Диффузды эндокриндік жүйе слайд,презентация
Диффузды эндокриндік жүйе слайд,презентация
Гипоталамус — аралық мидың бөлігі, организмнің вегетативті қызметін және көбеюді реттейтін ең жоғарғы орталық. Гипоталамустың алдыңғы бөлігінде екі жұп ядролар орналасады. Супраоптикалық ядро және Паравентрикулярлы ядро. Осы екі ядродан вазопрессин және окситоцин деген екі гормон өндіріледі. Вазопрессин немесе антидиурезді гормон — бүйректегі реабсорбция қызметін реттейді . Окситоцин- жатырдың, сүт безінің жиырылуын қамтамасыз етеді. Қалқанша без- басқа бездердей дәнекер тінді капсуламен қапталған, одан шыққан нәзік перделер, безді бөлікшелерге бөледі. Қалқаша бездің структуралық- функциялық бірлігі — фолликулы деп аталынады, бұл шар тәрізді және қуық тәрізді фолликул қабырғасы базальді мембранада орналасқан бір қабатты эпителий жасушалары — тироциттерден тұрады. Қалқанша без негізгі зат алмасуды реттейтін гормон- тироксинді өндіреді.