Түрік атауы, Түрік қағанатының пайда болуы — Тарих
Түрік атауы, Түрік қағанатының пайда болуы
1. Түрік қағанаты. Батыс түрік қағанаты.
2. Түргештер мемлекетінің пайда болуы.
ІІ-У ғасырларда ғұн тайпаларының Қазақстан, Орта Азия және Шығыс Еуропаға ұлы қоныс аударуы, бұл жерлердің этникалық және саяси картасына едәуір өзгерістер енгізді. Ал IV ғасырда түркі тілдес телэ (тирек) тайпалар одағы Солтүстік Монғолиядан Орта Азиядағы Әмудария өзенінің бойына дейінгі кең байтақ аймақты қоныстанды. Олардың орнына УІ-Х ғасырларда Қазақстан жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекеттер Көне және Батыс түрік қағанаттары қалыптасты. Біздің заманымыздың бір мың жылдығындағы Орталық Азия жерін мекендеген тайпалар одақтарының та-рихы бүлармен өзара тығыз байланыста болды. «Түрік» деген ат алғаш рет 542-ші жылы аталады. Қытайдың солтүстік батысында орналасқан Вэй князьдігіне түріктер (туцюе) жыл сайын шабуыл жасап, ойрандап отырғандығы жөнінде айтылады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғүндар деп атаған, мүның өзі түріктердің ғүн тайпаларының жалғасы екенін көрсетеді.
546-шы жылы тирек (телэ) тайпалары Монголияның оңтүстік және орталық аудандарын мекендеген аварларға (жуань-жуань) қарсы жорық жасайды. Осы кезде күтпеген жерден түріктердің қағаны Тумыниың (Бумын деп те атаған) басқаруымен түріктер тирек (телэ) әскерлеріне шабу-ыл жасап, быт-шытын шығарып жеңіп, 50 мың әскерін түтқынға алады. Осыдан кейін түріктер күшейіп, енді бүрын өздері тәуелді болып келген аварларға (жуань-жуань) қарсы шығып, авар қағаны үйінің ханшасын Тумынге әйелдікке беруді талап етеді. Авардың қағаны өзіне бұрын бағыныш-ты болып келген түріктердің елшісін үйінен қуып шығады. 552-ші жылы кектемде түріктер аварлардың ордасына ша-буыл жасап, оларды күйрете жеңеді, авардың қағаны Анағүй өзін-өзі өлтіреді. Осы кезден бастап Тумын түрік билеп-төстеушілердің қағаны деген атағын алады
Батыс Түрік қағанаты және Түргештер
Тумын өлгеннен кейін, таққа оның інісі Қара-Еске отырады. Ол Орхонның жоғарғы жағында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескеден кейін, оның мүрагер інісі Еркінді-Мүқан деген атпен қаған болады. Оның ел билеген кезі 553-572 жылдар. Мұқанның түсында аз уақыт ішінде (553-554 жж.) түріктер шығыста қайлар (татабтар), кидандар және оғыз-татар тайпаларын, солтүстікте Енесей қырғыздарын, Жетісу жеріндегі түргенттерді өздеріне қаратты. Бұл жылдары түріктердің батысқа қарай жасаған жорықтары күшті болды. Оларды Тумынның басқа бір інісі Естемі жүргізді. Кейін тарихи деректерде оны Батыс түріктерінің түпкі атасы және Батыс Түрік қағанатының негізін қалаушы деп атайды. 563 жылы Түрік қағаны Силзибул (Естемі) Эфталит мемлекетін басып алуға кіріседі. Алайда бір шеті Каспий теңізінен, екінші шеті Солтүстік Үнді ойпатына дейінгі Орта Азияда үлан-ғайыр жерді алып жатқан эфталиттерді оңай жеңе алмайтынын түсінген Түрік қағаны Иран шахы Хұсрау I Ануширванмен одақ жасайды. Түрік қағаны-мен жасаған келісім бойынша Хұсрау I шах езінің әскерлерін Тохарстанға аттандырып, оны 564 жылы эфталиттерден тартып алды. Сөйтіп, эфталиттер берік тылынан айырылады. Мұның өзі түрік қағаны Силзибулға (Естеміге) 563-567 жылдары Эфталит патшалығын талқандауға мүмкүндік береді. Осыдан кейін түріктердің батыстағы шекарасы Каспий теңізінен Солтүстік Индияға және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатты.
