Синтетизм — Қазақ тілі

0

Синтетизм (гр. synthesis — біріктіру, құрастыру) — бір сөздің құрамындағы бірнеше морфеманы біріктіретін тіл құрылымының типологиялық белгісі. Синтетизм ұғымы ең алдымен сөз негізінің грамматикалық категорияны білдіретін форманттарымен байланысты болғандықтан, морфологиялық формаларға қатысты қолданылады. Оларды қарапайым формалар деп те атайды. Мысалы: осы шақ формасы — отырмын, ал оның аналитикалық формасы — айтып отырмын; жай шырай формасы — биік, улкен; аналитикалық формалары — өте биік, үп-үлкен.
Кейбір ғалымдар Синтетизмнің морфологиялық үлгісіне қарап, синтаксистік және сөзжасам Синтетизмін сөз қылады. Алғашқысында сөйлем мүшесі көмекші сөзсіз бір ғана формада жасалады (айқайлады, ср. айқайлап жіберді). Сөзжасамға бір сөзден (түбір, туынды, күрделі формада) тұратын формалар жатады, ал аналитикалық құрылымда сөз тіркесінен жасалады: айқайлау — айқайға басу, жаздай — ала жаздай, балалы — балалы шағалы — көп балалы.
Бірак Синтетизм мен аналитизм тілдерде таза қалпында кездеспейді. Қандай тіл болмасын белгілі дәрежеде синтетикалық және аналитикалық формалардан тұрады. Тіл дамуымен байланысты синтетикалық формалар аналитикалық формаларға, керісінше, аналитикалық формалар синтетикалық формаларға ауысуы мүмкін. Сөз тіркесі атаулық ұғымдарды тудырудың неғұрлым қарапайым тәсіліне жататындықтан, тілдерде аналитикалық жасалымдар үнемі туып отырады да, олар кейін синтетикалық формаларды ығыстырып отырады, болмаса синтетикалық құрылымға айналып кетеді

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Тегтер:Синтетизм