Заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу слайд,презентация

0

Заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу слайд,презентация

 

 

Жалпы меншікке салынатын салықтың мейлі жер салығы, мүлік немесе көлік құралдарына салынатын салық болсын, олардың мақсаты меншікті тиімді пайдалануға ынталандыру, өйткені салықтың мөлшері меншіктің көлеміне, сапасына қарай белгіленеді. Алайда, көлемінің ірі болуы табыстың көбеюуіне кепілдік бермейді: егер салық салынбаса ірі меншік иелерінің артықшылықтары молаяды да, мүлікті дұрыс пайдалануға  ұмтылмайды. Осылайша мүлік салығы, жер салығы қоғам алдында салық жауапкершілігін көтеруге бағытталған нақты салықтарға жатады. Меншікке салынатын салықтар салық салу әдістерінің кадастрлық және декларациялық түрлерімен алынады да, жергілікті бюджетке түседі. Меншікке салынатын салықтарды “санитарлық” (сауықтыру) салықтар деп те атайды, өйткені мемлекет аталған салық ставкасын жоғары көтерген кезде, салық төлеушілер өз меншік құқығындағы, оралымды басқаруындағы және иелегендегі кәсіпкерлік қызметке қолданылмайтын немесе пайда әкелмейтін, тиімсіз салық салу объектлерінен құтылуға асығады.

 

  

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!