Құқықтық нормалар құқықтық | Скачать Курстық жұмыс
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Құқық нысаны
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1. ҚҰҚЫҚ НЫСАНЫ ТҮСІНІГІ, МАҒЫНАСЫ, ТҮРЛЕРІ
1.1.Құқық нысандарының (қайнар көздерінің) түсінігі және түрлері
1.2.Құқық нормалары және олардың жіктелуі
1.3.Нормативтік құқықтық-актілер түсінігі және жалпы
сипаттамасы
1.4. Нормативтік құқықтық-актілер түрлері
1.5. Нормативтiк құқықтық актiлер сатысы
1.6. Нормативтiк құқықтық актiлердiң тiкелей қолданылуы,
қайшылықтар және жобаларын дайындау жоспарлары
1.7. Азаматтық құқық туралы түсінік және оның қайнар көздері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3
4-27
4-6
7-10
11-19
20-21
22
23-24
25-27
28
29
КІРІСПЕ
Құқық нысанын, яғни оның қайнар көздерін ғылыми тұрғыдан зерттемес бұрын, ең алдымен жалпы құқық терминін, оның ерекшеліктері мен құқық негіздерінің басты түрлерін ажыратып, сипаттап алған жөн.
Құқық (объективтік тұрғыдан қарағанда) — жалпыға бірдей міндетті, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, заңда және басқа да ресми құжаттарда анықталған құқықтық норма, ережелердің жиынтығы. Құқықтың негізгі белгілерінің бірі оның жүйелілігі.
Құқық — бірнеше бөлшектен тұратын жүйелі құрылыс. Оның бір бөлігі — табиғи құқықтың мазмұны адам мен қоғамның табиғатына байланысты әлеуметтік-құқықтық талаптармен анықталады [1]. Мысалы, адамның өмірі, денсаулығы табиғи құбылыстар. Оларды сақтауға, қорғауға, қамтамасыз етуғе бағытталған құқықтық нормалар табиғи құқыққа жатады. Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған: Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ (15-бап). Құқықтық жүйенің екінші бөлігі — мемлекеттегі қолданылатын барлық заңдардың жиынтығы. Құқықтық жүйенің үшінші бөлігі — субъективтік (тұлғалар) құқықтар. Адам өзіне қажетті рухани және мүліктік игілікті пайдалану үшін өзі белсенді әрекет жасауы керек. Адамның әлеуметтік-құқықтық талаптарының мағынасы оны мемлекеттің тануы, қорғауы, қажет болған жағдайда қамтамасыз етуі болып табылады.
Курстық жұмыста құқықтың нысаны, яғни қайнар көздері туралы толығымен сипатталып, анықтама берілді. Құқықтың басты белгілерінің топтастырылуы қарастырылып, ерекшеліктеріне талдау жасалынды. Әлеуметтік — тарихи табиғаты, құқық бір тарихи кезеңнің, нақты бір қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Оған тән ерекшеліктерді айшықтау, құқық нормаларының бекітілуі және көрініс табуының мемлекет шығарған немесе ол таныған ресми — құжаттық нысандары, оларға заңды , жалпыға міндетті мағына беру теориялық тұрғыдан қарастырудың маңыздылығы зор.
1. ҚҰҚЫҚ НЫСАНЫ ТҮСІНІГІ, МАҒЫНАСЫ, ТҮРЛЕРІ
1.1.Құқық нысандарының (қайнар көздерінің) түсінігі
Позитивтік құқықтың өзіне тән белгісі оның формальды сипаты болып табылады.Оны құрайтын нормалар заңдарда немесе мемлекетпен танылатын басқа да, жалпыға міндетті болып танылуы мүмкін.
Құқық — қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекет бекітіп, қамтамасыз ететін, жалпыға міндетті, формальды анықталған заңдық нормалар жүйесі. Құқықтың таптық мәні — құқықты қоғамдағы экономикалық жағынан басым, үстем болып отырған таптың еркі деп түсіну. Құқықтың жалпыәлеуметтік мәні — құқықтық қоғамды ұйымдастырып, татулықта, бірлікте ұстап отырған және адамдардың барлық топтарының еркі деп түсіндіру. Құқық — ресми түрде танылған, жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып әрекет жасау мүмкіндігі, құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Құқық — адам мен қоғамның жаратылысымен байлансты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін жалпыға бірдей міндетті құқықтық нормалардың жиынтығы.