Алайда осы жеңістен кейін Түрік қағанаты мен Иран шахының арасындағы одақтастық ұзаққа созылмайды. Оған басты себеп, түріктер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне баратын ¥лы Жібек жолына иелік етті. Бүл Иран шахының түріктерге деген наразылығын туғызды. Оның үстіне түріктер мен олардың қарауында болған соғдылар Византия мемлекетімен тікелей сауда байланысын орнатуға мүдделі болды. Ал Иран бұған кедергі жасады. Атап айтқанда, Иран шахы түріктердің Персия арқылы Византияға жіберген екі елшілігін қайтарып жіберді. Сон-дықтан 568-ші жылы соғды көпесі Маниах түрік қағаны елшілігін енді Иран арқылы емес Каспий теңізі мен Кавказ тауы арқылы Константинопльге алып барады. Онда екі ел арасында сауда келісімі және Иранға қарсы әскери шарт жасалды. Оны Земарх бастаған Византия елшілігінің түрік елшілігімен бірге аттандырылуы дәлелдейді. Земарх бастаған елшілік Түрік кағанының астанасы Суяб қаласында қабылданған. Түрік елшілігінің Константинопьлде жүргізген келіс-сездері Иран мен Византия қатынастарын шиеленістерді, олардың арасында соғыс жағдайы қалыптасты. Мұны Түрік қағанаты өзінің жаулап алу соғыстары үшін пайдаланды.
571 жылы түріктердің қағаны Естемі Солтүстік Кавказды басып алды, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчті басып алып, 576-шы жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірак Естемі өлгеннен кейін, 582-593 жылдары Түрік қағанатында билік үшін қырқыс басталды. Өз ішіндегі алауыздық пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Елде талай жылдарға созылған мал індеттері, жүттар мен ашаршылық орын алды. Түрік қағанаты шекараларына шығыстан Қытайдың Сүй әулетінің (581-618 жылдары) шабуылы күшейді. Міне, бүл жағдайлардың барлығы 603 жылы Түрік мемлекетінің екі дербес қағанатқа — Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінуімен аяқталды. Батыс қағанатының орталығы -Жетісу жеріндегі Суяб қаласы болды.
Батыс түрік қағанаты ежелгі үйсін жерін жайлады. Ол Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жердің бәрін алып жатты. Қағанаттың негізгі этникалық-саяси ұйтқысы — «он тайпа» (он-ақ будунның) мекендеген жері де осы ара болған. Сонымен қатар ол Шығыс түрік қағанатының Шығыс Түркістан және Орта Азияның Самарқанд, Бұқара тағы басқа қалаларын басып алды. Осы калаларда қағанның орынбасарлары отырды.
Қағанның жазғы ордасы Мыңбүлақ (Түркістан қаласына жақын) деген жерде болған. 610-618 жж. Жегуй қаған мен оның інісі Түнжабғы қаған /618-630ж.ж./ билеген кезде қағанаттың күш-қуаты таси түседі.
Олардың ҮІ-ҮІІІ ғ.ғ. Жетісуға қоныс аударуы Орта Азиядағы араб жаулап алушыларымен және ондағы әлеуметтік қысымшылықтармен байланысты еді.Қағандық үшін Батыс Түұрік мемлекетінде басты екі тайпаның – Дулу және Нишаби тайпаларының арасында талас басталады.
Қағанат ішіндегі өзара тартыс, билеушілердің жиі – жиі ауысуы, 16-жылға /640-657ж.ж./ созылған тайпалар арасындағы соғыс пен ішкі қырқыстар Жетіьсуға Қытайдың Тан империясы әскерінің баса көктеп кіруіне әкеліп соқты.Түріктердің Тан басқыншылығына және олардың сыбайластарына қарсы жүргізген тынымсыз күресі барысында қағанат құрамында түргештер күшейіп көтерілді, сөйтіп 704 жылы Батыс Түрік қағандығы құлап, Түргеш қағандығы құрылды.
