жерге, отанға деген сүйіспеншілік, халықтық руғани
байланысты байыту қажет.
Философ Е.А. Блажковтың, М.Н.Кейзеровтың еңбектерінде адамның ең төменгі
жеке басының мәдениетілігінің төмен болуы олардың өмірдегі саяси жағдайға,
ұғымдардың, білімділіктің, қоғамдық тәжрибенің өте аз болуынан дейді.
Осындай қорытындыларға психологтардың айтқан пікірлері дәлел болады.
Жасөспірім жастағы балаларға тәртіп өнеге ұғымдарын қайталап отыру
көбірек рөл атқарады. Мораль туралы кері пікір әсіресе тәртіптің дұрыс
бағытта болмауында. Көбінесе жаңа объектілерге дұрыс көзқарас қоршаған
ортаны қорғау, тәжрибелік және адамның танымдық іскерлігі көп әсер етеді
деп жазады Л.Б.Ительсон.
Оқу процесінде оқушыларды дұрыс басқара алу, процестерді құбылыстарды
толығырақ түсіндірген жағдайда, коғам өміріндегі проблемалар, қоғамға дұрыс
баға бере отырылған жағдайда іске асады.
Біздің Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет, қоғамның ертеңгі болашағы
саналық саясат атмосфераның саяси – қоғамның түгелдей аймақтарда тұрақты
болуы алдымызда тұрған мақсат.
Мектептерде мақсатпен бағытталынған оқушылардың азаматтық
негіздерін қалыптастыру жұмыстары өте төмен деңгейде жүргізіледі.
Мұғалімдер оқушылардың мораль- саяси білім жүйелерінің деңгейі,
проблемалары, даму олардың өз беттерімен білім деңгейлерін көрсету, өзін —
өзі тәрбиелеу дұрыс бағытта жүргізілмейді. Мектеп окушыларының
оқу танымдық, саяси — коғамдық және әртүрлі іскерліктері мектеп
қабырғасында әлеуметтік белсенділікті арттыру жолдары дұрыс
қарастырылмағандықтан.
Қорытынды. Ғылыми — әдістемелік әдебиеттерге талдау жасай отырып:
мектептегі тәжрибелік жұмыстар қазіргі жағдайда оқушылардың азаматтық
тәрбие негізін қалыптастыру туралы жағдайлардың тууының байланыстылығы; а)
жоғарғы, жалпы білім беретін оқу орындарының, болашак ұрпактың саяси
тәрбиелілігі; барлык қоғам өміріндегі өзгерістер; экономикалык, саяси,
әлеуметтік, мәдениеттік, ұлттык және ұлтаралык байланыстар; б) оқушылар
оқудан, мұғалімдерден оқу таным, саяси қоғамдык және басқа
түрлері.Оқушылардың саяси азаматтық тәрбиелігін қалыптастыру мектептегі
педагогтік процесстерді қалыптастыруға көмек береді.
Сонымен оқушылардың азаматтық деңгейінің қалыптасуына, дамуына педагог
қауымдары оқушылардың ішкі дүние сырын, олардың қызығушылыктарын, оқу
ісінде және сабақтан тыс мектеп жүйелерінде қалыптастыру қажет.
Бітіру жұмысының көкейтестілігі география ғылымдары, оның ішінде
өлкетану бағытын оку процесінде жеделдете түсу болып көрінеді.
Теориялық және практикалық жұмыстардағы проблемалар мектеп
жұмыстарында азаматтық тәрбиені қалыптастыру әлі де өте аз зерттелген.
Себебі әдістемелік шығарылымдар оқушылардың азаматтык тәрбиесін
қалыптастыру үшін қолдануға жеткіліксіз.
Біздің жұмысымыздағы зерттеудің басты мақсаттары өлкетану жұмысын
оқушылардың азаматтығын қалыптастыру жолындағы орынды даму жолдарын
дәлелдеу.
Бітіру жұмысының міндеттері:
1) Психологиялық – педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде
көтерілген проблемалардың жағдайын оқып — біліу;
2) Өлкетану жұмыстары туралы айтылған алдыңғы қатарлы педагогтардың
ұйымдастыра білу жолдарымен тансу;
3) Осы проблема туралы тәжірибе – эксперимент жүргізу;
4) Мектеп жұмыстарына қолданылатын әдістемелік нұсқаулар ұсыну зерттеу
әдістері:
Ғалымдардың география мамандарының, әдіскерлердің еңбектеріне
теоретикалық талдау; оқушылардың азаматтық тәрбиесін қалыптастыруда еңбек
етіп жүрген алдыңғы қатарлы педагогтардың тәжірибелеріне талдау; бақылау
әдістері: анкета өткізу; педагогтік эксперимент.
Зерттеу объектісі : бір жыл ішінде Серебрянка қаласындағы № 1 орта
мектеп 9 сынып оқушылар арасында эксперимент ретінде жүргізілді.
Констатациялық эксприментте 65 оқушы, қалыптастырылған экспериментке 42
оқушы қатысты.
Қорытынды ретінде оқытушыларға арналған әдістемелік нұсқаулар
жасалынды.
Жұмыстың жаңашылдығы: оқушылардың өлкетану және пәнге қарым –
қатынастарының, білімдерінің деңгейі анықталды. Үйірме жұмыстарын
ұйымдастыру және оларды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар жасалынды.
Зерттеудің нысанасы. Оқушылардың мектепте өлкетану жұмысы арқылы
адамгершілік тәрбиесі төмендегі жағдайларды есте сақтай отырып оны
жоғарылатуға талпынстар жасалынғанда мүмкін:
1) Мектеп жүйесінде тәрбие жұмыстарын дұрыс бағытпен оқушылардың жеке
басының ерекшелігіне, сапасына жағдай жасалынғанда;
2) Адашгершілік тәрбие қалыптастыруда гуманитарлық пәндер соның ішінде
мектеп өлкетану жұмысының әдістері дұрыс алынған жағдайларда.

1.Адамгершілік тәрбиені қалыптастырудағы проблемалардың ғылыми
тұрғыдан теориялық негіздер

XVII- ғасырда оқымысты педагог Ян Амос Коменский өзінің Ұлы
дидакитика деген кітабында географияны өз өлкеңнің негізінде оқыту деген
пікірді айтады. Мектеп курсының негізінде өлкетану мәселесі адамзатқа өте
жақын, түсінікті. Сондықтан мектеп программасының бағдарламасын жасауда,
мектепке жақын жерден бастау керек екендігін дәлелдеді.
Белгілі әдіскер ғалымдар И.С.Матрусов және А.В.Даринский география
ғылымының даму тарихын мектеп жүйесінен қарастыра отырып, оның өлкеден
басталатындығын қорытындылады. А.В.Даринский XVIII ғасырдағы оқушылар
тәрбиесі туралы еңбек жазған. Н.Н.Новикова Балаларды кітап бойынша
дайындамай, олардың түсініктері туралы естіп білгендері туралы тәрбиелеу
керек деп жазды.
Н.В.Гоголь География туралы балалардың ойлауы деген кітабында
география пәнін кітап бойынша түсіндіруге болмайды деп айтады. Елдің ұлы
педагог ғалымы К.Д.Ушинский географияны оқыту оқушылардың айналаға деген
көзқарасын қалыптастыру қажет деп тұжырымдайды.
Д.Д.Семенов мектептегі өлкетанудың негізін қалаушы және мектептегі
география курсының пионері: педагогикалық шындық әр уақытта жақынан
-алысқа; жеңілден – ауырға; таныстан – бөтенге; деген қағидаларды
орындағанда дұрыс болады деген тұжырымды ұсынады.