Құқықтың белгілері жалпы және ерекше болып 2 топқа бөлінеді.
1Құқықтың жалпы белгісі: әлеуметтік — тарихи табиғаты, құқық бір тарихи кезеңнің, нақты бір қоғамдық қатынастардың жиынтығы.
2Құқықтың ерекше белгілері:
Нормативтілігі: рұқсат берудің, тыйым салудың және міндеттеудің шегін анықтайтын құқық нормасында мінез — құлықтың жалпы көлемін бекіту.
Жалпы міндеттілік сипаты: Нормаларының талаптарын қоғамның барлық мүшелері еріктерімен сақтап, орындауға тиістілігі.
Формальды айқындылығы: құқықтың нормалары мемлекеттің нормативтік құқықтық актілерінде бекітіледі.
Рәсімділігі: құқықтық нормативтік актілердің, заңдардың қабылдану, іске асырылу және орындалу тәртібінің белгіленген рет — жосықтылықпен реттелуі.
Бір тұлғаға ғана бағытталмағандығы: құқық бір ғана тұлға емес, халықтың ортақ мүдделерін іске асыруға, құқықтарын қорғауға бағытталуы.
Бір әрекетті еместігі: құқықтың нормалары бір сәттік емес, керісінше өзінің күшін жойғанша үнемі күшінде болатындығы.
Мемлекетпен байланыстылығы: құқықты мемлекет белгілеп, айқындайды.
Құқықтың қайнар көздері — бұл құқық нормаларының бекітілу және көрініс табуының мемлекет шығарған немесе ол таныған ресми — құжаттық нысандары, оларға заңды , жалпыға міндетті мағына беру. Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат тән, оларды мемлекет таниды, бұлар ондағы нормаларды мемлекеттің қолдауын қамтамасыз етеді [1].
Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат екі жолмен беріледі:
1) Құқық-шығармашылық жол арқылы — бұл жағдайда нормативтік құжаттарды құзіретті мемлекеттік органдар қабылдайды, яғни, тікелей мемлекет шығарады [2].
2) Санкциялау жолы арқылы — бұл жағдайда мемлекеттік органдар белгілі бір түрде әлеуметтік нормаларды (әдет-ғұрып, корпоративтік нормалар, т.с.с.) қолдап, оларға заңды күш береді [2].
Құқықтың қайнар көздерінің түрлері:
1) Нормативтік заң актілері — бұл құзіретті мемлекеттік орган қабылдайтын, құқық нормаларынан құралған және белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар. Оларға Конституция, заңдар мен заңға сәйкес актілер жатады.
2) Санкцияланған әдет нормалары — бұл адамдардың санасынан орын алған және көп рет қолданылуының нәтижесінде әдетке айналған, тарихи қалыптасқан жүріс — тұрыс ережелеріне мемлекеттің жалпыға міндетті мән беріп, оларды орындауды өзінің мәжбүрлеу күші арқылы кепілденуі. Әдет — ғұрып нормаларына заңды мағына беретін мемлекет санкциясы екі түрлі жолмен беріледі: а) нормативтік актілерде әдет нормаларына сілтеме жасау арқылы; б) оларды сот шешімдерінде және басқа да мемлекеттік органдар актілерінде іс жүзінде тану арқылы [5].
3) Заңды прецедент — бұл ұқсас істерді шешуде басшылыққа алынатын және жалпыға міндетті заңды мағына иеленетін нақты бір заңды істі шешудегі соттық немесе әкімшілік шешім.
4) Нормативтік шарт — бұл екі немесе одан да көп субъектілердің жалпыға міндетті заң нормаларынан құралған келісімі.
5) Құқықтың жалпы қағидалары — бұл құқықтық жүйенің негізгі бастамалары. Мысалы , заңнамалық норма, міндетті прецедент немесе әдет нормасы болмаған жағдайда заңгерлер әділеттілік, ар — ождан, құқықтың әлеуметтік бағыттылық қағидаларына негізделуі мүмкін (Грецияның, Испанияның, Ауғаныстанның Азаматтық кодекстері).
