Даярық патшалығы балабақшадағы ашық сабақтар

0

Даярық патшалығы

 

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар,ұстаздар,бүгінгі біздің мерекеміз ерекше,себебі бүгін мәпелеп өсірген,тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып,мектепке шығарып салғалы отырмыз. Әрине,бұл да үлкен той,тойларыңыз құтты болсын!
-бүгін сіздер «Мектепалды даярлық патшалығына» қонаққа келдіңіздер. Бұл патшалық басқа патшалықтардан өте ерекше. Бұл жерде көңілді, қызықты. Бұл жерде әр түрлі кейіпкерлер болады. Ертегі кейіпкерлері, әріптер, сандар. Бұл патшалықтың тұрғындары да өте көңілді өмір сүреді. Бірақ бұл патшалықта өмір сүру уақыты шектеулі. Міндетті түрде тұрғындары 1 жылдан соң «Бастауыш білім патшалығына» ауысады. Ал ол жерде де өзінше қызықты. Бірақ бұл патшалықтан кеткендер құр кетпей, өз бойына өнерді, білімді игере алады. Бұл патшалықта «Тіл дамыту, Математика, Көркем әдебиет,Сауат ашу, Бейнелеу,т.б. көптеген уәзірліктер бар. Енді осы уәзірліктерден алған өнер, білімімізді ортаға салайық.Ол үшін патшалық тұрғындарын шақырайық.
/ортаға оқушылар шақырылады/Жүргізуші:
-Балалар ,біз қаншаға дейін санай білеміз?(балалардың жауабы)
-Қане ,олай болса бәріміз жайлап санайықшы (санайды)
-Ал кім кері қарай санай біледі екен(кері қарай санайды)
Дидактикалық ойын «Әрі қарай сана»
Мақсаты: Балалардың берілген кез екелген санды әрі қарай жалғастырып санап кету біліктіліктерін бекіту.Зейінділікке ,шатаспай дұрыс санауға баулу.(тапсырма 2-3 балаға беріледі).
 Залға «Ертегі кейіпкерлері » кіреді,сәлеметсіңдер ме балалар?  Біз сендердің достарыңбыз. Сендердің мектепке дайын екендеріңді тексеру үшін бірнеше тапсырма алып келдік.
1-ші тапсырма: Қоян
Кім маған жақсы санамақты мәнерлеп айтып береді?
Ержан
Бір дегенім-білім,
Екі дегенім-елім,
Үш дегенім-ұшақ,
Төрт дегенім-тұсақ,
Бес дегенім-бастау,
Алты дегенім-астау,
Жеті дегенім-желім,
Сегіз дегенім-сенім,
Тоғыз дегенім-торқа,
Он дегенім-оңқа,
Үлкендерден сұра ,түсініксіз болса.
Жолбарыс : Ал ,енді кім қандай жаңылтпаш айтып бере алады?
Назерке
Қара майлы қарағайды,
Кесейін бе,кеспейін бе?
Қазықтағы қара тайды,
Шешейін бе,шешпейін бе?
Ерасыл 
Шеше, кеше
Неше кесе 
Сынды кеше
Айдана 
Есет атам ет асатар,
Ет асатса бес асатар.
Жолбарыс:
Балалар ,сендер өте білімді,өнерлі балалар екенсіңдер,әрқашанда осындай бола берулеріңе мен тілектеспін.
Түлкі: «Шашылған буын» ойыны. Шашылған буындардан сөз құра. 
Ба, та, қа,ра, жа, ға ой, на,ай,ран,са,ғат
Ба—та, қа-ра, жа-ға, ой—на, ай+ран, са+ғат 
Жарайсыңдар! Енді осы сөздерді оқиық. 
Ит:  «Ребус шешу ». (т+ай, қ+ара , Ай++гүл,қар+ға Т.б )
Аю: « Көршілерін тап » ойыны.
1        3        5        7        9    

11        13        15        17        19    
Қасқыр: Балалар сіздердің жауаптарыңыз ұнап жатыр. Енді менің де аз ғана сұрақтарым бар.:
1. Біздің республикамыз қалай аталады? 
2. Қазақстан Республикасының бас қаласы қалай аталады?
3. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата .
4.Біздің еліміздің басшысы кім?
-Жарайсыңдар! Сіздер мектепке баруға дайын екенсіздер. Сіздерге сәт сапар тілейміз. Сау болыңдар! 
Ән: «Біз өмірдің гүліміз»
Біз бақытты баламыз,
Жетіліп ой санамыз.
Бақшамызбен қоштасып,
Мектепке кетіп барамыз.
Бал күндерді қиялдап,
Сағынамыз әлі-ақ біз.

Оқу білім үйреткен,
Өзіңізді қимаймыз.
Алты жасқа толамыз,
Қуантып ата-ананы,
Мектепке кетіп барамыз
Ән: «Кел, билейік»
Біз сабақты бастаймыз,
Қайталаудан аспаймыз.
Есептен де қашпаймыз.
Жазуды енді бастаймыз.

Мектепке енді барамыз,
Оқимыз сауық құрамыз.
Қашық емес арамыз,
Сізге де  келіп тұрамыз
Би: «Қара жорға»
Мектепке енді барамыз,
Үлгілі бала боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең «бестік» аламыз.

Көк жүзінде самғаймыз,
Тауды бұзып,тас жарып.
Мұхиттарды жалғаймыз.
Күллі әлемді шарлаймыз.
Ғарышқа да самғаймыз.

Бақша біздің панамыз,
Мектеп біздің анамыз.
Ұлағатты ұстаздан,
Оқып білім аламыз.

Ертегіден көрініс: «Үйшік»
Бізге тәртіп үйреткен,
Ән салдырып, билеткен,
Таныстырған ең алғаш
Әріптермен , суретпен-
Тәрбиеші тәтеміз.

Доспен тату ойнауды,
Мерекені тойлауды,
Бойымызға сіңірген
Көптің қамын ойлауды-
Тәрбиеші тәтеміз.

Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз,
Таза сәби жүректен
Қабылдаңыз мың алғыс,
Тәрбиеші тәтеміз.
Би: «Вальс»
Тәрбиеші: 
Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.
Бізден ұшып,қанат қағып есейдіңдер,
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
Биік  ұшып талмай қанат қағыңдар,
Жүректерден арман отын жағыңдар.
Жақсы оқып алтын ұя мектепте,
Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,
Өздеріңді сағынып мен жүрейін
Құтты болсын қадамдарың аттаған,
Мен  сендерге сәтті сапар тілейін!
-Ал, балалар, енді сендердің «Мектепалды даярлық патшалығындағы» саяхат мерзімдерің аяқталып келеді. Мен сендерді «Бастауыш білім патшалығына» шығарып салайын. Ол жақта да көптеген қызықтар бар. Ол патшалықтан сендер есейіп шығасыңдар. Әр түрлі ғылым сырымен танысасыңдар. Міне, мынау сол патшалықтың кілті. Сендерді ол жерде өз патшайымы Құралай Қадешқызы қарсылап алады. 
Куәлік тапсыру

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!