ХХ ғасырдың 60 жылдарында география пәнінде өлкетану принциптерін
жүзеге асыру жолдары шиленісте болды. Т.Г.Герасимова және В.А.Коринская
өлкетану ұғымы ең алғаш 1914 жылы Д.Ланьков деген ғалым педагог ұсынған
деп мәлімдейді. 1915 жылы Мәскеу қаласында бірінші бүкілресейлік съезде
география мұғалімдері географтардың лексиконына мектеп өлкетану деген
ұғымды кіргізді. Бірақта мектеп бағдарламасында мектеп өлкетану жұмысына
уақыт бөлінген жоқ. Мектеп мұғалімдері өздерінің жағдайлары келгенше
оқушыларды туған өлкемен таныстыра білді.
ХVIII ғасырдағы ағартушылар, оқушылар жақын аймақпен таныса отырып,
өздерінің танымдық, тәрбиелі міндеттерін шеш біледі деді. Өлкетанудағы
тәрбиелік мақсатты А.В.Даринский және А.З.Сафиулин қоршаған орта әлеміне
оқушылардың эмоционалдық қарым — қатынастарын дамыту үшін қажет екендігін
түсіндіре білді. Үйткені таң қалу процесі балалар мінез — құлқында жеке
тұлғаның көзқарасын, олардың белсенділігін арттыруға көп үлес қосады. Таң
қалу ойлау жүйелікті, адамның ішкі дүниесін толықтырады, егерде эмоция
дұрыс болған кезде және интелектуалдық, практикалық білгірліктер бір —
бірімен байланысып жатқан кезде, үнемі жебеп отырады.
В.Н.Линни мектеп өлкетану жұмысының арасындағы ең бастысы деп
оқушылардың шығармашылық іскерліктерін атайды. Оны өлкетану материалын
жинаудағы әдіс — тәсілдер, жаңашыл жағдайлар қалыптастырады. Олар байқау,
кадағалау және іздену сипаттамасын қалыптастырады.
Өлкетанудың патриоттық тәрбиені қалыптастыруға эстетикалық бағыттардың
әсерлері туралы дәлелденген. Эстетикалык тәрбиені жоғарғы деңгейде туған
өлке табиғаты туралы мәліметтерді оқушыларға терең түсіндірген кезде іске
асады.
Мұғалім түған өлке табиғатына, өз еліне махабатты, сүйіспеншілікті
терең мақтаныш ете алатындай жағдай туғызуға жұмыс жасау керек. Туған өлке
патриоттық сезімді қалыптастыруға жағдайлы орта. Осы келтірілген тәрбие
түрлері өлкетану жүйесінде тек табиғатты жеке тұлға ретінде қабылдай алу
деңгейіне байланысты іске асады. Мысалы: қабырғаға ілулі тұрған өзеннің
суретінен оқушылар өзендердің жазғытұрымғы уақытта су арнасынан калай
асатындары туралы мәліметтер алып қызығушылықтарын арттыра алады. Сонымен
тәрбиелік мақсат — ол әлемге эмоционалды деңгейде тәрбиелеу шығармашылық
іскерлік, эстетикалық патриоттық сезім, олармен қатар іздене зерттеуші
дағдыларды да қалыптастырады. Дүниетанымдағы ең бірінші қадам қоршаған
әлемді құбылыстарға сезіммен қабылдау. Белгілі әдіскер ғалымдар
Т.П.Герасимова, В.А.Коринская және И.С.Матрусов сезімдік қабылдау қасиетті
абстрактілі ойлау жүйесімен байланстыру қажет дейді. Өлкетануды ұйымдастыру
түрлері мен әдістрін тәрбие мақсатымен, оқу бағдарламасында окуға қойылатын
талапқа байланысты, өткен тарихи, табиғи, әлеуметтік жағдайлармен тығыз
байланысты.
Азаматтық тәрбие проблемаларын көптеген жұмыстар жазылған: Азаматтық –
жеке тұғалықтың бүтіндей негізі.
А.С.Макаренко, Т.И.Мальковская, Ф.Б.Горельчак, В.М.Обухов, И.А.Верба,
О.С.Богданова, А.И.Гавриков, Л.В.Кузнецова, А.М.Сидоркин, Л.М.Симанина.
Педагогикалық ғылымдарының докторы Л.В.Кузнецованың Азаматтылык —
жеке тұлғаның сана сезімінің ең биік даму баспалдағы, ол өте көп нәрседен
-үйіңді қоршаған ортаны сүю, көп жағдайда өмір туралы ойыңда көрінеді,
адамзат бақытында [1].
Адамзатты тәрбиелеу қоғамның ең басты мақсаттары. Мемлекет, біздің
қоғам қазіргі азаматтарды қандай, қай деңгейде көре алады.
Қазақстан Республикасының конституциясында азаматтылық тарихи
мәдениеттіліктің ұрпакқа жетуі табиғатты қорғау, табиғи байлықтарға өте
ұқыпты қараған жағдайда.
Л.В.Кузнецованың пікірінше — азаматтылықты тәрбиелеу — ол мемлекеттің
алдында тұрған мақсатты шешу үшін өсіп келе жатқан жеткіншіктерді келесі
алдыға қойған міндеттерге мемлекеттің экономикасына, жер, ел иесі ретінде,
ұйымдастыруы, табиғатты қорғаушы жәнеде саналы, белсенді қоғамның мүшесі
ретінде көмегін тигізе алатын етіп тәрбиелеуі [1].
В.А.Сухомлинский — Азаматтылықтың негізінде өте кіршіксіз таза ойлау,
жүйелеу, сараптау деңгейін қалыптастыру үшін жеке тұлғаға өте ұқыппен қарау
қажет [2]. Азаматтық тәрбиелілікті, азаматтык сана — сезімді бірінен —
кейін бірі арқылы өсіп келе жатқан адамға дүниені түсіне алатындай
тәрбиелеу керек.
Балалармен жұмыс жасағанда ең ауыр, жауапты мезгілдері — олардың
өте жас кезінде істелінетін жұмыстар. Окушылар осы жылдарында өте терең
қуатта болады. Тәртіп — адамның және жануарлардың қоршаған ортамен карым-
қатынасы. Адамның тәртібі, жеке тұлға ретінде сана сезімінің билеп алып
көрсетуінде, ең бірінші әлеуметтік ортамен қарым — қатынасы. Әр адам
қоршаған ортаға ерекше әсер етуімен ерекшелінеді. Тәртіп жеке өзіне тән
формаларының шығу кездерінде байқалады. Адамның қоғамдық өмірінде тәртіп
түрлері Тәрбиелілігі арқылы жетіледі. Адам өзінің тәрбиесін нақты
ережелерге принциптеріне сүйене отыра бір нәрсеге ұмтылу, ісі, үлесі аркылы
көрсете алады. Қоғамда кездесетін намыс шегі, адамның тәртібіне кейде сай
келеді. Білім намысы және тәрбие намысы адамның дамуындағы өте жоғары
деңгейдегі дүниені қабылдай алатын жұмыс істей алатын қасиеттерімен
белгілі. Дүниетанымдық процесстердің қалыптасу жағдайлары жүріп жатыр.
Дүниетаным – білімнің терең және өте жоғары деңгейдегі ізі [3].
Окушыны қоршаған әлемді терең және толығырақ түсініп білу үшін өзінің
карым — қатынасын, және өзінің сендіру қадамдарын жасайды. Сол қадамдарында
қате болмау үшін көп ізденіс қажет.
