Біздің балалар қайда екен балабақша ойындары

0

Біздің балалар қайда екен

 

Тексерілді:
Балабақша әдіскері: У.Е. Тлюупова

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы № 2
Уақыты:15.09.15    
Тобы:«Балапан» I-кіші
Тәрбиеші: Тлюупова Ұлдай Ерғалиқызы
Білім беру саласы:”Қатынас”
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Біздің балалар қайда екен?»
Мақсаты:
а)Топпен таныстыру,бөлмелердің аттарын үйрету. 
ә)Сұрақтарға қысқаша жауап беруге дағдыландыру.
б)Ұқыптылыққа баулу.
Алдын-ала  жүргізілетін жұмыстар: Балалармен балабақша  туралы әңгімелесу.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,сергіту сәті,ойын.
Қажетті көрнекіліктер мен  құралдар: Балабақшаның суреті,орамал.
Билингвалдық компонент:балабақша-садик,орамал-палотенца,аула-двор,жиһаз-мебель, орындық-стулья,терезе-окно,шешінетін шкаф-шкаф для одежды.
Іс-әрекет кезеңдері    Тәрбиешінің іс-әрекеті    Балалардың іс-әрекеті
Мотивация
лық қозғаушы    Балалармен сәлемдесіп: «Балалар біз таңертең балабақшаға келеміз»,-дей отырып, балабақшаның суретімен таныстыру.
-Балабақшамыз үлкен,әдемі ауласы кең. Балалар,біз қазір топ бөлмесінде тұрмыз деп,балалардың көңілін топ бөлмесінің ішіне аударады.
Топтағы заттармен таныстыру:
-Мынау-орындық,мынау-терезе,мынау-ойыншықтар тұратын жиһаз,онда ойыншықты жинайсыңдар,топтағы тағы да бөлмелер бар. Мынау-шешінетін бөлме,онда шешінесіңдер, мұнда шешінетін шкафтар тұрады. Ас бөлмесінде ыдыстар тұрады. Ол ыдыстармен тамақ ішесіңдер.
Мынау-ұйықтайтын бөлме,онда сендер жататын керуеттер тұрады, Тобымыз үлкен,әрі жарық.    Балалар топқа қызыға қарайды.

Заттармен танысуға құлшыныс танытады. Тәрбиешіні тыңдайды.
Іздену-ұйымдас тырушы     Балалардың көңілін орамалға аударту. 
До«Бұл кім болды екен?» ойынын ойнаймыз. 
Шарты: орамалдың астында кім екенін айтқызу,аттарын ататып.
«Орамал кімді жасырады екен»,-деп бір баланың бетіне бір орамал жабады. Орамалды қайта ашып: «Бұл кім болды екен?» деген сұрақ қояды. Осылай әр баламен ойнайды.Әрқайсысына өз аттарын айтқызу. Тәрбиеші тағы да сұрақтар беруге,сөйлетуге үйрету.
Мысалы:
-Сен қайда тұрасың? Сен атыңды айтшы?
-Кімнің қасында тұрсың? Ол баланың атын білесің бе? т.б.
До«Біздің балалар қайда екен?»
Шарты:Үлестірмелі материалда берілген сурет бойынша балалардың қайда тығылып отырғанын тапқызу.

Билингвалдық компонент:балабақша-садик,орамал-палотенца,аула-двор,жиһаз-мебель, орындық-стулья,терезе-окно, шешінетін шкаф-шкаф для одежды.             
    Орамалға күлімдей қарайды. Көңілді болуға тырысады. Сұрақтарға жауап беруге талпынады. Орамалмен беті жабылған бала өзінің атын айтады. 
Қасында тұрған баланың атын айтады. 

-Асқар үстелдің астына тығылып жатыр.
-Марат үлкен ойншық қонжықтың артында отыр.

Қайталайды: балабақша-садик, орамал-палотенца,аула-двор,жиһаз-мебель, орындық-стулья,терезе-окно, шешінетін шкаф-шкаф для одежды.               
Рефлексивті коррекциа лаушы    Тәрбиеші балалардың көңіл күйлеріне қарап,мақтап,мадақтау. Балаларды сөйлеуге үйрету.    Балалар қуаныш сезімін танытады.
Балалар сөйлеп үйренеді.

Күтілетін нәтиже;
Нені біледі: Өздерінің,көршілерінің аттарын айтуды біледі.
Қандай түсініктерді игереді:Топ туралы түсінікті игереді.
Меңгерген дағдылар мен іскерліктері:Сұрақтарға жауап беруді меңгереді.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!