Жынысты және жыныссыз көбею және олардың түрлері слайд,презентация
Жынысты және жыныссыз көбею және олардың түрлері слайд,презентация
Аналық дарада ядросы немесе нуклеиды бар төмпешік түзіледі. Бүршік аналық дараның мөлшеріне жеткенше өседі, содан кейін бөлшектеніп жеке өмір сүре бастайды. Мысалы: ашытқылар, саңырауқұлақтар, инфузориялар және гидралар. Бауырымен жорғалаушыларда бұлшықеттерінің кенеттен жиырылуы арқылы омыртқалар аралығынан құйрық үзілгенде қан ақпайды. Мерзімді уақытта құйрық қайтадан қалпына келеді. Жоғалған бөліктің қайтадан қалпына келуін регенерация дейміз. Гаметалар-хромосомалар жиынтығы болып келетін жыныс жасушалары. Олардың екі түрі: аналық және аталық гаметалар болады. Аналық және аталық гаметалардың қосылуы нәтижесінен зигота түзіледі.