Мектеп өлкетану жұмысы өте жоғары деңгейде жүреді, егерде оқытушы
қоршаған ортаның әсерлерінің оқушы балаларға тигізетін әсерлері болған
жағдайда. Ержеткен жастарында олардың өз еріктерінде болу қажеттіліктері
өте жоғары болады. Окушылардың тәрбиесіндегі ерекшеліктердің негізгілері
олар өз еріктерінде бола алатын өмір жолдарына қадам жасаулары.

1. Ұлттық тәрбиенің адамгершілік құндылықты қалыптастырудағы тәрбиелік
мәні.

Мектептегі өлкетану жұмыстарының басталуы және дамулары 20 жылдарда
қоғамдык өлкетану және педагогика ғылымдарының дамушыларымен бірге дамыды.
В.В.Луначарскийдің айтқан пікірі бойынша қоғамдық өлкетану дүние жүзінде
әлі де дамымаған кезде, біздің елде бүкілхалықтық ғылыми зерттеу ретінде
басталды дейді.
Н.К.Крупская (1927ж.) ІІІ – ші бүкілресейлік өлкетану конференцияда
сөйлеген сөзінде: өлкетану жұмысы жоғары деңгейге көтеріле алады, егерде өз
өлкеңнің ерекшеліктерін, білім деңгейіңнің шегін дамыту, оқушылардың
қызығу, өте көп білу даму қасиеттеріне, еңбек тәрбиесін және
кәсіби жағдайларға көңіл аударылған жағдайларда дейді [4].
Ұлы ғұлама ғалымдар А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, Ф.Н.Петров,
А.П.Пинкевич, А.С.Макаренко, К.Д.Ушинский, А.Е.Ставровский, Н.Н.Баранский,
А.С.Берг, А.В.Даринский, К.П.Ивлев, И.В.Иванов, В.Н.Коцюба, Е.Н.Мешечко,
Б.В.Муханов, Н.В.Надежкина, К.Ф.Строев, Л.З.Сайфуллин т.б. оқушылардың
азаматтылық тәрбиелілігін калыптастыру жолында көптеген принципті
өлкетану жұмыстарына көңілдерін аударды.
К.Д.Ушинский тек қана пәнді жүйелі түрде, білім деңгейіне дамыта отырып,
пәннің ерекшеліктерін түсіне өзіне бағындыра алған жағдайларда ғана іске
асыра алады дейді [5].
К.Д.Ушинский география пәні қоршаған ортамен байланыстыра отырып оқу
кажеттілік екендігін дәлелдеді. Өлкені жиі жүйелі оқи отырып, табиғат
арасындағы байланыстылыққа, қортынды, жалпылама шолу, өзара карым -қатынас,
бір — біріне тәуелсіздігін әр жердің ерекшеліктермен байланыстырған
жағдайда іске асады дейді. Мектеп өлкетану жұмысын жандандыруға үлес
қосқандар профессор А.С.Барков, әдіскерлер А.Ф.Родин, Н.П.Кузин,
А.Е.Ставровскийлер [6],[7].
А.Е.Ставровский оқушылардың тәрбиесін ғылыми, тәжрибелік тұрғыдан,
оларды өлке туралы ғылыми біліммен, оларға қарым — қатынастары,
сүйіспеншіліктерін арттыру жолдарын мұғалім шығармашылығындағы ғылыми
әдістемелікке байланысты деген пікірлерінің дұрыс принципті ережелерін
ұсынды [6]. Өлкетану білімнің принципті негіздерін, өлке туралы үгіт
насихат жұмыстарының негізгілері болып саналады. Олардың ішіндегі ең
негізгілері: ғылыми; өмірмен байланыстылығы; жүйелілік және ыңғайлы
орналасулары; жан – жақтылық; және жоспарлылық; жалпылама және тарихтық.
Ғылымилық теориялық негізделген, құбылыстарды камтитын, қоршаған
ортадағы процесстер. Өлкетанудағы жоспарлық әр адамның шығармашылық
процесіндегі өмірмен байланыстылығы: өлкенің табиғи ортамен байланыстылығы,
шаруашылық және өлкедегі мәдени құрылыстардағы тәжірибелік мақсаттар болып
есептелінеді.
Өлкетанудағы жалпылық: халықтардың өте үлкен деңгейде қатыса білулері,
өз өлкең туралы дұрыс үгіт — насихатты, жан — жақты етіп жеткізе және
қатыса білу.
Жалпылама қатысу — халықтардың шығармашылық белсенділікпен, өлкенің
байлығын зерттеуге, байлықтарды көбейте алуларына жағдай жасау болып
табылады.
Өз өлкеңді оқыту үшін әртүрлі әдіс – тәсілдер қолданылады: әдебиет;
қартографиялық; статистикалық; далалық зерттеу әдістері; және бакылау.
Әдебиеттік әдіспен оқып білу:
Аймақ туралы жазылған әдебиеттерден мәліметтерді жинастыру.
Өлкетануға арналған ақпараттарға: оқулықтан және оқу әдістемеліктер;
статистикалық анықтамалар; архивтегі документтер, газет және журналдар т.б.
Картографиялық зерттеу әдістері табиғи, шаруашылық, тарихи және
археологиялық объекттілерді зерттеу. Барлық өлкетану зерттеулері зертелуші
аймақтың картасын және карта — схемаларын жасауға жұмсалады. Карталар
зерттеу нәтижелерін көрсетуге негіз болып есептеледі.
Далалық зерттелу әдістемелер және бақылау экскурсиялар; далаға бару;
экспедициялар кезінде жүргізіледі. Тұрғылықты зерттелу — табиғи
территориялық аймақтардың өсу деңгейлерін, құрылымдарын, және табиғат
ерекшеліктерін зерттеуге көмек береді. Статистикалық зерттеу әдістері,
өлкетануда шаруашылықтарды, халықтарды, өз өлкеңнің экономикалық
байланыстарын басқа аймақпен, шетелмен қарым – қатынастарын көрсету үшін
қажет.
Сонымен Өлкетану жұмысын ұйымдастырудың төрт түрі көрсетілді:
1) мемлекеттік;
2) қоғамдық;
3) мектептік,
4) мектептен тыс.
Ең көп таралған формалардың ішіндегі мемлекеттік өлкетану: өлкетану
мұражайы және кітапханалар. Өлкені оқып білуге өлкетану туралы экскурсия
ұйымдастыру, кітаптармен танысу, плакаттар, көрмелер ұйымдастыру, ел
арасына лекциялар оку үшін материалдардың жиналатын жері мұражайдың рөлі
өте үлкен.
Мемлекеттік өлкетану формаларына жергілікті жердегі ғылыми —
зерттеу мекемелері, ұйымдар (гидрометеостанциялар,
абсерваториялар, мұрағаттар жатады).
Қоғамдық өлкетануда негізгі рөл жергілікті жердің халықтарының
арасындағы мәліметтер: өлкетануды ұнататын, табиғатты қорғау жөніндегі
аңшылар және балық аулаушылар қоғамның рөлі күшті.
Мектептегі өлкетану жұмыстарында негізгі рөл мұғалімге жүктелінеді.
Біріншіден мектеп өлкетану жұмысының сипаты мектептің оку — тәрбие
жұмысымен анықталынады. Екіншіден мектеп өлкетану жұмысын тәрбие жұмысы,
оқу бағдарламасын басшылыққа ала отырып мектеп мұғалімі атқарады. Үшіншіден
мектеп өлкетану жұмыстары оқу материалдарын тереңірек түсінуге, қажетті
еңбектің ұйымдастыру түрлеріне жатады.
