Қазақша реферат: Эпифиз (пинеальдық без) туралы |

0






Эпифиз жалпы барлық омыртқалы жануарларда болады. Жоғары және төменгі сатыдағы омыртқалыларда эпифиздің құрылысы әртүрлі болады. Салқын қанды жануарлар эпифизі фоторецепциялық аппарат болса, сүт қоректі жануарларда ол эндокриндік без болып есептеледі. Мысалы, кесірткенің «төбелік көз » деп аталатын органында көз бұршағы мен көздің торлы қабығының элементтеріне ұқсас құрылымдар табылған. Бұл орган жарық деңгейінің өзгерістерін қабылдап, оған байланысты жануардың реакциясын туындатып отырады.

Сүт қоректілерде эпифиз ортаңғы мидың төрт төмпешігінің алдыңғы төмпешіктерінің арасында орын теуіп, мидың үшінші қарыншасымен арнаулы сабақша арқылы жалғасқан. Ол дәнекер үлпалы қабықпен қапталып, көмескі бөлікшелерге бөлінген тығыз құрылым. Оның бөлікшелері екі түрлі торшалардан -пинеалъдық (пинеалоциттерден) және глиялың, құралған. Бұл торшалар жарық сезгіштік (фоторецепциялық) қабілетін жоғалтып, безді ұлпаға айналған. Сонымен қатар бұл без мимен жүйкелік қатынасын жоғалтқан, симпатикалық жүйкемен автономды сипатта жүйкеленеді және қан тамырларымен жақсы жабдықталған.








1959 жылы Лернер ірі қара эпифизі сығындысынан терінің пигменттік. торшаларына әсер ететін мелатонин деп аталған биологиялық белсенді зат бөлген. Химиялық түрғыдан ол индолдың туындысы болып табылады. Мелатонин трифтофан қышқылынан түзіледі. Алдымен трифтофан молекуласы триф-тофан-гидроксилаза ферментінің әрекетімен гидроксил тобын қосып, 5-гидрокситриптофан түзіледі. Ол карбоксилсіздену реакциясының нәтижесінде серотонинге айналады. Серотонин N-ацетилтрансфераза әсерімен N-ацетилсеротонин түзеді де, одан гидроксиндол-0-метилтрансфераза әсерімен мелатонин пайда болады. Эпифизде күндіз серотониннің, ал түнде — мелатониннің мөлшері артады. Бұл серотониннің мелатонинге айналуын реттеп отыратын ферменттің белсенділігінің өзгеруімен байланысты. Аталған заттармен қатар эпифиз әсерімен симпатикалық жүйке талшықтарының үшында көп мөлшерде норадреналин түзіледі. Түнде норадреналин мөлшері де көбейеді. Қараңғы кезде норадреналин мен мелатониннің мөлшерінің өсуі эпифиздің жүйкелену ерекшелігіне байланысты. Бұл без симпатикалық жүйкенің алдыңғы мойындық түйінен басталатын жүйке талшықтарымен жүйкеленеді. Қараңғы кезде алдыңғы мойындық түйін нейрондарының белсенділігі күшейеді де, жүйке үшында көп мөлшерде норадреналин түзіледі. Өз ретінде норадреналин N-ацетилтрансфераза ферментінің эрекетін жандандындырып, серотониннің ацетилдену процесін жылдамдатады да, оны мелатонинге айналдырады.





.





.

Қазіргі кезде эпифиздің жыныс бездерінің қызметін төмендететін қабілеті анықталды. Оның жыныс бездеріне эсері күннің үзақтығына байланысты өзгереді. Күннің үзаруы гипоталамус-гипофиз-жыныс бездері жүйесінің қызметін жақсартып, эпифиз жұмысын бэсеңдетеді. Ал жарықтың азаюымен байланысты эпифиздің қызметі күшейіп, жыныс бездерінің эрекеті тежеледі. Бүл ерекшелікті өндірістік қүс шаруашылығында тауықтың жұмыртқалағыш қабілетін өсіру үшін пайдаланады.

Күннің үзақтығын жасанды түрде ұзарту күз-қыс маусымдарында жабайы қүстардың жыныстық қызметін күшейтіп, аңдарда (түлкі, ақ түлкі, жанат, күзен, қара күзен) мауығу (шағылысу) кезеңінің басталуын тудырады. Дэл осы жолмен саулықтардың жыныстық айналымын өзгертіп, оларды эрбір 7 ай сайын күйікке келтіруге, қоздау мерзімін жиілетуге болатыны ғылыми түрде дэлелденген. Қой, теңіз мысығы, т.б. жануарларда жүргізілген зерттеулер қыс мерзімінде эпифиздің қызметінің күшейетінін көрсеткен. Солтүстік полюсте тіршілік ететін жануарлар эпифизі ірірек келеді. Жыртқыш аңдар мен қоян тектестердің көбеюіндегі маусымдық ерекшеліктер де эпифиздің қызметімен байланысты.

Жоғарыда баяндалған жайларды қорыта келіп, жарықтың күшіне байланысты эпифиз қызметінің өзгеруін былай негіздеуге болады. Жарық сэулесінің эсерінен көздің торлы қабығындағы таяқшалар мен сауытшаларда пайда болған тітіркеніс төменгі көру жолы арқылы мойынның алдыңғы симпатикалық түйініне беріліп, оның нейрондарының қызметін бэсеңдетеді. Осымен байланысты эпифиздегі симпатикалық жүйке үштарында норадреналиннің түзілуі баяулайды. Ал, норадреналиннің серотониннің мелатонинге айналуын шапшандататын N-ацетилтрансфераза ферментінің жандандырушысы екенін баяндап өттік. Осымен байланысты тэуліктің жарық кезінің үзаруы мелатониннің түзілуін баяулатып, оның гипоталамус-аденогипофиз-жыныс бездері жүйесіне тежеуші эсерін тоқтатады. Нәтижесінде тиісті либериннің эсерімен гипофизден ФЖГ бөлінуі күшейеді.
Эпифиз жыныстық жетілуді реттеуде маңызды рөл атқарады. Балауса (ювенильдік) кезеңде эпифиз мезгілсіз жыныстық жетілуден сақтайды, организмнің жалпы толысуы мен жыныстық жетілуінің арасындағы үйлесімдікті қалыптастырады. Ұрпақтану (репродуктивтік) кезеңінде эпифиздің физиологиялық мэні өзгереді де, ол көбею жүйесінің жарық режиміне бейімделіп, өніп-өсу процесінің жануарларға тэн фотопериодикалық сипатын қамтамасыз етеді.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!