Зейнетке шығатын жасты ұзартуы – оларды ертерек көрге сүйрегенмен бірдей

0

Зейнетке шығатын жасты ұзартуы – оларды ертерек көрге сүйрегенмен бірдей

Совет Одағы кезінде адамның биологиялық мүмкіндігін зерттеп барып пенсияға шығатын жасты анықтаған. Әйел адам 50 жастан кейін, еркектер 60- тан асқанда жыныстық гормон бөлуді біртіндеп тоқтатады. 8 сағаттық ұйқыдан кейін организм бұрынғыдай қайта қалпына келуді қойып, өзінің шама- шарқын 10-15 жылға дейін шамалап болсын өмір сүруге бейімдей бастайды екен. Бұл сенің кәрі қойдың жасындай ғана жасың қалып, қай күні «қисайып» қалатыныңды білмейтін, ақыретке қарай «асығып» бара жатқан уақытың. 60-тан асқан кісі әлі де тың болғанымен, баяғыдай өндіріп жұмыс істеуден қалады. Сондықтан мемлекеттің зейнетке шығатын жасты ұзартуы – оларды ертерек көрге сүйрегенмен бірдей болады екен!

Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан

Көрілген: 296    Пікірлер: 0