Т т дыбысы және әрпі балабақшадағы ертеңгіліктер
Т т дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты:1.Білімділік.Т т дыбысы мен әрпін таныстыру.Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету.Буын туралы түсінігін кеңейту, 2.Дамытушылық. Балалардың тілін ойлау қабілетін дамыту 3.Балаларды тапқырлыққа,адамгершілік қасиеттерге баулу. Сабақтың көрнекілігі:Суреттер,дөңгелекшелер,әріптер жинағы. Сабақтың түрі:Жаңа сабақ Сабақтың әдісі:Ойын,сұрақ –жауап. Сабақтың барысы:І Ұйымдастыру бөлімі.Оқушылармен амандасу,түгелдеу.Сабаққа назар аударып,ашық сабақты хабарлау. ІІ Өткен сабақты пысықтау: 1.Өткен әріптерді қайталау. 2.Ә дыбысы бар сөзді айту ІІІ Жаңа сабақ Ой қозғау.(Тақтаға Дымбілместің суреті ілінеді) -Мынау кім? -Ол қандай бала? -Оған көмектесе аламыз ба? -Оның дорбасында не бар екен?(бірнеше тапсырмалар жазылған парақшалар) 1-тапсырма:Жұмбақ шешу Иір-иір денесі, Сахараның кемесі. Ащы шөптер тамағы, Шөлге шыдап бағады. -Ол не? -Түйе -Түйе дегенде қандай дыбыс бірінші естіледі? -Т дыбысымен таныстыру,әндетіп айттыру,ауада ,тақтада жазу.Т әрпінен келетін сөздер айттыру.
2- тапсырма:Оқулықпен жұмыс Буындарды хормен оқыту.Тау ,бұлт сөздеріне түсінік беру,суреттерін көрсету.Буын санын анықтау.
3-тапсырма:Суретпен жұмыс -Суреттегі кімдер -Атасы мен немересі. -Немересіне Т әрпінен келетін ат қояйық. -Толғанай -Екеуі не істеп отыр? -Дастархан басында отыр. -Дастарханға қойылатын тағамдарды атайық. -Торт,құрт,қант. -Немересі қандай қыз деп ойлайсыңдар -Тәртіпті,тәрбиелі,әдепті.
4-тапсырма:Сергіту сәті. Тербеледі ағаштар, Алдымен жел еседі. Кіп-кішкене ағаштар Үп-үлкен боп өседі.
5-тапсырма:Дәптермен жұмыс.Балапан дәптеріндегі Т дыбысын жазу.
6- тапсырма: «Шашылған буындар» ойыны. Шарты:Буындарға басқа буындарды жалғау арқылы жаңа сөз жасау.
ША ТА ТИ НА ШУ
ІҮ Сабақты бекіту: -Бүгін қандай дыбыспен таныстық? Т дыбысы қандай дыбыс? Т дыбысын қандай түсті үйшікке орналастырамыз?
Ү Үйге тапсырма:Кітаптағы сөздерді оқып келу.
ҮІ Қорытындылау:Балалардың білімдерін геометриялық фигуралармен бағалау (жұлдызша-5,төртбұрыш-4,үшбұрыш-3)Дымбілмеске көмектескендері үшін тәттілермен марапатталады.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!