Киім дүкені балабақшадағы тәрбие сағаты

0

Киім дүкені

 

оқу іс-әрекетіні технологиялық картасының жобасы

Білім беру саласы.    Қатынас. Әлеуметтік орта
Тақырыбы:    «Киім дүкені»
Тобы.    І сәбилер
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі:    Тіл дамыту
                                                      Құзыреттілікке жеткізетін мақсат-міндеттер:
Ақпараттық құзыреттілік:    Киім – кешек туралы  ақпарат беру. Ұл бала мен қыз баланың киімдерін ажыратуға үйрету.
Коммуникативтік құзыреттілік:     Киімдерді атату арқылы  сөздік қорларын байыту. Қарым – қатынас жасау іскерлігін қалыптастыру.
Проблема шешу құзыреттілігі:     Өз бетімен қысқы және жазғы киімдерді ажырата білуге қатыстыру. 
Оқу іс әрекетінде қолданылатын технологиялар:    АҚТ, дамыта оқыту, топтық жұмыс.
Оқытудың  әдіс-тәсілілдері:    Сөздік: коркем сөз, өлең сөздерін қайталау, түсіндіру;
Көрнекілік: слайд арқылы суреттер көрсету, карточкалар көрсету;
Практикалық: карточкалар арқылы тапсырма орындау.
Оқу іс әрекетінде пайдаланатын көрнекі құралдар:    Компьтерлер, проектор, карточкалар, ұл бала және қыз бала бейнеленген сурет,қуыршақтың киімдері.
Пән аралық байланыс    көркем әдебиет, қоршаған орта.

Әрекет түрлері    Тәрбиешінің әрекеті    Балалардың әрекеті
І.Мотивациялық – қозғаушы     Балалар қане бәріміз шеңбер болып отырайық.
Шаттық шеңбері:
Кел балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік.
    Балалар шеңбер болып отырады.
Шаттық шеңберін тәрбиешімен бірге қайталайды.
Кел балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік
ІІ.Іздену-ұйымдастырушы 

 

    Балалар мына суретке көңіл аударайықшы.
Суреттен кімді көріп тұрмыз.
 Ұл баланың үстінде қандай киім?
Ал, қыз балада ше?

Дұрыс айтасыңдар, балалар!
Балалар киім дүкеніне барғыларың келеме?
Ендеше, мен сендерге қуыршақ беремін. Қуыршақтарға киімдер аламыз.
—  Арсен, сен қуыршағыңа қандай киім алдың?
— Не себептен сен шалбар алдың?
— Аяжан, сен қуыршағыңа қандай киім алдың?
— Көйлегіңнің түсі қандай?
Сергіту сәті:
Айнаға қараймын,
Шашымды тараймын.
Бақытты боламын,
Сымбатты боламын.
Әрқашан тазамын,
Бәрінен озамын.
Дидактикалық ойын: «Киімдерді ажырат»
Шарты: қысқы киімді көк, жазғы киімді жасыл сөмкеге сызып көрсету.
    — қыз бала
— ұл бала
— күртеше
-бас киім
-қолғап

-ия
— балалар қуанады

-шалбар
-жейде
-себебі, менің қуыршағым ұл бала
— көйлек
-қызыл
Сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталайды.
Айнаға қараймын,
Шашымды тараймын.
Бақытты боламын,
Сымбатты боламын.
Әрқашан тазамын,
Бәрінен озамын.
Балалар жазғы киімдермен қысқы киімдерді ажыратуға тырысады.
ІІІ. Рефлексифті- коррекциялаушы     — Бүгін біз қайда бардық? 
— Не туралы айттық?
— Қуыршаққа алған киімдерің ұнады ма?
    — киімдер дүкеніне
— киімдер
— ия, ұнады
Күтілетін нәтиже
Баланың білуі: киімдерді сипаттай алуды біледі.
Баланың меңгеруі: 
Баланың жасай алуы: Жазғы және қысқы киімдерді ажырата біледі

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру оқу іс-әрекетіні технологиялық картасының жобасы

