Курстық жұмыс: География | Үнді мұхиты

0

Мазмұны

Кіріспе 2
I – тарау Үнді мұхитына жалпы сипаттама
1.1 Мұхит түбінің Африкалық бөлік бедерінің ерекшелігі 5
1.2 Үнді – Австралиялық бөлік бедерінің ерекшелігі 7
1.3 Австралия бөлігінің сутүбі жоталарының құрылымы 8
1.4 Антарктикалық бөлік 8
1.5 Үнді мұхитының шөгінділерінің таралуы 9
II – тарау Үнді мұхитының климаты мен сулары
2.1 Мұхиттық климаттың басты ерекшелігі 10
2.2 Үнді мұхитының ағыстары 11
2.3 Үнді мұхитының су массасы 14
III – тарау Үнді мұхитының физико-географиялық аудандастырылуы мен мұхиттың тыныс-тіршілігі 15
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қосымша

Кіріспе
Үнді мұхиты планетада ерекше орын алады: оның көп бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан.Мұхит солтүстігінде Евразиямен шектеседі.Мұхиттың жағасы аз тілімденген.Солтүстігінде Бенгал және Парсы шығанақтары,Арабия теңізі құрлыққа бойлай еніп жатады.Аралдары біршама аз.Мұхиттың шекарасында ғана ірі аралдар бар.
Еуропалықтар Үнді мұхиты арқылы XV ғасырда ғана тұрақты жүзе бастады.Мұхитта жүзу маршруттарының сипаттамасын тұңғыш рет арабтар жасаған.География ғылымы үшін Үнді мұхиты жөніндегі мәліметтер Васко да Гаманың жүзген уақытынан (1497-1499жж)бері жинала бастады.XVIII ғасырдың соңында ағылшынның теңізінде жүзушісі Джеймс Кук бұл мұхиттың тереңдігін алғаш рет өлшеген.
XIX ғасырдың соңында мұххитты комплексті зерттеу жұмысы басталады.
Жұмыстың мақсаты
Бұл жұмыстың мақсаты Үнді мұхитының ашылмаған сырларын болашақта ашу мақсатында жүргізіліп,курстық жұмыс ретінде жазылып тарихы терең,қазынасы мол мұхиттың адам өміріндегі алатын маңызды орын мен мәнін ашу болып табылады.
Жұмыстың міндеті
Мұхитты зерттеу және оны қорғау-адам баласының маңызды міндеті.Мұхитты зерттеуде экспедициялық кемелердің маңызы зор.Қазіргі таңдағы арнаулы аппараттар,батискартар мұхит зерттеушілеріне қарамағындағы мұхитты анықтауға мүмкіндік береді. Жұмыстың өзектілігі
Бұл жұмыс негізінен арнап ізденістер мен еңбектерді талап ететіні сөзсіз.
Тақырып өзегі болып табылатын Үнді мұхитының қазіргі экологиялық мәселелері туралы қарастырылған.Үнді мұхитының онда өмір сүретін организімдердің тіршілігі,өмір сүру ортасы туралы басты назар аударған.
Бұл жұмыс нақты және айқын жазылған.Жұмыстың зерттеу дәрежесі:
Тақырып үш тараудан тұрады:Кіріспе негізгі бөлім-5пункттен және қорытынды,суреттер мен пайдаланған әдебиеттер мен бөлімдерден тұрады.
Үнді мұхиты Рака тропигінің Оңтүстік жағында орналасқан. Солтүстік Азия континенті мен шектелген, сондықтан Солтүстік жарты шары мұхит толығымен тропикалық полюсте орналасқан. Үнді мұхит түбі бедерін орта мұхит жоталарынан бастғана жөн, өйткені олар заңды түрде Үнді мұхитын 3 секторларға бөледі: Африкалық, Үнді –Австралиялық және Антрактикалық.
Үнді мұхитында 4 орта мұхит жоталары көрініс алады:
