Курстық жұмыс: Құқық | Заңды тұлғалардың түсінігі мен белгілері

0

Мазмұны

КІРІСПЕ

І. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.
1.1. Заңды тұлға туралы жалпы ұғым, ол туралы негізгі теориялар және заңды тұлғалардың түрлері.
1.2. Заңды тұлғалардың негізгі белгілері: құқық және әрекет қабілеттілігі.

ІІ. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ ҚҰРУ, МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ҚҰРУ.
2.1. Заңды тұлғаларды құру және қайта құру тәртіптері, мемлекеттік тіркеу.
2.2. Заңды тұлғаларды тарату және мемлекеттік тіркеуден шығару.

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ

І. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.

1.1 Заңды тұлға туралы жалпы ұғым, ол туралы негізгі теориялар және заңды тұлғалардың түрлері.

Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субьектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес заңды тұлғаларға да тән. Азаматтық кодекстің 33- бабында оған мынадай тұжырым берілген: «Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретің, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатың ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болу тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады».
Азаматтық құқық ғылыми заңды тұлғаны мынандай белгілері бойынша айқындайды: 1) ұйымдасқандық белгі; 2) мүліктік оқшаулығы 3) дербес мүліктік жауапкершілігі; 4) азаматтық айналымға өз атыннан қатынасуы
Әр бір заңда тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңнын өзі ұйымдары бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаны ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтері, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы мен құрылтай шарты арқылы, не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.
Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң қүжаттарына, сондай-ақ құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істеитін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады. Заңды тұлға органдарының түрлері тағайындалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді.
Мүліктік оқшаулық-заңды тұлғаның экономикалық-құқықтық белгісі болып табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада әңгіме оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқығы туралы болып отыр. Коммерциялық ұйымдағы дербес балансының мөлшері мен мекемедегі смета заңды тұлғаның оқшаулық мүлкін айқындайтын құжаттар.
Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі. Бұл жалпы ереже. Ал, меншік иесі қаржыландыратын мекеме мен қазыналық кәсіпорындар Азаматтық кодекстің 44-бабының 1-тармағы 2-бөлігіне сәйкес өз міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді. Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мекеме мен қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша(қосымша) оның құрылтайшысы жауапты болады.
Заңды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігі заң актілерімен тағайындалуы мүмкін.
Бұл азаматтық кодексте былайша қаралған: 1)толық және сенім серіктестіктеріне қатысушылардың тиісті серіктестіктердің міндеттемелері бойынша жауапкершілігі (АК-тің 63-бабының 1-тармағы, 72-бабының 1-тармағы): 2) кооператив міндеттемелері бойынша өндірістік кооператив мүшелерінің жауапкершілігі (АК-тің 96-бабының 3-тармағы): 3) егер заңды тұлғаның банкрот болуын құрылтайшының әрекеті туғызған болса, заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құрылтайшының жауапкершілігі (АК-тің 44-бабының 3-тармағы): 4) еншілес шаруашылық мәмілесі бойынша негізгі ұйымның (АК-тің 94-бабының 2-тармағының 2-ші бөлігі), сондай-ақ негізгі шаруашылық серіктестігінің кінәсінен еншілес шаруашылық серіктестігі банкротқа ұшыраған кезіндегі жауапкершілігі (АК-тің 94-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы); 5) серіктестік міндеттемелері бойынша толықтай салым төлемеген жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының жауапкершілігі (АК-тің 77-бабының 1-тармағының 2-бөлігі) және тағы басқа жағдайлардағы жауапкершілік.
Заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы процессуалдық-құқықтық белгісі. Ол оның сотта талапкер және жауапкер болуына, өз атынан шарт жасауға, бір жақты мәміле жасауына мүмкіндік береді.
Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған біріңғай субъектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық құқық ілімінде (теориясында) заңды тұлғаның, оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды тұлғалардың маңызы (мәні), яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар. Олардың авторлық заңды тұлға институты қандай қоғамдық қатнастарды білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қаралмақ, мемлекеттегі оның орны қандай және заңды тұлғаның мәнмағнасы неде деген сауалдарға байланысты әртүрлі пікір білдіреді [1] . Азаматтық құқық теориясына көп еңбек еткен көрнекті ғылым профессоры С.И.Аскназий «мемлекеттік ілімнің » авторы. Ол былай деп айтқан: «мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты саласында тізгінді өзі ұстайды». Әдебиетте бұл теорияны көп сынайтыдар оған «егер олай болса мемлекет өзімен-өзі құқықтық қатнаста болуы керек қой» деген уәж айтады. [2]
Академик А.В.Венедиктов «ұжым ілім» алға тартты. Бұл ғылымның айтуы бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген: а) мемлекет атынан барлық халық; ә) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары мен қызметкерлерінің ұжымы. [3]
Ал, ғалым Д.М.Генкин «әлеуметтік ақиқат»теориясына ұсынады, яғни онда ол қоғамдағы тауар айналымы қатнастарының тарихи-экономикалық заңдылығын басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде қажеттілікке орай реттелетінін айтады. Профессор Ю.К.Толстой «директор ілімін» алға тартты оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін білдіруші- директоры болып табылады. [4]
Азаматтық құқықтануда О.А.Красавчиковтың «әлеуметтік байланыстар ілімі», А.А.Пушкиннің «ұйымдастыру ілімі» Е.А.Сухановтың «мақсаты мүлік»тәрізді ғылыми тұжырымдары да айтарлықтай кең тараған. Сөйтіп, заңды тұлғаға «адамдардың қатысы» жөнінде әртүрлі пікірлер айтылған және де бұл орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді. Оның бірінде бұл адамдар заңды тұлға мүддесі үшін әрекет етеді, екіншісінде адамдардың әрекеті осы институтпен (саламен) реттеледі, үшіншісінде адамдардың әрекеті заңды тұлғаның әрекетінен көрінеді, ал кейде құқықтарды жүзеге асыруда, мәмілелерді жасауда оның еркі танылады. [5]
Кейбір авторлар бұл белгілерді біріктіруге тырысып, заңды тұлғаның сыртында оның құқықтары мен міндеттерін «жасыратын» атқарушы тұратындығын дәлелдемек болады.
Бұл мәселе туралы батыс еуропа әдебиетінде де әртүрлі теориялық көзқарастар кездеседі. Мәселен, К.Ф.Свиньи «фикция теориясының» негізін қалады. К.Ф.Свиньи көзқарасы бойынша, шын мәнінде құқық субъектісінің қасиетін тек адам ғана еншілей алады. Ал заң шығарушы болса, заңды тұлғаның сыртында оны әйгілеитін адамдық тұлғаның қасиеті тұрғанын мойындайды. Сондықтан да заң шығарушы заңдық функцияға жүгінеді, абстракциялық түсінік ретінде құқықтың ойдан шығарылған субъектісін алға тартады. Ал неміс ғалымы Гирке болса, «органикалық теорияның» тұжырымын ұсынып, заңды тұлғаны адам тұлғасымен салыстырады, бұл орайда оны дербес құрылым деп қарайды.
