Байланыстың талшықты-оптикалық линиясы слайд,презентация

0

Байланыстың талшықты-оптикалық линиясы слайд,презентация

 

 

Талшықты-оптикалық байланыс жүйесі-«оптикалық талшық» деген атқа ие оптикалық диэлектрлік толқын арнасы бойынша мағлұмат берілетін байланыстың түрін атаймыз. Қазіргі таңда оптикалық талшық мағлұмат беруде-тасымалдауда ең оңтайлы, әрі ыңғайлы физикалық орта деп саналады және де  көп толқынды мағлұматтарды ұзақ қашықтықтарға жеткізуде болашағы мол орта деп табылып отыр.Оптикалық сигналдардың кең жолақтылығы Fo=10**14 Гц тең жоғары жиілілікке тәуелді. Бұл дегеніміз оптикалық сигналдардың кең жолақтылығы арқылы 10**12 сит/с немесе терабит/с сай жылдамдықпен мағлұмат беру мүмкіндігіне ие деген сөз. Басқаша түсіндірер болса бір талшық бойынша бір мезетте 10 миллион телефон сөздерін және миллиондаған видеосигналдар бере аламыз дегенді білдіреді. Сонымен қатар оптикалық талшықта бірден екі поляризация сәулелік сигналдары орналасуы да мүмкін, нәтижесінде бұл байланыстың оптикалық каналдарының өткізгіштік қабілетін екі еселеуге мүмкіндік береді.

 

  
 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!