Батыс-Үнді, Арабия-Үнділік, Орталық-Үнділік жоталар және Австралия-Антарктикалық төбелер. Батыс –Үнді жотасы мұхиттың Оңтүстік-Батыс бөлігінде орналасқандықтан, барлық белгілері Орта мұхит жоталарына тән: сеисмикалығы суасты вулкандылығы маржандық қабық түр сипаты мен Оңтүстік аймақтың маржандық құрылымы. Оның бірнеше секундтық мұхиттық жарығы субмередиандық бағытта болады. Родригес аралынан Шығысқа қарай жота системасы термақталады: Солтүстік Арабия-Үнділік, ал Оңтүстік-батысқа орталық-үнділік Орта мұхит жоталарға бағытталған. Арабия — Үнділік жота көптеп зерттелген. Субмеридиандық бағытта кесіп өтетін жарықтар анықталған. Көп қуатты жарықшағы — Оуэн Солтүстік жақтағы жоталарын қиып өтеді. Осы жарықшаның нәтижесінде жотаның Солтүстік қимасы солтүстікке 250- км –ге ығыстырылды. Одан ары маржандық құрылым батысқа Қызыл теңіз маржандық құрылым реттік бағытта жалғасады.
Аден шығанағы мен Қызыл теңіз су түбінде бірнеше бұрғылау скважиналары орналасқан. Ертеректегі, палеогендік типі, скважиналау мен анықталған. Карбонды шөгінділер калонка тәріздес, жиналып көрсетілген.
Кейбір скважиналар кескіндеуге вулкандық күлдердің маңызды қатысы бар. Бұрғылау барысында Эвакоритті және металдың тұнба, қуатты ыстық ағыстар мен өте тұзды Ювенилдық сулардың Қызыл теңіз маржандарының аймақтарымен байланысты. Орталықүнді орта – мұхиттың жота әдемі маржандық көрініспен қоса шеттік аймақ және оңтүстігінде Амстердам үстіртімен аяқталады, вулкандық аралдар –Сен-Поль мен Амстердам.
Бұл үстірттің шығыс-оңтүстік- шығыс, Австралия-Антрактикалық төбелерімен жалғасқан. Үнді мұхитының басқа жоталарына қарағанда, бұл жота кең ауқымды салыстырмалы аз тілімденген, Тынық мұхитының көтерілуіне морфологиялық ұқсастығы бар.
Мұхит түбінің Африкалық бөлік бедерінің ерекшелігі. Африкалық бөлік күрделі құрылымдық бедерлермен құралған. Су түбі шектері африкалық материк өте тар қайраңмен дәлме-дәл анықталған. Материктің қиялары шеткі үстірт және материктің етегі өзгеше дамыған. Бейнеленген облыстың Оңтүстігі Африка континентінде пайда болған, Оңтүстікке жылжыған шыңдар: Банку Агулясь, Мозамбиктік Модогаскарлық жоталар. Материк етектер оңтүстік еңкейтілген жазық Сомалин мен Кения жағажай жаймаларын кеңейте түседі, сонымен қатар Мозамбик пен шығыстан
Модагаскар көмкерілген бұғаз ағысын қамтиды. Африкалқ бөлікте үстірттен бөлек өте үлкен маскарен жоталары бөлектенеді, Солтүстік бөлігін «Микроконтинент» Сейшель аралдары құрайды.
Мұхит шұңқырының жоғары жағы, орта мұхиттың жоталар мен айрықша көршілес бөлшектелгең көпсандық қырқалар мен шарықшақтар байланысқан аймақ, жарықшақтары субмеридианды жоталарды кесіп өтуге бағытталған мұнда су асты вулкандық таулар да көп.
Көптеген тау төбелер өзіндік маржандық құрылым құрылысымен құралған. Сондықтан су асты маржандық құрылым құрылысымен құралған сондықтан су асты маржандық құрылымдар мен атолдар кең таралған. Негізгі тау араларынан көтерілген мұхиттың қазандық шұңқырлары-Агулияс, Мозамбика, Модагаскар, Маскарен және Сомалиниден болып табылады. Айтылып кеткендей оларда таулы және белес бедер жақсы дамыған. Мозамбиктік қазан шұңқырдан қызықты геморфологиялық аумағы Замбеизи су асыт мекені мен ысырынады конустың системасы болып табылды.