Азаматтық кодекс заңды тұлғаларды төмендегідей түрлерге бөледі: коммерциялық және коммерциялық емес.
Коммерциялық заңды тұлғаны пайда табуды көздейтін ұйым десек қателеспейміз. Кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтінзаңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады (Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасы заңының 2-бабы).
Осындай саралау заңды тұлғлар түрінің әрқайсысын ерекше құқықтық тәртіпте бағындырады. Азаматтық кодекстің 34-бабының 2-тармағына сәйкес коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарынды құрыла алады.
Коммерциялық емес ұйым-заңды тұлға ретінде мекеме қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік қауымдастық (одақ) нысанындығы заңды тұлғалардың бірлестігі нысанында және заң құжаттарындакөзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйымдар туралы заң бойынша:
1) коммерциялық емес ұйым өзінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетіндей ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады;
2) жекелеген ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне Қазақстан Республикасының заң актілерінде шектеулер қойылуы мүмкін;
3) коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметі бойынша кірістер мен шығыстардың есебін жүргізеді;
4) коммерциялық емес ұйымдардың кісіпкерлік қызметіне салық салу Қазақстан Республикасының салық заңдарынасәйкес жүзеге асырылады;
5) коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметінен алынатын кірістерді коммерциялық емес ұйымдардың мүшелері (қатысушылары) арасында бөлісуге болмайды.
Ол жарғылық масаттрға жұмсалады. Қоғамдық және діни бірлестіктердің, қорлардың өз қаражаттарын қайырымдылық мақсаттарға пайдалануына жол беріледі.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) өздері құрған заңды тұлғалардың мүлкіне құқықтары:
а) құрылтайшыға (қатысушыға) заттық құқығы жататын;
ә) құрылтайшыға (қатысушыға) міндеттемелік құқығы жататын;
б) құрылтайшыға (қатысушыға) мүліктік құқығы жатпаыйтын заңды тұлғаларға бөлінеді.
Заңды тұлғаның мүлкіне өз құрылтайшылары меншік құқығын немесе өзге заттық құқығын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында мүлкі бар ұйымдар жататын болғандықтан мұның өзі құрылтайшының заттық құқықты иеленетінін білдіреді. Мүлкіне өз қатысушылары (құрылтайшылары) міндеттемелік құқықтарын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтер жатады. Шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтер жатады. Шаруашылық серіктестіктерінің мүлікке меншік құқығы болғандықтан қатысушылар қатысушылар бұл мүлікке міндеттемелік құқыққа (жарғылық капиталындағы үлесіне қарамастан) ие болады.
Мүлікке өз құрылтайшылары (қатысушылары) мүліктік құқықтарын сақтамайтын заңды тұлғаларға қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар және діни бірлестіктер жатады. (АК–тің 36-бабының 4-тармағы). Жоғарғыда айтқанымыздай, Азаматтық кодекс коммерциялық емес ұйым болып табылатын мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтынушылар кооперативі, коғамдық қор, діни бірлестікті де құруға жол ашады. Бірақ бұл тізіммен шектеліп қалуға болмайды, себебі «комерциялық емес ұйым» заң құжаттарында уөзделген өзге де нысандарда құрылуы мүмкін (АК –тің 36-бабының 3-тармағы). [6]