Түрік тектес түргеш тайпалары УІ-ғасырда Тянь-Шань таулы аймақтарын мекендеген, ал УІІ-ғасырда Жетісудың орталық аймақтарын қоныс еткен. Олар өзінен бұрынғы өмір сурген Батыс түрік қағанаты қүрамындағы халқы көп тайпа-лардыц бірі болған. Түргеш тайпалары жөніндегі алғашқы мәліметтер Күлтегін ескерткішінде және Қытай жазба деректерінде кездеседі. Ал түргештердің жеке қағандық болып құрылуы туралы дерек «Тоныкөк» жазуында айтылған.
Түргеш қағанаты халқының этникалық құрамы негізінен сары және қара түргеш тайпаларынан түрған. Жазба деректердің көрсетуі бойынша олар Шу, Талас, Іле бойларын жайлаған. Шу бойындағы түргештер сары, ал Талас аймағындағы түргештер қара түргештер деп аталған. Түргеш қағанаты 704-756 жылдар аралығында өмір сүрді. Бүл кезде Жетісу аймағында араб басқыншыларына қарсы күрес жүріп жатқан болатын. Жетісуда Түргеш қағанаты билеушілерінің негізін қалаушы Үшелік-қаған. Оның билік жүргізген кезі — 699-706 жылдар. Ол Жетісудан Батыс түрік билеушісі Бөрішадты қуып, Ташкенттен Турфанға және Бесбалыққа дейін өзінің өкіметін орнатты. Оның басты саяси орталығы — Шу өзені бойындағы Суяб қаласы. Екінші орталығы — Іле өзені бойындағы Күнгүт қаласы. Үшелік елді 20 үлысқа /бөлікке/ бөліп, олардың әр қайсысында 7 мыңнан әскер ұстады.
705 жылы арабтар шабуыл жасап, Әмударияның шығысындағы Мәуеренахрды жаулап алуға кірісті. Хорасанды билеуші Күтеиб-ибн-Мүсілім Балхы жерін басып алып, Бүхараға аттанады. Осындай қиын кезеңде түргештер Со-ғды /Согдиана/ еліне көмекке келеді, онымен бірігіп Күтеибке тойтарыс береді. 709 жылы Күтеиб Мәуеренахрға қайтадан жорық ұйымдастырады. Ол Согдиана патшасы Тархунды алдап, оны түріктердің көмегінен бастартуға мәжбүр етеді, сөйтіп Бұхараны басып алады.
Түргеш қағанатында Үшелік өлгеннен кейін билік оның баласы Сақал-қағанға көшті. Оның ел билеген кезі 706-711 жылдар. Бүл кезде елдің ішкі және сыртқы жағдайы өте күрделі болды, бірлік болмады. Қаған билігі үшін сары және қара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталды. Батыста түргештер соғдылармен бірігіп арабтарға қарсы күрес жүргізді. Оңтүстіктен оған Қытайдың Тан импе-риясы, шығыстан Орталық Азия түріктері қауіп төнгізді. 711 жылы Шығыс түрік қағаны Қапаған Жоңғария жерінде /Бөлісу жанында/ түргештерге соққы беріп, Сырдариядан етті. Бұл кезде арабтарға қарсы самархандықтар мен Орта-лық Азия түріктері көтерілді. 712-713 жылдары арабтарға қарсы түріктер, соғдылар Шаш /Ташкент/ қаласы түрғындары және ферғаналықтар бірігіп күш көрсетті. Мәуере-нахрдағы араб иелігіне төніп отырған қауіпті түсінген Күтеиб Шаш қаласын өртеді, 714 жылы ол Исфиджабка шабуыл ұйымдастырды.
