Дамир Исмағұлов: Бәрі жақсы боларына сенемін

0

UFC-де екі жеңіске жеткен тұңғыш қазақ Дамир Исмағұлов жарақатына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

— Кез келген спортшы жарақат алады. Өкінішке орай, бұл жолы жарақатсыз болмады. Қазір ем-дом алып жатырмын. Бәрі жақсы боларына сенемін, — деп жазды спортшы Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Прага қаласында өткен жекпе-жекте Дамир Исмағұлов Хоэль Альваресті (15-1) төрешілердің шешімі бойынша жеңді. Кейін белгілі болғандай спортшы сынған қолымен жұдырықтасқан. Дамирді жекпе-жектен соң бірден ауруханаға алып кетті.



Дереккөз: prosports.kz/kz