Синтетикалық форма — Қазақ тілі
Синтетикалық форма орыс. синтетическая форма (гр. syntheticos — қосу, құрастыру) — сөздің негізіне қосымшалардың жалғануы арқылы туатын, яғни аффикстік тәсілмен жасалатын сөз формасы. Мысалы: тәуір — тәуірлеу — тәуірірек; малшы, малшылар, малшылардың; алшы, алыңыз, алыңыздар; алды, алсам, алар, алдырт, алыс т. б. Мұндай формалық өзгерістер бір сөздің көлемінде (ішінде) болып отыратындықтан, олардан баска аналитикалық тәсілмен туатын күрделі формалар болатыны ескеріліп, жалан формалар деп аталады