Курстық жұмыс: Экономика | АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУ

0

Мазмұны

КІРІСПЕ
1.БӨЛІМ
1.1 АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІ — МЕМЛЕКЕТТІҢ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТЕТІГІ

2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҒДАЙЛАРҒА ЖАЛПЫ ТАЛДАУ

3.БӨЛІМ
3.1 АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ СЕРПІНДІ ЖОБАЛАР

ҚОРЫТЫНДЫ
1.БӨЛІМ
1.1. АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІ — МЕМЛКЕТТІҢ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТЕТІГІ

Дамыған 50 елдің қатарына қосылуды көздеп отырған Қазақстан үшін эко¬но¬ми¬ка¬ның құрылымын өзгерту маңызды мәселелердің бірі. Осы мақсатқа жету үшін Мем¬лекет басшысы экономиканы әртараптандыру жөнінде Үкімет алдына зор міндеттер қойып отыр. Олардың басты 30 бағыты Елбасының Қазақстан халқына арнаған биылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Жолдауында айқын көрініс тапты.
Аграрлық азық-түлік және ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі екі мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысын сараптау нәтижелері алға қойылып отырған мақсат-міндеттердің орындалып жатқанын көрсетіп отыр. Атап айтқанда, өткен жылдары агроөнеркәсіп кешенінің заңнамалық базасын жетілдіруге және оны халықаралық нормаларға сәйкестендіруге баса назар аударылды. Ауылшаруашылығын зерттеуші ғалымдарлың айтуынша, агроөнеркәсіп кешенін қолдауға бөлінген қаржылық ресурстар аграрлық азық-түлік бағдарламасының жоспарына сай жүзеге асырылып, Елбасы Жолдауында айтылғанындай, жыл сайын 9-10 миллиард теңгеге ұлғайтылып отырылды. Бұл ретте мемлекеттік қолдаудың қайтарымдық ресурстарының шамасы 45 пайыз болса, бағаның қалыптасуына тікелей ықпал ететін субсидияларының көлемі 13 пайызды құрады. Егін шаруашылығында егіс алқаптары соңғы үш жылда 8 пайызға немесе 18 миллион гектарға ұлғайды. Бірақ, ондағы астық дақылдарының үлесі 70 пайыздан 65 пайызға дейін кеміді. Ал, майлы дақылдардың алқабы екі есеге жуық артты. Сонымен қатар, астық өнімдерінің өңдеу технологиялары жетілдіріліп, жыл сайын егістіктерді қосалқы танаптар мен минералдық тыңайтқыштармен өңдеу ауқымы ұлғайып келеді. Тұқым шаруашылығына жасалған мемлекеттік қолдау егілетін тұқымның жалпы ауқымын сараптауға мүмкіндік берді.