Мектептегі өлкетану — оқушылардың жүйелі түрде оқу, оқудан тыс
уақыттарда туған өлкесін танып білуі. Өлкенің өткен тарихы, қазіргі кездегі
жағдайларын, табиғатын, өндірістерін, ауыл шаруашылығы туралы мәліметтерді
ала отырып оқушылардың туған Өлкесі туралы пікірлері қалыптасады. Сонымен
өз өлкесін танытып білгізу мақсатында барлық мамандар қатысулар керек:
География, тарих, биология, әдебиет және т.б.
Өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру жолындағы жетістіктер негізінен
оқушылардың жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру мақсатымен шешіледі.
Мұғалімнің өлке туралы білім деңгейі төмен болса, онда оқушыларға
білім бере алмайды. Қай мұғалім өз өлкесін жақсы біліп, табиғатына
сүйіспеншілкпен қараса оқушыларға жоғары деңгейде білім бере алады.
Мектеп өлкетану жұмысында негізгі екі формасы қалыптасқан.
1) Бағдарламалы ( оқу) өлкетану, мазмұны оқу бағдарламасымен
анықталынады. Ол мектептегі барлық ұжымға, оқушыларға міндет.
2) Бағдарламадан тыс ( сыныптан тыс) өлкетанудың мазмұны жалпы
мектептің өлкетану жұмысында орын алады. Бағдарламалы өлкетану – ол
бағдарламалы оқу экскурсиясы, сыныппен бірге және табиғатқа және
өндірістерге бару, және табиғатқа бақылау жасау, географиялық алаңда жұмыс
істеу. Бірақта программалы өлкетану жұмыстары балалардың жас
ерекшеліктеріне байланысты әр деңгейде жүргізіледі. Жоғары сыныптарда
тереңдете, үлкейте жүргізіледі.
Бағдарламалы ( оқу) өлкетану жұмысының ең басты мақсаты:
1) Өз жерін жан – жақты қарап, өлкетану материалдарын жинақтау:
2) Жинақталған материалды оқу жұмысында қолдану;
Бұл мақсаттар бір – бірімен тығыз байланысты: бірінші мақсатты
шешу, екінші мақсатты шешуге жол нұсқайды. Бағдарламадан тыс (сыныптан тыс)
өлкетану жұмысы мектеп программасынан шығады, оны жалғап болып есептеледі.
Сыныптан тыс өлкетану жұмысының дұрыс ұйымдастырылуы, өлкені жан — жақты
зерттеуге, қажетті жұмыстарды дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Екі
бағытта жүргізілетін өлкетану жұмыстарының бір — бірімен тығыз
байланыстығынан басқа, айырмашылықтары да болады. Ол мақсаттарды жалпы бір
бағытта екендігін өз өлкеңе комплексті сипаттама беру, оқу – тәрбие
жұмыстарында сол өлкетану материалдарын қолдану. Мектепте әсіресе жоғары
сынып окушыларының азаматтық тәрбиелілігін жоғары деңгейге көтеру үшін даму
жетістіктері әртүрлі факторларға байланысты екендігін дәлелденді. Осының ең
бастысы болып өлкетану жұмысының жоспарлы түрде өтуі үлкен мағына береді.
Жоспар жұмыстарды бақылап және кеңес беріп басты мақсатты көрсетіп отырады.
Жоспар жергілікті жердің негізгі ерекшеліктерін ескере отырып, бір не
бірнеше жылға арналынып жасалынады. Комплексті жоспарлау қазіргі кезде
тақырыбын таңдап алу, күрделі жұмыс үшін өте маңызды. Тақырыб бойынша
жоспар жасалынады, оған нақты тапсырмалар, сабақта, сабақтан тыс өлкетану
жұмыстары кіреді. Зерттеуге алынған тақырыпты алған кезде төмендегідей
жағдайларды басшылыққа алу қажет, тақырыптары төмендегідей болуы мүмкін:
1) География оқу материалымен байланыста, оқу – тәрбие мақсатын шешу;
2) Оқушылардың қызығушылығын, олардың жас, даму ерекшеліктерін ескеру;
3) Мұғалімдердің материалдарды жақсы білулері, тақырыпка
қызығушылықтарын арттыру.
Табиғат және шаруашылық объектілері белгілі біріңғайлықпен
жасалынады.
1) Мақсатты, зерттеудің міндеттерін, мазмұнын таңдап алу.
2) Зерттеудің бағдарлама үшін жоспарын жасау.
3) Далалық зерттеудің әдіснамасын жасау.
4) Тақырыпты, тақырыпшаларға бөлу, орындалатын мерзімін оның орындалу
жағдайын еске алу.
5) Әдебиеттерді, картографиялық және статистикалық материалдарды оқып
білу.
6) Материалдарды сұраптау және өңдеу.
7) Жинақталынған материалдарды оқу – тәрбие процесінде пайдалану.
Әр бөлімге арналынып жоспар және зерттеу әдіснамасы
дайындалынады. Тақырыптарды орындаған кезде мұғалім
оқушыларды анықтама материалдармен жұмыс жасай алуға үйретеді.
География пәнін жоғарғы ғылыми деңгейде оқытуда ең үлкен орын
өлкетану мәселесіне беріледі.
Өлкетану мәселесі тарихи ғылымдардың философия, сурет
шығармашылықтарының бөлінбейтін бір бөлігі болып есептелінеді.
Жоғарғы оқу орындарында және орта мектептерде ол әрі қарай даму түсу, ол
оқу – тәрбие жұмысының өмірмен байланыса отырып жүргізілуіне әсер етеді.
Педагогикалық өлкетану мұғалімдердің кәсіби дайындығының негізгі құралы.
Педагогикалық өлкетану — өлкені жан — жақты қарастыру, оның табиғи
экономикалық, мәдени ресурстарын географиялық, этнографиялық, демографиялық
ерекшеліктерін, олардың тарихын, қоғамдық өмірін және келешекте даму
жағдайларын қарастыратын бөлім деп жазады ғалым А.С.Барков [7].
Білім беру деңгейі жақыннан — алысқа, белгіліден — белгісізге ,
нақтыдан — абстрактілікке деген принциптермен жүргізілуі қажет.
Бұл өз жергілікті жерінің өлкесін оқып танығаннан кейін республика не
басқа аймақтар, елдер, дүниежүзіне, олардың да табиғат ерекшеліктерін оқып
біліп зертте деп нұсқау береді. Бірақ территорияны комплексті оқып білу
үлкен сұрақтарды, сол елдің этнографиясы, тарихы, мәдениеті, археологиясы,
геологиясы, табиғаты, халық шаруашылықтарын (өнеркәсіб, ауыл шаруашылық)
қарастыру болып келеді. Сондықтан жалпы өлкетану мәселесінде бірнеше
бағыттарды бөлуге болады: тарихи, әдебиет, биологиялық, этнографиялық,
географиялық т.б.
Географиялық өлкетану табиғатты, халықты, өлкенің шаруашылықтарын
олардың тығыз қарым — қатынастарын қарастырады. Осы бағытқа өлкенің
ерекшеліктерін окуға географтардың қосар үлестері сөзсіз. А.С.Барков,
географ, ғалым өз шаруашылық өмірінде мектепке арнап күш -жігерін жұмсады.
Сол ғалымның ұсынысымен 1946 жылы мектеп өлкетану туралы мүшелер құрылды.