6) Діни мәтіндер — бұлар әсіресе мұсылмандық құқыққа тән. Ең алдымен, бұл Құран мен Сүннет. Құран — бұл Алланың сөздері, өсиеттері және ақылдарының жиынтығы түріндегі қасиетті кітап. Сүннет- бұл Мұхаммед Пайғамбардың өмірін сипаттайтын жинақ.
Құқық негізі жөнінде әңгімелегенде, бәрінен бұрын құқықтың пайда болуы мен оның әрекет етуіне негіз болатын қозғаушы күштердің мағынасы әнгімеге арқау болады. Мұндай қозғаушы күштер мемлекеттің құқық шығармашылық ісі, үстем таптың (бүкіл халықтың) ерік-жігері және ең соңында қоғамның материалдық тұрмыс жағдайлары.
Бұл тұрғыдан құқық негіздерін кең мағынада түсіндіреді. Сондай бола түрса да құқық негіздері ұғымының тар мағынасы да бар. Заң ғылымында құқық негіздері дегеніміз — қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми түрде бекітілген, жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін қоғамның ерік-жігері [8].
Әдетте құқық негіздері төрт түрге бөлінеді: құқықтық әдеттер, сот прецеденттері (үлгілер), құкықтық келісім-шарттар, нормативтік-құқықтық актілер.
Құқықтық әдеттер — қоғам өмірінен шыққан, адамдардың қарым-қатынасын реттейтін, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін ресми түрде бекітілген әдет-ғұрыптар.
Кезінде қазақ даласында құқықтық әдет-ғұрыптар қоғамдық қатынастардың негізгі реттеушісі болған. Оған дәлел Қасымханның қасқа жолы (XV ғ.), Есім ханның ескі жолы (XVI ғ.), Тәуке ханның Жеті жарғысы (XVIII ғ.). Сонымен қатар қазақ қоғамында билердің үлгі шешімдері де қазақтың ұлттық құқықтық әдеттерін дамытқан, қиыннан қиыстырып тапқан билердің шешімдері ұқсас істерді қарағанда күші бар құқықтық норма ретінде пайдаланылған.
XIX ғасырда билер съезінде қабылданған ережелерде құқықтық нормалар жазылып, нормативті актілер ретінде пайдаланылған. Солармен қатар қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан құқықтық әдеттер де коғамдық қатынастардың реттеушісі болып отырған. Құқық проценті — жоғары мемлекет (сот) органдары қабылдаған нақты шешім. Осы шешім төменгі мемлекет (сот) органдарына ұқсас істерді шешкенде негіз болады. Құқық прецендентінін шықкан елі — Англия. Қазіргі заманда құқык прецеденті Англия, АҚШ, Үндістан, Австралия мемлекеттерінде құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады [17].
1.2. Құқық нормалары және олардың жіктелуі
Құқық жүйесі — қолданыстағы құқықтық нормалардың тұтастығы мен үйлестігі түрінде және олардың нормалар, салалар мен институттарға логикаға сәйкес орналасқандығынан көрінетін құқықтың ішкі құрылымы. Құқық жүйесі негізгі 3 бөлшектен тұрады [5]:
Құқық салаларынан: конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, экологоиялық, іс жүргізу.
Құқық институттарынан: сайлау институты, меншік институты, қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босату институты
Құқық нормаларынан: диспозиция, гипотеза, санкция
Құқық салалары — өзінің сипаты жағынан бірдей болып табылатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың барынша іріленген жиынтығы.
Конституциялық құқық саласы — құқықтық реттеудің әдісі — императивтік әдіс басым түрде қолданылады.
Азаматтық құқық саласы — мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтық қатынастарды реттейді.
Әкімшілік құқық саласы — мемлекет органдарының атқару — орындау қызметінің барысында туындайтын құқықтық басқару қатынастарын реттейді.
Қылмыстық құқық саласы — қылмыстық қол сұғулардан қорғаудан туындаған құқықтық қатынастарды реттейді.
Неке — отбасы құқығы саласы — отбасын құру негізінде туындаған және отбасы мүшелері арасындағы қатынастарды құқықтық жолмен реттейді.
Еңбек құқығы саласы — еңбек аясы мен еңбек ету барысында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді.
