«Барселона» бүгін алаңға ретро-жейдемен шығады. ФОТО

0

Испания чемпионатының 26-туры аясында ойынға каталондық клуб арнайы жейдемен алаңға шығады, деп хабарлайды Prosports.kz Daily Mail-ға сілтеме жасап.

Nike каталондық клубпен келісімшартқа отырғанына 20 жыл толуына орай эль-класикоға арнап арнайы жейде шығарды.

Экипировка «Барселонаның» 1998/1999 маусымындағы жейдені еске түсіреді.

«Реал» — «Барселона» матчы 2 наурызда «Сантьяго Бернабеу» алаңында өтеді.



Дереккөз: prosports.kz/kz