Үндістаннан қайта алмай отырған туристер Қазақстанға топпен жіберіледі — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
Үндістаннан қайта алмай отырған қазақстандық туристер үйге топтап жеткізілетін болады. Жолаушылардың жартысы ертең кешке Алматыға келуі керек деп жоспарлануда. Қазір ұлттық авиакомпания қауіпсіз маршруттарды ойластырып жатыр. Үндістаннан орала алмай отырған туристерге Қазақстанға Киев, Бангкок, Гонконг, Сеул және Мәскеу арқылы ұшып келулеріне тура келеді, деп жазады Stan.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Делиде әлі Қазақстанның 20 азаматы қалып отыр. Олар үйлеріне бүгін таңертең кетулері керек еді, бірақ Үндістан әуежайындағылар рейсті қайтадан кейінге қалдырды. Елге қайта алмай отырған барлық демалушылар қонақүйлерге орналастырды.
Ерлі-зайыпты Герман мен Екатерина Шароновтар бүгін Үндістаннан Алматыға оралулары керек болатын. Олар Гоаға демалуға барған. Дегенмен, таңертең оларды Дели әуежайында жағымсыз жаңалық күтіп тұрды. Шетелге демалуға кеткендер осылайша, елге қайтатын ұшақтарының рейсі кейінге қалдырылып, Қазақстанға қайта алмай отыр.
«Бүгін Делиге келгенде бізге рейс ашық болады деп айтқан еді. Яғни, ұшуға тіркелу 40 минутта ашық болады деген. Бірақ, 40 минуттан кейін, Үндістан әуежайында орыс тілінде рейстің кейінге қалдырылғанын хабарлады. Ешкім ештеңе білмейді және нақты ештеңе айта алмайды», — дейді Герман Шаронов.
Алматылықтар Үндістан әуежайында бірнеше сағат бойы рейстерін күтіп отырған. Олармен бірге әр түрлі елдерден ондаған жолаушылар осындай жағдайда қалып отыр. Кейбіреулердің рейсті күткеніне үш күн болыпты.
«Көпшілігінің жүйкесі жұқарып кетті. Әсіресе жалғыз ұшатындар. Мысалы, арамызда жалғыз жүрген қыз бар. Шынында да қорқынышты, өйткені айналада қарулы адамдар көп»,- дейді Екатерина Шаронова
Үндістанда орын алған жағдайдан кейін Делидегі қазақстандық дипломаттар жедел штаб құрды. Олар барлық туристерді қонақүйлерге орналастырып, туыстарымен байланысқа шығуларын қамтамасыз етті. Жоспар бойынша, Қазақстанның барлық азаматтары Делиден 4-наурызға дейін кетуі керек. Бірінші топ Алматыға ертең кешке жетеді. Қазіргі уақытта ұлттық тасымалдаушы қауіпсіз маршруттарды ойластыруда. Бірақ, үйге оралу әдеттегі уақыттан ұзақ болады. Себебі, олар Киев, Бангкок, Гонконг, Сеул және Мәскеу арқылы жеткізіледі.
Сонымен қатар, дипломаттар жақын арада Үндістанға сапарға шығуды жоспарлап жүрген азаматтарға әзірге бұл сапардан бас тарту туралы кеңес береді.
«Делиде, егер Пакистан арқылы ұшатын болса, ұшып өтуге тура келеді. Мысалы, ұшақ Пәкістанның әуе кеңістігі арқылы ұшатын болады, ал мұнда өте мұқият болу қажет»,- деді Таубұлди Үмбетбаев, ҚР Сыртқы істер министрлігінің консулдық қызмет департаментінің директоры Тауболды Үмбетбаев.
Еске сала кетсек, бұған дейін Үндістанның әуе-әскери күштерінің ұшақтары Кашмирдегі лаңкестер лагеріне соққы жасады. Қала Үндістан мен Пәксітанды бөліп тұрған бақылау сызығы ауданында орналасқан. Бүгінде екі ел арасындағы ахуал шиеленісіп тұр. Қос мемлекет арасындағы ахуалға Қазақстандық СІМ алаңдаушылық танытып отыр. Сонымен қатар, Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленістен Air Astana Делиге ұшып шығатын рейстерді тоқтатқан болатын.
Айта кетсек, Үндістан мен Пәкістан арасындағы қайшылық бүкіл әлемге несімен қауіп төндіретінін жазған едік.
stan.kz