Құқық институттары — құқықтың белгілі бір саласының шеңберіндегі нормалардың жиынтығы.
Құқық нормасы — нормативтік құқықтық актіде тұжырымдалған, көп мәрте қолдануға арналған және нормативтік реттелген ахуал шеңберінде барлық тұлғаларға қолданылатын жалпыға міндетті мінез — құлық ережесі. Құқық нормалары талаптарының сипатына қарай заңға сәйкес мінез — құлық тыйым салынған, міндеттейтін, құқық беретін болып 3-ке бөлінеді.
Құқық жалпы ұғым болып табылса,құқықтық нормалар құқықты қалыптастыратындара ұғымдардың көп сандағы жиынтығы. Құқықтық нормалар құқықтық.формалық болмысы, өмір сүруінің.тыныс.тіршілігі объективтендірілген түрі және сипаты. Құқық тек құқықтық нормалар арқылы өмір сүреді. Қоғамдық қатынастарды реттейді және қорғайды. Сондықтан құқықтық нормалар құқықтың клеткалары болып табылады [4].
Норма сөзі латын аударғанда үлгі, ереже деген мағынаны білдіреді. Құқықтық нормаларды қабылдау, бекіту әр уақытта мемлекет тарапынан болады және олардың мазмұнында қоғамдық қатынастарға түскен субъектілердің мінез-құлықтары, әрекеттері туралы информация бекітіледі. Субъект өмірдегі сан алуан ситуацияларға тап болған жағдайларда оның сол сәттегі әрекеттері құқық нормаларымен реттеледі, немесе қорғалады. Мысалы, субъект үйін сату үшін нотариустың қатысуымен сату туралы келісімшарт жасауы тиіс, некеге тұру үшін кәмелеттік жасқа толу керек т.б. әрекеттер.
Құқықтық нормалардың ерекшеліктері :
1) Құқықтық нормалар бекіткен үлгі, талаптар бәріне бірдей қолданылады. Құқықтық нормаларының мәтінде көрсетілген информация ситуацияға түскен субъектілердің әрекеттерін реттейді , шешімін бекітеді. Мысалы , Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 23-бабы (нормасы) он тқрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәселелердң олардың атынан ата- анасы , асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды деген ережені бекіткен. Яғни , бұл норма 14 жасқа толмағандардың бәріне бірдей болып табылады [6].
2) Құқықтық норма халықтың, таптардың, топтардың, тіпті жеке адамның еркі де бекітіледі. Адамзат тарихында жеке адамның еріктерінің құқықтық норма бекітілуі көп болған. Мысалы, коммунизм идеологиясының негізін қалаушы Карл Маркс өзінің Коммунистік партияның манифистері деген еңбегінде буржуазиялық қоғамдағы мұрагерлік туралы заңның өте қатаң талаптарын жоюды өз өмірінен алған. К.Маркс өзінің құдай қосқан әйелі бола тұрып , отбасында қызметші болған Ленхен деген әйелмен көңілдес болып , бала туғызған. Әйелінен сескенген К.Маркс Ф.Энгельске сәбиді менікі дегізеді, бірақ оған өзінің мұрасын бөліп беруді армандайды. Өкінішке орай сол кездегі заң бойынша заңды некеден туған балаларға ғана мұрагерлік берілген. Социалистік идеологияны жазу барысында К.Маркс Коммунистік партияның манифисінде қатаң мұрагерлік заңын жоққа шығаруды талап етті.
3) Құқықтық норма қажет болған жағдайда мемлекет күшпен қамтамасыз етіледі. Сот, прокуратура полиция және басқа да мемлекеттік органдар құқықтық норма бұрмаланған, немесе орындамаған субъектілерге күш қолданылады, жауапқа тартады.
Құқықтық норма дегеніміз — мемлекет бекіткен, бәріне бірдей, формаларды айқын және орындалуы, сақталуы қажет болған жағдайда күшпен қамтамасыз етілетін мінез — құлықтың үлгісі.
