Жеміс сусыны балабақшадағы ертеңгіліктер
Жеміс сусыны
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Уақыты:11.11.15
Тобы:«Балапан» I-кіші
Тәрбиеші: Тлюупова Ұлдай Ерғалиқызы
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Жеміс сусыны»
Мақсаты:
а)Жеміс түрлерімен таныстыру.(алма,алмұрт).Қағазға салынған банка ішіне дайын жеміс суреттерін орналастыруды үйрету.
ә) Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.
б)Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Алдын- ала жүргізілетін жұмыс: жеміс атауымен және түрлерімен таныстыру.
Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,сергіту сәті.
Қажетті көрнекі құралдар: үлестірмелі материалдар,ойыншықтар,магнитті тақта,дайын пішіндер.
Билингвалдық компоненті: жеміс-ягоды,алма-яблоко,алмұрт-груша.
Іс -әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушы Шаттық шеңбері.
-Балалар,егер біз табиғатты аяласақ,ол өзінің көп жемісін береді.
-Кәне,бәріміз баққа барып қайтайық.
Тамаша ғой бақшамыз,
Саяхатқа шығамыз.
Алға басып келеміз,
Бәрін,бәрін білеміз.
(Е.Өтетілеуұлы)
-Балалар,баққа барғанды ұнатасыңдар ма? Балалар шаттық шеңберіне тұрады.
Балалардың жауабы.
Іздену- ұйымдастырушы Жиын-терін болатын,
Қамбаға астық толатын,
Қызыл қырман ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
(А.Меңжанова)
-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Дидактикалық ойын:
«Қандай жеміс?».
Тәрбиеші балаларға жемістердің суреттерін көрсетіп,қандай жеміс екенін сұрайды.
Сергіту сәті:
Күзім- ау,күзім -ау,
Мінезің бұзық-ау.
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық-ау.
(Қ.Ыдырысов)
Үлестірмелі материалға назарларын аударады.
Балаларға қағаздан жасалған банканы көрсетіп,жемістерден сусын жасауды ұсынады.
Магнитті тақтада суреті салынған банкаға дайын пішіндерді(алма,алмұрт) салып көрсетеді.
-Алма қандай түсті?
-Алмұрт қандай түсті?
-Алма мен алмұрттан сусын қайнаттық,банканы қақпақпен жауып тастаймыз.
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Билингвалдық компоненті: жеміс-ягоды,алма-яблоко,алмұрт-груша.
Өлеңді тыңдайды,жауап береді:
-Күз мезгілі.
-Жеміс-көкөністер піседі.
-Жапырақтар сарғайып,жерге түседі.
-Жаңбыр жауады.
Балалар сұрақтарға жауап береді:алма,алмұрт.
Балалар бастарын шайқайды,саусақтарымен үстелдің үстін тарсылдатады,
саусақтарын шошайтады.
Иллюстрацияны қарап,мұқият тыңдайды.
-Қызыл.
-Сары.
Балалар алдарында жатқан банканы алмұрт және алма суреттерімен толтырады.
Қайталайды: жеміс-ягоды,алма-яблоко, алмұрт-груша.
Рефлексивті коррекциалаушы Тәрбиеші балаларды мадақтайды.
-Біз бүгін қандай жемістермен таныстық?
-Біз неден сусын жасадықБіз неден сусын жасадық? Балалар өз жұмыстарын қарайды.
-Алма,алмұрт.
-Алма мен алмұрттан.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:Қағаздан салынған банка шіне дайын суреттерде орналастырады.
Қандай түсініктерді игереді: жемістердің әртүрлі және әр түсті болатынын.
Меңгерген дағдылар мен іскерліктері:іс-әрекет барысында алған дағдылары
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!