Мүшелердің мақсаттарына өлкетанудың мазмұны, әдістері, оны ұйымдастыру
оларды толықтыру мәселелері кірді. Ол оқымыстының өлкетануға арналған екі
басылымы: ғылыми өлкетану және тағы да өлкетанудың ғылымдылығы туралы
еңбектері бар. А.А.Половинкин атты белгілі ғалым және әдіскер өлкетану
жұмысын ұйымдастыру және өткізу әдіснамасы мектепте географияны оқыту
мақсатымен байланысты дейді. Ең бірінші өз өлкеміздің физикалық
географиясын оқуымыз кажет, географиялық объектілерді оқи отыра, жер
шарының, елдердің физикалық географиясын жақсы түсінуге болады дейді [8].
Мектеп жүйесінде географияны оқыту әдістемесін ұсынған ғалым
Н.Н.Баранский. Оның негізгі жұмысы экономикалық географияны оқыту
әдіснамасы, осы оқулыктың ішінде географиялық өлкетанудың мақсатын және
мазмұнын ашатын материалдар өте көп. Ол Мектеп өлкетануының негізіне,
табиғатқа жақын ойлар, адам өмірінде шаруашылық жағдайларына колдануларына
өте колайлы деп жазады. Географияны өлкетанумен байланстыра оқытуға екі
байланыс жолын ұсынады [9].
1) Жергілікті шаруашылық және жергілікті табиғат.
2) Мектеп өлкетануды үйірме ретінде ұйымдастыру.
Н.Н.Баранский бағдарламалы оқулық ұсынды. Бұл оқулық осы ғалымның
пікірінше үш бөлімнен тұруы керек.
1) Табиғаты, халық, шаруашылығы, өлкетану тұрғыдан қарастырылуы
қажет.
2) Микроаудандар, халық округтер, қалалық жерлерге арналған өлкетану
сипаттамалары.
3) Белгілі бір ауданға үлгі ретінде өлкетану сипаттамалары. Профессор
К.Ф.Строев және И.С.Матрусов алғы шектегі мұғалімдердің жұмыстарына талдау
жасай отырып өлкетану принциптерінің ең басты нәтижесі оқушылардың білім
мен білігрліктерінде дейді. [10]. Өлкетану принциптері барлық пәндерге
тарихқа, биологияға және бастауыш сынып сағаттарында басты рөл атқарады.
Өлкетану принциптері педагогтік ойды орналастыратын алдыңғы ақпарат
құралдарына кездеседі. Педагогика және Халық білімі т.б.
Белгілі дидакт Б.П.Есипов өлкетану принциптеріне өте көп көңіл бөле
отырып, өлкетанудың білім жүйесіндегі ең басты екендігі көңіл бөлерлік.
Қортынды. Мектеп өлкетану ұмысы өте биік деңгейге көтерілуде. Осы
проблемалар туралы өте көптеген тәжрибелер жинақталынды. Географияны оқыту
әдіснамасында, біріншіден географиялық ұғымдарды; екіншіден мектепке үлгі
ретінде қолдануға; үшіншіден туған өлке туралы мәліметтер, тәжрибені
жинақтауға мүмкіндік туғызады.

2.Оқушылардың азаматтылықтарын қалыптастыру үшін жүргізілетін ойлардың
дамып қалыптасуы

Т.Н.Мальковскаяның пікірінше өмірдің маңыздылығы туралы ерте,
кейде жайрақ әр адамның алдында тұратын сұрақ, бірақ ол сұраққа жауап жас
ерекшеліктер, өмір тәжірибесіне байлансты болады дейді [11].
Жас адамдар ер жеткен сайын өмірдің мақсатына қарай төмендегідей
проблемалар мен кездеседі: адамның азамат болып жаратылуы, оның қоғамдығы,
кәсіби шеңберіндегі, сүйіспешілік жағдайы дос және өзіндік мен деп берген
бағасы.
Дүниетанымдық көзқарас қалыптасқан және сана сезімнің тұрақтары әр
проблемаларды шешуде белгілі бір анықтамалармен шешіледі. Өте ерте жаста
нақты проблемаларды шешу өте күрделі болады. Жас жеткіншек өзі түсіне
алатын нәрсеге ғана баға бере алады. Жасы өскен сайын окушының азамат
ретінде өзін — өзі сайлай алу, алдарында шексіз, бағасыз рухани
мәдениеттіктің, адамзаттың өмір бойы жинаған өмір тәжрибесінен алынған, әр
халыққа тән жолдарға қажеттіліктері туады. Жас өспірім уақыттан жеткіншек
жасына ауысқан уақыттарында өзі еркімен болулары қажеттілігі күннен күнге
үдейе түседі. Осы жаста окушыларды тәрбиелеудегі негізгі ерекшеліктер
оқушылардың өз бетімен боламын деген талаптары болады.
Сонымен жас адамдар азаматтылық өзін өзі басқару жолында көп
тербеліс ойлану шектеріне жетеді. Осы сұрақка жауап беру үшін оларда мен
-мендік, азаматтық тұрғыдан қалыптаса бастайды. Енді жастардың екінші
бөлігінде басқалардың ортасынан өзіне орын іздеп, өз отанының нағыз азаматы
ретінде сезіне алу мінездері қалыптаса бастайды.
Оқушылардың азаматтық қарыздары деген анықтамаларына талдау
жасаған кезде, оның көп жағдайларға байланысты екендігі, адамның күш
-жігер, қайратына байланысты екендігі аңғарылды. Кейбір окушылардың
азаматтық сезімді ұлттық жағдайда мақтан, шын жүректен орындай ала білу деп
есептейді. Оқушылар география пәнінен алатын білімдерін өз халкының
мәдениетімен, ұлттық дәстүрлермен, тілмен, біліммен, еңбекпен байланыстыру
қажет екендігін дұрыс түсінеді. Осындай құбылысты Т.Н.Мальковская
оқушылардың азаматтылық тәрбиесіндегі өте күрделі мәселе деп есептейді
[11].
Қазіргі уақыттағы оқушылар табиғаттың бағасын, қоғам, мораль,
мәдениет деген ұғымдарды жақсы түсінеді.
И.В.Иванов ақ көңілділік және басқа біреуге жәбір көрсету барлығы
өте ерте жаста пайда болады дейді [12].
Жас жеткіншек уақытта оқушылардың азаматтылық сана – сезімдері
қалыптасады. Ол әртүрлі факторлардың әсерінен (әдебиет, оқу құралдары,
сыныптан тыс жұмыстар, экскурсия, от- басы, достары т.б.) туындайды.
Кейбір оқушылар арасында құбылыстардың өзгеру, өсу деңгейлері көптеген
сұрақтар тудырады. Совет психологі Д.Н.Узнадзе барлық белсенділік қоршаған
ортаға субъект пен объектінің қатынасы дейді. Бірақта орта адамның
әлеуметтік белсенділігінің артуына көп әсер етеді. Ол әлемге қарама –
қатынасты да көрсете алады [13].
Қазіргі өте күрделі жағдайда оқушыларды даярлау педагогтік
жағдайларды, оқушылардың жеке бастарының ерекшеліктерін, білім саралағанда
жүзеге асырылады. Сондықтанда мұғалімдер қызметі оқушыларға ең басты мақсат
білім мен білгірлікті қалыптастыру дейді. Басқаша айтқанда жас қыздар мен
ұлдарды даярлаған кезде олардың қаршаған ортаға өте жоғары жауаппен қарау
керек екендігіне талап қойылады. Бірақта бұл жағдай барлық оқушыларға
бірдей тәрбие бере алмайды.