Құқық нормаларының негізгі функциялары қоғамдық қатынастарды реттеу және құқық бұзушылықтан сол қатынастарды тиімді қорғау болып табылады құқықтық нормаларды реттеу функцияларына байланысты топтастырып қарағанда арнайы бір қоғамдық қатынастарды реттейді . Кейбір құқықтық нормалар мүліктік қатынастарды реттесе, басқалары экологиялық, қаржы отбасы, әкімшілік, банк, сайлау, инвистиция, жер сияқты қатынастарды реттейді. Осыған байланысты құқықтық нормалар реттеу пәніне байланысты конституциялық — құқықтық, әкімшілік құқықтық, азаматтық — құқықтық, және т.б. болып жіктеледі. Ал, құқықтық нормалар өздерінің іс жүзіне асырылуына байлансты мынадай түрлерге бөлінеді [8]:
1) Міндеттейтін норма — бұл субъектіге белгілі бір мазмұндағы әрекеттерді жасау міндетін жүктейтін норма.
2) Тыйым салушы норма — бұл субъектіге белгілі бір әрекеттерді жасаудан бас тартуды міндеттейтін норма.
3) Құқық беруші норма — бұл субъектіге белгілі бір әрекеттерді жұзеге асыруға байланысты құқықтарды реттейтін норма.
4) Дефинитивті норма — нормада заң ғылымдарының жетістіктерінің нәтижесінде бір ұғымның анықтамасының берілуі. Бұл нормада субъектілердің құқықтары мен міндеттері нақтылы дәрежеде не мағынада көрсетілмейді. Бір дефинитивтік нормалар пәнінің негізгі категорияларын анықтайды , үлкен маңыздық рөл атқарады және Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінде , құқық салаларында жиі кездеседі.
Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 9-бабы қылмыстық ұғымының мына анықтама мағынасында бекіткен: Осы Кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет ( іс-әрекет немесе әрекетсіздік ) қылмыс деп танылады.
Неке және отбасы туралы заңның 1-бабында некенің ұғымын, неке ерлі-зайыптылар арасында мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасы құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімді жағдайда жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақ, — деген дефинициямен берілген.
5)Декларативтік норма — негізігі құқықтық идеялар жариялану мағынасында көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізуге кодексінің 8-нормасында қылмыстық процестің барлық міндеттері былай деп жарияланған: Қылмыстық процестің міндеттері қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділсот талқылауы және қылмыстық заңды қолдану болып табылады.
6) Құқықтық реттеу тәсілі бойынша құқықтық нормалар диспозитивтік , императивтік , мадақтайтын және ұсыныс беретін түрлерге жіктеледі:
а) Диспозитивтік норма — субъектілерге өз тараптарынан құқықтары мен міндеттерін өз қалаулары бойынша іс жүзіне асыруға мүмкіндік және құқықтық қатынастарға түскен жағдайда еркіндік таңдау мінез — құлқы қамтамасыз етіледі. Мысалы , азаматтық құқықтың нормалары осы санатқа жатады.
ә) Импиративтік норма — қатаң сақталуды,и орындалуы талап етіледі және екі жақтың келісімі бойынша өзгертуге жатпайды. Әкімшілік құқықтың нормаларыимперативтік болып саналады.
б) Мадақтайтын норма — құқықтық қатынастарға түскен субъектілердің мінез — құлықтары қызметінің тәртіптері мен түрлері бекітіледі. Сол арқылы субъекттер арнайы белгіленген мадақтауға ие болады. Мысалы, бекітілген норма бойынша жазасын түзеу колониясында өтеп жүргендер үлгілі тәртібі үшін мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Немесе адам көмбе тауып алған болса Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 247-бабының 2-тармағы мынадай марапаттайтын норманы бекітеді: Тарих және мәдениет ескерткіштеріне жататын заттардан тұратын көмбе табылған ретте олар Қазақстан Республикасының меншігіне берілуі тиіс . Бүл орайда ондай көмбе табылған жер учаскесін пайдаланушы немесе көмбені тапқан адам осы көмбе құнының елу прценті мөлшерінде сыйақы алуға құқылы.
в) Ұсыныстық нормалар — мемлекет және құқық теориясында жиі пайдаланылады. Мысалы , Қазақстан Республикасы Президенті қабылдаған жарлықтарында Үкіметке арнайы бір саланы реттеуге қаулы қабылдау керек екеніне ұсыныс жасауы мүмкін .
