Сөз қолданыс — Қазақ тілі
Сөз қолданыс орыс. словоупотребление — сөйлеу үстінде сөзді талғап-таңдап дұрыс қолдана білу дағдысы. Сөзді дұрыс қолдану сөз мағынасының дәлдігін, айқындығын сақтаудан, сөзді, оның тәсілдерін орнымен ұқыпты жұмсаудан көрінеді. Сөз қолданыста жалпы халықтық тіл үлгілеріне негізделген әдеби тіл нормаларын және тіл мәдениеті шарттарын сақтау талап етіледі