Білім беру саласы.    Қатынас. Әлеуметтік орта
Тақырыбы:    «Үй жануарлары қалай дыбыстайды»
Тобы.    І сәбилер
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі:    Тіл дамыту
                                                      Құзыреттілікке жеткізетін мақсат-міндеттер:
Ақпараттық құзыреттілік:    Үй жануарларымен таныстыру.  Үй жануарлары  және олардың қалай дыбыстайтыны туралы ақпарт беру.
Коммуникативтік құзыреттілік:     Өз ойын дәлелдей  білуге, үй жануарларына деген   сүйіспеншілік , қамқорлық сезімін оятуға дағдыландыру. Қарым – қатынас іскерлігін қалыптастыру.
Проблема шешу құзыреттілігі:     Өз бетімен үй жануарларының дыбысын салуға қатыстыру. Балаларға суре бойынша  әңгімелеуге  және  үй жануарларын дұрыс айта  білуге үйрету. Сөздік қорын  молайту, тілдерін  дамыту.
Оқу іс әрекетінде қолданылатын технологиялар:    АКТ, Үй жанураларының дыбыстары жазылған үнтаспа.
Оқытудың  әдіс-тәсілілдері:    Әңгімелеу, сурет бойынша жұмыстану, түсіндіру, ойын
Оқу іс әрекетінде пайдаланатын көрнекі құралдар:    Үй жануарлары бейнеленген сурет,  ойыншықтар (сиыр, ат, қой, ботақан), 
Пән аралық байланыс    көркем әдебиет, қоршаған орта.

Әрекет түрлері    Тәрбиешінің әрекеті    Балалардың әрекеті
І.Мотивациялық – қозғаушы     Жылулық шеңбері:
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті,
Амандасу үлкенге, 
Тәрбиенің басығой.
Ал, қанеки бәріміз
Сәлем дейік үлкенге.
Сәлеметсіндерме, балалар!

    Балалар жылулық шеңберін қимылмен орындайды.

ІІ.Іздену-ұйымдастырушы 

 -Балалар, қарандаршы мына суреттер ненін суреті?
Дұрыс, үй жануарларынын суреті.
— Мынау-  сиыр, мынау – ат, мынау- қой, мынау – қой. Бұлар үй жануарлары, себебі оларды адамдар бағады күтеді. Олардың сүті, еті – тамақ, жүні, терісі – киім.
— Қәне, балалар суретке қарап сиырдың, қойдың, аттың түстерін айта қойыңдаршы.
  
 Әкелеген ат, ботақан, қой, сиыр ойыншықтарын алып осылардың қалай дыбыстайтынын айтып жаттығамыз:
— Қой «мә-мә» деп маңырайды;
— Сиыр «мө-мө» деп мөңірейді;
— Ботақан «бө-бө»деп боздайды;
— Ат «иһо-иһо» деп кісінейді.

Сергіту сәті:
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзі тұр
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тыынғып аламыз.

1.    Дидактикалық ойын: «Даусынан таны?»
Үнтаспадағы жануарлардың даусын естіп қандай жануар екенін аитасыңдар. 

2.    «Төлдерін тап!»
Суреттен үй жануарларын төлдермен сәйкестендіреді.
    
— үй жануарлары

 

— Мынау – сиыр – түсі қара , үлкен
— Мынау- ат-түсі қоңыр, үлкен
— Мынау- қой – түсі қара, кішкентай 

— Қой «мә-мә» деп маңырайды;
— Сиыр «мө-мө» деп мөңірейді;
— Ботақан «бө-бө»деп боздайды;
— Ат «иһо-иһо» деп кісінейді

— Тәрбиешімен бірге қимылды қаиталайды.

— балалар үнтаспадан жануарлардың дауыстарын тыңдап қандай үй жануарлары екенін  ажыратып айтады.

— берілегн сурет бойынша үй жануарлардың  төлдерімен сәйкестендіреді.

ІІІ. Рефлексифті- коррекциялаушы     -Балалар біздер бүгін қандай жануарлар туралы әңгімелестік?
Қане бірге атайықшы?
-Сіздерге ойын ұнады ма?
     — үй жануарларымен
 — жылқы, сиыр,қой, түйе,
 — ұнады

Күтілетін нәтиже
Баланың білуі: Үй жануарларынын төлдерін атай білді.
Баланың меңгеруі: : Үй жануарларынын берер пайдасын меңгерді.
Баланың жасай алуы: Үй жануарларынын  тіршілігі туралы түсінік.