Мiндеттер. Экономикалық перспективалы ауылдық аумақтарды басым дамыта отырып, елдiң аумақтық кеңiстiгiн ұтымды игеру және жайластыру.
Iс-қимыл стратегиясы
Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк және өңiрлiк бағдарламаларын iске асыру шеңберiнде:
экономикалық қызметтi дамыту, әлеуметтiк және тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз етушi инфрақұрылым объектiлерiн салуды, жөндеу мен қайта жаңартуды инвестициялау жөнiндегi бiрiншi кезектегi шараларды iске асыру;
ауылдық елдi мекендердiң (АЕМ) даму әлеуетiне қарамастан, алайда халық санын, негiзгi, мемлекет кепiлдiк берген қызмет көрсетулер ұсынушы әлеуметтiк және тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз етушi инфрақұрылымды ескере отырып, оларды қамтамасыз етудiң ең төменгi деңгейлерiн әзiрлеу әрi орталық және өңiрлiк басқару деңгейлерiнiң жауапкершiлiгiн ажырата отырып, оларға кезең-кезеңiмен қол жеткiзу жөнiндегi iс-шараларды iске асыру;
АЕМ-де шаруашылық қызмет үшiн неғұрлым қолайлы жағдай жасау: өнiмдi жерлерге, қаржы ресурстарына, нарықтық ақпаратқа қолжетiмдiлiк, қайта мамандану, оның iшiнде ауыл шаруашылығы емес қызметке және басқаларына қайта даярлану мүмкiндiгi арқылы ауыл тұрғындарының жоғары және орташа даму әлеуетi бар АЕМ-ге шоғырлануын ынталандыру;
бәсекелiк (табиғи, еңбек және басқалары) артықшылықтарды пайдалану негiзiнде АЕМ-нiң өзiн-өзi дамыту процесiн ынталандыру.
Мыналарды:
экономикалық қызмет салаларын кеңейту және ауылдық жерлердi iрi қалалардың базасында қалыптастырылатын өңiрлiк кластерлерге тарта отырып, оларды индустрияландыру жөнiндегi iс-шараларды iске асыруды;
елдi мекендердiң өңiрге қарасты жүйелерiн (ЕӨЖ) дамытуды және қалыптастыруды жоспарлау шеңберiнде қалалар мен ауылдар арасындағы байланысты күшейтудi (3.2.3-бөлiм) қоса алғанда, өңiрлердiң даму стратегияларына (бәсекелi стратегияларға) қалалық және селолық даму бағдарламаларын кiрiктiру арқылы өңiрлердiң экономикалық дамуында ауылдық аумақтар әлеуетiнiң өсуiн қамтамасыз
2001 жылдан 2005 жылға дейін аграр¬лық саладағы ғылыми-зерттеу ұйым-да¬ры өз жұмысын “Агроөнеркәсіп ке¬шеніндегі қолданбалы ғылыми-зерт-теу¬лер” бағдарла¬ма¬сының аясында жүргізген. 2005 жылы ғылыми-зерттеулер бағдарлама¬сын жүзеге асырудың бес жылдық мерзімі бітеді. Осы уақытта бірнеше нақты нәтижелер алынды. Атап айтқанда:
Егін және өсімдік шаруашылық сала¬сын¬да әртүрлі дақылдардың 201 сорты мен гибриді шығарылып, мемлекеттік сорт тек¬серуге жіберілген, жыл соңында тағы 58 сорт¬тар мен гибридтер шығарылуы жос¬парланып отыр.
Қазақстандық ғалым-селекционер¬лер¬дің жетістіктерін айтпай кетуге болмайды. Осы жылы күріштің “Ару” атты сорты әлемдік практикадағы ең қысқа жетілудің вегетациялық мерзімімен ерекшеленді.
Технологиялар бойынша 94 ұсыныс жа¬салды, оның 65-і егін шаруашылығы бойынша, 6-уы өсімдік қорғау, 23-і орман және су шаруашылығына қатысты.
Күздік бидайды, мақта және қант қы¬зыл¬шасын суғару технологиясы ұсынылды.
Мал шаруашылығы мен ветеринарияда ірі қара малдың қоңыр типін шығару жұмыстары аяқталды және селекциялық жетістікке өтініш жіберілді.
Қазақ бактрианның жоғары өнімділік көрсеткен “Қарабура” аталық ізі шығарылды.
Ауыл шаруашылығын механикалан¬дыру саласында 69 мәшине мен жүйенің тәжірибе жобалары жасалды, соның ішінде ПР-400 престелген шөп жинағыш, ДИК-1 жем ұсақтағыш, жасалды.
Агроөнеркәсіп кешенінің экономика саласында 26 ұсынысы жарияланған, со¬ның ішінде 2010 жылға дейінгі Қазақ¬стан агроөнеркәсіп кешені дамуының болжа¬мы, Қазақстандағы агроазық-түлік жүйе¬лері¬нің экономикалық дамуының стра¬те¬гиялық бағыттары, әлемдік сауда ұйы-мына қосылу жағдайындағы Қазақ¬стан¬ның агроөнеркәсіп кешенінің сырт-қы на¬рық¬пен әрекеттесуіне арналған ұсыныстар.
Агроөнеркәсіп кешенін тұрақты да¬мы¬тудың тұжырымдамасын жүзеге асыру үшін “2006-2008 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешені сала-сындағы қол¬данбалы ғылыми зерттеулер” іс-шара¬лары енгізілді, онда ғылыми зерттеулерді жүзеге асырудың жаңа бағыттары қарастырылған. Солардың ішінде:
– қазіргі кездегі биотехнологиялық және басқа да әдістерді қолдану негізінде дақылдардың жаңа сорттары мен гибридтерін шығару;
– малды өз төлінен жедел өсірудің био¬технологиялық әдістерін жетіл¬ді¬ру және қазіргі ДНК технологияларын пайдалана отырып мал түліктері гено-мын ғылыми негізде бағалауды әзірлеу;
– ауыл шаруашылығын механика¬лан¬дыру саласында өсімдік шаруашы-лығы мен мал шаруашылығы салалары үшін қажетті ресурс үнемдейтін және бәсекеге қабілетті технологиялар мен мәшинелер жүйесін әзірлеу көзделген.
Қазақстанның ауылшаруашылық ғылымына арналған қаржы жылдан жылға көбейіп келе жатқанын аңғаруға болады. Егер 2002 жылы оның көлемі ішкі жалпы өнімнің – 0,13 пайызын, 2003 жылы – 0,14 пайызын құраса, 2004 жылы 0,24 пайызын құрады. Бірақ бұл қаржы алдыңғы қатарлы елдердің көрсеткішінен едәуір төмен. Қазақстан¬ның стратегиялық бағдарламасында көрсетілгендей 2010 жылға дейін ғылыми-зерттеулерге бөлінетін қаржы¬ның көлемі ішкі жалпы өнімнің 2 пайызын, ал 2015 жылға дейін 2,5-3,0 пайызын құраған жағдайда ғылым да дамуға тиісті үлесін қосары айғақ.
Қазіргі кезде, өте тапшылық таны¬тып тұрған мамандықтарда, соның ішінде, биотехнология, гендік инже¬не¬рия, АӨК-ін экономикалық-математи-ка¬лық зерттеу әдістері, ихтиология, гидро¬биология, ауылшаруашылық мә-ши¬нелерін жобалау бойынша мамандар дайындау қажет.
Осы мәселені шешу мақсатында 2006 жылдан бастап Әлемдік даму банкі-нің қаржысы есебінен “Қазагро¬мар¬кетинг” АҚ-пен бірлесе отырып, аяқталған ғылыми зерттемелерді өндіріске енгізу шаралары жүзеге асырылатын бо¬лады.
2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі жағдайға жалпы талдау.