1.2 Заңды тұлғалардың негізгі белгілері, құқық және әрекет қабілеттілігі

Заңды тұлға мен жеке тұлғаның қабілеттілігінің айырмасы болатындығы табиғи нәрсе. Мәселен, азаматың құқықтары мен міндеттерін тұдыратын тұрмыс қатынастарының көбіне заңды тұлғалар қатыса алмайды. Оған отбасылық қатынастарға, содан тұындайтын құқықтар мен міндеттерге заңды тұлғалар қатыса алмайтындығы дәлел болады.
Заңды тұлғалардың қатынасқа қатысу айасы олардың қандай мақсат үшін құрылғандығына әрі жүзеге асыратын әрекеттерінің сипатына қарай белгіленеді. Қатысуға тиісті қатынасына қарай заңды тұлға кайсыбір құқықтарды немесе міндеттерді иеленеді. Демек, заңды тұлғаның құқықтық қабілеті оған жүктелген міндеттерге қарай белгіленеді. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған сәттен бастап пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заңды тұлға заң қүжаттарында тізбесі белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен тек лицензия негізінде ғана айналыса алады. Яғни, белгілі бір қызметпен айналысу үшін лицензия алу қажет болатын заңды тұлғаның қүқық кабілеттілігі, сол лицензияны алған сәттен бастап пайда болады. Азаматтық кодекстің 35-бабыньщ 1-тармағына сәйкес занды тұлға азаматтық құқыққа ие болып, өз қызметіне байланысты міндеттерді атқара алады. Мемлекеттік кәсіпорындардан басқа коммерцнялық ұйымдар заң құжаттары немесе құрылтай құжаттары арқылы тыйым салынбайтын кез келген кызмет түрлерін жүзеге асыру үшін азаматтык қүкыққа ие бола алады және азаматтық міндетті де атқарады.
Заң құжаттарына сәйкес занды түлғалар белгілі бір қызмет түрін жүзеге асыра алмауы мүмкін немесе басқа қызметпен айналысуы шектеледі.
Азаматтық кодексте арнайы құқық қабілеттілік мәселесі де ескерілген. Оның бәрі де жарғы мен басқа да қүрылтай құжаттарына енгізіледі әрі олар қызмет аясына сай келетін қүкықтар мен міндеттерді еншілей алады.
Ал коммерциялық ұйымдар болса, керісінше арнайы құкық қабілеттілігіне жатпайтьш жалпы құқық қабілеттілігіне ие болады. Мүндай үйымдар заң актілерінде тыйым салынбаған қызметтердің кез келген түрін жүзеге асыра алады. Демек, коммерциялық ұйым өзінің жарғысында қаралмаған қызметпен айналыса береді, ең бастысы заң оған тыйым салмайтындай болуы керек. Жалпы кұқық кабілеттілігі принципінен коммерциялық үйымдардың өзіндік ерекшеліктері де болады. Біріншіден, мұндай ұйымдар үшін арнайы құқық қабілеттілігі заң құжаттарында карастырылуы мүмкін. Мысалы, мұндай арнайы құқық қабілеттілігіне банкілер, мемлекеттік кәсіпорындар ие.
Екіншіден, коммерциялық ұйымдардың құқық қабілеттілігі құрылтай құжаттарында көрсегілетіндіктен ол құрылтайшылар арқылы шектелуі мүмкін. Мұндай шектеулер занды тұлғаның айналысатын қызметі түрлері енгізілген тізбе арқылы айқындалады, немесе оның қаңдай да бір түрлерін жүзеге асыруға тыйым салынады. Коммерциялық ұйымның құқық кабілеттілігіне болатын мүндай шектеулердің құрылтай құжаттарынан туындауының маңызы зор.
Азаматтық кодекстің 37-бабында айтылғандай, заңды тұлға заң мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматгық құқықтарға ие болып, өзіне міндеттер алады.
Заңды тұлғаның органы занды тұлғаның ұсыныстарымен есептесіп, оны жүзеге асырады және оның өз өкілеттілігі шегіндегі әрекеті занды тұлғаның әрекеті болып табылады. Заңды тұлға үшінші тұлғалардың алдында занды тұлғаның органы құрылтай құжаттарында белгіленген өз өкілеттілігін асыра пайдаланып қабылдаған міндеттемелері бойынша жауап береді (АК-тің 44-бабының 4-тармағы). Бірақ занды тұлға органының жарғыдағы талапты бұзып жасаған мәмілесін жарамсыз деп тани алады. Егер мәміле жасаған екінші жақ мұндай құқық бұзушылықты білсе немесе білуге тиісті болса және оны дәлелдесе онда мұндай мәмілені жарамсыз деп тануына болады.
Заңды тұлға органдарының түрі, оларды тағайындау тәртібі немесе тандау және олардың өкілеттілігі заң және құрылтай құжаттары аркылы айқьшдалады.
Азаматтық кодекстегі 37-баптың жалпы ережесі занды тұлғалардың нақты түрлері туралы нормалармен тәртіптеледі.
