Қазақша реферат: Айырша без туралы мәлімет |

0






Айырша без желбезек қапшығының 3-және 4-жұптарынан дамиды. Ол көкірек қуысында жүрекке жақын жатқан ірі тамырлардың вентральдық бетін ала орналасады. Айырша без қан тамырларымен мол жабдықталған, симпатикалық және парасимпатикалық жұйкелермен жүйкеленген. Онда көп мөлшерде лимфа тамырларының торы болады. Без ұлпасы бозғылт заттан және қыртысты бөліктен түрады. Әр бөлік секрециялық торшалардан жэне қан түзетін органдарға тэн торлы эндотелийлік ұлпа торшаларынан құралған. Айырша без тек жыныстық жетілу кезеңінде ғана өсіп дамиды да, одан кейін өз қызметін тоқтатып, инволюция (кері даму) процесіне үшырайды. Сақа малда без семіп, оны май басады.








Айырша без әртүрлі қызмет атқаратын күрделі орган. Оның ретикулярлы торшалары тимозин гормонын түзеді. Безге лимфоциттер түзу қабілеті де тән, сондықтан әлі күнге дейін оның ішкі секреция безіне жататыны немесе лифоидтық ағза екені толық анықталған жоқ. Айырша без бүкіл лимфалық жүйенің дамуына әсер етеді, сүйектің қатаюын, организмнің өсіп-жетілуін реттейді. Оның сығындысы лимфопоэзді жандандырып, сүйек кемігінде қанның діңгектік торшаларының дамуын жеделдетеді, лимфоцитоз тудырады. Бұл безде лимфоциттер жіктеледі, қанның діңгектік торшаларының беткейлік құрылымы өзгеріп, олар ұлпалық қорғаныс реакцияларында маңызды рөл атқаратын Т-лимфоциттерге айналады. Айырша без қатерлі ісіктің да-муына қажет күрделі жағдайларды қалыптастыруда белгілі рөл атқарады деген болжамдар бар.

Сент Джорджи айырша безден промин жэне ретин деп аталған екі зат бөліп алған. Промин қауіпсіз және қатерлі ісіктердің дамуын жандандырған, ал ретин — оларды баяулатқан. Қазіргі кезде мүндай заттар басқа үлпалардан да бөлінген. Айырша безді сылып тастағаннан кейін жас малдың өсіп-дамуы баяулап, минеральды тұздар мен белоктардың алмасуы бұзылады, сүйек жүмсарып, майысады, бұлшық ет дегенера-ция процесіне үшырап, оның тонусы төмендейді, ет болбырап, жоғары дәрежелі жүйкелік қызмет бұзылады, ацидоз жағдайында мал 2-3 ай ішінде өліп кетеді. Сақа малда аталған құбылыстар байқалмайды.

Айырша без басқа ішкі секреция бездерімен күрделі қатынаста болады. Малды ерте піштірсе, айырша безде жаспен байланысты туындайтын өзгерістер жүрмейді. Оның сығындысы егілген малда жыныстық жетілу тежеледі, гипофиздің тиреотроптық гормонының бөлінуі күшейеді. Айырша без қалқанша без бен бүйрек үсті бездерге ықпал етеді, тироксиннің эсерін бэсеңдетеді. Оны сылып тастағаннан соң аталған бездердің көлемі үлкейіп кетеді. Өз кезегінде айырша без басқа гормондар әсеріне сезімтал. Бүйрек үсті безі гормондары бұл бездің кері дамуын шапшаңдатады, ал қалқанша без гормондары айырша бездің үлкеюіне, өсуіне ықпал етеді. Жыныс гормондары, гипофиздің гонадотроптық гормондары айырша безді семдіреді.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!