Советтік психологтар Л.С.Выготский, В.В.Крутецкий, Л.М. Симанина т.б.
оқушылар 14-15 жасқа жеткенде қоршаған әлем туралы көзқарастары қалыптасады
да олар өздерінің тұрақтандыру үшін әртүрлі белсенді жолдарды іздестіреді
деп жазады [14].
Оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуларына мұғалімдердің дұрыс
бағытпен тұлғаны қалыптасулары өте көптеген факторларға байланстығы:
мектеп, оқушылар, орналасқан тұрғылықты жерлерінің ерекшеліктері, тұрмыс
деңгейлері т.б.
Біріншіден, тәрбие деген жеке тұлғаны педагогтік басқару процесі.
Анықтап алу жеке тұлғаны басқарумен қатар, олардың даму процестерін де
бақылау. Сонымен ең басты жұмыс болып мұғалімнің әсері болып есептелінеді.
Жеке тұлғаның дамуы ең бірінші оқутаным ( сыныпта, сыныптан тыс),
өмірге қызығушылық, әртүрлі қызығу, бос қарым – қатынас, өсіп келе жатқан
жеткіншектің көзқарасын қалыптастыруға байланысты.
Екіншіден, мұғалімнің тәрбиенің мақсатын таңдап алу. Әр педагогтік
ұжымда жағдайды қалыптастыру үшін жұмысты нақтылап алу қажет.
Үшіншіден, тәрбие — бірнеше пунктерден — жеке түлға — тәрбие — өзін
-өзі дамыту пунктткерінен тұрады.
Төртіншіден, тәрбиенің ең алдыңғы принципі адамның табиғат пен тіл
табыса білуі. Оның екі жағы бар: біріншіден баланың табиғатты міндетті
түрде түсіне білуі, екіншіден баланың өмірі және оның табиғатпен
жақындасуы, тірі табиғатпен байланыста болуы.
Бесіншіден, тәрбие нәтижелі болады егерде ол жүйелі түрде жүргізілсе.
Табиғаттың бүгінділігі әр тұлғадан оның тәрбие жүйесінде толықтай
жақындасуы.
Алтыншыдан, тәрбие табиғатпен тығыз байланыста және мәдениетті деңгейде
болуы керек. Ол өсіп келе жатқан адамның табиғаттың тілін ұғына,
халықтардың мәдениетін, әдет – ғұрпын білуінде.
Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға эмоционалды
тәжрибені тарихи деңгейде жүргізе білуінде. Отан деген сөз бірнеше
мағынаны түсіндіреді: үлкен ел ұлы тарихымен, бұл сенің туып өскен
алақандай жерің. Кіші Отан тақырыбы тарихи тәрбие негізіне арқау бола
алады. Сондықтан ең жақын, нақтылы, керекті уақытта кажет бола алатындай ең
үлкен елді емес, біріншіден өзіміздің балалық кезіміздегі елді мекенімізді
еске аламыз.
Осы бағытта жүргізілген жұмыстар ізденуге белгісіздікті ашуға
мүмкіншілік береді.
Н.Д.Хмель былай дейді: жеке тұлға бөлшектеніп қалыптаспайды, ол тұтас
болып қалыптасады. Оқушылардың дамуларына жан — жақты бір ыңғай жақындасу,
эстетикалық, тұрғыдан: қоғамдық өмірге белсенділік ол педагогикалық
процестер оқушылармен бірлесе отырып жасалынған мәдениеттің байлығына
келесі кәсіби мамандыққа дайындық, оқытушы, мұғалімнің тікелей басқаруымен
іске асады. Н.Д.Хмель педагогикалық процестердің сабақ, сабақтан тыс
орталарда өте қажетті екендігін ескертеді [14].
Оқушылардың жастарында қоғамдық бағыттарды қабылдай алуда ішкі
дүниелерінің дайын болулары ең басты тәрбиенің негізі бола алады. Мысалы:
осы жұмыстың зерттеу бағытында Өскемен қаласының №3 орта мектебінде
оқушылар кейбір тәрбие түрлерін қарсы алмағандары кездесті. Оларды
бойларына сіңдіру үшін өте көп жұмыстар жасалынды. Оқушыларды экскурсияға
мұражайға апарғанда олар кетіп қалып, кейбір сабақтан тыс жұмыстарға
толықтай қатыспады. Мұның себебі не деген сұрақтарға жауаптар ізделінді.
Себебі оқушылар біздің жұмсаған тәрбие жұмыстарын бірдей деңгейде қойылған
талапқа сай қабылдамады, олардың уақыт талабынан қалып қою, одан алыста
екендігі көрінеді.
Кейбір өткізілген шаралар олар үшін қызықсыз болып, не үшін керек, осы
сабақтан тыс жұмыстар қажет бе деген сұрақтар туғызды. Қорыта келгенде
оқушылардың талабын ескере, дәл есеб жүргізе отырып тәрбие жұмыстарын
ойластыру қажет. Тәрбиеші ұл, қыздардың жандарын түсіне отырып, олардың
сұрақтарын ұлғайту қажет. Оқушыларды еңбекке ең жоғарғы әлеуметтік
бағаланатын туған өлкенің табиғатын, білім алу үшін нақты жасалынған
әдіснамаларды ұсына отырып жүргізу қажет.
В.В.Сухомлинский: Азаматтың тууы деген кітабында, тек еңбек қана ұлы
тәрбиеші, достықты жолдастықты түсіне алатын, қоршаған ортаның сұлулығын,
материалды жағдайды жақсарту үшін адамның ең бірінші азаматтық сезімін
жоғары деңгейге көтере алады деп жазды.
Оқушылардың еңбекке іскерліктерінде ең басты орын олардың азаматтық
шебіндегі, әртүрлі жұмыстар жасаудағы тәжрибелерімен тығыз байланыста бола
алуларында.
Әлеуметтік белсенділік ең көкейтесті талап мақсатты бағалы бағдарлама
болғанда, жекеше қызығушылықтарын игере алатын, олардың талғамдарын,
сұраныстарын шеше алатын жағдайда іске асады.
Әлеуметтік белсенділіктің критериялары болып әртүрлі бағыттағы қоршаған
ортамен байланыстары, әртүрлі сипатта бола алатын жеке бастарының
ерекшеліктері болады. Әлеуметтік белсенділіктің даму сатылары адамның оның
азамат ретінде негізгі қызметтерге қарым – қатынастары.

2.1 Әдеп сақтау – адамгершіліктің белгісі

Әдеп сақтау – қазақ халқының тарихи қалыптасқан қоғамдық санасының
практикалық көрінісі, әлеуметтік тәртіптің, борш пен міндеттің заңды
айғағы. Халық өмірлік практикада ешбір тыйым салусыз –ақ өз қалауынан
адамгершілік мақсат – мүддеге сәйкес әдептілікті, әдеп сақтау жүйесін
қалыптастырған. Әрине Тауына қарай аңы, заманына қарай заңы дегендей әдеп
сақтаудың тарихы, таптық , Әлеуметтік ерекшеліктері де болған, ал қазақ
халқының әдеп сақтау дәстүрі ешбір тапты, ұлтты, нәсіл мен жыныс
айрмашылықтарын алаламайды. Әдеп сақтаудың әлеуметтік қоғамдық мәні зор.
Әдеп сақтаудың экологиялық мәні де зор. Әдепті адам табиғатты да қорғай
білуге тиіс (Қосымша А.1).