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру оқу іс-әрекетіні технологиялық картасының жобасы

Білім беру саласы.    Қатынас. Әлеуметтік орта
Тақырыбы:    «Қуыршақ қонаққа келді»
Тобы.    І сәбилер
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі:    Тіл дамыту
                                                      Құзыреттілікке жеткізетін мақсат-міндеттер:
Ақпараттық құзыреттілік:    Тағамдар, ыдыстартуралы ақпарат беру, Ерекшеліктерімен  таныстыру. 
Коммуникативтік құзыреттілік:     Сұрақтарға толық жауап қайтара білуіне ықпал жасай отырып, тілдік қорларын дамыту.
Проблема шешу құзыреттілігі:     Өз бетімен суретте не артық екенін анықтауға қатыстыру. 
Оқу іс әрекетінде қолданылатын технологиялар:    АҚТ, дамыта оқыту, топтық жұмыс.
Оқытудың  әдіс-тәсілілдері:    Әңгімелеу, сурет бойынша жұмыстану, түсіндіру, ойын.
Оқу іс әрекетінде пайдаланатын көрнекі құралдар:    Шай ішіп отырған қыз баланың суреті. Ойыншық ыдыстар, тағамдар. Үлестірмелі тағамдар мен ыдыстардың суреттері.
Пән аралық байланыс    көркем әдебиет, қоршаған орта.

Әрекет түрлері    Тәрбиешінің әрекеті    Балалардың әрекеті
І.Мотивациялық – қозғаушы     
Шаттық  шеңбері
Қуан , шаттан, алақай!
Қуанатын келді күн.
Күліп шықты бүгін күн ,
Қайырлы таң! Қайырлы таң !
Қайырлы таң, достарым!

    
Балалар шеңберге  тұрады. 
Бәрі хормен айтады. 
 Қолдарын  жоғары көтереді, бір- бірлеріне  қарап жымиып , қайырлы таң тілейді.
ІІ.Іздену-ұйымдастырушы 

 

    Сурет бойынша әңгіме құрастыру:
— Балалар, суреттен не көріп тұрсыңдар?

— Қәне, балалар суретте көріп тұрған үстел үстіндегі  заттардың аттарын бірге айтайықшы.

— Дұрыс айтасыңдар балалар.
-нан, шай, қант тағамдар деп аталады.
— Кесе, шәйнек, тәрелке ыдыстар деп аталады.

Дыбыстық жаттығу:
— Ыс-ыс- таза ыдыс,
— ғам-ғам- тәтті тағам,

 Ғажайып сәт.
Қонаққа қуыршақ  Айша келеді.
— балалар, Айша бізге қонаққа келді. Қазақ – қонақшыл халықпыз. Қонақты күтуде, сыйлауды білуіміз керек. Қәне, Айшаға шай жасасайық.Қантты, нанды тәрелкеге, шайды шәйнекке салып, шай дайындап кесеге құямыз. 

 Сергіту сәті:
Орнымызда тұрамыз,
Аяқты нық басамыз.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып аламыз.
Қолымызды жуамыз,
Алжапқышты байлаймыз.
Дастарқанды жасаймыз,
Ыдыстарды  қоямыз,
Қамқоршы бала боламыз.

Дидактикалық ойын:
 «Дұрыс көрсет, ажырат!»
Тағамдар мен ыдыстардың суреттері таратылып беріледі. Атын атағанда тез көрсетуі және  ол тағам ба, ыдыс па – дұрыс ажыратуы керек.

«Не артық?» дидактикалық ойын.
Суреттен артық заттарды тауып атын атайды.
    
— қыз бала шай ішіп отыр.

— Мынау- нан, шай, қант, тәрелке, шәйнек, кесе.

Дыбыстық жаттығуды тәрбиешімен бірге қайталайды:
— Ыс-ыс- таза  ыдыс,
— ғам-ғам- тәтті тағам,

— Айшанын келгеніне қуанады. Балалар қонақ күтуді үйренеді. 
— Балалар тағамдарды ыдыстарға салып, үстелге қойып, Айшаны үстелге шақырады.

— Тәрбиешімен бірге қимылдарды қайталайды.

— Тағам және ыдыстарды ажыратады.

— Заттың атын атап, артық затты табуға тырысады.

ІІІ. Рефлексифті- коррекциялаушы     — Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?
— Ыдыс пен тағамды ажырата аламыз ба?
-Сіздерге ойын ұнады ма?
     — қуыршақ Айша
 —  Ия
— ұнады

Күтілетін нәтиже
Баланың білуі: Тағамдар және  ыдыстардың аттарын атай біледі.
Баланың меңгеруі: Ыдыстар және тағамдар туралы сөйлем құрастыра білу дағдысын меңгереді.
Баланың жасай алуы: Қонақты  күту жолдарын  жасай алады.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!