7) Құқықтық нормалар функциялары бойынша реттейтін және құқық қорғайтын нормалар болып бөлінеді:
а) Реттейтін нормалар — бұл субъектілердің субъектілік құқықтары мен міндеттерін олардың пайда болу және әрекет ету жағдайларын анықтайтын норма. Сатып алу , айырбас жасау , шартқа отыру , некеге тұру , мұрагерлікке ие болу, ипотека және т.б.
б)Құқық қорғайтын норма — құқық бұзушылыққа барған субектілерге мемлекет атынан шара, күш қолдану арқылы қол сұғылған, бұзылған құқықтарды орнына келтіреді, реттейтін нормаларды қорғау функцияларын атқарады. Құқық қорғайтын нормалар негізінде әкімшілік , қылмыстық кодекстің ерекше бөлімдерінің баптарында нақтылы мағына бекітілген [10].
1.3.Нормативтік құқықтық-актілер түсінігі және жалпы
сипаттамасы
Құқықтық келісім-шарт екі немесе көп жақтың өз еркімен жасалған, ресми түрде бекітілген, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін келісім-шарт.
Казіргі заманда құқықтық келісім-шарттар халықаралық қатынастарда құқыктың негізгі қайнар көзі болып табылады.
Нормативтік-құқықтық актілер — құқықтың ең басты қайнар көзі негізі ретінде танылады. Нормативтік-құқықтық акті — мемлекеттік органдар ресми түрде қабылдаған, жалпы ережелерден тұратын, коғамдық қатынастарды реттейтін, жалпыға бірдей міндетті құжат, яғни акті.
Нормативтiк құқықтық акт — референдумда қабылданған не уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiң лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгiлейтiн, олардың қолданылуын өзгертетiн, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат
Тәуелсіз Қазақстан Республикасында ұлттық құқық тек қана нормативтік актілер арқылы қалыптасуда. Құқықтың нәр алатын бастауы — Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады. Одан төмен — конституциялық заңдар. Ондай заңдар ерекше қатынастарды реттейді. Одан кейінгі — жай заңдар.
Заң — аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн, Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 3-тармағында көзделген түбегейлi принциптер мен нормаларды белгiлейтiн, Қазақстан Республикасының Парламентi, ал Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайтын нормативтiк құқықтық акт.
Конституцияға өзгерістер мен қосымшаларды республикалық референдум немесе Парламент енгізеді. Конституциялық және жай заңдарды Парламент қабылдайды. Парламент Президентке бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге қақылы. Конституцияда аталған жағдайда Президент заң күші бар Жарлық шығаруға қақылы. Президент өз өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша нормативті Жарлық шығарады.
Конституциялық заң — Қазақстан Республикасы Конституциясында конституциялық деп аталған, Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 4-тармағында белгiленген тәртiппен қабылданатын заң. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз құзырындағы мәселелер бойынша Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар қаулылар шығарады. Конституциялық Кеңес өз құзырындағы мәселелер бойынша нормативті қаулылар шығаруға құқылы. Ол Казақстан құқығының құрамды бөлшегі болып есептеледі. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты да құзырына жататын мәселелер бойынша нормативті қаулылар қабылдауға құқылы.
Мұнда кейбір баптардың жаңаша жазылуы да мүмкін. Алайда, консолидация қоғамдық қатынастарды реттеуге елеулі өзгерістер енгізбейді. Соның өзінде консолидацияның кодификацияға ұқсас келетін кейбір сипаттары бола тұрса да, бұл жағынан ол инкорпорацияға жақынырақ болып келеді.
Консолидацияның нәтижесінде заңдардың жинақтары салынады. Әдетте олар бейресми сипатта болады. Мұнда құқық нормалары, өздерінің іс-әрекет түрлерінің біріне жататындығын білдіретін нышан белгілерімен салыстырылғаннан соң барып жинаққа біріктіріледі (табиғатты қорғау күрделі құрылыс құралдарымен жұмыс істеу және т.с). Жекелеген нормативтік актілер түгелдейімен де, сондай-ақ үзінділер түрінде де консолидациялау актілерін әдетте мемлекеттік немесе қоғамдық салаларда қызмет істейтіндер заң жөніндегі құралдар ретінде пайдаланады.
