Филипп Васильевич Чижиков — Тарих
Филипп Васильевич Чижиков
06.03.2014, 03:30 | |
Филипп Васильевич Чижиков (1.9.1923 жылы туылған, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Березовка ауылы) — 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, гвардия сержанты, бөлімше командирі, кейіннен подполковник Орыс. 1934 жылы Петропавл ауданы «Новая жизнь» ұжымшарындағы балалар үйінде тәрбиеленді. Осы ұжымшарда жұмыс істеді. 1942 жылдың 20 мамырында Петропавл аудандық әскери комиссариаты Чижиковты Кеңес әскері қатарына шақырды. Кіші командирлер даярлайтын курсты бітірген соң майданға аттанды. Ол Оңтүстік-Батыс майданы 6-армияның 25-гвардиялық атқыштар дивизиясы 81-гвардиялық атқыштар полкінде ұрыстарға қатысты. 1943 жылдың 26 қыркүйегінде алғашқылардың бірі болып Днепропетровск облысы Солонян ауданы Войсковое ауылы маңында Днепр өзенінен өтіп, арғы жағаға бекініп, жаудың карсы шабуылына тойтарыс берді. Сөйтіп Кеңес әскерінің басқа бөлімшелерінің өтуіне көмектесті. Ерлік пен батылдық жасағаны үшін Чижиковқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (22.2.1945). Соғыстан кейін лейтенант Чижиков запасқа шықты. Ресейдің Түмен облысы Ишим (Есіл) қаласында, кейіннен ІІМ-нің облыстық қоғамдық тәртіпті корғау басқармасында қызмет істеді. Воронеж қаласында (Ресей) тұрды. Зейнеткерлікке шыққан подполковник Чижиков Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталды |
|
Категория: Тарих | | |
Просмотров: 845 | Загрузок: 81
| |
Всего комментариев: 0 | |