Табиғаттың әсемдігіне, әдемілігіне кір келтірмеуге міндетті. Суды
былғау, талды кесу, қайнардың көзін ашпау, жолдағы кедергі тастарды алып
тастамау, құдыққа түкіру, нанды лақтыру -әдептілік емес. Халық ондай
әдепсіздікті кешірмейді ол, адамгершілікке жатпайды.

2. География, Экология сабақтарында адамгершілік құндылықты
қалыптастырудағы өлкетану жұмыстарының мүмкіндіктері

Мектепте пәнді оқыту арқылы өлкетану материалдарын қолдана отырып
оқушыларға нақты жергілікті материалдарды ғылыми тұрғыдан түсіндіре отырып,
білімдерін тереңдетіп кеңейтуге болады. Өлкетану материалдарын сабақта және
сабақтан тыс уақытта қолданғанда әсіресе жоғары сынып оқушылары ғылыммен
байланыстары күшейе түседі. Оқушы — өлке зерттеуші ретінде әртүрлі ғылыми
әдебиеттер, ақпарат құралдарымен жұмыс істей алатын деңгейде болады. Білім
деңгейлері ұлғайып, жергілікті жердің материалдарын, ғылыми білімдерін
жүйелі түрде дамыта алады.
Оқушылар жергілікті жердің нақты материалдарын география туралы тарихи
дәуірлер және отаның тарихи жағдайларынан алғашқы мәліметтер ала алады.
Пәнаралық байланыстар мысалға әдебиет сабағын өлкетанумен байланыстыра
әдебиеттік өлкетану, жергілікті жердің мұғалім өлкетанушылары алдыңғы
қатарлы озат тәжрибелердің еңбектерін кеңінен қолдана отырып, әсіресе
жоғарғы сынып оқушыларының танымдық көзқарастарын қалыптастыруға болады.
Мысалы: Өскемендегі журналист өлке зерттеушы ( Щербаков В.И., биолог
Прокопов П.И.) т.б.
Тарих оқытушылары өлкетану туралы көптеген тәжрибелер жинақтады.
Жергілікті жердің материалдары мемлекеттің тарихи даму мезгілі,
экономикалық және мәдениет өмірі, әртүрлі жағдайлар туралы, мұражай
құжаттары, ақпарат құралдары, естеліктер, жергілікті жер түрғындарының өлке
туралы ойлары, фотосуреттерді қолдану мүмкіндіктері өте жоғары. Тарих,
география сабақтарында жергілікті жердің өлкетанулық материалдарды
қолданудың басты мақсаттары оқушыларға өз өлкеңнің тарихын Отаныңның
тарихымен байланыстыруға зор мүмкіншіліктер туғызады.
География курсында өлкетану материалдары өз өлкеңнің физикалық
географиялықұғымдарын қалыптастыруға жағдай жасайды.География курсын
оқығанда оқушыларды өз өлкесінің,облыстық карталармен, әртүрлі физикалық
географиялыққұбылыс, оқиғалармен, өз ауданының, қалаларының экономикасымен
және басқа экономикалық аудандармен байланыстылығын, келешектегі даму
жағдайлары туралы мәліметтер беріледі.
Оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын тереңірек, кеңірек
дамыту үшін сыныптан тыс жұмыстардың оқушылардың қызығушылық
қажеттілігін қамтамасыз ете білу керек.
Оқушылар сабақ жүйесінде мемлекеттік құжаттарды, конституция статьяларын,
баяндамалар, лекция, әртүрлі әңгіме түрлерін өткізе алады. Кештер,
конференциялар, мысалы төмендегі тақырыптар бойынша: Адам және табиғат
әлемінде, Адамзат табиғаттың бір бөлігі, Білім әлемі әлемдегі әлемде,
Біздің таңдап алатын жолымыз т.б.
Жас өспірімдердің психологиялық ерекшеліктеріне байланысты олар өмірге
талпынысты өз туған үйінен алыста жасауды елестеді, бірақта кәсіби
мамандыққа ол жерде жағдай болмағандықтан олар кейде қиын жағдайға
ұшырайды. Сондықтан, мұғалімдер әсіресе кәсіби мамандықты таңдауға арналған
жұмыстарды орта және жоғарғы сыныптарда жүйелі түрде жүргізулері керек. Бұл
жерде оқушылардың бір бірімен араласу, кеңпейілшілдіктер қалыптасады.
Жазушы Л.Леонов (әдебиет газетінде) төмендегідей өте дұрыс тұжырым айтты.
Мектептің алдында тұрған міндет: балалардан келешекте қажетті агроном,
инженер, оқушылардың жоғарғы интелектерін дамутыға, туған жеріне баріле
қызмет етуді кішкентай жастан бастап жүргізу керек дейді [15].
Оқушыларды педагогикалық іскерлікке, ағартушы қызметке жақын
кәсіпкерлікке бағдарлама бере отырып тәрбиелеу керек дейді. Олар
төмендегідей шаралар берілген тапсырмаларды бұлжытпай орындау,
жауапкершілігін арттыру, төменгі сыныптар алдында баяндамалар жасау.
Егерде жекеше және топпен жұмыстар үнемі жүргізіліп отырса онда үлкен
нәтиже берер еді. Бұл істер іске асу үшін педагогикалық — өлкетану,
экскурсиялар ұйымдастыру арқылы жүзеге асыру керек. Мысалы: Н.Калугин деген
мектеп мұғалімі өзінің Туған менің өлкем деген хатында, туған жерге
махабатты бесіктен қалыптастыру қажет дейді, себебі әр бала, жеткіншек, өз
үйінің, ауылының, қаласының өмірімен бірге хабардар бола отырып қызықты
ойда сақтау қабілеттері жоғары деңгейге көтерілер еді.
Психология, педагогика әдебиеттерді оқушылардың азаматтылығы тәрбиесі
материалдарын оқып, зерттей отырып, педагогтік сараптама жұмыстары
жүргізілді. Тәжірибе — сараптама жұмыстарын да мұғалімнің бір жақты
оқушылардың оқу — тәрбие жұмыстары арқылы әртүрлі қисынды ойлау жүйелеріне
әсер ете отыра жұмыстар жүргізілді. Олар сыныпта, сыныптан тыс жұмыстар.
Сонымен тәжрибелі сараптама жұмыстары окушылардың азаматтық тәрбиелігін
қалыптастыру жалпы мектептік педагогикалық жұмыстар арқылы іске аты.
Оқушылардың арасында ең үлкен орын оқушыларды өз бетімен тапсырмаларды
орындауға тарта білу: берілген тапсырмаларды уақытында, жоғарғы талғаммен
орындай білу, жауапкершіліктерін арттыру үшін басқа сыныптардың арасында
жұмыстар жүргізе білуге талпындыру. Кейбір мектептерде мысалы, және
педагогтік практидан өткен мектебімде оқушылардың өздері сабақта, сабақтын
тыс уақытта өткізу жұмыстарын ұсынды. Бұл олардың талпыныстарын үнемі
құптап отырды.
Педагогиалық ғылымда сабақ және сабақтан тыс жасалынатын жұмыстар
үнемі тығыз байланыста болулары керек, осы пікірлер өлкетану жұмыстары
арқылы өте жоғары деңгейде өте алады. Ондай жұмыстар оқушылардың өз бетінше
жұмыс атқарушыларына, бақылау, өз бетімен ізденіс жасау, жинақтау,
сараптау, нақтылы бағалы материалдарды таңдап алу, жолдарына баулиды.
