Әкемді тағы көрсеңіз сәлем айтыңызшы, о дүниеден отпуск алғанда үйге де соғып кетсін…

0

Әкемді тағы көрсеңіз сәлем айтыңызшы, о дүниеден отпуск алғанда үйге де соғып кетсін…

— Әйнөлайын, амансың ба? Әкең Атыжоқты жақсы білемін…

— Қойшы, — деді кемпірі жеңінен тартып.

— Тартпа, — деймін Мықыр шытынай қарады. — Мына жұрт туыстығымызды біліп қалып, өсектейді деп қорқасың ғой, білсе біле берсін. Қыз алыспайтын туыс екенімізге құдай куә. Мен Қойлыбайдың Жалпаңбайынан, бұлар Талтаңбайынан тарайды! Тәк што, тартпа кемпір, өмірбақи кері тартқаның жетер. Бүгін күнім оңымнан шығып, айым солымнан туып, Адаммын Атыжоқывішім атқа мінген күн.

Мықыр айналасын маңғаздана бір шолды. Әкелеріңді танытармын дегені. Сосын мінбедегі жаңа әкімге қарап сөзін жалғады.

— Әкең Атыжоқ жасында азамат-ақ еді, елді аузына қаратып, жүзінен нұр шашып сөйлегенде, ойпырым-ой… сол Атыжоқтан оза туған ұл болдың. Әкең аман шығар, өткенде базарда жолығып…

-Аға, деді әкім қызарақтап. Мықырдың қолы шошаң етті:

— Бөлме! Үлкеннің сөзін бөлме, әйнөлайын. Әкең болмасам да әкеңнің досымын, туыспыз, — ол айналасына тағы қоқилана қарады. — Мен сөзімді бөлгенін жақтырмаймын! Әкең деймін жақсы адам, өткенде базарда жүр, әкімнің әкесі өйтпесе керек..

— Аға, — әкімнің даусы қаттырақ шықты. Құлағына дейін қызарып кетіпті. — Әкемді тағы көрсеңіз бізден де сәлем айтыңызшы, о дүниеден отпуск алғанда үйге де соғып кетсін… Аттанғанына он жыл боп еді!

Мықырды біреу маңдайдан салып қалғандай болды.

— Қалай? Тірі, бар деп еді ғой…

Ту сыртынан күлкі естілді, сол, Есен, иттің ғана баласы-ай. Ел жамырай күлді.

Кемпірі жеңінен тартып жатыр:

— Ылғи осы, бетім-ай…

Мықырдың түрі аянышты еді, есікке беттеген кемпірінің жетегінде бүріскен күйі кетті.

(Мықырдың масқарасы)

Serik Abikenuly

Фейсбуктегі парақшасынан

Көрілген: 394    Пікірлер: 0