Заңды тұлғаның органдары алқалы немесе жеке дара болуы мүмкін.
Заңды тұлғаның атауы. Азаматтық кодекстің 38-бабының 1-тармағына сәйкес заңды тұлғаның оны басқа занды тұлғалардан айыруға мүмкіндік беретін өз атауы болады. Занды тұлғаның атауы оньң құқык субъектісі ретінде дараландыру құралы болып табылады. Коммерциялық ұйым болып табылатын занды тұлғаның атауы занды түлғаны тіркегеннен кейін оның фирмалық атауына айналады. Заңды тұлға өзінің фирмалық атауымен заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізіліміне енеді. Фирмалық атау коммерциялық үйымның тіркелуімен бір мезгідде тіркелуге жатады және интеллектуалдық меншікке катысты құқықтың (құқыктың ерекше объектісі ретінде), ерекше объектісі больш табылады (АК-тің 125-бабы).
Бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға ол атауды меншіктейтін тұлғаның талабымен оны колдануды дереу тоқтатуға және келтірілген залалдын орнын толтыруға міндетті.
Заңды тұлғаның атауы оның қалай аталатынын және ұйымдық құқықтық нысанын көрсетуді қамтиды. Ол заңдарда көзделген қосымша мағлұматты қамтуы мүмкін. Занды түлғаның атауы оның құрылтай құжаттарыңда керсетіледі. Азаматтық кодекстің 38-бабы заңды тұлғаның атауына байланысты қойылатын талаптармен коса оған белгілі бір дәрежеде шектеу жасаңды. Айталық, заңды тұлғаның атауында заң талаптарына немесе қоғамдық мораль нормаларына қайшы келетін аттар болса, егер жеке адамдардың есімдері қатысушылардың есімімен сәйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардың шектеу жасаңды. Айталық, заңды тұлғаның атауында заң талаптарына немесе қоғамдық мораль нормаларына қайшы келетін аттар болса, егер жеке адамдардың есімдері қатысушылардың есімімен сәйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардың есімін пайдалануға олардан (олардың мұрагерлерінен) рұқсат алмаса, ондай есімдерді пайдалануға жол берілмейді.
Заңды тұлғаның тұрған жері. Заңды тұлғаның тұрған жерііс жүзінде (міндеттемені орындауда азаматтық істерді сотқа беру және т.б. анықтаудада) өте маңызды. Азаматтык кодекстің 39-бабында занды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері болып табылатынын және заңдытұлғаның тұрған жері оның құрылтай құжаттарында почталық
толық мекен-жайы жазылып көрсетілетіндігі қарастырылады.
Заңды тұлғаныц филиалдары мен өкілдіктері. Азаматтық кодекстің 43-бабына сәйкес заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан жөне оның міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін, соның ішінде өкілдік міндетін жүзеге асырушы оқшау бөлімшесі филиал болып табылады. Ал занды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның мүдделерін қорғау мен өкілдігін жүзеге асыратын оның атынан мәмілелер мен өзге құқықтық әрекеттер жасайтын оқшау бөлімшесі өкілдік болып табылады. Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлға болмайды. Бұларға өздерін құрған заңды тұлғаның мүлкі беріледі жөне оның бекіткен ережелері негізінде жүмыс істейді. Әзгеше нысандағы занды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің басшыларын заңды тұлға уәкілдік берген орган тағайындайды және оның сенімхаты негізінде жұмыс істейді. Сөйтіп филиалдар мен өкілдіктер басшылары (филиал мен өкілдіктің өзі емес) заңды тұлғаның өкілі ретінде әрекет етеді. Филиал немесе өкілдік басшысының өкілеттілігі филиалды немесе өкілдік ережесімен емес, оған берілген сенімхат ретінде айқындалады.
Филиалдар мен өкілдіктер басшыларының мөмілелері заңды тұлға атынан жасалады және ондай мәмілелерден туындаған міндеттемелік жауапкершілікті мүліктің бәрін өзіне еншілейтін заңды тұлға көтереді. Азаматтық кодекстің 42-бабының 4-тармағына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер заң қүжаттарында
белгіленген тәртіппен тіркеледі және оларды қүрған зандытұлғаның жарғысында көрсетілуге тиіс.
