Ұлттық аспаптар балабақшадағы ашық сабақтар
Ұлттық аспаптар
«№18 ЖОББМ» КММ. Шағын орталық «Балдырған» тобының тәрбиешісі: Ерланова Дидар Ерланқызы
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру технологиялық картасы
Күні:13.03.13ж.
Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық»
Бағдарлама тарауы: «Тіл дамыту», «Мүсіндеу»
Тақырыбы: Ұлттық аспаптар.
Мақсаты: Балаларды қазақтың ұлттық аспаптарымен таныстыру және оларды ажыратып,айта білуге үйрету.Ұлттық аспаптардың әуендерін тыңдатып,ажырата білу дағдыларын қалыптпастыру.Балаларға аспаптардың атауларын айтқыза отырып, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорын байытып,тілін дамыту.Қазақтың ұлттық өнеріне деген көзқарастарын кеңейту өз дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу.Шығармашылығын дамыту.
Құрал-жабдық: домбыра,қобыз,жетіген аспаптары,үн таспа.
Сөздік жұмыс: домбыра,қобыз,жетіген.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы
Шаттық шеңбері:
О,алақай тамаша!
Таң атты ғой жаңаша,
Жарқын жүзбен қарайық,
Құрдастармен сыйласа.
Жүрекке жылу жинайық,
Барша әлемге сыйлайық.
Сырттан келген қонаққа,
Сәлемдесіп алайық!
Арайлап атқан таңға да,
Күлімдеген күнге де,
Қуанышпен қарайық.
Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне жылулық сыйлады. Мейірімді жүзбен амандасып, бүгінгі күнге сәттілік тіледі. Қимылмен қайта-қайта қайталады.
Іздену-ұйымдастырушылық
Таңғажайып сәт: (Есікті қағып Дымбілмес кіреді.)
-Дымбілмес асығыссың ғой қайдан келдің?
Дымбілмес: Мен барлық балалар сияқты өнерлі болғым келеді. Наурызда ұлттық аспаптырмен өлең айтқым келеді.
Тәрбиеші:
-Оған ешкім бөгет болмайды, өнеріңді көрсет.
Дымбілмес:
— Мәселе сонда ғой.
-Мен ұлттық аспаптарды білмейді екенмін.
-Сол үшін достарымнан көмек сұрай келдім.
Тәрбиеші:
-Сен уақытында келдің біз бүгін ұлттық аспаптармен танысамыз.
-Сен отырып балалармен бірге тыңда.
-Балалар сендер мына аспапты білесіңдер ме?
-Дұрыс айтасыңдар бұр қазақтың ұлттық аспаптарының бірі домбыра.
Домбыра-қазақ халқының өте ерте және кең тараған аспабы.Домбыра тұтас ағаштан ойылып жасалады.Домбыраның екі ішегі,тиегі,екі құлағы болады.
Домбыра киелі аспап .Домбыра аспабының үні құлаққа жағымды.
-Енді бізге домбыра жайлы Досжан тақпағын айтады.
-Жақсы, Досжан, жарайсың,рахмет.
-Орныңа отыра ғой.
-Ал, мына аспапты кім біледі?
Қобыз-қазақ халықының ұлттық аспабының бірі.
Қобыз қайың,арша, сияқты ағаштардың тұтас бөлігінен шауып жассалады.Бас,кеуде, аяқ деген үш бөліктен тұрады.Төменгі бөлігі терімен қапталған, оған тиек қойылады.Екі ішегі жылқы қылынан тартылады.Қобыздың үні адам бойына күш қуат береді.
-Ал, енді бізге Аяулым, тақпақ айтып береді.
-Тамаша, отыра ғой.
-Енді балалар жетіген аспабымен танысайық.
Жетіген-Ертеректе ел арасында сақталған көне аспап.Жетігенің ішегі аттың қылынан тағылып тиектің орнына асықтар пайдаланатын болған.Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі-берлі жылжыту арқылы келтірілген.Ішек сандары жетеу болғандықтан Жетіген аталған. Жетіген үйеңкі ағашынан жасалады.Жетіген аспабы жайлы көпдеген аңыздар бар.
-Найля, бізге тақпақ айтады.
— Жақсы, Найля, отыра ғой.
-Балалар біз аспаптармен таныстық, енді осы аспаптардың үнін тыңдап қай аспап екенін тауып көрейік.
Д/ойын: «Ойлан тап!»
