Сатушы қыздың нокауты аралас жекпе-жек шеберін таңғалдырды – видео
Ағылшын кәсіби спортшысы ресейлік қыздың қайсарлығына қайран қалды
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. UFC-де жартылай жеңіс салмақта өнер көрсететін ағылшын спортшысы Даррен Тилл ресейлік сатушының жойқын соққысына таңғалды.
Ол Instagram желісіндегі жеке парақшасында сатушы қыздың дүкенге келген азаматтардың бірін нокаутқа түсіріп жатқан видеосын жариялаған.
«Егер қауырсынмен ойнағың келсе, оның қытықтайтынын ұмытпа», — деп кәсіби спортшы видеоның астына пікір қалдырған.
Vesti ru сайтының мәліметінше, бұл оқиға Владимир облысы Гусь Хрустальный қаласындағы дүкендердің бірінде болған. Болған жайт бейнебақылау камерасына жазылып қалған.
Видеодан дүкенде кезекте тұрған азаматтың бірі жанындағы адамды тоңазытқышқа ұра бастағанын анық көруге болады. Ресейлік сатушы қыз оның ерсі қылығына шыдай алмай, бірнеше рет жойқын соққы жасайды. Соңында оны нокаутқа жіберген.
sputniknews.kz