Күдеріқожа Көшекұлы | өмірбаяны

0

Күдеріқожа Көшекұлы қазіргі Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданында туған. Күдеріқожаның өзі өмір сүрген тұстағы атамекеннен ауа көшкен ел мұңын жырлап айтқан «Қарқаралы, Қазылық», қалмақтардың шапқыншылығына қарсы арналған «Абылай ханның қалмақты аударғанына айтқаны» деген өлең, толғаулары бар.

Оның Ұлбикемен айтысы (1840 ж.) жігіт пен қыз айтысының жұмбақ аралас келетін көне түріне жатады. Мұны В. В. Радлов жазып алып, өзінің әйгілі ғылыми кітабына енгізді (1870ж.).

Ал «Қарқаралы, Қазылық» атты толғау жырын Мұхтар Әуезов те, Сәкен Сейфулин де аса жоғары бағалап, өздерінің оқулық, хрестоматияларына енгізген.

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында қайтыс болды.