Жергілікті жер материалдарын қоршаған өмірден, өз бақылау жұмыстарынан,
кітаптардан, экскурсиялар және жалпы ғылыми жұмыстардан ала білу
мүмкіндіктері болады.
Оқушыларға бақылау жүргізу әртүрлі жағдайларды сезінуге мүмкіншіліктер
береді. Әр окушыларда өздерінің өтіп жатқан құбылыс пен оқушыларды әр
деңгейде қабылдау мүмкіншіліктері туады. Егерде осындай жүйелер ісі
орындалған жағдайда, адамның көзқарастары кеңірек, жақсырақ болады.
Жоғарғы оқу орынындағы студенттерді педагогтік басқару деңгейінде
даярлау, оқушылардың оқу тәрбиесін қалыптастыру үшін өте орынды болады.
Бұндай дайындықтар келешек мұғалімдердің мектептермен тәжрибелік тығыз
байланыста болған жағдайда іске асады.
Көптеген нақтылы материалдарға талдау, окушылардың
қызығушылықтарын дамыту мұғалім тарапынан жоғарғы деңгейге қойылса,
өмірге талпыныс жасау үшін ол өте белсенділік көрсете алады. Бірақта
оқытушылар үнемі жоғарғы дайындықта бола алмайды. Мысалы: Алматы
қаласындағы Локтева Ю.В., Заирова М.Г. зерттеулері бойынша 14%
мұғалімдердің өлкетану материалдаын оқу – тәрбие бағытында
қолданатындықтары тек 7% өлкетану ұғымының педагогикалық құбылысқа
жататындығын дәлелдей алды.
Осы жоғарыда келтірілген мысал жоғарғы оку орнында студенттерді
педагогикалық өлкетану мәселесіне қанықтыра жұмыс жасағанда іске асады. Осы
жұмыстардың нәтижесі жоғарғы оқу орнының мектеппен тығыз байланыста
болуларын көрсетеді. Болашақ мұғалімдерді өлкетану жұмысына даярлау бірнеше
этаппен жүргізіледі:
1) Жұмыс істейтін мұғалімдер мен, сырттай бөлімде
оқитын
студенттерді шығармашылық тақырыптық тапсырмаларды орындата отырып
педагогтік өлкетану жұмысына тартуға болады.
2) Өлкетану мұражайын және жергілікті жердің материалдарын оқу —
тәрбие жұмысында материалдарын оқу — тәрбие жұмысында озат тәжрибелерді
қолдана отырып жүргізуге болады.
Оқушылардың педагогикалық іскерлік тұрғысынан өз уақытында даярлаудың
үлкен маңызы бар. Оқушылардың пән олимпиадаларына қатысулары, үйірмелерге
қатыстыру, ғылыми шығармашылықтарын дамыта отырып әсіресе жоғарғы сынып
оқушыларының білім деңгейін жоғарлатуға болады. Мектепте жасаланатын оқу
процесінде шығармашылық деңгейлерінің өсулері көрсткіш болып есептеленеді.
Оқушылар жұмыс түрлері мұғалім ұжымдарынан қосымша білімдерді,
шығармашылық түрлерін көбейту жеке — бағдарламалар жасауды талап етеді.
Оқушылар мен дұрыс, толық жұмыс түрлерін мұғалімдер таңдап ала білулері
керек. Сондықтан табиғатты аялай білу, түсінісе білу жолдары дұрыс
анықталынса, барлық мектептегі пәндерде қолданылған жағдайда өз нәтижелерін
көрсетеді.
Жаратылыстану пәндерінде оқушылардың қызығушылықтары зерттеулік
жұмыстары табиғатқа қарым — қатынастан, олардың қабылдау деңгейлерінің
өсулері ұйымдастырылған жұмыс түрлеріне байланысты.
Зерттеуші географ ғалым Г.К.Байдельгинованың Отбасы және мектеп
адамды қалыптастырады деген еңбегінде, көптеген жаратылыстану ғалымдарының
өмір баяндарын оқи отырып, географияға деген қызығушылықтары өте ерте
жастан табиғатпен қарым — қатынаста болған уақыттан басталған деп
тұжырымдайды. Табиғат балалық шақтан бастап өзінің әртүрлі формасымен,
бояуымен, дауысымен өзіне тарта алады.
Көптеген жаратылыстану ғалымдар И.И.Мечников, А.Н.Бекетов, Н.Н.Вавилов
т.б. табиғатпен қарым — қатынаста бола отыра өздерінің ғылыми зерттеушілік
жолдары қалыптастырылғанын мәлімдейді. Өлкетану материалдарын қолдану
мүмкіншіліктері көбінесе гуманитарлық пәндерге тән екендігі дәлелденді.
Қазіргі кезде мектептің алдында оқушылардың сана сезімін қалыптастыру
үшін өте күрделі мәселелер тұрған кезде педагогикалық ұжым түгелдей
қатысулары керек. Кәсіби шеберлік мұғалімнің ішкі сезіміндегі күрделі
жағдай. Алдыңғы шептегі өткен ғасырдағы педагогтардың педагогика саласында
нақтылы материалдары әлеуметтік философиялық тұрғыдан қоғамның қазіргі
сұранысына ұласып жатуы керек. Советтік педагогтардың еңбектері,
монографияларынан педагог өлкетанушылар, бағалы материалдарды білім тәрбие
мақсатында дұрыс шешу үшін таңдап алуларына болады.
Советтік педагогтардың классикалык еңбектері А.С.Макаренко,
Н.К.Гончарова, М.А.Данилова, М.Н.Скаткин, Р.Г.Лемберг, В.А.Сухомлинский,
И.А.Каиров және басқада ғалым педагогтар Қазақстан Республикасындағы
К.К.Жампеисова, А.К. Нұрғалиева, К.Б.Бержанова, Ж.Б.Абылгожина, Т.Т.Т
ажибаев т.б. Осы тағыда басқа педагог әдіскер ғалымдар мектеп даму тарихына
көптеген тәжрибелерін кеңіте таратуда. Сонымен педагогикалық
өлкетанудағызерттеу нәтижелері:
а) Жастарға, олардың тәлім — тәрбиесі, өмірге көзқарастары, ұмтылу
процестерін қалыптастырған жағдайда.
б) Әлеуметтік ортаның сұраныстары өсіп келе жатқан ұрпақтардың
ақпараттардан өздеріне қажетті материалдарды дұрыс таңдап алу кезінде .
в) Халықтардың өмір сүру жағдайларымен бос уақыт проблемалары
мен, білім жүйесіндегі экономикалық әлеуметтік
проблемалармен байланстылығы.
г) Тек қазіргі уақыт емес, өткен уақыттағы
педагогикалық құбылыстарды түсіндіре алатын әдебиет – мемуаларымен танысқан
жағдайда.
Оқушылардың әлеуметтік белсенділіктеріндегі проблемалардың талдаулары,
азаматтылық бағыттағы әлеуметтік белсенділіктерді қалыптастыру мәселесі
жоғарғы деңгейде бола алмайды егерде ол бір жақты жүрген жағдайда. Жас
адамның азаматтылық тәрбиелілігі әлеуметтік белсенділіктің позициясы оның
мазмұны еш уақытта өтпелі бола алуы мүмкін емес.
Оқушылардың Азаматтылығын қалыптастырудың негізі, егерде олар
келешектегі мамандық таңдау бағдарламасы арқылы өтсе, оқу
танымдық, саяси — қоғамдык іскерліктерінде, олардың жан — жақты, тапқыр,
көреген адам қатарына дейін деңгейге көтере … жалғасы

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!