Үнді –Австралиялық бөлік бедерінің ерекшелігі. Ол үнді мұхитиның жарты аумағын алып жатыр. Бұған үлкен екі жота,меридиандық құрылым тән. Оның батысы – Молдивалық, бұның жоғарғы бетінде Локадивті, Мольдивті және Чагос аралдары орналасқан.
Геофизикалық мәлімет бойынша, бұл жота жинақталған қыртыс континет типтес. Үнді конусы Арабия мұхиттың қазаншұңқырынан ары
жылжыған. Тек бұл қазаншұңқырдың оң жақ бөлігі абисальды жазық орнымен бөлек, көтерілген су асты тауларды алып отыр. Мольдива жотасына паралелль, Солтүстіктен оңтүстікке жақпарлы мұхиттың Шығыс – Үнді жотасы созылған. Мольдивпен Шығыс үнді жоталарының арасында Үнді мұхитында – орталық өте ірі қазаншұңқыры орналасқан. Қазақшұңқырының оңтүстік бөлігі ірі белесті бедермен сипатталады. Қазаншұңқырдың орталық бөлігінде кіші Ланка жотасы мен Афанасия Никитина су асты тауы орналасқан.
Шығыс –үнді жотасынан шығысырақ Кокосова мен Батыс-Австралиялық екі қазаншұңқыры бар. Оларды ендік бойынша бағытталған Какосты төбе мен Какосты, Рождество аралдары бөледі. Какосты қазаншұңқырдың солтүстігінде тегіс абиссальды жазықпен, Бенгальды ысыранды конуспен генетикалық байланысы бар.
Батыс-Австралиялық қазаншұңқырдың барлығы абиссальды белес бедерімен сипатталады. Оның оңтүстігі Батыс-Австралиялық кең бағытты төбелермен шектеліп, оңтүстікке қарай үзілетін Солтүстіктегі қазаншұңқырлар
жартылай батады. Оңтүстіктен Батыс-Австралиялық төбе күшті түсікпен шектелген, Диамантика аймағының жарықшағымен байланысты.
Австралия бөлігінің сутүбі жоталарының құрылымы. Солтүстікте Австралия үлкен қайраңмен шектеліп, көптеген қазаншұңқырлардан құралған. Оңтүстігірек Батыс бойындағы материк жағажай қайраңы қосылып, Австралияның Оңтүстігінде қайтадан кеңейе
түседі. Батыс-Австралия қазаншұңқырының шығыс бөлігінде бірнеше төбелер бар. Австралияның оңтүстік суасты шеті мен Австралия-Антарктикалық төбенің арасында Оңтүстік –Австралиялық қазаншұңқыр орналасқан. Мұның түбінде біратты абиссальдық жазық таралған.
Антарктикалық бөлік. Бұл бөлік Батыс-Үнділік, Орталық-үнділік, Орта-мұхиттың жотамен, Оңтүстігінде Антарктидамен шектелген. Антарктиданың суасты шеті қайраңның тереңдігімен, бедердің тармақтылығымен ерекшеленген. Антарктида материгінің етегінде, зерттеулердің нәтижесінде Тынық мұхитындағы Белинскаузен қазаншұңқырларының арасында үлкен ауқымды, күшті борпылдақ шөгінділер табылған.
Антарктида материгінің үлкен ойпаты –Кергелен төбесі, сонымен бірге вулкандық төбе аралдар Принс-Эдуард және Крозе мұхит шарасын Антарктида секторына дейін 3 қарашұңқырға бөледі. Батыс қазаншұңқыры Африка-Антарктикалық деп аталады. Ол жартылай Атлант мұхитында………

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!