Заңнама, заңдар — мемлекеттегі өкілетті заң шығарушы органдар қабылдаған нормативтік актілер (көбінесе, заңдар) кешені; сол мемлекеттегі саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани, отбасылық, т.б. қарым-қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Кейде сол нормалардың бір түрі де заңнама деп аталады. Заңнама мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістерінің негізгісі болып табылады. Заңнама бөліктері өзара байланысты, әрі бір-біріне бағынышты бірегей жүйені құрайды. Заңнаманы құрайтын бөліктер оны қабылдаған мемлекеттік басқару құрылымындағы тиісті заң шығарушы органның мәртебесіне қарай белгілі бір тармақтарға (жоғары билік органдары қабылдаған заңдарға, үкімет қаулыларына, министрліктер мен идаралардың нормативтік актілеріне, т.б.), сондай-ақ, олар қоғамдағы қарым-қатынастардың қандай саласын реттеуге бағытталғанына қарай арнаулы салаларға (азаматтық заңнамаға, қылмыстық заңнамаға, әкімшілік заңнамаға, т.б.) бөлінеді. [[1]]
Заңнама жүйесінде мемлекеттің Конституциясы Негізгі Заң немесе Ата Заң болып табылады. Ол жоғары заңи күшке ие: мемлекеттік органдардың бүкіл заңдары мен басқа да нормативтік актілері Конституцияның негізінде және соған сәйкес шығарылуға тиіс. Қазақстан заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясын, конституциялық заңдарды, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын қамтиды. Олар мемлекеттегі қарым-қатынастардың қандай саласын реттеуге арналғанына байланысты бірнеше топқа бөлінеді:
Азаматтық заңнама — әр түрлі заң күші бар құқықтық-нормативтік актілердің жиынтығы. Азаматтық заңнама жүйесі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, соған сәйкес қабылданған өзге де заңдарды, тең құқықты қатысушылардың ақша-тауар, мүліктік қатынастарын және мүлікпен байланысты өзіндік беймүліктік қатынастарын, сондай-ақ, мүлікпен байланысы жоқ өзге де қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтарын, Парламент қаулыларын, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің қаулыларын (заңнамалық актілерін) қамтиды. Азаматтық заңнаманың нормалары заңдарда, нормативтік-құқықтық актілерде, заңнан туындаған нормативтік актілерде және халықар. шарттарда (келісімдерде) тұжырымдалған.
Азаматтық іс жүргізу заңнамасы — азаматтық істер бойынша соттардың сот төрелігін жүргізу жөніндегі қызметін заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ететін құқықтық-нормативтік актілер жиынтығы. Қазақстанда «Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі», «Атқарушылық іс жүргізу және сот атқарушыларының мәртебесі туралы», «Сот приставтары туралы», «Адвокаттық қызмет туралы», «Мемлекеттік баж туралы», «Сот сараптамасы туралы» заңдар, «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы, т.б. заңнамалық актілер қабылданған. Олар субъективтік құқықтар мен заңды мүдделерді сот жолымен қорғауды ойдағыдай жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Еңбек заңнамасы — азаматтардың еңбек ету, қызмет пен кәсіп түрін таңдау бостандығына қатысты конституциялық құқығын іске асыру барысында туындайтын еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық-нормативтік актілер жиынтығы. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» заңы осындай заңнама болып табылады. «Еңбекті қорғау туралы» заң қызметкерлер еңбегінің қорғалуы құқығын қамтамасыз етуге бағытталған, жазатайым оқиғалардың, өндірісте денсаулыққа зақым келуінің алдын алу мақсатымен осы саладағы ұлттық саясаттың негізгі қағидаларын белгілейді. «Ұжымдық еңбек даулары мен ереуілдер туралы» арнаулы заңда ұжымдық еңбек дауларын шешу тәртібі мен тәсілдерін, ереуілге құқықты іске асыру тәртібін реттейтін құқықтық негіздер белгіленген. Кәсіподақтардың өз мүшелерінің еңбек ету, сондай-ақ, басқа да әлеум.-экон. құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту ісіндегі рөлі «Кәсіподақтар туралы» заңда айқындалған.