Филиалдар мен өкілдіктердің кұқықтық ережесінде айтарлықтай айырмашылық жоқ. Бірақ, егер филиал занды тұлғаның міңдетінің барлығын не бөлігін, оның ішінде өкілдіктін де міндетін жүзеге асыратын болса, онда өкілдік өзін құрған заңды тұлғаның мүдделерін қорғауға тиісті және оның атынан мәмілелер мен басқа да құқықтык әрекеттер жасай алады.
Заңды тұлғаларды қайта құру және тарату, Қайта құру дегеніміз занды тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің мирасқорлыққа етуіне байланысты тоқтатылу тәсілі болып табылады. Қайта кұрудың бес түрі бар (АК-тің 45-бабы): косу, біріктіру, белу, бөліп шығару, өзгерту. Заңдарда қайта қүрудың басқа да нысандары көзделуі мүмкін. Қайта құру ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін. Ерікті қайта құру заңды түлғаның мүлік меншік иесінің немесе құрылтай құжаттары бойыншақайта құруға өкілеттігі бар занды тұлғаның органының шешімі бойынша жүзеге асырылады. Бірақ мынадай жәйтті ескеру керек, яғни заңды тұлғаның жекелеген түрлері үшін құжаттарының императивті (бұйрық) нормасы заңды тұлғаның нақты органдарының құзыретіне қатысты келіп, оны қайта құруға байланысты қабылдаған шешімге сәйкес болады. Азаматтық кодекстің 79-бабына сәйкес қатысушылардьщ жалпы жиналысының айрықша қүзыретіне жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қайта құру немесе тарату туралы мәселені шешу жатады. Тиісінше занды түлғаны қайта құру оның мүлкінің меншік иесінің (уәкілетгі органның) немесе заң құжаттарымен уәкілдік ететін органның шешімімен, немесе қүрылтай кұжатымен немесе занда қаралған жағдайларда сот органдарының шешімімен жүзеге асырылады. Заңды тұлғаны қайта қүру жөніндегі шешім әдетте оның жоғары органымен кабылданады. Мысалы, Ресейдің Азаматтық кодексінде заңда қаралған ретте, заңды тұлғаны қайта құру құзыреті мемлекеттік органның келісімімен жүргізіледі. Аталған норма бәрінен бұрын монополияға қарсы заңның ережелерін басшылыққа алады.
Ықтиярсыз қайта құру заң құжаттарында көзделген реттерде сот органдарының шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін (АК-тің 45-бабының 3-тармағы). Сөйтіп, Азаматтық кодекс заңды түлғаларды ықтиярсыз таратуды сот тәртібімен ғана реттейді.
Ықтиярсыз тарату тәртібі Азаматтықкодекстің 45-бабының 3-тармағында айқындалған, енді оны сөзбе-сөз келтіре кетелік: «Егер заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші, ол уәкілдік берген орган, қүрылтайшылар немесе заңды тұлғаның кұрылтай құжаттарында қайта құруға уәкілдік берілген органы заңды тұлғаны қайта құруды сот органының шешімінде белгіленген мерзімде жүзеге асырмаса, сот занды тұлғаның басқарушысын тағайындайды және оған осы заңды тұлғаны қайта құруды жүзеге асыруды тапсырады. Басқарушы тағайындалған кезден бас-тап заңды тұлғаның ісін басқару жөніндегі өкілеттік соған ауысады. Басқарушы сотта заңды тұлғаның атынан әрекет етеді, бөлу балансын жасайды және оны заңды тұлғаны қайта құру нәтижесінде туындайтын құрылтай құжаттарымен бірге соттың бекітуіне береді. Аталған кұжаттарды соттың бекітуі жаңадан пайда болған занды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін негіз болады».
Заңды тұлға, біріктіру нысанасында кайта құрылатын реттерді қоспағанда, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар тіркелген кезден бастапқайта құрылған деп есептеледі.
Заңды тұлғаны оған екінші бір заңды тұлғаны біріктіру жолымен қайта құрған кезде, заңды тұлғалардың мемлекеттік регистрінде біріктірілген заңды тұлға қызметінің тоқтатылғандығы туралы жазба жасалған кезден бастап олардың біріншісі қайта кұрылған деп есептеледі.
Азаматтық кодекс (46-бап) заңды тұлғаларды кайта құрған кездегі құқықты мирасқорлықты да қарастырады. Заңды тұлғаларды қосқан кезде олардың әрқайсысының құқықтары мен міндеттері өткізу құжатына сәйкес жаңадан пайда болған занды тұлғаға ауысады. Заңды тұлғаны екінші бір заңды тұлғаға біріктірген кезде біріктірілген занды тұлғаның құқықтары мен міндеттері өткізу құжатына сәйкес соңғысына ауысады.
Занды тұлғаны бөлген кезде оның кұқықтары мен міндеттері бөлу балансына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға ауысады. Занды тұлғаның ………