Кептеген қиындықтардан кейін, яғни екі тайпаның арасындағы тартыста қара түргештер жеңіске жетеді, олар қол-даған Сұлу тархан қаған болады. Түргеш қағанаты Сұлу қағанның /715-738 жж./ тұсында қайта күшейе бастады. Бұл кезде өкімет қара түргеш тайпаларының қолына көшіп, мемлекет орталығы Талас (Тараз) қаласына ауысты. Айлалы саясаткер және күшті әскери қолбасшы Сұлу екі майданда: батыста арабтарға қарсы, шығыста Батыс түрік қаған-дары мирасқорларын (Шығыс Түркістанда орныққан) қолдаған Тан империясымен күрес жүргізді. 723 жылы түргештер Ферғана қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен бірігіп, арабтарға күйрете соққы берді. Дегенмен арабтар 732 жылы өз әскерлерін біріктіріп, түргештерді қирата жеңіп, Бүхара қаласын басып алды. 737 жылы Сүлу арабтарға қарсы жорық үйымдастырып, Тохарстанға дейін жетті, бірақ кейін жеңіліп қалды. Қайтып келе жатқанда, оны өзінің әскери басшысы Баға-тархан өлтірді. Сүлу қаған қаза болғаннан кейін билік үшін «сары» және «қара» түргештердің арасында үзаққа созылған күрес жүрді. Түргеш мемлекеті өз ішіндегі күрестің нәтижесінде едәуір әлсіреді, мүны Тан /Қытай/ империясы ұтымды пайдаланды. Оның Шығыс Түркістан жеріндегі билеушісі 748 жылы түргештердің басты қаласы Суябқа әскер жіберіп, оны басып алды, Шаш қаласының билеушісі өлтірілді. Оның ба-ласы арабтардан көмек сүрады. 751 жылы Тараздың қасындағы Атлах қаласы жанында Зияд-ибн-Салых бастаған араб әскерлері мен Гао-Сяньчжи басқарған Қытай әскерлерінің арасында 5 күнге созылған қырғын соғыс жүрді. Қытайлықтарға қарсы оның тылындағы қарлүқтар көтерілді. Нәтижесінде Қытай әскерлері жеңіліске үшырады. Олар Жетісуды ғана емес, үйғырлар мен тибеттердің қысымымен Шығыс Түркістан жерін тастап кетуге мәжбүр болды. Сондай-ақ, арабтар да Талас жерін қалдырып, Шаш қаласына шегінді. Бірақ, өз ішінен әбден әлсіреген Түргеш мемлекеті де 756 жылы қүлады.
Түргеш қағандығы бар-жоғы жарты ғасырдай өмір сүрді. Оньщ көп жылдары сыртқы жаулармен соғыста өтсе, ішкі жағдайында да тыныштық болмады. Тайпалар екі жаққа бөлініп, бір-бірімен талас-тартысқа түсті. Әрине, мүндай үзақ уақытқа созылған саяси күрес қағанаттың экономикалық және мәдени жағынан өсіп өркендеуіне кері әсерін тигізді. Осыған қарамастан Түргеш қағанаты бүрынғы Батыс түрік мемлекеті қалдырған ел басқару жүйесін, әлеуметтік-экономикалық бағытындағы дамуын жалғастырды. Түргеш қағандығы құлағаннан кейін бүрынғы көшпелі түрік тайпалары құрған Батыс түрік қағанатының орнына төрт күшті мемлекет қүрылды. Олар: Төменгі Поволжье мен Солтүстік Кавказ жеріндегі Хазар қағанаты, Сырдың орта және төменгі ағысы мен Арал даласында орналасқан Оғыз мемлекеті, Солтүстік Шығыс және Орталық Қазақстанда Кимек қағанаты, ал Батыс түрік қағанатының негізгі орта-лығы болған Жетісу жерінде қарлұқтардың мемлекеті орнады.
Өз – өзін бақылауға алынған сұрақтар:
1.Түрік мемлкеттілігінің пайда болуынының маңызы.
2. Түркеш мемлкеттілігінің ерекшеліктері
Ұсынылған әдебиеттер:
1.Гумилев Л. Көне түріктер. А.,1994.
2.Әбілғазы Б.Түрік шежіресі. 1992.
3.Кадырбаев Казахстан в эпоху Чингиз хана и его премников ХІІ-ХІҮ вв А.,1992.
4. Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. М.,1995.
5. Махаева А. Көне түріктердің рухани мәдениеті. А., 2002.