Үй жануарлары мен үй құстары балабақшадағы ертеңгіліктер
Үй жануарлары мен үй құстары
Алматы облысы Ұйғыр ауданы Ават селосы
И.Искандеров атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қоршаған ортамен танысу. Экология
Сабақтың тақырыбы : Үй жануарлары мен үй құстары
Сабақтың мақсаты: 1 Үй жануарлары мен үй құстары және олардың адамға келтіретін пайдасы туралы түсінік беру
2 Оқушылардың сөйлеу,пікірлеу,байқау қабілетерін
дамыту
3 Үй жануарлары мен үй құстарына қамқорлық жасауға
тәрбиелеу
Типі: жаңа сабақты меңгерту
Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап «Кімдің үйі,Кім тапқыр,Төлдерін тап »
Көрнеклігі: К-3-24
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық сәт
Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың?
Бұлтиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың?
Мақсат қою кезеңі
Балалар бүгінгі сабақта үй жануарлары мен үй құстары туралы түсінік аламыз Кімді ата-аналары қандай төлдің атымен еркелетіп айтады?
Боташым, қошақаным
Жаңа сабақты түсіндіру
Төрт түлік мал-халқымыздың байлығы.Өйткені халқымыздың тарихы осы төрт түлік малмен тікелей байланыста. «Ат-ердің қанаты»деп айтатын дана халқымыз жылқыны қастерлеген.Жылқы-мінсең көлік, жесең ет.Сиыр-жесең ет, кисең кием, айран, сүті, қаймағынсыз қазақ баласы өспейды. Түйе малы-нағыз көлік, шұбаты дертке дауа.Қазақстанның мал шаруашылығы-халқымыздың дәстүрлі ата кәсібі.Осы төрт түлік халқымыздың ең басты байлықтарының бірі екенін білгеніміз жөн. Ал үй құстарына тауық, үйрек, қаз, күркетауық.Олардың адамға тигізер пайдасы мол.Мамығынан көрпе жастық жасайды, етін, жұмыртқасын азық-түлік ретінде пайдаланамыз.
Дәптермен жұмыс
«Кім тапқыр ойыны»
Сергіту сәті
Музыкамен орындату
Білімін тексеру
«Кімдің үйі»ойыны
Жануарлардың ішінен үй жануарлары мен үй құстарын тапқызу
«Төлдерін тап»ойыны
Қортындылау
Үй жануарларын ата
Үй құстарын ата
Малдың төлдерін ата
Үйге тапсырма беру
Үй жануарлары туралы тақпақ жаттау
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!