Қазақстанның аграрлық секторы мынадай сипатқа ие:
• ауыл шаруашылығына арналған жердің жалпы аумағы – 222,6 млн. га, оның ішінде 24 млн. га (10,8%) – егістік жерді, 5 млн. га (2,2%) – пішендік жерді, 189 млн. га (85%) – жайылым жерді алып жатыр;
• ауыл тұрғындарының саны – 7,3 млн. адам немесе ел тұрғындарының жалпы санының 47,2%-ын құрайды;
• топырақ және өсімдік жамылғысының тік және көлденең зоналары анық белгіленген. Орманды дала мен дала аймағында барлық жердің 10%, шөл және шөлейт аймағында — 60%-ға жуығы, таулы аймақтарда — 5%-ға жуығы жатыр;
• елдің барлық егіншілік аймақтары жылдық жауын-шашынның аздығымен сипатталады – 150-320 мм.;
• теңізге шығу жолының жоқтығы, бұл сыртқы нарыққа шығуға айтарлықтай қиындықтар тудырады;
• маусымаралық кезеңдерде қант, өсімдік майы, құс еті, көкөніс пен жеміс сияқты өнімдерді қоспағанда, азық-түлік өнімдерінің көпшілігімен қамтамасыз етудің өзіндік жеткіліктілігі;
• солтүстік аймақтардың астық дақылдарын өсіруге және мал шаруашылығына мамандандырылуы; суармалаудың айтарлықтай маңызы бар оңтүстік аймақтарда өсірілетін дақылдардың (астық, майлы, жеміс-жидек дақылдары, көкөніс, мақта) көбінше әртараптандырылған.
• 2007 жылдағы 1 га егістікте ауыл шаруашылығының жалпы өнімін өндіру 47,5 мың теңгені құрайды, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін 1 қызметкерге ауыл шаруашылығы өнімін өндіру 453 мың теңгені құрайды;
• бидай мен ұнның ірі экспорттаушысы (10 әлемдік экспорттаушылардың қатарына енеді) болып табылады, елдің ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы экспортында мақтаның (15%), тері мен жүннің (25%) де маңызды үлесі бар;
• мал шаруашылығы саласы Қазақстан үшін дәстүрлі шаруашылық болып табылады, мұнда малдың 90%-ы тұрғындардың үй шаруашылығына тиесілі;
• ауыл шаруашылығы техникасы паркінің орта жасы пайдаланудың нормативтік мерзімі 7-10 жыл жағдайында 13-14 жылды құрайды; ауыл шаруашылығы техникасы паркінің 70%-ы – 1991 жылға дейінгі өндірілгендер;
• ауыл шаруашылығы саласына қаржылық қызмет көрсету ұсыныстарының шектеулігі. Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша несие ресурстарына деген қажеттіліктің қанағаттанбағандығы ең керітартпалық бағалар бойынша жылына шамамен АҚШ-тың 1 млрд. долларына бағаланады.
Ауыл экономикасын көтеру мақсатында соңғы 10 жылда қомақты қаржы ресурстарымен қосымша күшейтілген АӨК мен ауылды дамыту және қолдау жөніндегі мемлекеттік және салалық бағдарламалар қабылданды.

