Төлдер айтысы балабақша ойындары

0

Төлдер айтысы 

 

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Төлдер айтысы (ертегі).
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Төрт түлік мал төлдерінің аталуын және оларды ажырата білуге үйрету. Төлдерге қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.
Сөздік жүмыс: Төрт түлік, төл.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Үй жануарлары және төлдерінің 
суреттері.
Оқу іс-әрекетінің барысы: Ұйымдастыру кезеңі. 
1.Кіріспе әңгіме Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Балалар аналарының өздерін қалай еркелететінін айтады.
—    Менің атым Айша, мені анам «қошақаным» деп еркелетеді.
—    Менің атым Елжан, мені анам «ботақаным» дейді.
—    Менің атым Әмина, маған анам «құлыншағым» дейді.
2.Дидактикалық ойын: «Төлін тап».
Ойын шарты: Тақтаға үй жануарлары ілінеді. Балалар әрбір үй жануарларының қасына өз төлін тауып ілуі тиіс. Ойын осылай жалғаса береді.
3.Дәптермен жұмыс: «Төлдер айтысы» ертегісімен балаларды таныстыру.
—    Төлдер бір-бірімен не үшін айтысты?
—    Лақ не айтты?
—    Құлын ше?
—    Бұзау не деді?
—    Қошақан, бота не деді?
—    Адам не деп жауап берді?
4.Сергіту сәті: Айналайын торпақ, бола берме қорқақ, Айналайын қозым, малда жуас бозым. 
                 Айналайын ботам, қандай күлте жотаң, 
                Жалт-жүлт етіп лақ, жағалайсың бұлақ.
(Қимылмен көрсетеді). 
5.Дәптермен жүмыс: Жұмбақтың шешуін тап.
 Жарысуға дайын, менің қасқа … (тайым) 
Тастан тасқа секірген үзын салпаң қүлақты,
 Қойдан маза кетірген, кім біледі … (лақты) 
Моп-момақан өзі, сүп-сүйкімді… ( қозы)
 Қорытынды:
—    Үй жануарларының адамдарға қандай пайдасы бар?
—    Ешкі, қой, сиыр, түйе, жылқының төлдерін ата.
—    Малдарды қалай шақырады?

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!