Білім беру саласындағы 500 мың қызметкердің жалақысы көтеріледі

0

Жалақысы төмен жұмысшылардың айлығы дифференциялау арқылы 30%-ға дейін көтеріледі.

Білім саласындағы 500 мыңдай маманның жалақысы көтеріледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

– «Нұр Отан» партиясының съезінде айтылған мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру жолында бірқатар шараларды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде білім саласындағы жалақысы төмен қызметкерлердің табысын көтеру де бар. Жалақыны көтеру кезең-кезеңмен жүйелі түрде жүргізілуде. 2018 жылы мемлекет басшысының тапсырмасымен аттестациялаудың жаңа жүйесі бойынша категорияларын растаған мектеп мұғалімдері мен жаңартылған мазмұндағы білім беру жағдайында жұмыс істейтін мұғалімдердің жалақысы 30-50%-ға көтерілді, – деді Шәмшидинова.

Жалақысы төмен жұмысшылардың айлығы дифференциялау арқылы 30%-ға дейін көтеріледі.

– Шамамен 500 мыңға жуық білім саласы қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі. Оның ішіне мектепке дейінгі білім мекемелері мен интернаттағы тәрбиешілер мен көмекшілер, әдістемешілер, әлеуметтік педагогтер, балабақшадағы психологтер, колледждер мен қосымша білім ұйымдарының қызметкерлері, кітапханашылар, вожатыйлар, бухгалтерлер, құжат жүргізушілер, аула сыпырушылар, еден жуушылар, күзетшілер, пеш жағушылар, сантехник, электриктер – бәрі бар, – деп тізіп шықты министр.

Оның айтуынша, бұған дейін басталған барлық реформалар аяғына дейін жүргізіледі.

– 2019-2021 жылдары мектеп, колледж және ЖОО-лардың 244 мың мұғалімі жаңартылған мазмұн бойынша қайта дайындықтан өткізіледі. 2020 жылдан бастап бұл курстардан өтуге бөлінетін қаражат ағылшын тілінде сабақ беретін ЖОО мұғалімдерін дайындауға қайта бағытталады. Биылғы жылдан бастап мектептерге тіл меңгерген ЖОО түлектері келе бастайды. Пәндерді ағылшын тілінде оқыту кезең-кезеңмен, кадрлардың дайындалуына қарай енгізіледі, – деді министр.

Сонымен бірге, мектеп құрылысы мен жөндеу жұмыстарын қаржыландырудың жаңа әдісі енгізіледі. Қаржыландыру оқушылар контингентіне байланысты болады. Мектеп құрылысы қажет жерлерді жергілікті атқарушы органдар шешеді.

– Барлық деңгейдегі білім бағдарламалары заман талаптарына сәйкестендіріледі, – деп қосты Шәмшидинова.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz