Қазақша өлең: Қалижан Бекхожин (Тұңғиық шіркін жасарар…)
Тұңғиық шіркін жасырар,
Түбінде бар ой терең.
Толқындарда не сыр бар?
Тілін білсем,айтар ем.
Түбінде бар ой терең.
Толқындарда не сыр бар?
Тілін білсем,айтар ем.
Жатыр шалқып көк айдын,
Ой сапырып толғанып.
Телегейге қараймын,
Тебіренсе, таң қалып.
Әлемнің күллі ойлары
Толқындаған тәрізді.
Тіршіліктің майданы
Теңселткен бе теңізді?
Қарап үнсіз мен тұрмын,
Тасып жатыр ой терең.
Тілін білсем толқынның,
Шалқып бірге кетер ем.
Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!