Кей әйелдер азаматтарын осындай төмен деңгейге түсіріп алғаны ақиқат
Кей әйелдер азаматтарын осындай төмен деңгейге түсіріп алғаны ақиқат
ЕРКЕКТІ ЕЗ ҚЫЛАТЫН ӘЙЕЛДЕР, ӨЗІМІЗ
Ер азамат үйленген кезде әйелінің айтқанына көніп, айдағанына жүремін деп еш ойламайды. Өзін отағасы, ЕРКЕК екенін сезініп, отау құрады. Отбасылық өмір басталысымен үш жыл көлемінде «кім бастық» деген сұрақ бойынша талас-тартыс жүреді. Әйел баласы ұшқан ұясынан өмір бақи шаңырағын анасының басқарғанын көріп келген болса, жағдай тіптен қиын. Ол міндетті түрде ер азаматына үстемдігін жүргізуге тырысады. Сөйтіп жүріп, әйел өз басына еркекке тиесілі міндеттерді ала бастағанын өзі де аңғармай қалады. Ал, еркек болса уақыт өткен сайын, әйелдің өктемдігі артқан сайын ӨЗІНЕ ДЕГЕН СЕНІМІН ЖОҒАЛТЫП, ЕЗГЕ АЙНАЛА БАСТАЙДЫ. Бұл індет жылдар жылжып, асқынған кезде: еркектің қандай проблема болса да бас қатырмауы, отбасының болашағына немқұрайлылық, бәр ауыртпашылықты әйелге ысырып қою сияқты әрекеттермен көрініс таба бастайды. Мен де бастапқыда осындай қателікке ұрынып, өзіме шамадан тыс міндет алып қойыппын. Қателігімді байқаған бетте, дереу әйелдік нәзіктігіме салып, ақырындап жауапкершіліктерін қайтарып бердік. Қарап отырсам, бұл қазіргі қоғамдағы ушығып тұрған үлкен мәселе екен. Әрбір екінші отбасында осындай жағдай. Аналар билеген заман. Әйел қашан да әйел болып қалуы керек. «Еркектің мойны жуан» деген. Бүкіл тіршілікті өз мойнымызға артығымен алып қойып, ертең сан соққанша, ЕРКЕККЕ ЕРКІНДІК беру керек екен. Отбасының отағасы ретінде соңғы сөз Еркекте болуы тиіс. Осындай тәрбиені көріп өскен осы шаңырақтың ұлы ер жетіп, отау тіккенде Әкесінен көргенін жасайды. Ал, еркек билеген үйдің қызы күйеуге тигенде күйеуінің басына шығып, төсіне өрлемейді. ЕРКЕКТЕРДІ ЕЗ ҚЫЛМАЙЫҚ, НӘЗІК ЖАНДЫЛАР! ЖІГЕРЛЕНІП, ҚАЙРАТТАНСЫН! ОТБАСЫНЫҢ ОТАҒАСЫ ЕКЕНІН СЕЗІНСІН. Шаңырақтағы бүкіл негізгі міндетті, отбасының тізгінін еркекке беріп қойыңыздар!
Баяғыда бір еркек, бір еркекке: «Подкаблучник» деген екен, сөйтсе, екіншісі: «Менікі қайта жақсы ғой, тығылатын жерім бар, сен домашний тәпішкенің астында жаншылып жүрсің» — депті. Әзіл-шыны аралас, ағайын, кей әйелдер азаматтарын осындай төмен деңгейге түсіріп алғаны ақиқат. Әлде мен қате айттым ба?!
Кенжегуль Тергембаева
Фейсбуктегі парақшасынан
Көрілген: 502 Пікірлер: 0