Иманжан Жылқайдаров | өмірбаяны

0

Иманжан Жылқайдаров (1886—1973) — Жезқазған облысы, Ұлытау ауданында туған. Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай, Ақан сері, Құлтума, Тайжан сияқты әйгілі әнші, ақындармен тұздасдәмдес болып, тәлім алған. Он сегіз жасында ұлытаулық ақын қыз Бибіғали Оңғарбайқызымен, кейінірек Гүлжәмила, Ибадулла ақындармен айтысқан. «Әлібек» дастаны мен «Сабыр» толғауы 1916 жылғы ұлтазаттық көтерілісіне арналған. «Сәуле», «Ақ марқа», «Әліби ерлігі», «Ұлытау» «Шақшақ ұлы Жәнібек», «Назымбек» дастандары бар.

Қазақстан жазушыларының ІІІ–ІV съезінің делегаты болды. Академик Әлкей Марғұлан басқарған тарихиэтнографиялық экспедицияларға қатысты. Халық әдебиетінің нұсқаларын жинап, тапсырды. Таңдамалы шығармаларының жинағы («Жастарым, жайна», 1959) басылды, бірсыпыра өлеңдері «Пернедегі термелер» (1965), «Айтыс» (3т., 1966) жинақтарында жарияланды.