ДӘНДІ ДАҚЫЛДАР
2007 жылы дәнді дақылдарының рекордтық өнімі жиналды, оның өңделгеннен кейінгі салмақ бойынша жалпы көлемі статистика органдарының алдын ала мәліметтері бойынша 20,1 млн. тоннаны құрады, өнімділігі — 13,3 ц/га, бұл 2006 жылы қол жеткен деңгейден сәйкесінше 3,6 млн. тоннаға (22%) және 1,6 ц/га артық.
Жалпы бұл көлем мемлекеттің ішкі қажеттілігін толықтай қамтамасыз етуге және астық экспортының көлемін 10,0 млн. тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді (соның ішінде астық түрінде – 7,5 млн. тонна, астыққа шаққандағы ұн түрінде – 2,5 млн. тонна).
2007 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабының 80% астамы дәнді дақылдардың үлесіне келді.
Жалпы республика бойынша 2007 жылы бидайдың егіс алқабы 2005 жылмен салыстырғанда 246,9 мың гектарға (2,0%), соның ішінде қатты бидайдың егіс алқабы – 19,3 мың гектарға (8,7%), күздік қара бидайдың – 19,9 мың гектарға (60,3%), қарақұмықтың – 60,5 мың гектарға (73,2%), жемдік дақылдардың (арпа мен сұлының) – 322,3 мың гектарға (18,8%), рапстың – 129,1 мың гектарға (4,1 есе), май бұршақтың егіс алқабы – 12,6 мың гектарға (34%) артты.
Алдын ала мәліметтер бойынша майлы дақылдар өндірісі 459,4 мың тонна болды, 2006 жылы 458,9 мың тонна болған, көкөніс дақылдары – 2196,4 мың тонна, бұл 2006 жылғы деңгейден 6,7% жоғары, картоп – 2414,8 немесе 2,3% жоғары, шитті мақта – 438,7 мың тонна, 3,3 мың тоннаға немесе 0,8% жоғары.

