Үй жануарлары мен үй құстары балабақшадағы ертеңгіліктер
Үй жануарлары мен үй құстары
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Үй жануарлары мен үй құстары»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты: 1.Білімділігі: үй жануарлары мен үй құстары туралы және олардың адамға келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.
2. Дамытушылығы: оқушылардың тілін, ой-қиялын ұштау, дүниетанымын қалыптастыру, құстар, жануарлар әлеміне деген қызығушылығын арттыру. Жаңа технологияның әдістерімен жұмыс істей білуге білімдерін жетілдіру.
3. Тәрбиелілігі: Үй жануарларымен үй құстарына деген қамқорлық сезімін ояту. Табиғаттың жаршысы- құстарды, жануарларды қорғауға, аялауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, топтастыру.
Көрнекілігі:слайд-шау, проектор, суреттер, әліппе дәптері, лазер, ойыншықтар.
Пәнаралық байланыс: айналамен таныстыру, сауат ашу.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық:Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан әр күнге.
-Балалар, сабақ бастамас бұрын мен сендердің көңіл-күйлеріңді білгім келіп тұр. Ол үшін алдымыздағы смайлик арқылы көңіл күйіміз қандай екенін көрсете қойыңдар.
-Жарайсыңдар, балалар. Ендеше сабағымызды бастайық. Мен бүгін мектепке келе жатып бір сандық тауып алдым. Ол жай сандық емес, сиқырлы сандық екен.Бұл сандықтың ішіне жануарлар мен құстарды сиқырлап салып қойыпты. Оларды құтқару үшін біз сендермен жұмбақтар шешуіміз керек. Егер жұмбақтың жауабын дұрыс тапсаңдар, жануарлар мен құстарды сандықтан босатады.
( әрбір жауаптағы жануарлардың суретін слайд арқылы көрсету)
1.Кезекті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (түйе)
2. Құлды екен әр шаруа, Сарқылмайды сүт-қаймақ,
Қазығына құт байлап, (сиыр)
Қанша құйып алсаң да,
3.Көкке шаншып құйрығын,
Келеді шауып жүйрігім. (жылқы)
4.Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
-Балалар, бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атаймыз?
-Балалар, жануарлар сендерге көмектескендерің үшін рахмет айтып
жатыр.
— Ал, балалар, сиқырлы сандықтан тағы бір дыбыстар шығатын сияқты. Балалар, біз үй құстарын ұмытып кетіппіз. Үй құстарына да көмектесуіміз керек. Сиқырлы сандықтың бізге берген тапсырмасы тақпақтар айтып, үй құстарын құтқаруымыз керек.
— Көмектесеміз бе, балалар?
1.Жақын түгіл маңайды,
Оятудан талмайды.
Төбелеске келгенде,
Алдына жан салмайды.
2.Шығып ауыл шетіне,
Жайылады бетімен.
Қызықтырар ол бізді,
Жұмыртқамен, етімен.
-Өте жақсы, балалар, біз бүгін сиқырлы сандықтан үй жануарларымен үй құстарын құтқардық. Сендерге рахмет айтып жатыр. Сонымен, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы үй жануарлары мен үй құстары.
-Сонымен, балалар, үй жануарларына нелер жатады?
-сиыр, түйе, жылқы, қой, ешкі.
-Өте жақсы, балалар.
«Дұрыс топтастыр» дидактикалық ойыны.
Шарты: Үй жануарларымен жабайы жануарлардың суреттері беріледі. Балалар жабайы жануарларды бөлек, үй жануарларын бөлек топтастырулары керек.
-Енді үй жануарларының бізге тигізер пайдасы қандай екеніне тоқталып кетейік.
1.Сиыр-зеңгі баба тұқымы. Ол адамға үйір, әрі момын жануар. Біздің ішіп-жейтін тамағымыздың барлығы осы сиыр малының өнімі. Балалар, сиыр сүтінен не жасаймыз?
2.Түйе- төрт түліктің төресі. Түйенің тигізер пайдасы өте көп. Түйенің сүті-шұбат. Ол әрі сусын, әрі тамақ. Шұбаттың емдік қасиеті бар, ішсе сүт, жесе ет, майы мол, сапалы жүні бар.
3.Жылқы-жер жүзінің бәріне тараған. Ол қыста сақылдаған сары аязда да далада жайыла береді. Сүтінен қымыз, етінен қазы-қарта, жал-жая пісіреді.
4.Қой-төрт түліктің ішіндегі ең момыны. Балалар ауырып қалған кезде де, осы қойдың құйрық майымен сылайды, ішкізеді.
-Өте жақсы, балалар, үй құстарының пайдасы өте көп. Жұмыртқасын азық- түлік ретінде пайдаланамыз. Мамығынан көрпе, жастық жасаймыз. етін жейміз.
«Төлдерін тап» дидактикалық ойыны.
Слайдта көрсетілген суреттерден әр жануардың төлдерін лазер арқылы көрсетулері керек.
Сергіту сәті: Тіктеп титтей құйрығын, ботам былай жүреді,
Сыртылдатып тұяғын, бұзау оған ереді.
Алға созып мойнын, ойнақтайды ботақан,
Көкке қарай мұрынын шүйіреді бұзауқан.
Енді, балалар, дәптеріміздегі тапсырмаларды орындайық.
Сурет бойынша әңгімелеу, сөз, сөйлемдер құрастыру.
Дәптерде берілген үлгі бойынша балапанның суретін бастырып салады, аяқтайды.
«Көлеңкесін тап» дидактикалық ойыны.
Слайдта көрсетілген үй жануарларымен үй құстарының көлеңкелері арқылы қандай жануар немесе құс екенін ажыратулары керек.
«Өнімін тап» дидактикалық ойын.
Слайдта көрсетілген үй жануарлары мен үй құстарының өнімдерін лазер көмегімен дұрыс көрсетулері керек.
Балалар, үй жануарлары мен үй құстарының бізге тигізер пайдасы көп екен. Енді балалар осы үй жануарлары мен үй құстарына арналған тыйым сөздер де бар.
1,Малды ұруға болмайды.
2.Ақты төкпе.
3.Малға теріс мінбе.
4.Құстардың ұясын бұзба. Оларды үркітпе.
5.Кендірмен байлама,
Жыңғылмен айдама.
Кендірмен байласаң,
Жыңғылмен айдасаң,
Мал бітер деп ойлама.
Қорытындылау.
-Жақсы, балалар. Сонымен бүгінгі сабағымызда не туралы айттық?
-Үй жануарларын атайықшы.
-Қандай үй құстарын білесіңдер?
-Үй құстары мен үй жануарларының пайдасы бар ма?
Балалар, бүгінгі сабағымызға жақсы қатынасқан балаларға мынадай медальдар жасап алып келдім.(балаларға тарату)
-Сабақты қорыта келе сендерге айтарым, үй жануарлары мен үй құстарына үнемі қамқор болып жүруіміз керек. Олар үнемі бізден қамқорлық күтеді
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!