Отбасы-неке заңнамасы — азаматтардың отбасы-неке қатынастарын реттейтін құқықтық-нормативтік актілер жиынтығы. 1998 жылы қабылданған «Отбасы және неке туралы» заң отбасылық құқықтың қайнар көзі болып табылады. Мұнда бұған дейінгі заң бойынша жұбайлардың ортақ меншіктік қатынастарының қолданыстағы режимі қайта қаралып, кәмелетке толмаған ата-аналардың мүдделерін қорғау мақсатымен неке жасы екі жасқа дейін төмендетілді, жұбайлардың қос әулетесім (фамилия) алуына мүмкіндік берілді, алимент төлеу саласына да біраз жаңалықтар енгізілді. Кейбір жағдайларда отбасылық қатынастарға азаматтық құқық нормалары да қолданылуы мүмкін.
Әкімшіліктік заңнама — мемлекетті басқару саласындағы қарым-қатынастарды реттейтін құқықтық-нормативтік актілер жиынтығы. 2001 жылы қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінде әкімшілік жаза қолдану шараларының шеңбері кеңейтілді, сонымен қатар оған «Әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары» атты арнаулы бап енгізілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес осы салада жүргізілген құқықтық реформаның негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Қылмыстық заңнама — қылмыстық құқық нормаларын реттейтін құқықтық-нормативтік актілер жиынтығы. Ол тек қана «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінен» тұрады. Онда қылмыстық жауапкершіліктің және жаза қолданудың шектерін айқындайтын нормалар белгіленген; қылмыстық іс жүргізу заңнамасы — қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін құқықтық-нормативтік акт. «Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі» осы саладағы арнаулы және негізгі заң болып табылады. Ол сот төрелігін жүзеге асыру қағидаларын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін белгілейтін конституциялық нормаларға, сондай-ақ халықар. құқықтың жалпы жұрт таныған нормалары мен қағидаларына негізделген [11].
Салық заңнамасы — мемлекетте қолданылатын салық түрлерін, салық ставкаларын, салық өндіріп алу тәртібін, салық жеңілдіктерін белгілейтін нормалардың жиынтығы. Салық Заңнамасы салық міндеттемелерінің пайда болуына, өзгеруіне, тоқтатылуына байланысты қатынастарды реттейді, салық санкцияларын белгілейді. Қазақстанда салық заңнамасы 2001 жылы маусымда қабылданған Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы кодексін» (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының «Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы» заңын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Кіріс мин-нің Қазақстан Республикасының Қаржы мин-мен келісілген актілерін қамтиды.
Бюджеттік заңнама — Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын, «Бюджет жүйесі туралы» Заңды, әр жылға арналған респ. бюджет туралы заңдарды, мәслихаттардың тиісті жылдарға арналған жергілікті бюджет туралы шешімдерін, бюджет рәсімдемелері жөніндегі өзге де нормативтік-құқықтық актілерді қамтиды.
Жер заңнамасы — жер және табиғат ресурстары қатынастарын реттейтін құқықтық ин-тар мен нормаларды қамтитын Заңнама саласы. Елдің жер қорын қорғау, оны орынды пайдалану мемлекет қызметіндегі басым бағыт болып табылады, ол Қазақстан Республикасының Конституциясында және 2001 жылы қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының «Жер туралы» Заңында саяси-құқықтық тұрғыдан тұжырымдалған.
Кеден заңнамасы — барлық тұлғалардың тең құқықты негізде тауарлар мен көлік құралдарын елдің кеден шекарасына әкелуі мен одан әкетуі құқығын реттейтін, кеден саясатын жүзеге асыру құралдарының жиынтығы ретіндегі кеден ісі ұғымын айқындайтын Заңнамалық акт. 1995 жылы шілдеде қабылданған «Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі туралы» заң кедендік реттеу аясындағы негізгі заң.
Құқықтық ақпараттарды ғылыми негізде жүйелеу құқық шығармашылығы ісімен шұғылданатын органға іс үстіндегі заңдардың барлығын қысқа мерзім ішінде бағалауды, құқықтық реттеудегі келісілген іс-әрекеттерді, қайшылықтар мен кемшіліктерді табуда күш пен құралдарды, шығындарды аз жұмсап табысты жүргізуге мүмкіндік береді [11].
Нормативтiк құқықтық актiнiң негізгі құрылымдық бөліктері құқық нормаларын қамтитын абзац, бөлік, … жалғасы