Балабақша сабақ жоспары: Көңілді балақай
көңіл-күй қалыптастыру, сынып ішінде жақсы қарым-қатынас
орнату;
ә) түзете-тәрбиелеу: оқушыны мейірімділікке, жақсылық жасай
білуге үйрету, жағымсыз көңіл-күйден арылу; шапшаңдылыққа,
байқағыштыққа үйрету;
б) түзете-дамыту: сөйлеу тілін, ой-өрісін дамыту, көңіл-күйді
басқару қабілетін дамыту.
Керекті құралдар: күн, бұлттар, түрлі-түсті шарлар, плакат, акварель, қылқалам, маркерлер, салфетка.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Психологиялық дайындық.
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.
Шуақ толы жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
ІІ. Тренинг.
Мақсаты: сыныптастар арасында өзара қайырымды, мейірімді қатынастар тудыру.
Ойынның шарты: Ойын басында балалар шеңбер болып отырады. Балалардан «Біз бүгін бір-бірімізге қандай тілек тілейміз?» — деп сұрайды. Ойынға қатысушы балалар бір-біріне өздерінің тілектерін айтады.
«Шапалақтар» ойыны.
Ойынның шарты: Мұғалім алақанымен белгілі ритмде шапалақтап, соны оқушыға қайталауды талап етеді. Ол қайталаған дыбысты дәл сол ритмде келесі біреу жалғастырады. Осылайша мұғалімнің көзі қай оқушыға қараса ойын әрі қарай жалғаса береді. Жаңа шапалақ ритмі беріліп ойын жалғасын табады.
-Балақайлар, тақтаға қарайықшы күнімізді не жауып тұр? (Бұлттар)
Ендеше біз күнімізді жарқырату үшін мына бұлттардағы тапсырмаларды орындауымыз керек.
Тапсырма.
1-бұлт: Берілген сөздердің ішінен көңілдеріңді көтеретін жылы сөздерді тауып қоршаңдар.
IV. Тренинг «Күлкі сыйлау».
Мақсаты: Көңіл-күй сыйлау, ұжымды біріктіру.
Нұсқау: -Балақайлар, қолымызды ұстап шеңберге тұрайық. Қазір біз бір-бірімізге есімімізді атап шеңбер бойымен күлкімізді сыйлаймыз. Мен бастаймын. «… мен саған өзімнің күлкімді сыйлаймын, ал сен оны келесі оқушыға сыйла».
Сергіту сәті.
Түрлі түсті шарлардың біреуін таңдап қазіргі көңіл-күйлерің мен өз есімдеріңізді жазып қоясыңдар. Сосын оқып шығады.
Тапсырма.
2-бұлт: «Суретші» бұл тапсырманың ерекшелігі бояумен емес саусақпен сурет салу.
Оқушылар бірінің артына бірі тұрып, арқаларына саусақпен сурет салады. Әрқайсысы өздері сурет сала отырып, артындағы адамның қандай сурет салып жатқанын біліп, айтулары керек.
Сұрақ: Сурет салғанда қандай сезімде болдыңыз? Қандай сурет салып жатқанын бірден байқай алдыңыз ба?
V. Ойын-жаттығу «Гүлдер мен бағбан».
— Балалар, айтыңдаршы, біздің топта өсіп тұрған гүлдерге су құймасақ, оларға не болады? (солып, қурап қалады)
— Дұрыс айтасыңдар, қурап, солып қалады. Енді бір оқушы бағбан болсын, қалған екі оқушы гүлдер болсын. Бағбан қазір гүлзарға барады. Ондағы гүлдердің ерекшелігі көптен су құймағаннан емес көптен жылы сөз естімегендіктен солып, қурап жатыр. Қане, бастарынан сипап жылы сөзімізбен гүлдерге нәр берейікші. Балалар жылы сөздерін айтып, бастарынан сипап гүл-балаларды тірілтіп алады. (Рөльдерімен ауысады.)
Көрермендерге хат жолдау.
Оқушылар көрермендерге түрлі-түсті конверттегі хаттарды ұсынады.
Тапсырма.
3-бұлт: «Біз бақытты баламыз!» тақырыбына сурет салу.
Оқушылар акварель бояуларын қағаз бетіне қоюлап жағып, алақандарын басады. Сосын ақ қағаз бетіне алақандарының іздерін қалдырады.
-Енді, балақайлар, күніміз жарқырады ма? (Ия)
-Ендеше, балақайлар, әрқашан күніміз жарқырап, бізге жылылық сыйласа, біз де бақытты бала боламыз. …..