АСТЫҚ
Астық өндірісінің өсуі оны сату көлемдерінің ұлғаюына және саланың табыстылығының жоғарылауына себепші болды. 2007 жылы экспортқа 6,8 млн. тонна астық жөнелтілді. Сонымен қатар 1,5 млн. тонна шамасында ұн экспортталды, бұл астыққа айналдырғанда 2,1 млн. тоннаны құрайды. Сонымен астыққа шаққандағы ұнды қоса есептегенде астық экспортының көлемі 8,9 млн. тонна болды. Бұл ретте астық экспортының көлемі 2006 жылғы көлеммен салыстырғанда 2,2 млн. тоннаға (48%), ұн – 339,9 мың тоннаға (30%) артты. Астық пен ұнды экспортқа сатудан түскен түсім сомасы 1542,7 млн. АҚШ доллары деңгейінде болжанып отыр. Бұл 2006 жылдың деңгейінен 801,7 млн. АҚШ долларына немесе 2,1 есе артық.
Астық өндірісінің ұлғаюында жетістіктерге жетуге өсімдік шаруашылығын мамандандыру негізінде оны әртараптандыруды жүзеге асыру бойынша жүргізілген жүйелі жұмыс, өндіріске қазіргі заманғы технологияларды және егіншіліктің озық әдістерін ендіру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау қөлемдерінің өсуі себепші болуда.
Республиканың құрғақшылықты климат жағдайларында өсімдіктің өсуіне жетіспейтін қажетті ылғалды тиімді пайдалануға себепші болатын ылғалресурс сақтайтын технологияларды кеңінен қолдануға, қажетті агротехнологиялық шараларды уақтылы және сапалы жүргізуге тиісті көңіл бөлініп келеді.
2007 жылы қазақстаның астығы 45 мемлекетке экспортқа шығарылды. Негізінен олар 3,3 млн. тонна астық немесе жалпы көлемнің 48% экспорталған ТМД, 1,5 млн. тонна (22,2%) шамасында – Таяу Шығыс, 0,9 млн. тонна (13,5%) – Солтүстік Африка, 0,6 млн. тонна (9,5%) – Европа Одағы елдері. Осы жылы қазақстандық астық алғаш рет Венгрия, Бангладеш, Танзания нарықтарына жеткізілді, перспективада қытай бағытына астық экспорттауды пысықтау жүріп жатыр.
ТМД елдері ішінде астықтың елеулі көлемдерін Әзербайжан – 886,6 мың тонна, Ресей – 613,5 мың тонна, Украина – 394,6 мың тонна, Қырғызстан – 345,5 мың тонна, Тәжікстан – 298,4 мың тонна импорттады.
Алыс шетел мемлекеттері бойынша астықтың үлкен көлемдері Тунисқа – 555,1 мың тонна, Турцияға – 464,5 мың тонна, Сауд Аравиясына – 348,5 мың тонна, Египетке – 329,6 мың тонна, Иранға – 225,3 мың тонна, Йеменге – 193,0 мың тонна, Италияға – 176,8 мың тонна, Германияға – 149,7 мың тонна экспортталды.
Астық экспортының барысын тежейтін басты қиындықтың біреуі бұрынғыдағыдай астық тасымалдайтын арнайы вагондардың жетіспеушілігі болып табылады. Кәзіргі уақытта осындай астық тасымалдайтын арнай вагондардың саны 5236. Егер осы вагондар айына бір айналым жасағанда онда айына экспортқа 500,0 мың тонна астық шығара алады. Бұл ретте жоспарланған 10,0 миллион тонна астықты тасымалдап үлгеру үшін айына 1 миллион тоннадан кем емес астық тасымалдану керек екенін атап өткен жөн.
Бұдан басқа астық тасымалдайтын жылжымалы құрамдардың айналымын тездетуге Украйна айлақтарындағы (порттарындағы) тасымалдау жұмыстарының көбейуі, Азов теңізіндегі тереңдігі аз Россия айлақтарын мұз басып қалғандығы кедергі келтіруде. Мысалы үшін, кәзіргі уақытта Украина айлақтарында және оларға жақын теміржол бекеттерінде 75 теміржол құрамы (поезд) түсіруді күтіп жиналып қалған, оның 31 – Қазақстаннан.
