Ағынтай батыр реферат — Тарих

0

Ағынтай (туылған жылы белгісіз — 1672)[1] — батыр, Есім мен Жәңгір хандардың сенімді серіктерінің бірі. Ағынтай 1620 жылдан бастап жоңғарлармен болған ірі шайқастардың барлығына қатысқан. Қалмақ батырларымен әлденеше рет жекпе-жекке шығып, үнемі мерейі үстем болып отырған. Ағынтай Орбұлақ шайқасында (1643жылы) Батыр қонтайшының 50 мың жауынгеріне төтеп берген Салқам Жәңгірдің 600 сарбазының ішінде болды. Шапырашты Қарасай батыр мен бірге Жәңгірді қалмақ тұтқынынан босатуға қатысқан. Аңыздарда Ағынтай батырдың орасан зор қара күш иесі екендігі де айтылады. Жұдырығы тигенді сау қалдырмаған. Сондықтан да халық жұдырығы қатты адамды “Ағынтай жұдырық” атап кеткен. Дүниеден өткеннен соң Ағынтайды Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында Құлшынбай төбесіне, досы шапырашты Қарасай батырдың бейітінің қасына жерлеген.

Мазмұны   
1 Шайқастары
2 Ағынтай жұдырығы
3 Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешенi
4 Ағынтай мен Қарасай батырдың достығы
5 Жерленген жері
6 Дереккөздер
Шайқастары
1635 жылы болған ірі шайқаста қалмақ қолына түскен Жәңгір сұлтанды Шапырашты Қарасай батыр мен арғын Ағынтай батыр тұтқыннан құтқарған. 1643 жылы Орбұлақ өңіріне Жәңгір хан мен Қарасай, Ағынтай батырларда кеткен есесін қайтаруды мақсұт тұтқан Батыр қонтайшы кеудесіне кек қатып, 50 мың қолдық шерігін бастап қазақ даласына енеді. Тосын хабардан Жәңгір хан жанына бар болғаны 600-ге жуық сардарларын жинап үлгереді. Бірақ та Салқам Жәңгірдің жанына топтасқан 600 сарбаздың әрқайсысы жүзге татитын батырлар еді. Олардың ішіндегі Шапырашты Қарасай, Арғын Ағынтай батырлар жауға қарсы еуропалық әдіс-тәсілдерді пайдалануда ерекше көзге түскен. 1643-1644 жылдары Қарасай батырмен бірге Ағынтай батырмен барлық шайқастарға қатысып, жауға әрқашан тойтарыс беріп, жас сарбаздарға үлгі болып отырған. 1644 жылы соңғы рет досы Шапырашты Қарасай батырмен бірге 66-65 жасқа келген шақтарында жоңғарлардың 2000-ға жуық әскерлеріне тойтара соққы беріп, жеңіске жеткен.

Ағынтай жұдырығы
Аңыздарда Ағынтай батырдың орасан зор қара күш иесі екендігі де айтылады. Оның жұдырығы тигенді сау қалдырмаған. Сондықтан да халық жұдырығы қатты адамды «Ағынтай жұдырығы» деп атап кеткен

Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешенi
Айыртау ауданы Солтүстiк Қазақстан облысының картасында барлығы 9,6 мың шаршы шақырымды алады. Бiрақ осындай кiшi-гiрiм аумақ Шоқан Уәлиханов, Ақан серi, Орынбай Бертұлы — ұлы перзенттерiн дүниге әкелдi, оны 17 ғасырда шапқыншылардан Есiм ханның бастауымен шапырашты руынан атақты Қарасай және арғын руынан Ағынтай батырлар қорғаған. Олардың екеуi де Құлшынбай — төбесiнде жерленген. Батырлар жерленген биiк төбеден (1999 жылы кесенесiмен мемориалдық кешен салынған) бүгiннiң өзiнде күш, сүйiспеншiлiк және үмiт беретiн көкше таулармен, ертегiдей көлдермен көмкерiлген Айыртау даласының бұзылмаған сұлу келбетi ашылады. Салынған кесене Қазақстан халқының мызғымас достығы мен бiрлiгiнiң нышаны болып табылады. Конус тәрiздi 16-метрлiк мұнараларды олардың арасында орналасқан үмiт пен сенiмнiң тiрегi — мешiт қосады. Осы жерде жауынгерлердiң көптеген молалары бар. Кезектi қазба жұмыстарында бойы 2 метрдей болған нағыз батырдың мүрдесi табылған, оның жанында ауыр семсер жатқан. Мемориалдық кешендi көруге жыл сайын елiмiздiң түпкiр-түпкiрiнен жүздеген адамдар, көптеген шетелдiк қонақтар келедi. Елiмiздiң Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев та осында екi рет болды.

Ағынтай мен Қарасай батырдың достығы
Арғын Ағынтай батыр мен Шапырашты Қарасай батырдың қай кезде танысып, қалайша айырылмас дос болғанын қазірше дерек көзі болмағаннан кейін анықтап айту қиын. Алайда, екі батырдың айрықша дос болғанын сол дəуірде өмір сүрген Матай би ерекше ілтипатпен жазып кеткен екен. Олардың өз ғұмырында қанша рет жекпе-жекке шыққанын ешкім есептемеген. Бірақ аз болмаса керек. Ал кескілескен соғысқа екеуі де екі жүз мəрте кіріпті.

Жерленген жері
1670 жылы Шапырашты Қарасай батыр егде тартқан шағында өзінің досы Ағынтай батырдың еліне келіп бір жылдан кейін қайтыс болады, ал 1672 жылы Ағынтай батыр қайтыс болған. Екеуi де Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Құлшынбай-төбе шоқысында бiр зиратқа жерленген.

Дереккөздер
Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. — 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!