Дауыстылар үндестігі — Қазақ тілі

0

Дауыстылар үндестігі орыс. гармония гласных — екі немесе көп буынды сөздердегі дауысты дыбыстардың не біркелкі жуан (бала, балалар), не біркелкі жінішке (кісі, әншілер), сондай-ақ не бірынғай еріндік тутун (тутін), бугунгі (бугінгі), не бірынғай езулік (әжелер, тынысты) болып үндесіп айтылуы. Мұны буын үндестігі деп те атайды.[1]
Дауыстылардың ерін үндестігі орыс. гармония губных гласных — сөздің бастапкы буынындағы о, ө, у, у ерін дауыстыларының әсерімен соңғы буындарындағы езулік ы, і, е дауыстыларының еріндікке айналуы. Мысалы: путүн — тутін, өнөр — өнер. Қазақ тілінде бірінші буындағы ерін дауыстының әсері екінші буыннан аспайды, ал үшінші буында тіпті әлсіз, жоқтын касы: бурулыс — бурылыс, көлөңке — көленке. Ерін үндестігі жазуда еленбейді. Орыс тіліндегі әдебиеттерде лабиальный сингармонизм деп аталады.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!