Сол сияқты кедендік және басқада жүкпен бірге болатын керекті құжаттардың дер уақытында ресімделмегендігінен вагондары тиеп жөнелтуіде кешігушілікке жол беру фактілеріде кездеседі. Мұндай жағдайлар әсіресе кеден бекеттері жоқ Ақмола облысының Жарқайың, Есіл және Жақсы аудандарында орын алуда. Аталған ауданның астық экспорттаушылары кеден құжатын алу үшін Атбасар қаласына барады.
АУЫЛШАРУШЫЛЫҒЫН МЕХАНИКАЛАНДЫРУ
Машина-трактор паркін қазіргі кездегі жағдайы.
Республикада 137,2 мың шынжыртабанды және доңғалақты тракторлар, 45,5 мың астық жинайтын комбайндар, 15,2 мың дестелегіштер, 90,7 мың тұқым сепкіштер және басқа да ауыл шаруашылығы техникалары бар.
Соңғы жеті жылда (2001-2007) 26,5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникаларының негізгі түрлері сатып алынған.
Өткен жылы 4,2 мыңнан астам негізгі ауыл шаруашылығы техникалары 45,0 млрд. теңгеге сатып алынды:
тракторлар1117 дана;
астық жинайтын комбайндар — 1605 дана;
тұқым сепкіштер — 819 дана;
егіс кешендері — 394 дана;
дестелегіштер — 308 дана.
2007 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 22,2 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтары сатып алынды (бюджеттік қаражат — 8,1млрд. теңге; өз қаражаттары – 3,3 млрд. теңге; экспорттық қаражат – 10,8 млрд. теңге) оның ішінде:
тракторлар -586 дана;
астық жинайтын комбайндар — 656 дана;
тұқым сепкіштер — 303 дана;
дестелегіштер — 140 дана.
Лизингтік негізде ауыл шаруашылығы техникаларымен қамтамасыз ету қолда бар ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға жағдай жасады.
Жақын және алыс шет елдерден сатып алынған жоғары өнімді, қуатты техникалар:
— ауыл шаруашылығы өндірісін 2002 жылмен салыстырғанда энергиямен қамтамасыз етілуін 19,5 % жоғарылатуға;
— қысқа агротехникалық мерзімде жалпы егістік техникаларының 4,9 % құрайтын егіс кешендерімен 35,2 % дәнді дақылдар егістігіне тұқым себуге;
— жалпы астық жинайтын комбайндар санының 22,3 % құрайтын соңғы 7 жылда сатып алынған астық жинайтын комбайндармен дәнді дақылдар егісінің 40 %-ын жинауға мүмкіндік берді.
Ауылшаруашылығы машиналарын жасаудың қазіргі кездегі жағдайы және дамуы.
Республикамыздың өнеркәсіптік потенциалын ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласындағы 120 кәсіпорын білдіреді. Оның ішінде 50 кәсіпорын мынадай ауыл шаруашылығы техникаларын шығарады: дестелегіштер, тұқым сепкіштер, жер өңдеу құралдары (сыдыра жыртқыш, сыдыра қопсытқыш, соқалар, тырмалар), мал азығын дайындау құралдары, өсімдік қорғау машиналары (дәрі сепкіштер, тұқым улағыштар) және қосалқы бөлшектер, сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешендері үшін жабдықтар. Қалған 70 кәсіпорындар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарымен және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тапсырысымен қосалқы бөлшектерді дайындаумен айналысады.
Шамамен 20 кәсіпорын соңғы өнім шығарушы болып табылады.
Көп кәсіпорындардың қуаттылығының 10-15% ғана жүктелген. Негізгі өнеркәсіптік-өндірістік қорларының тозуы 43-80%, ал машиналар мен жабдықтардың …….