Ойынның мақсаты: Балалардың ойлау қаблеттерін дамыту.
Ойынның шарты:Үн таспадағы аспаптардың үнін табу.
1. Домбыра аспабының үні қойлады.
2. Қобыз аспабының үні қойылады.
3. Жетіген аспабының үні қойылады.
-Жақсы, дұрыс таптыңдар.
-Ал, енді бәріміз бой сергітіп алайық.
Сергіту сәті: «Күйші»
Атам менің күйші,
апам менің биші.
Асқан шебер жанұяда,
анам бар тігінші.
Әкем болса ұста,
үй салады тыста.
Үйде өзім жалғыз қалам,
Бәрі де жұмыста.
-Жарайсыңдар балалар!
-Енді, балалар жұмыс орнымызға отырып домбыраны мүсіндейік.
-Дымбілмес сенде қарап үйреніп отыр.
-Балалар ермексазбен жұмыс істеу барысында, қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керек?
-Иә, дұры айтасыңдар.
Домбыраны мүсіндеу.
1.Қоңыр түсті ермексазды қолымызбен жұмсартамыз.
2.Ермексаздан домалақ пішін жасаймыз,бас жағын сүйірлейміз.
3.Сары түсті ермек сазды есіп, домбыраның сабын жасаймыз.Енді балалар біріктіреміз.
4.Құлақ күйін келтіру үшін, басына екі құлағын жасайық.
5.Алдымызда жатқан таяқшаны алып ішегін сызайық.
8.Ішегін жасап болсақ, тиегін жасайық.
Міне балалар біздің домбырамыз жасалып болды.
-Дымбілмес, сен домбыраны мүсіндеуді үйрендің бе?
Дымбілмес:
— Иә,мен ұлттық аспаптармен таныстым,домбыраны мүсіндеуді үйрендім рахмет сендерге.
-Енді, мен домбыра үйірмесіне қатысуды мақсат қойдым.
-Мен қайтайын, сау болыңдар балалар.
Тәрбиеші:
-Жарайды, мақсатыңа жетуге тілектеспіз.
-Иә,бұл домбыра.
Досжан:
Домбырадай мұраны,
Қастерлеуге тұрады.
Сонда жатыр даланың,
Үні менен ұраны.
-Мен, бұл қобыз.
Аяулым:
Қамыс құрай ағаштан,
Үтікше боп ысылған.
Үрмелі ойықтың.
Дыбысы нәзік сызылған.
Найля:
Жорғалатқан жетіген,
Сыбызғы үні лекіген.
Сызылтады қылқобыз.
Шалып ойнар шаңқобыз.
Балалар үн таспаны тыңдап қай аспап екенін табады.
Балалар шеңберге тұрады.
Қолдарын домбыра ұстағандай жоғары созады.
Би қимылдарын жасайды.
Ұстаның қимылын келтіреді.
Қолдарын кеуделеріне қояды.
Қолдарын жоғары көтереді.
Балалар орындарына отырып, домбыраны мүсіндеуге дайындалады.
-қолдарымызды аузымызға
салмаймыз, ермексазды тақтайшаның үстіне қойып жұмыс істейміз.
Тәрбиешінің айтқанын тыңдап, домбыраны мүсіндейді.
Балалар Дымбілмеспен қоштасады.
Рефлек
сифті – корригиялық
-Балалар бүгінгі іс-әрекетімізді қортындылайықшы.
-Біз қандай аспаптармен таныстық?
-Өте жақсы балалар.
-Енді бәріміз көзімізді жұмайық.
-Көзімізді ашайық.
-Менің қолымнан не көріп тұрсыңдар?
-Балалар бұл сыйқырлы қобдиша. Қобдишаның ішінде сендердің бүгінгі еңбектеріңді, білімдеріңді бағалауға арналған жұлдызшалар бар. Жұлдызшаның ортасында киелі домбырамыздың суреті бейнеленген.
-Сендерге көп рахмет!
-Бүгін біз домбыра,қобыз,
жетіген аспаптарымен таныстық.
-Сіздің қолыңызда қобдиша көріп тұрмыз.
Балаларды жұлдызшамен бағалау.
Болжамды нәтиже: ұлттық аспаптар туралы түсінік беру.
Отанын, елін, жерін сүюге баулу.
Білуі керек: ұлттық аспаптардың атауларын білу.
Қалыптасқан әдет: әсемдікті көре білу, сөзіну.
Істей біледі:Берілген тапсырманы орындай алады.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!